kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

?аза? ханды?ы 550 жылды?ы

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы:  ?аза? ханды?ыны? ??рылуы

Саба?ты? ма?саты:

1.   ?аза? ханды?ыны? ??рылуы, оны? ал?аш?ы аума?ы мен ал?аш?ы ?аза? хандары туралы м?ліметтермен о?ушыларды жан-жа?ты таныстыру;

2.    Тарихи ??жаттарды о?у ар?ылы о?ушыларды? ?аза? ханды?ын ??ру туралы ?з пікірлерін айтып, м?селені тарихи шынды? т?р?ысынан  ба?алау ?абілеттерін ?алыптастыру;

3.  ?аза? мемлекетін ??р?ан ?аза? хандарыны? іс-?рекеттерін негізінде о?ушыларды ?лтты? патриотты? т?рбиеге баулу.

Саба?ты? т?рі: аралас

?дісі: интерактивті

К?рнекілік:карта,сызба,перфакарта, суреттер, интербелсенді та?та.

Саба?ты? барысы:

 І.?йымдастыру кезе?і

О?у ??ралын тексеріп т?гелдеу

?н?ран орындау, «Хабар»

О?ушылар зейінін саба??а аудару

ІІ.?й тапсырмасын с?рау: 1-тапсырма.  Кесте бойынша негізгі себептерді т?сіндіру.

 Мо?олстан билеушісі мен ?аза? с?лтандарыны? келісімге келуі

?аза? ханды?ыны? ??рылу себептері

 Ж?нібек пен Керейді? ?аза? ханды?ын ??ру?а ?мтылуы

?біл?айыр ханды?ында?ы ру  тайпаларды?  ішінде саяси да?дарыс жа?дайды? ?алыптасуы.

?біл?айыр хан?а  ?ол астында?ы халы?ты? сенімсіздік білдіруі.

Со?ыс шы?ындарын халы?тан алым-салы? ретінде мойындарына арту

?біл?айырды?  ?здіксіз ж?ргізген со?ыстары

?біл?айырды? ойраттармен со?ыста же?ілуі

2-тапсырма.

1.?біл?айыр хан ?з ?ол астында?ылар?а ?андай ?ысым к?рсетті?

2.?аза? с?лтандарыны? ?біл?айыр?а ?арсы шы?уыны? себебі неде?

3.?аза?станда?ы ру-тайпаларды?  негізгі этникалы? ??рамы ?андай болды?

4.Сауда сатты? ?андай ?алаларда жа?сы дамыды?

5.Халы?ты? жалпы т?рмысы ?андай болды?

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«?аза? ханды?ы 550 жылды?ы »


















Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының құрылуы

Сабақтың мақсаты:

1. Қазақ хандығының құрылуы, оның алғашқы аумағы мен алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен оқушыларды жан-жақты таныстыру;

2. Тарихи құжаттарды оқу арқылы оқушылардың қазақ хандығын құру туралы өз пікірлерін айтып, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау қабілеттерін қалыптастыру;

3. Қазақ мемлекетін құрған қазақ хандарының іс-әрекеттерін негізінде оқушыларды ұлттық патриоттық тәрбиеге баулу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Көрнекілік:карта,сызба ,перфакарта, суреттер, интербелсенді тақта.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Оқу құралын тексеріп түгелдеу

Әнұран орындау, «Хабар»

Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау: 1-тапсырма. Кесте бойынша негізгі себептерді түсіндіру.

Соғыс шығындарын халықтан алым-салық ретінде мойындарына арту




Әбілқайырдың үздіксіз жүргізген соғыстары




Моғолстан билеушісі мен Қазақ сұлтандарының келісімге келуі




Әбілқайырдың ойраттармен соғыста жеңілуі








Қазақ хандығының құрылу себептері


Жәнібек пен Керейдің Қазақ хандығын құруға ұмтылуы


Әбілқайыр ханға қол астындағы халықтың сенімсіздік білдіруі.




Әбілқайыр хандығындағы ру тайпалардың ішінде саяси дағдарыс жағдайдың қалыптасуы.






2-тапсырма.

1.Әбілқайыр хан өз қол астындағыларға қандай қысым көрсетті?

2.Қазақ сұлтандарының Әбілқайырға қарсы шығуының себебі неде?

3.Қазақстандағы ру-тайпалардың негізгі этникалық құрамы қандай болды?

4.Сауда саттық қандай қалаларда жақсы дамыды?

5.Халықтың жалпы тұрмысы қандай болды?


3-тапсырма Дебат - «Қазақ хандығының құрылуына сол кездегі тарихи оқиғаның әсері болды ма? » Жекелеген оқушылар өз ойларын нақты тарихи фактілер арқылы айту, дәлелдеу.

III. Жаңа сабақтың жоспары:

      1. Хандықтың негізін қалаушылар-Жәнібек пен Керей.

      2. Алғашқы қазақ хандығының аумағы

      3. Халқының этникалық құрамы

      4. Көрші елдермен қарым-қатынасы.


Мұғалім оқушылардың назарын жаңа сабақтың маңызына, негізгі түйіндеріне ,оның ішінде күрделілеріне аудара отырып,Қазақ хандығының негізін қалаған Жәнібек пен Керей хандардыың жеке бастарына тоқталады.Ол үшін І.Есенберлиннің «Көшпенділер » кітабынан үзінділер келтіреді.

Жаңа сабақты сызба арқылы түсіндіруден бастайды.

Алтын Орда



Ақ Орда




Әбілхайыр хандығы


Қазақ хандығы




1. Керей-Қазақ ордасының тұңғыш ханының азан шақырып қойған аты жазба деректерде Гирай,Герей,Кирай түрінде кездеседі.Қазақша –Керей.Тарих зерттеушілері Керей есімінің екі түрлі мағына бар екендігін ,Гарай сөзі монғолша «биік», «еңселі», «алып» болса, екіншісі «ержүрек», «батыл», «еркін»деген ұғымды білдіреді екен.1426 жылы жазылған «Муизз алансаб» дерегі бойынша;

- Шыңғыс хан-Жошы хан- Орда Ежен хан-Сасы Бұқа хан-Ерзен хан-Шымтай хан-Орыс хан-Тоқтақия хан-Болат хан-Керей.(Керей Болаттың жалғыз ұлы болған)

- Жәнібек- Әбілғазы ханның «Түрік шежіресі» бойынша Жәнібектің азан шақырып қойған аты-Әбу Саид.Ол-Ақ Орданың соңғы ханы ,атақты Барақтың Мір-Саид,Мір-Қасымнан кейінгі кіші ұлы.Сол себепті де XIVғасырда өмір сүрген қазақ тарихшысы Қадырғали бек Жалайыр оны «Кіші Жәнібек хан» деп атайды.Шежіре- деректерден көріп отырғанымыздай Керей мен Жәнібек-Орыс ханнан тараған шөберелер,ата-баба әулетінен хандық билік үзілмеген.Қалай дегенмен де ,Керей мен Жәнібектің бабалары XIII-XVғасырлар аралығында қазақ ұлтының, қазақ мемлекеттігінің қалыптасуына зор еңбек сіңірген, ДештіҚыпшақтың саяси тарихында өз орны бар ірі тұлғалар.

- Керейдің әкесі Болат сұлтан мен Жәнібектің әкесі Барақ хан екеуі де-Орысханның немерелері.

2.XVI-XVII-ғасырлардағы Қазақ хандығы және көрші аумақтар.(Картамен жұмыс)

1.Картадан Әбілхайыр хандығын көрсету.

2.Моғолстан.

3.Алғашқы қазақ хандығының аумағы .

3.Халқының этникалық құрамы.

Этникалық үдеріс дегеніміз- халықтың құрылуы, қалыптасу үрдісі.

Қазақ хандығының құрылуы Қазақстан аумағындағы ежелгі замандардан бері , кем дегенде , қола дәуірінен үздіксіз жалғасып келе жатқан саяси, этникалық, мәдени ,рухани үрдістердің және мемлекеттік дамудың заңды қортындысы болып табылады. Міне ,осы аталған тарихи үрдістер Қазақ хандығының құрылуының тарихи алғышартына жатады.Осының нәтижесінде сақ,ғұн,үйсін ,қаңлы, түрік дәуірлерінде этникалық үдерістер дамып, ортақ дін, ортақ тіл, ортақ сана-сезім қалыптаса бастады.Қоңырат,қыпшақ,найман, керей, маңғыт т.б тайпалардың негізінде Қазақ хандығы құрылды.

4.Көрші елдерімен қарым қатынас.

1. Венн диаграммасын толтыру.

Қазақсатан Республикасы

Қазақ хандығы

Ұқсастығы




2. Мемлекеттер мен оның алып жатқан жерлерін сәйкестендіру


Мемлекет аты

Алып жатқан аумағы

1

Әбілхайыр хандығы

Жайық өзенінен Батыс Сібір ойпатына дейінгі, Сырдарияның орта және төменгі ағысы аралығы.

2

Моғолстан

Ертістен Жайыққа, Алтайдан Каспий менАралға дейінгі аралық

3

Қазақ хандығы

Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстан аумағында

4

Ақ орда

Еділ мен Жайықтың жазық алқабы

5

Ноғай Ордасы

Батысында-Жайық,шығысында-Балқаш.оңтүстігінде-Арал теңізі мен Сырдарияның төменгі ағысы,солтүстігінде-Тобыл,Ертіс өзендерінің орта саласы аралығы

IV.Бекіту

1.Жәнібек пен Керей кімнің ұрпақтары?

2. Қазақ хандығы қай жерлерде құрылды?

3.Қазақ хандығы қашан құрылды?

4.Қазақ хандығының этникалық құрамы неліктен үнемі толығып отырды?

5.Қазақ хандығы қандай елдермен қарым-қатынас жасады?

V.Қортынды.

XV ғасырдың 50-60-жылдарында Орталық және Оңтүстік Қазақстанды мекендеген қазақтың кейбір ру –тайпаларының Әбілхайырдың қол астынан бөлініп шығып, Батыс Жетісу өңіріне қоныс аударуы осындай дербес мемлекеттің-Қазақ хандығының құрылуына тікілей ұйытқы болды.Әбілхайырдың қарсыластарын Орыс ханның шөбересі ,Ақ Орданың билеушісі Барақ ханның ұлы Жәнібек пен оның туысы Керей сұлтандар бастап келді. Тарихта аттары алтын әріппен жазылып қалған осы Ұлы тұлғалардың, тарихтың сол мезгілін, дәл уақытын дөп басып ,ауа көшуі арқасында Қазақ хандығының іргесін Батыс Қазақстанның Шу мен Талас өзендерінің аралығындағы Қозыбасы жерінде іргесін көтеріп ту тігуі, әрине көрегендіктің белгісі еді. Алда тойлланғалы отырған Қазақ хандығының құрылуына 550 жылдығы мерекесі барша ағайынға құтты болсын!

Бағалау:Үйге тапсырма: §35. Қазақ хандығына-550жыл. Шығарма жазып келу.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 10 класс

Скачать
?аза? ханды?ы 550 жылды?ы

Автор: Токтаганова Салтанат Нуркамзиновна

Дата: 16.03.2015

Номер свидетельства: 187475


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства