| № 21 | Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының шешендік өнері | күні |
| Пән: Қазақстан тарихынан әңгімелер | 5 сынып |
| Сабақтың мақсаты: Шешендік сөз өнерінің қыр-сырын түсіндіру, қазақ тілінің байлығын, құдіреттілігін, сонымен қатар қазақ халқының рухани мәдениетінің ерекшілігі жайында мағлұмат беру. Міндеті: 1. Оқушыларды жүйелі түрде сөйлеуге, шешендікке баулу, 2. Тілдік қорларын дамыту. 3. Ана тіліне деген құрмет, сүйіспеншілікті ояту. |
| Оқу нәтижесі: Шешендік өнердің қыр-сырын біліп, қазақ тілінің байлығын түсінеді |
| Негізгі ұғымдар: Шешендік өнер. Сырым Датұлы шешендігі. |
| Негізгі дереккөздер, құрал-жабдықтар: Оқулық, қосымша мәліметтер, тірек-сызбалар, үлестірмелі материалдар бейнебаян. слайдтар |
| Уақыты | Жұмыстың түрі | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
| 2 мин | 1. Табысқа жетуге жағдай туғызу | Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызып, бір-біріне тілектерін айтқызу | |
| 10 мин | 2. Мағынаны таныту. №2 слайд Шешендік өнер Египет, Ассирия, Грекия, Рим,Үндістанда ежелден дамыған.Ежелгігрек оқымыстылары Аристотель, Демосфен, Цицерон, Платон т.б. | Слайдты пайдаланып, тақырыпты қысқаша түсіндіру | Мұғалімді тыңдап, дәптерлеріне шешендік өнер туралы қысқаша жазып алады. |
| 10 мин | 3.Оқулық пен жұмыс. № 3 слайд Есімдері берілген әріптерден басталатын атақты шешендерді тауып, сызбаларды толтыру | Тапсырманың орындалу жолын түсіндіру | Сызба толтырады. |
| 4 мин | 4. Орындаған тапсырмаларын оқиды | Жауаптарын тыңдап, қолдау көрсету | |
| 5 мин | 5. Оқулықтың 130-бетіндегі Алдар би мен Сырым батырдың шешендік сөздерін оқып, мағынасын ашады. | Ойларын толық жеткізуді талап етіп, қосымша сұрақтар қою. | Өз ойларын толық жеткізеді. |
| 2 мин | 6. Терминдермен жұмыс. Шешендік сөздер қоғам өміріне, табиғат құбылыстарына байланысты терең ой, бейнелі тілмен айтылған халық шығармасы, жеке адамдардың тапқырлық сөздері мен тұжырымдары. | Сабаққа қатысу әрекеттерін бақылау | Анықтамасын жазады |
| 3 мин | 7. «С. Датұлы-қолбасшы, батыр, шешен» тақырыбына эссе жазу | Оқушылардың жұмыстарын бақылау | Эссе жазады |
| 3 мин. | 8. Рефлексия «Инсерт» әдісі «Білемін, . Білдім, . Білгім келеді» | Рефлексиядағы сұрақтарға жауап берулерін қадағалау | Өз ойларын ашық жазады. |
| 1 мин | 9.Бағалау | Топтық бағалау. Сабаққа қатысу дең-гейін анықтау | |
| | 10. Үйге 1. § 41 2. Бір шешендік сөз жаттап келу | | |