· Білімділік: о?ушыларды хал?ымызды? материалды? м?дениетіні? т?рлерімен таныстыру, жалпы материалды? м?дениет туралы м?лімет бере отырып ?аза? хал?ыны? м?дениетіні? ?шпес ??ндылы? екеніне к?здерін жеткізу.
· Дамытушылы?: материалды? м?дениет туралы т?сініктерін ке?ейту, м?дениетті жан-жа?ты ?ырынан тани білуге к?мектесу, ?лемдік м?дениет пен ?лтты? м?дениетті байланыстыра отырып, олар?а ?з к?з?арастарын ?алыптастыру?а к?мектесу.
· Т?рбиелік: ?аза? хал?ыны? бай м?дениетіне деген ??рмет сезімін дамыту, м?дениетке деген ?ызы?ушылы?тарын одан ?рі арттыру, материалды? м?дениетті? озы? ?лгілерімен таныстыра отырып эстетикалы? т?рбие беру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Сабақтың тақырыбы: §44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.
Дамытушылық:материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.
Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті, сұрақ-жауап, ойын
Пәнаралық байланыс: география,технология
Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері,сызбалар
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
«Белес» кезеңі
Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салады.
Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.
Сұрақтың үлгілері:
Шоққанның ғалым болып қалыптасуында әкесі Шыңғыстың рөлі қандай?
Шоққанның өмір сүрген жылдары?
Абай қай жылдары өмір сүрді?
Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?
Ыбырайдың балалық шағы туралы не білесіңдер?
Ыбырай қай қалада қазақ қыздарына арнап мектеп ашты?
Сонымен қатар үйге берілген жұмыс дәптерлеріндегі тапсырмаларды тексере отырып, бағалап шығамын. Оқушылардың жауабын тыңдаған соң үй тапсырмасын қысқаша қорытындылап жаңа сабаққа кірісемін.
ІІІ. Үй тапсырмасын қорыту
«Менің білім деңгейім» кезеңі /тест алу/
Шоқан Уәлиханов қай жылдары өмір сүрді?
а/1802-1847 жылдары
ә/ 1835-1865 жылдары
б/ 1835-1861 жылдары
Шоққанның Сібір Кадет корпусына оқуға түскен жылы?
а/ 1858ж
ә/ 1835ж
б/ 1847ж
Шоқан қай жырды алғаш рет хатқа түсірді?
а/ «М анас»
ә/ «Қозы Көрпеш-Баян сұлу»
б/ «Ескендір»
Шоққанның 150жылдық тойына қарсы қай академик ғалым оның еңбегін 5 томдық етіп құрас тырды?
а/ Ә.Марғұлан
ә/Қ. Сәтпаев
б/ К.Алпысбаев
Абай қай жылдары өмір сүрді?
а/ 1845-1905жж
ә/ 1845-1904жж
б/ 1844-1904жж
Абай орыстың қай ақынының шығармасына арнап өлең шыңарды?
а/ Толстой
ә/Лермонтов
б/ Пушкин
Абайдың шын есімі?
а/ Ибраһим
ә/Мұхаммедқанапия
б/ Низами
Ы.Алтынсарин дүниеге келген жылды анықтаңыз?
а/ 1845ж
ә/ 1846ж
б/ 1841ж
Торғайда қазақ балаларына арналып ашылған мектепте Ыбырай қай жылы ұстаздық етті?
а/ 1857ж
ә/ 1862ж
б/ 1864ж
Ыбырай қай қалада қазақ қыздарына арнап мектеп ашты?
а/ Ырғыз
ә/Қостанай
б/ Семей
IVЖаңа сабак.
«Асу» кезеңі
Жаңа сабақтын тақырыбы, жоспары тақтаға жазылып қойылады. Оқушыларға сабақтың мақсаты айтылады.
Сабақ жоспар.
1. Қазақ баспанасы.
2. Қазақтың ұлттық киімдері.
3. Ұлттық қолөнер бұйымдары.
Ең алдымен оқушыларға «Материалдық мәдениет дегеніміз не?» деп сұрақ қоямын. Оқушылар жауабын тыңдаған соң өз сөзіммен толықтырамын.
Мәдениетті екіге бөлуге болады:
1. Рухани мәдениет.
2. Материалдық мәдениет.
Жаңа сабақты түсіндіру.
Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оныңщ ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.
Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.
Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.
Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, гщндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.
Қазақтың ұлттык, киімдері материалдык, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киім-дер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттык киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т.б.
Бұдан әрі әр ұлттық киімнің қандай уақытта қолданылатыны жайында мәлімет беремін.
Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.
Жаңа сабақты түсіндіріп болған соң пысықтау үшін оқушыларға жұмыс дәптермен жұмыс жасатамын
V Жаңа сабақты қорыту
Әр түрлі тапсырамалар беру арқылы жаңа сабақтан алған білімдерін қорытамын
«Баскетбол» ойыны
Ойынның шарты: Оқушылар жаңа сабақта алған білімдері бойынша бір-біріне сұрақтар кояды.
«Тарихи домино» Әріптердің орнын ауыстарам,оқушылар әріптерді орнына қойып, жауабын айтып түсіндіріп кетеді
VI Жаңа сабақты бекіту
«Алтын сандық» яғни оқушылар сандықтың ішіндегі тапсырамаларды орындайды:
1.Қазақтың ұлттық киімдерін ата?
2. Киіз үйдің құрылысын айтып бер?
3. «Сәукелеге» сиаттама бар?
4. Қазақтың тері мен ағаштан жасаған қандай ыдыс-аяқтарын білесіңдер?
5. «Сықырлауық» киіз үйдің қай бөлігі?
6. Шаңырақ пен босағаға байланысты мақал- мәтел айт?
«Миға шабуыл»
Оқушыларға жұмыс дәптердін 7-бетіндегі 1-2 тапсырманы орындатамын
1-тапсырма: Киіз үйдің бөлітктері
2-тапсырма: Сөзжұмбақ шешу
VIIБағалау:
VIIIҮйге тапсырма беру
1. 44-параграфты оқу.
2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.
3. Жұмыс дәптеріндегі 7-беттегі 3-тапсырманы орындау