kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

. ?аза? хал?ыны? материалды? м?дениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты:

  • Білімділік: о?ушыларды хал?ымызды? материалды? м?дениетіні? т?рлерімен таныстыру, жалпы материалды? м?дениет туралы м?лімет бере отырып ?аза? хал?ыны? м?дениетіні? ?шпес ??ндылы? екеніне к?здерін жеткізу.
  • Дамытушылы?: материалды? м?дениет туралы т?сініктерін ке?ейту, м?дениетті жан-жа?ты ?ырынан тани білуге к?мектесу, ?лемдік м?дениет пен ?лтты? м?дениетті байланыстыра отырып, олар?а ?з к?з?арастарын ?алыптастыру?а к?мектесу.
  • Т?рбиелік: ?аза? хал?ыны? бай м?дениетіне деген ??рмет сезімін дамыту, м?дениетке деген ?ызы?ушылы?тарын одан ?рі арттыру, материалды? м?дениетті? озы? ?лгілерімен таныстыра отырып эстетикалы? т?рбие беру.

Саба?ты? т?рі: аралас

?дісі: интерактивті

П?наралы? байланыс: география

К?рнекілік: киіз ?й, ?лтты? киім, ?ол?нер б?йымдарыны? суреттері.

Саба?ты? барысы:

I.                   ?йымдастыру кезе?і.

II.                ?й тапсырмасын с?рау.

            ?йге ?андай тапсырма берілгенін о?ушылардан с?рап, естеріне салу.

Осыдан кейін  ?ткен саба??а байланысты с?ра?тар ?оямын.

С?ра?ты? ?лгілері:

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«. ?аза? хал?ыны? материалды? м?дениеті »

Сабақтың тақырыбы: §44. Қазақ халқының материалдық мәдениеті.

Сабақтың мақсаты:

  • Білімділік: оқушыларды халқымыздың материалдық мәдениетінің түрлерімен таныстыру, жалпы материалдық мәдениет туралы мәлімет бере отырып Қазақ халқының мәдениетінің өшпес құндылық екеніне көздерін жеткізу.

  • Дамытушылық: материалдық мәдениет туралы түсініктерін кеңейту, мәдениетті жан-жақты қырынан тани білуге көмектесу, әлемдік мәдениет пен ұлттық мәдениетті байланыстыра отырып, оларға өз көзқарастарын қалыптастыруға көмектесу.

  • Тәрбиелік: Қазақ халқының бай мәдениетіне деген құрмет сезімін дамыту, мәдениетке деген қызығушылықтарын одан әрі арттыру, материалдық мәдениеттің озық үлгілерімен таныстыра отырып эстетикалық тәрбие беру.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: интерактивті

Пәнаралық байланыс: география

Көрнекілік: киіз үй, ұлттық киім, қолөнер бұйымдарының суреттері.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Үй тапсырмасын сұрау.

Үйге қандай тапсырма берілгенін оқушылардан сұрап, естеріне салу.

Осыдан кейін өткен сабаққа байланысты сұрақтар қоямын.

Сұрақтың үлгілері:

  • Дін қалай пайда болды?

  • Адам баласы алғашқыда неге табынған?

  • Адам баласы табиғат күштерінің алдында неліктен дәрменсіз болды?

  • Ежелгі түркілер неге табынған?

  • Заратуштралық дін тараған өлкені ата.

  • Ислам діні қазақ жеріне қалай тарады деп ойлайсыңдар?

  • Орта ғасырда қазақ жеріне басқа да діндер қандай жолмен тараған?

III. Жаңа сабак.

Қазақ халқының материалдық мәдениеті туралы не білеміз?

Сабақ жоспар.

1. Қазақ баспанасы.

2. Қазақтың ұлттық киімдері.

3. Ұлттық қолөнер бұйымдары.

Мәдениетті екіге бөлуге болады:

1. Рухани мәдениет.

2. Материалдық мәдениет.

Жаңа сабақты түсіндіру.

Бұрынғы кезде көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан қазақ халқының негізгі баспанасы киіз үй болған. Оныңщ ең басты себебі киіз үйдің көшіп-қону кезінде ыңғайлы, тез жиналып және құрастырылуы болды. Маусымдық көшу кезінде киіз үй бұйымдарын негізінен түйеге артқан.

Ерте заманда киіз үйді арбаға да бекіткен. Оны күйме деп атаған.

Киіз үйдің іші жазда салқын болумен қатар, үнемі таза ауа кіріп тұрумен ерекшеленген. Киіз үй 6, 8,12 қанатты болып бөлінген. Оның ішінде 12 қанатты киіз үй бай да дәулетті адамдарда болған. Мұндай үйлерді атпен жүріп тігетін.

Киіз үйдің бөліктері: кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бәрі негізінен ағаштан жасалған. Киіз үйге жабатын киіздер: туырлық, үзік, түндік. Бұның барлығын жасауда шикізат ретінде қойдың жүні пайдаланылған.

Қазақтың ұлттык, киімдері материалдык, мәдениеттің ірі жетістігі екені даусыз. Қазақ халқында ұлттық киім-дер жас шамасына қарай ерекшеленген. Ұлттык киімдер: тон, қамзол, шапан, тақия, бөрік, сәукеле, кимешек, бешпент т.б.

Бұдан әрі әр ұлттық киімнің қандай уақытта қолданылатыны жайында мәлімет беремін.

Бұрынғы кезде қазақ халқында қолөнер өте жоғары дәрежеде дамыған. Зергерлік бұйымдар жасауда шеберлер алтын, күміс, асыл тас, түрлі сүйектерді қолданған. Әсіресе әйелдердің сәндік бұйымдарын жасау кең тараған. Сырға, білезік, сақина, жүзік, алқа, шолпы т.б. сәндік бұйымдар Қазақ әйелдерінің көбінің тағатын әшекей заттары ретінде белгілі. Көшпелі халық үшін ат әбзелдерінің қажеттілігі өте жоғары болған. Ер-тұрман, сәнмен өрілген арқандар әр қазақтың үйінен табылатын. Жаугершілік кездері қазақ ұсталары қылыш, найза, семсер, дулыға, қанжар сияқты қару-жарақтарды да көптеп жасаған.

Оқушыларға қазақтың баспанасы, ұлттық киімдері және де ұлттық бұйымдары туралы слайд көрсетілді.

Қорытынды кезең:

Сабақты қорытындылау сұрақтары:

  • Киіз үйдің қандай қасиеттері бар?

  • Қазақтың қолөнер бұйымдарының қандай түрлерін білесің?

  • Қазақ әйелдерінің ұлттык киімдерін ата.

  • Қазақ қоғамында қолөнер шеберлерінің орны қандай болған?


Бағалау:

Ү й тапсырмасы:

1. 44-параграфты оқу.

2. Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру.

3. «Мәдениетім – мақтанышым» тақырыбында эссе жазу





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
. ?аза? хал?ыны? материалды? м?дениеті

Автор: Жолмаханова Сауле Болатовна

Дата: 31.01.2015

Номер свидетельства: 164734


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства