IV. Жа?а саба?ты т?сіндіру: Шо?ан У?лиханов – Шо?ан У?лиханов 1835 жылы ?араша айында ?азіргі ?останай облысы ??см?рын бекінісінде д?ниеге келген
Шо?ан да Кенесары сия?ты Абылай ханны? ?рпа?ы еді.
Шо?анны? ?кесі Абылай ханны? ?лкен ?лы У?лиден тарайды.
Шо?анны? азан ша?ырып ?ой?ан есімі – М?хамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойна?аннан г?рі, ?жесі Ай?анымны? ?асында шо?иып отырып, ??гіме, ?иссаларды ты?да?анды ?нат?ан. Бес жасынан хат таны?ан. Содан ?жесі Ай?аным с?йікті немересін Шо?ан деп атап кеткен.
Шо?анны? жастайынан білім, ?ылым?а жа?ын болуына ?кесі Шы??ысты? да ?сері тиді. Шы??ыс к?птеген орыс зиялыларымен таныс еді. Оларды? к?пшілігі бірнеше рет Шы??ысты? аулына ?она??а келген.
1947 жыл ?кесі орыс достарыны? к?мегімен сол кездегі е? Іргелі о?у орындарыны? бірі болып саналатын Сібір кадет корпусына
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«?аза? а?артушылары 5-сынып »
Сабақтың тақырыбы: Қазақ ағартушылары
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды қазақ халқының ұлы ағартушылары өмірімен және қазақ халқының болашағы үшін сіңірген еңбектерімен таныстыру. Дамытушылық: Ойлау, ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін, ой өрісін одан әрі арттыруға дағдыландыру. Тәрбиелік: қазақтың ұлы тұлғаларының еңбектерін үлгі ете отырып, оқушыларды еңбекқорлыққа, адамгершілікке, іскерлікке тәрбиелеу, достық, ынтымақтықка баулу.
Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, қазақ ағартушыларының суреттері
Сабақтың түрі: аралас сабақ Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Сәлемдесу. 2. Түгендеу. 3. Сабаққа даярлығын тексеру.
Оқушылар 3-топқа бөлінеді.
І-топ. Шоқан Уәлиханов
ІІ-топ. Абай Құнанбаев
ІІІ-топ. Ыбырай Алтынсарин
Ия
Жоқ
Абылай 1711 жылы дүниеге келген
Абылайға батасын беріп, «нарқызыл атын» сыйға тартқан Төле би
Абылай алғаш 1729 жылы жоңғарлармен шайқаста көзге түскен
Абылай 1781жылы хан тағына отырды
Абылай өз хандығын мықты және біртұтас мемлекетке айналдырды
Абылай хан Қожа Ахмет Йассауи кесенесінде жерленген
ІІ. Үй тапсырмасы бойынша білім-білік дағдысын тексеру: «иә, жоқ» ойыны
«Кім жылдам» ойыны
1 Сырым Датұлы көтерілісі қай жылдар аралығында болды?
2 Кенесары Қасымұлының өмір сүрген жылдары?
3 1836-1838 жылдардағы көтеріліс басшыларының бірі жауынгер ақын?
4 Исатайдың жеке қасиеттеріне сипаттама бер?
5. Исатайдың тұлпары? (Ақтабан)
6. Кенесары Қасымұлының хан сайланған жылы?
7. Кенесары қазақтың нешінші ханы, кімнің ұрпағы? ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау
IV. Жаңа сабақты түсіндіру: Шоқан Уәлиханов – Шоқан Уәлиханов 1835 жылы қараша айында қазіргі Қостанай облысы Құсмұрын бекінісінде дүниеге келген Шоқан да Кенесары сияқты Абылай ханның ұрпағы еді. Шоқанның әкесі Абылай ханның үлкен ұлы Уәлиден тарайды. Шоқанның азан шақырып қойған есімі – Мұхамедханафия. Алайда жастайынан бала болып ойнағаннан гөрі, әжесі Айғанымның қасында шоқиып отырып, әңгіме, қиссаларды тыңдағанды ұнатқан. Бес жасынан хат таныған. Содан әжесі Айғаным сүйікті немересін Шоқан деп атап кеткен. Шоқанның жастайынан білім, ғылымға жақын болуына әкесі Шыңғыстың да әсері тиді. Шыңғыс көптеген орыс зиялыларымен таныс еді. Олардың көпшілігі бірнеше рет Шыңғыстың аулына қонаққа келген. 1947 жыл Әкесі орыс достарының көмегімен сол кездегі ең Іргелі оқу орындарының бірі болып саналатын Сібір кадет корпусына оқуға түсіреді 1853 жылы Шоқан Кадет корпусын бітіріп шығады. 1856 жылы Ыстықкөлге, 1857 жылы Алатау қырғыздарына, 1858- 1859 жылдары Қашқарияға сапар шекті. 1861 жылдың көктемінде денсаулығы тым нашарлап кетуіне байланысты Шоқан Уәлиханов Петербургтен туған жеріне оралды. Шоқан 1865 жылы қайтыс болады. Оның сүйегі Алтынемел тауының баурайындағы Қөшен – Тоған деген жерге қойылады.
Абай Құнанбаев – Абайдың шын аты Ибраһим болған. Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған. Бала кезінде екі ананың арасында тел өскен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіпті.
Абайдың бар өмірі өзі туып өскен Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында өтті. Ұлы ақын 1845 жылы әйгілі Қасқабұлақ басында, киіз үйде дүниеге келді. Әкесі Құнанбай бүкіл Тобықты елінің қаһарлы әміршісі, қатыгез, ал шешесі Ұлжан керісінше ағайын-туысқа қайырымды, мінезі жұмсақ, тілге бай адам болған. Аяулы әжесі Зере мен анасы Ұлжанның жас бала қиялы мен санасының, мінез-құлқының қалыптасуына әсері мол болды. Ол екеуі айтқан ертегі, аңыз-әңгіме, күлдіргі, мысқыл, ел басынан өткен тарихи оқиғалар зерделі бала-Абайдың санасына біртіндеп сіңе берді. Осылайша, бала Абай өз халқының рухани ой қазынасына қанығып өсті.
Абай Шығыстың классик ақындары Фирдоуси, Низами, Науаи, Әл-Фараби және т.б. Шығармаларын қызыға оқыды. Оның шығыс классиктеріне деген ынтасының зор болғаны сонша, өлең жазуға деген алғашқы талпынысы соларға сиынудан басталды. Абайдың бізге өлеңдерімен қатар 50-ге жуық қара сөздері жеткен.
Ұлдар Әбдірахманның, кейін Мағауияның аурудан дүние салуы оны науқасқа ұшыратады. Ұлы ақын 1904жылы дүниден өтеді.
Ыбырай Алтынсарин - Ағартушы педогог, жазушы, балалар әдебиетінің атасы 1841жылы қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген.
1857жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.
1864жылы Торғайда қазақ балаларына арнап ашылған мектепте ұстаздық етеді.
1879жылы Торғай облысындағы мектептердің инспекторлығына тағайындалады. Осы жылы оның «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы жарық көреді. Оқулықтағы өлеңдер мен әңгімелерінің тәрбиелік, білімділік маңызы зор болды. 1887жылы ол Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты. 48жасында ерте қайтыс болса да, болашақ ұрпаққа тәлім болар мол еңбек қалдырды.
Постер қорғау
1-топ
Қазақтың көрнекті ғалымы Шоқан Уәлиханов
2-топ
Абай Құнанбаев-қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы
3-топ
Ыбырай Алтынсарин-ағартушы, педагог.
VІ. Бекіту: 3-топқа тапсырма:
Мына жылдары қандай оқиғалар болды? 1835 жылы Шоқан Уәлиханов дүниеге келді 1847 жылы Сібір Кадет корпусына оқуға түсті 1853 жылы Кадет корпусында білім алып, оны бітірді 1856 жылы Ыстық көлге сапар шекті 1861 жылы Өкпе ауруы асқынып, туған ауылына оралды 1865 жылы Шоқан Алтын Емел жотасында дүниеден өтті
Семантикалық картамен жұмыс.
Зере
Ахмет Риза
1845жылы
1904жылы
50
Ибраһим
1. Абай Шыңғыс болысы, қазіргі Абай ауданы, бұрынғы Семей облысында дүниеге келді
2. Абайдың әжесі
3. Абайдың бізге жеткен қара сөздерінің саны
4. Абайдың Семейдегі оқыған медресесі
5.Абайдың шын есімі
6. Абай дүниеден өтті
Сәйкесін тап.
Жылдар
Оқиғалар
1841жыл
Ыбырай Орынбор шекаралық комиссиясы жанындағы мектепті алтын медальмен бітіреді.
1864жыл
Ырғызда жанында интернаты бар қыздарға арналған мектеп ашты.
1889жыл
Қазіргі Қостанай облысының Торғай жерінде дүниеге келген.
1879жыл
Торғайда қазақ балаларына арнап ашылған мектепте ұстаздық етеді.
1857жыл
Ыбырай Алтынсарин 48жасында дүниеден өтті.
VІІ. Қорытындылау:
VІІІ. Үйге тапсырма: §35; §36; §37 Қазақ ағартушылары. Жұмыс дәптеріндегі §35;§36;§37 тапсырмаларын орындау.