| 11-сынып, Қазақстан тарихы Үшқоңыр ауылындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рүстемова Сәуле |
Сабақтың тақырыбы | Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы |
Сабақтың мақсаты | Оқушыларды индустрияландырудың мәні мен мағынасын ашуға бағыт-бағдар беру,оқиғаға сыни тұрғыдан қарау арқылы, өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, шығармашылыққа баулу, өз ойларын еркін жеткізуге дағдыландыру, ҰБТ-де тақырып барысында келетін сұрақтарды тез шешімін табуға үйрету. |
Күтілетін нәтиже | Индустрияландыру туралы өз бетінше оқып, түсінік қалыптасады. Сыни тұрғыдан ойлап, оқиғаға баға бере алады. ҰБТ-де тақырып бойынша келген сұрақтарған қиналмай жауап бере алады. |
Сабақтағы іс-әрекет | Топпен, жұппен және дербес жұмыс. Диалогтық оқыту, сыни тұрғыдан ойлау |
Ақпарат көздері | Карта, электронды оқулық, интерактивті тақта |
1 сабақ 45 минут |
Блум таксономиясы | Сабақ кезеңдері | Мұғалім әрекеті | Оқушы әрекеті |
| І.Алғашқы рефлексия (3 мин) | Сәлемдесу, түгелдеу. Топқа бөлу | Сәлемдеседі. Топқа бөлінеді. |
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау 7 мин | 15 сұрақтан тұратын тест Ия-жоқ тапсырмасын орындау | Аталған тапсырмаларды орындап бірін-бірі тексереді. |
ІІІ.Үй тапсырмасын бекіту 3 мин | Электронды оқулық 11-сынып №10, №13 тапсырмаларды орындау | 4 оқушы аталған тапсырманы орындайды |
|
Білу | ІІ.Жаңа сабақты меңгерту (2 мин) | Интербелсенді тақтадан зауыт, фабрикалардың және көмір, мұнай өндіру туралы суреттер көрсетіледі. Мұғалім сабақтың тақырыбын оқушылардан сұрайды. Осылайша «білу» кезеңі жүзеге асырылады. | Оқушылар суреттің көмегі арқылы сабақтың тақырыбын ашып, мақсатын да өздері анықтайды. |
Түсіну | І-тапсырма (5 мин) | Интербелсенді тақтаның көмегімен индустрияландырудың видеосы көрсетіледі | Видеоны мұқият қарап, соған байланысты келесі тапсырмаларды орындайды |
Қолдану | ІІ-тапсырма (15 мин) | 1-топ:Оқулықтың және қосымша берілген тапсырманың көмегімен презентация дайындау 2-топ:Осы тақырып барысында ҰБТ-де келетін сұрақтардың тез шешімін табу алгоритмін ұсыну 3-топ: Тақырып барысында тест құрау | Әр топ аталған тапсырмаларды орындап, жұмыстарын қорғайды. |
Талдау | ІІІ-тапсырма (5 мин) | «3 шындық, 1 жалған» | Топтар тақырып барысында 3 шындық және бір жалғанды басқа топқа жасырады. Топтар қайсысы шындық, қайсысы жалған екендігін табады. |
Жинақтау | ІV-тапсырма (5 минут) | Ұяшықтарда жасырынған сұрақтар ұсынылады. | Әр топ ұяшықтардағы сұрақтарға жауап береді. |
Бағалау | 2 мин | Блум таксаномиясы бойынша оқушыларға индустрияландырудың тарихтағы алатын орнына баға беру ұсынылады. Әр оқушының алдына бағалау критерий парағын беремін | Сыныптағы дарынды оқушы индустрияландырудың тарихи маңызын ашып, баға береді. Оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалайды. |
| Келесі оқылым | Индустрияландыруға бағыт алу және оның барысы | |