kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §30. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.

Нажмите, чтобы узнать подробности

урок истории в 6 классе с казахским языком обучения

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ежелгі Қазақстан тарихы Сабақтың тақырыбы: §30. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.»

Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасу ауылы, №7 Александр Пушкин атындағы ОМ


6-сынып. Пән мұғалімі: Тұрғанбай Р.Қ.



Ежелгі Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: §30. Көшпелілер өркениетінің әлем мәдениетіне қосқан үлесі.

Сабақтың мақсаты: Көшпелілер мәдениеті туралы балаларға жалпы түсінік беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Көшпелілер мәдениетімен білім беру, әлеуметтік саяси дамуын түсіндіру, олардың көшпелі өркениетке қосқан үлесін көрсету.

Дамытушылық: Ұлы Жібек жолының сол кездегі қоғам үшін маңызын аша отырып, діни наным – сенімдері туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік: Тарихи санасы қалыптасқан, Отан тарихына қызығушылығы жоғары білімді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Көрнекілік:карта, плакат, түрлі-түсті карандаш, маркер, слайд.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

• Сәлемдесу, түгендеу

• Топқа бөлу. «Тойбастар арқылы» (Оқушылар киіз үйден өзіне ұнаған кәмпиттің түр-түсін таңдау арқылы 3-топқа бөлінеді.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Гүл сыйлау әдісі» (Оқушылар топ бойынша бір сұрақтан қойып, бір-біріне гүл ұсынады.

 Шығыс Қазақстан табиғат жағдайларын Солтүстік Қазақстанның табиғатымен және климатымен салыстыр.

 Шығыс Қазақстанның ерте темір дәуірін мәдениеті қай аймақтың мәдениетімен ерекше байланысты болған?

 Берел қорғандарын салу үшін иқай саладағы білімді игеру керек екенін ойлап көр.

III. Жаңа сабақты түсіндіру: «1». Слайд көрсету. Сипаттау.

Жоспар:

I-топ

1.Көшпелілер өміріндегі адамгершілік құндылықтар мен өнер.

2.Археологтар ғұндардың баспаналары жайлы...

II-топ

3.Көшпелілердің әскери өмірі

III-топ

4.Ұлы Жібек жолының көшпелілер үшін маңызы.

 Көшпелілер тұрмысындағы адамгершілік пен әкімшіліктің жүйесі қытайлардың назарын аударып отырған. Қытай билеушілері ғұндардың шабуылынан ғана емес, көбінесе қытайлардың Далаға кетіп қалуынан да қорыққан.

 «Аң стилі» өнері б.з.б. 7-6 ғасырларда шыққан.

 Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар Қытаймен, Үндістан және Персиямен сауда-саттық жүргізіп тұрған. Бұған сақ обаларынан табылған қытай айналары, Ираннан әкелінген бұйымдар дәлел болады.

IV. Сабақты бекіту: тест тапсырмалары:

1.Парсы сарайында ұзақ уақыт тұрып, сақтардың тәрбиелігін сипаттаған ғалымды атаңдар?

А) Ескендір Б) Ксенофонт С)Дарий Д)Гумилев

2.Парсы патшасы қандай жарыс ұйымдастырған?

А)Ат жарыс Б)Жүгіру С)Көкпар Д)Теңге ілу

3.Ертедегі грек географы Страбон «олардың бәрі ақ көңіл және уәдеге берік» деп қай тайпалар туралы жазған.

А)Ғұндар Б)Үйсіндер С)Сақтар Д)Аримаспылар

4.Сақтардың қандай жазба бедерлері белгілі.

А)Күміс тостағанға шекілген Б)Мыс теңгелер С)Алтын арқар

Д)Көк түсті тастар

5.Көшпелілердің баспанасы.

А)Үңгір Б)Киіз үй С)Жертөле Д)Жартылай жертөле

6.Үзеңгіні алғаш рет кімдер қолданған?

А)Жұмысшылар Б)Егіншілер С)Көшпелілер Д)Кеншілер

II –топ

1.Көшпелілердің әскери қару-жарақтарының ерекшелігін суреттеп жазған тарихшы.

А)Арриан Б)Герадот С)Страбан Д)Ктесий

2.Көшпелілердің әскерлері сауыт-сайман киген атты әскерлердің болғанын не дәлелдейді.

А)Деректер Б)Археологиялық олжалар С)Тарихи шығармалар Д)Ескерткіштер

3.Сақ жауынгерінің темір қару-жарағы мен сауыт-сайманы табылған қалашық.

А)Баланды Б)Битянь С)Шірік -Рабат Д)Аралтөб

4. «Аң стилі қай ғасырда дамыған.

А)б.з.б. 8-7ғ Б)б.з.б. 6-5ғ С)б.з.б. 4-3ғ Д)б.з.б. 2-1ғ

5. «Аң стилі» қанша жағдаймен сипатталады?

А) 1 Б)2 С)3 Д)4

6.Орталық Қазақстанда б.з.б. 8-5 ғасырларда «аң стилімен» қатар дамыған өнер түрі

А)Гүл стилі Б)Аралас стиль С)Полихром стилі Д)Геометриялық стиль

III-топ

1.Ұлы Жібек жолы арқылы жүйелі қарым-қатынас қай ғасырда басталған.

А)б.з.б 2 ғ Б)б.з.б. 5 ғ С)б.з.б. 3 ғ Д)б.з.б. 6 ғ

2.Ұлы Жібек жолы қайдан басталып, аяқталады?

А)Ресей, Украина Б)Қытай, Рим С)Ақмола, Балқаш Д)Америка, Жапония

3. Мұнда сарматтар, исседондар, аргипейлер, аримаспылар тұрады деп атаған кім?

А)Дарий Б)Левшин С)Герадот Д)Кросс

4.Б.з.б. 6-3 ғасырларда сақтар қай елдермен сауда-саттық жүргізіп отырған?

А)Қытай, Үндістан Б)Отырар,Суяб С)Италия, Испания Д)Семей, Орал

5.Ұлы Жібек жолы қандай тайпалардың жері арқылы өткен.

А)Сақ, тиграхауда Б)Үйсін, Қаңлы С)Маңғыт, Албан Д)Сармат, савромат

6. Қазақстанның аумағы арқылы қандай тауарлар тасымалданған?

А)Кітап, қағаз Б)Үй жиғаздары С)Шыны, айна, жібек, асыл жүзіктер

Д)кесенелер, ескерткіштер.

V. Қорытындылау: « Даталар сөйлейді:»

  1. 5-шақырым

  2. Б.з.б. 8-7 ғ

  3. Б.з.б. 8-5 ғ

  4. 2-жағдай

  5. Б.з.б. 3-5ғ

  6. Б.з.б. 6-3ғ

  7. Б.з.б. 2 ғ

VI. Бағалау: 1. Өзін-өзі бағалау (Бағалау парағы арқылы) 2. Смайликтер арқылы

VII. Үйге тапсырма: §28. Өзін-өзі тексеру сұрақтарына жауап беру.

VIII. Рефлексия.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Автор: Тұрғанбай Ринат Қайратұлы

Дата: 24.04.2017

Номер свидетельства: 411151


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства