ІІ. Үй жұмысын тексеру. 13 мин | Оқушыларға үйге берілген тақырып бойынша жалпылама сұрақтарға жауап береді | Үндістанның табиғаты қандай? (ыстық, Ганг, Үнді өзендері, Пенджаб –«бес өзен елі», төменгі Синд, Гималай) Ежелгі қалалары: (Хараппа, Мохенджа-Даро.) Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетінің құрылуы (Бір орталыққа бағынған Үнді мемлекетін Чандрагуптаның немересі Ашок іске асырды) Үнділіктер немен айналысты, қандай кәсіптермен? ( егіншілік, қолөнер, сауда, мал шаруашылығы, бау-бақша. Ежелгі Үндістандағы әлеуметтік топтар туралы не айта аласыңдар? ( брахмандар, шудралар, жауынгерлер шаруалар) Варна деген не? (белгілі бір міндеткерлігі бар, бір-бірінен осы міндеткерліктері бойынша ерекшеленетін топтар) |
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру. 20 мин | Оқулық бойынша тақырыптың әр бөлігіне сәйкес оқушыларға тапсырмалар беріледі. | Жоспар Ежелгі дастандар Ману заңдары Будда діні Өнер мен білім Тапсырма № 1 . “Махабхарата”, “Рамаяна” дастандарының мазмұнын айтып беріңдер. ІІ.“Махабхарата”, “Рамаяна” дастандарының негізгі кейіпкерлерін дәптерлеріңе жазып алыңдар. “Махабхарата”. Тайпалардың (10 тайпаның) билік үшін таласы, оған тіпті құдайлар да араласады. Сөйтіп ол ұзаққа (18 күн) созылады, нәтижесінде пандавтар жеңеді. Дастан 18 кітаптан тұрады. «Рамаяна». Үнділіктердің Айодхий атты жерінде Дашарата есімді патша болыпты, оның 3 әйелден 3 ұлы болыпты, дастан үлкен ұлы Рама туралы. Оның әйелі Сита екеуі қайырымдылығымен ерекшеленеді. Олар Ракша патшасы құбыжық Раванамен күреседі, Равана Ситаны ұрлап әкетеді, кейін Рама Хануман атты маймылдың көмегімен жұбайын құтқарып алады және Равананы өлтіреді. «Махабхарата»: кауравтар (Ганг өзеннің солтүстік жағы) және пандавтар (Гнагтың оңтүстік жағалауы) деген тайпалар. «Рамаяна»: Дашарата, Рама, Сита, Равана, Хануман. Тапсырма №2 Ману заңдары бойынша патша – адамдардың ішіндегі қасиетті билеуші, адамдар оны тыңдап, заңдарын мойындап, сол негізде әрекет етуі керек. Кшатрийлер – тұрақты әскер, олар 6-ға бөлінді: пілді жауынгерлер, атты әскерелер, соғыс арбасы бар жауынгерлер, жаяу әскер, әскербасылар және қосалқы көмекші жабдықтау бөлімдері. Заңда жоғарғы сот қызметін патша атқарады, қылмыстың түрлері, олар бойынша берілетін жазалар белгіленген. Жаза түрлері: ескерту, айып төлеу, дүре соғу, түрмеге қамау, өлім жазасы. Тапсырма № 3 Будда дінінің негізін салушы Сиддхардһа атты патшазада. Будда – «жарық сәулелі» деген мағына береді. Бұл дін бойынша әр адам нирванаға – «нағыз рахатты» өмірге ұмтылу керек. Нирванаға құмарлық пен тілектерден бас тартқан адам жетеді. Буддизм адамдарды ұлтына, тіліне бөлмеді. Буддизмді Ашок патша барша елге таратуға тырысты, себебі бұл діннің ұстанымы оған пайдалы болды. Тапсырма № 4 Өнердің тамаша туындыларының бірі – храмдар. Храмдардың 2 түрі бар: ашық жердегі тастан кірпіштен жасалған және үңгір ішіндегі ххрамдар. Үнділіктердің жыл санауы бойынша 1 жыл -360 күн, 12 ай, 30 күннен тұрды. Біздің заманымыздың 6-7 ғасырларында үнді оқымыстылары жердің дөңгелек екенін білді. Олар өте ертеден сандардың ондық жүйесін пайдаланды. Ежелгі Үнділік қасиетті кітаптарда әр түрлі аурулардың атаулары кездеседі. Мысалы: сары ауру ,буын ауруы, бас ауруы, алапес. Оларда емдеу бақсылықпен қатар жүрді, дәрі-дәрмек жасауды және оларды пайдалану ерекшеліктерін білді. |