Просмотр содержимого документа
«Ежелгі ?аза?стан тарихы»
Күні_______________
Пән: Ежелгі Қазақстан тарихы 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: §44. Халықтардың ұлы қоныс аударуы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Халықтардың ұлы қоныс аударуы, ғұн жорықтарының маңызы, тарихтағы ғұндардың орын туралы айта отырып, Аттиланың өміріне тоқталу, фильмін көрсету.
Дамытушылық: картадан ғұндардың жүріп өткен жерлерін көрсете отырып, кескін картамен жұмыс істеу белсенділіктерін арттыру;
Тәрбиелік: Белсенді, ізденімпаз, жан-жақты білімді азамат тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекілік: карта, суреттер
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Үй тапсырмасын тексеру
Ғұндар туралы қандай деректерде айтылады?
Ғұндар бағындырған тайпаларды картадан көрсет.
Оқулықты пайдаланып, құдіретті Ғұн мемлекеті туралы әңгімеле.
Ғұн қоғамы ұшы-қиыры жоқ кең-байтақ жерді жайлап, көптеген тайпаның басын біріктірді, әскери соғыс қуаты орасан зор құдіретті мемлекетке айналды. Еділдің (Аттиланың) жеңімпаз жорығы оның атын бүкіл әлемге әйгілі етті.
Ғұн жорықтарының маңызы.
Аттила (Еділ) шамамен 400-453 жылдары өмір сүрген.
Көптеген халықтардың жадында Ұлы ғұндардың бейнесі сақталып қалған. Аттилда туралы еңбектер 6 ғсырдан бастап әлі күнге дейін жазылып келеді. Неміс, францтуз, және итальян тілінде бірнеше туындылар шықты. Италияның атақты компазиторы Джузеппе Верди «Аттила» операсын жазды. Аттила бейнесі біздің халықтың есінде де сақталған. Халық оны «Еділ» деп атайды. Волга өзені де қазақша «Еділ» аталады.
Тарихтағы ғұндар сипаттамасы.
448 жылы Аттиланың сарайында болып қайтқан Прииск оның сырт келбетін былай суреттейді: «Бір көрген адам оғның нағыз азиялық екенін бірден айтады. Басы үлкен, орта бойлы, мығым денелі. Қараған жерін тесіп өтетіндей, көзқарасы сұсты. Қозғалысы шапшаң, сенімді. Дауысы күмістей сыңғырлайды әрі құлаққа жағымды».
ІV. Сабақты бекіту:
Ғұндар Еуропаның қай мемлекеттеріне дейін жетті, картадан көрсет. Ежелгі деректерде ғұндар қалай аталады?
Қосымша әдебиеттерді пайдаланып Аттила (Еділ) туралы әңгімеле.