ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Таза тақта ойыны арқылы бекітемін
Мәдениет Италия мәдениеті Жаңа заман мәдениеті
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Жаңа терминдермен жұмыс
2. Қ.И.Оспанов.Мәдениеттану, А; 2006
Еуропалық Қайта өрлеу және жаңа заман кезеңіндегі мәдениет
ХІҮ-ХҮІ ғ.ғ. мәдениеті.
Жаңа заман мәдениеті
а) ағартушылық
ә)музыка
б) әдебиет
ХІҮ ғ. мен ХҮ ғ. басында Европада, дәлірек айтқанда Италияда Қайта өрлеу мәдениеті атына ие болған ертебуржуазиялық мәдениет қалыптаса бастады. «Қайта өрлеу» термині жаңа мәдениеттің ежелгі дүниемен байланысын көрсетіп тұрды. Еуропалық мәдениет мазмұнына зиялы әуендер көбірек еніп, қоғамның әртүрлі әртүрлі көркемөнер, философия, әдебиет, ғылым, білім салалары шіркеу бұғауынан бірте-бірте құтыла бастады. Қайта өрлеу қайраткерлерінің назарында адам тұрғандықтан, осы мәдениетті жасаушыларды гуманистер (латын тілінен һ – адамдікі) деп атаған.
Италиядағы Қайта өрлеудің бастауларында ұлы ақын, өшпес «Құдіретті комедияның» авторы Данте Алигьери (1265-1321) тұрды. «Құдіретті Комедияда» ақынның о дүниеге сапары кезінде Тамұқ пен Жұмақта оған кездескен тарихи қайраткерлер мен қиял-ғажайып кейіпкерлер туралы баяндалады.
Поэзиядағы гуманизмнің негізін салушы Италияның тағы да бір данышпан ақыны Франческо Петрарка болды. Ол бірінші болып, құдайтағалық білімге адами білімді қарсы қойды.
Петрарканың ізбасары адамгершілік идеяларын паш еткен шыншыл новеллалардың жинағы «Декамеронның» авторы Бокаччо болды. Данте, Петрарка, Бокаччо Италияның әдеби тілінің негізін салушы.
Қайта өрлеу дәуірі мәдениетін Италияның данышпан көркемөнер қайраткерлері Леонардо да Винчи, Рафаель Санти, Микеланджело Буонаротти есімдерінсіз қарастыру мүмкін емес. Леонардо да Винчи (1456-1519) адамзат тарихындағы ең дарынды адамдардың бірі. Ол бір мезетте суретші, көркемөнертанушы, мүсінші, сәулетші, математик, физик, астроном, анатом бола білген.
Ұлы суретші Рафаэль Санти (1483-1520) дүниежүзілік сурет өнерінің ұлы ескерткіші «Сикстин мадоннасы» атты туындысымен белгілі.
Жоғары Қайта өрлеу мәдениетінің аса көрнекті өкілі Микеланджело Буонаротти (1475-1564) мүсін өнерінде өзінің ерекше ескерткіштерімен даңқы шыққан еді. Мүсінші ақын, сәулетші Микеланджелоның өшпес туындыларының арасында Венеция қаласының орталық алаңына қойылған алып Давидтің мүсіні, інжілдік батыр Моисейдің мүсіні, т.б. біртума туындылары бар.
Қайта өрлеу кезеңінің гуманистік қозғалысы бүкіл еуропалық оқиға болды. ХҮғ. Бастап гуманизм Италия шеңберінен шығып, батыс еуропа елдеріне жайыла бастады.
Германияда гуманизм идеялары ХҮ ғ. университеттік ортада, прогресшіл интеллигенция арасында қолдау тапты. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті өкілі жазушы, ағартушы, саяси қайраткер неміс Ульрих фон Гуттен (1488-1523) болды. Ол өзінің «Қараңғы адамдардың хаттары» атты еңбегінде дінбасыларын, діни схоластиканы өлтіре сынады. Католик шіркеуін қайта құруға талпынушылар Германияда реформация қозғалысын бастады. Реформация қозғалысының басында августин монастрінің монахы Мартин Лютер (1483-1546) болды. Ол бірінші болып інжілді неміс тіліне аударды.
Голландиядағы қайта өрлеу мәдениетінің негізін ұлы гуманист, жазушы әрі философ эразм Роттердамский қалады. Оның «Ақылсыздықты мадақтау» шығармасы діни схоластиканы сынай отырып, адамгершілікті, имандылықты тәрбие ісіне бірінші кезекке қойды.
Англияда заманының озық ғалымдары Гросин, Линакер, Колет қызмет еткен гуманистік идеялардың орталығы Оксфорд университеті болды.
Әлеуметтік философия саласындағы гуманистік идеялардың авторы Томас Мор (1478-1535) өзінің «Утопия» (Қиял) атты еңбегінде ешқандай кемшіліксіз, адамдарға бақытты ғұмыр сыйлаған адамзат қоғамын суреттеді.
Ағылшын Қайта өрлеуінің ұлы тұлғасы – «Гамлет», «Король Лир», «Отелло», «Генрих ІҮ», «Ричард ІІІ» трагедияларының, сонеттерінің авторы У.Шекспир (1564-1616) өз шығармаларында адам жанының сұлулығын паш етті.
Испания Қайта өрлеуінің өз ерекшеліктері болды. Көптеген гуманистер мұнда Католик шіркеуі мен католицизмге қарсы шыға алмады. Мұнда рыцарлық романдар кең тарады. Бұл жанрда «Селестина» трагикомедиясының авторы Фернандо де Рохас жемісті еңбек етті.
Испаниялық ұлы жазушы Мигель де Сервантес (1547-1616) өзінің өшпес романы «Дон Кихоттың» арқасында дүние жүзіне даңқы жайылды.
Испанияның сурет өнері де тамаша табыстарға жетті. Әсіресе суретшілер Эль Греко (1541-1614) мен Диего Веласкестің (1599-1660) шығармашылығы бүкіл дүниежүзінің сурет өнерінің дамуына ықпал етті.
Еуропа мен Америка елдерінде феодалдық қатынастар ыдырап, олардың орнына жаңа прогресшіл капиталистік қатынастардың қалыптасуы кезінде пайда болған қозғалыс ағартушылық деп аталды. Бұл қозғалыс Англия мен Францияда ХҮІІ, ХҮІІІ ғ.ғ. болып өткен буржуазиялық революциялардан кейін кең өріс алды. Ағартушылар ғылымды дамыту арқылы «ақыл ой патшалығын» орнату үшін күресті.
Ағартушылықтың саяси бағдарламасы ағылшын философы Джон Локктың (1632-1704) «Адам ақылы туралы тәжірибе» атты шығармасында өз бейнесін тапты. Адамның бөлінбейтін құқықтарына, Локктың айтуынша, негізгі үш құқығы өмірге, бостандыққа және жеке меншікке деген құқығы жатады.
Франция ағартушылығының аса көрнекті өкілдері Ж.Ж.Руссо (1712-1778), Д.Дидроның (1713-1784), Ш.Л.Монтескьенің (1689-1755), Поль Анри Гольбахтың (1723-1789) идеялары Франция шеңберінен шығып, бүкіл Еуропаға кең трады.
Неміс ағартушылығының көрнекті өкілі И.Кант (1724-1804) болды. Канттың есебінше теориялық философияның пәні табиғатты, дүниені, адамды зерттеп қою қана емес, адамның ақыл ойын, оның қызметін зерттеу болып табылады.
ХҮІІ ғ. аяғы ХҮІІІ ғ. басында Еуропа түгел сөйлеген музыкалық тіл қалыптасты. Еуропа музыка өнерінің сол кезеңдегі аса көрнекті өкілдері Иоганн Себастьян Бах (1685-1750) және Георг Фридрих Гендель (1685-1759) болды.
Еуропаның музыка өнеріне Венаның классикалық мектебі және аса көрнекті өкілдері Иозеф Гайдн, Вольфганг Амадей Моцарт, Людвиг Ван Бетховен шығармашылықтары зор әсер етті.
Моцарт пен Бетховеннің ұстазы Иозеф Гайднды (1702-1809) «Симфонияның атасы» деп атайды. Ол 100-дің үстінде симфония жазды.
Вольфганг Амадей Моцарт (1756-1791) бала кезінде –ақ талантының көп қырымен жұртты таң қалдырды. 1781 жылдан бастап Моцарт Венада өмір сүрді. Ол «Фигароның үйленуі», «Дон жуан», «сиқырлы флейта» операларында Моцарт адамдардың әртүрлі, тамаша бейнелерін жасады, өмірдің барлық қайшылықтары мен қарама қарсылықтарын музыка тілінде шеберлікпен көрсетті.
Ағартушылық кезеңнің негізгі әдеби жанры роман болды.
ХІХ ғ. Еуропа мәдениеті дамуының ерекшеліктері көркемөнерде, әдебиетте де әр түрлі бағыттардың болуына байланысты еді.
Әдебиетте классицизм бағытының аса көрнекті өкілдері немістің ұлы жазушылары И.В.Гете және И.В.шиллер болды.
Көркемсурет өнерінде классицизм стилін француз суретшілері Давид пен Энгр қалыптастырды.