б) сыныпты топтастырып топ аттарын белгілеу, Оңтүстік Қазақстан және Жетісу жерін ерте темір дәуірінде аппассиактар, массагеттер және тиграхаудалар мекен еткен, сол себепті бүгінгі үш топтың атын осылай атаймыз.
1-массагеттер, 2-тиграхаудтар, 3-аппассиактар
Әр топтың топ басшысын және топтағы оқушының
Жеке үпайын тіркеп отыратын есепшілерін сайлап аламыз
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау
1- бекет
а) белгіленген уақытта өткен сабақтағы тірек сөздерді қайталау мақсатында дәптерге түсіру. Дұрыс жауаптары.
3)Мұртты обалардың сызбасы мен патша қорғандарының суретіндегі ерекшеліктерді сипаттау.
ІV. Сергіту сәті. Қазақша жыл санауы бойынша биыл қандай жыл? Мына суреттегі бейнеге қараңдар. Сайын дала төсінде желге жалын төсеп, қасиетті жануар күнге бет алып құйындатып келеді. Сол дыбысты келтіреміз.
Жақсы сергіп қалдық деп ойлаймын олай болса сабағымызды жалғастырамыз.
V. Жаңа сабақпен өткен тақырыпты байланыстыру.
Шапырашты Қазыбек Бек Тауасарұлының еңбегі «Түп тұқиямнан өзіме шейін» кітабінің 34 бетінен атасы Матайдың әңгімесінен үзінді оқу.
«Міне, сол Мұхаммед туғаннан мың тоғыз жүз жыл бұрын Қадыр, Қалша деген аталарымыз болған. Бұрынғылар да мұнің хақиқаттығына кепілдік бере алмаймыз. Олар әлде Түрік, әлде Сақ, әлде Хун аталған деседі. Көбіне Сақ дегенге көбірек арқа сүйейді. Сақ деген сөзде оған әрқашан жауына сақ тұратыны, күндіз бе, түн бе, тәуліктің қай шамасында болса да ер қаруы бес қаруы дайын тұратынына бола айтылса керек. Атамыз аптада белін шешпеген, пыран киіп, пырақ мінген ерлер болған екен. Қадыр бабамыздың баласы Алаш делініпті. Міне, біздің ұранымыз Алаш болатыны осыдан.
Сол атамыз Алаш дүниені аралап, шарлап кетіп, әлдеқандай бір теңіз жағасындағы елден әйел алып қайтыпты. Әлгі әкелген әйелі әуелде өз тілінде сөйлеп, Алаш өз тілінде сөйлеп, екеуі көкейімен ұғысып келген екен дейді. Содан дүниеден сол алаш тілінде сөйлемей өтеді де десе, бір күні Алаш сөйлеген тілде тіл қатыпты:
Мен өлген соң бие сауымнан кейін көріме кел, егер мен дыбыс берер болсам, көрімді аш, мен ұл туамын, балаңды алып аларсың. Атын – Жайыл қой. Сенің балаңның ұрпағы, яғни біздің ұрпағымыз атқа мінгенде жер қайысқан қол болып, күннің көзі бөрінбей қалады. Ол аттың үстін үйіндей жайлайтын болады. Жылқы малы ғақылды мал, ол өзін арлаған, ардақтаған елге ерекше қызмет қылады, ол біздің ұрпағымызды жылқы баласындай көретін болады. Алаштың жар дегенде жалғыз ұлы болады. Оның атын Қазақ деп қой,- деп жантәсілім қылыпты. Сонымен Жайылдан Қазақ деген жалғыз ұл көріпті.
Жылқы жануары сақтар үшін өте қастерлі – оны қанатты ат, пырақты ат деп құрмет тұтты, бақилық болған егесімен қоса жерледі.(пырақты аттың суреті)
Ғалымдардың пайымдауынша сақтар тайпасы негізгі үш топқа бөлінген олар: тиграхауда, парадарайя, хаомаварга (осылардың орналасқан жерін әр топ картадан көрсетеді).
VІ. Жаңа сабақ
Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ерте темір дәуіріндегі Оңтүстік Қазақстан және Жетісу». Бұл өлкенің тарихы біздер үшін ерекше, себебі Отанымыз - Қазақстан Республикасы, туған жеріміз Оңтүстік Қазақстан,сол себепті өлкеміздің тарихын біз жақсы білуіміз керек. Оңтүстік Қазақстан және Жетісу кеңістігі Арал теңізінен Алтай тауларына дейінгі аралықты алып жатыр.(картадан көрсетеміз)
Бұл өлкеден сақ мәдениетінің тамаша туындысы Алтын адам табылған. Сақтардың қол өнер жасау тәсілі бүгінде әлемді таңқалдыруда, жасаған әшекей бұйымдарының кішілігі соншалықты, кейбіреулерін тек құралмен қаруланған көзбен көруге ғана болады. Яғни сақтардың шеберлік технологиясы заманауи технологиясынан да жоғары болған.
1) Тірек сөздер.
1.К Ақышев, 2.Дромос, 3.Акинак, 4.Саркофаг, 5.Зооморфтық стиль, 6.Бесшатыр, 7.Патша қорғаны, 8.Түгіскен, 9.Ұйғарақ, 10.Алтын адам, 11.Бәбіш молда, 12.Шірік Рабат. Тірек сөздердің мағынасын ашу үшін оқулықпен жұмыс жасалады.
2) Негізгі бағыттарын анықтау.Тірек сөздерді мағынасына қарай бағыттаймыз
Ізденіс жұмыстары сандық деректерге қатысты жасалады.
Алдарыңыздағы шағын әдеби көрмеден сақтар туралы баяндайтын 5-сыныптан, 6-сыныптан бері өздеріңізге таныс кітаптардан тарихи деректерді іздеп табыңыздар.Оқушыларға әдеби көрмедегі басылымдар ұсынылады.Сақтар кезеңіндегі тарихи зерттеулерден ізденіс жасалады
VII. Сабақты бекіту.
Контур картасымен жұмыс жасау. Қазақстанның негізгі географиялық бес аймағындағы ерте темір дәуірінен қалған сақтардың археологиялық ескерткіштерінің санын анықтаңыздар.
VIII. Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс.
Алдын ала ілінген суреттерге қарап сақтардың тұрмысын, шаруашылығын сипаттау.
Алдын ала ілінген суреттерге қарап сақ қоғамының тұрмыс-тіршілігінің саяси тарихының ерекшеліктерін сипаттау. Суреттерді таңдау оқушының еркінде.
ІХ. Сабақты қорыту.
Тірек сызба арқылы негізгі ұғымдарды айқындау.
Археологиялық ескерткіштер
Бесшатыр
Ұйғарақ
Түгіскен
Шірік рабат
Бәбіш молда
Тарихи терминдер
Зоомровтық стиль
Акинак
Сарпкофаг
Дромос
Сақтар мәдениеті
Алтын адам
Патша қорғаны
Аңдық стиль
Х. Үйге тапсырма.
§ 18. 80-бет
ХІ. Оқушыларды бағалау
Бағалауда ашық әдіс қолданылады. Әр топтың жалпы ұпайы және әр оқушының орнының индексіне (МПМ) сәйкес тұсына жауаптар ұпайлық белгіде қойылады ,соның негізінде оқушылар бағаланады.
ХІІ. Шаттық сыйлау.Тарихи тұлғалардың өздеріңе үнаған қасиеттерін мысалға ала отырып бір-біріңе тілек айтыңдар
Қазақстан тарихы 19.01.2015 жыл. 6 сынып
Сабақтың тақырыбы:Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.
Сабақтың мақсаты: Үйсіндер тарихы, орналасқан жері .және оның ерекшеліктері туралы айта отырып, оқушыларды талдау жасауға, өз көзқарастарын бiлдiруге дағдыланадыру, қазақ даласын мекендеген халықтардың тарихымен таныстыру және оларды тұрақтары жайлы мағлұматтар беру
Оқуда қолданылатын әдіс тәсілдер: Жұптық жұмыс.
Модульдердің кіріктірілуі: Сыни тұрғыдан оқыту. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. АКТ. Оқытуды басқару және көшбасшылық. Оқыту үшін бағалау және оқу үшін бағалау. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен оқу.
Оқып үйренудің нәтижесі: тақырыпты қайта еске түсіре отырып сынайды және қалыпты ой салады, салыстыра отырып жинақтайды .
Үйрену мақсатында бағаны қоса бағалау: Формативті бағалау, жиынтық бағалау.
Барлығын қосқанда бағалау: Түсіну деңгейіне баға бере отырып бағалау
№
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Уақыты
Ресурстар
1.
Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесіп. сабаққа дайындықтарын тексеру.
Сабақтың барысын бағалау критерилерін оқушылармен біріге отырып түземін.
Оқу құралдарын реттеп.
Оқушылар жұпқа бөлінеді. Мұғалім балалар көзқарасын негізгі дәлелдермен талқылауға мүмкіндікбереді.
3м
2.
Білу (есте сақтау,қайталау).
Сұрақ-жауап, Кластер жасау
1. Қазақ жерін мекен еткен тайпалар
2. Сақтардың кәсібі мен тұрмысы
Оқушылар бастапқы білімдері бойынша жеке талқылайды,қарастырады, жаңғырта отырып толық жауап беруге тырысады.
5 м
Сұрақ парақшалары
3.
Түсіну(интерпретация,жорамалдау).
1.Ой қозғау.
І-жұп Ежелгі тарихшылардың сақ тар туралы мәліметтері
ІІ-жұп Сақтардың түрлері
Оқушылар өткен сабақтағы білімдерін еске түсіре отырып берілген сөзді ортада талқылап, әр жұптан бір оқушы ортада қорғайды.
10 м
Плакат ,маркер, клей, түрлі –түсті парақтар таратылады.
2. Оқулықпен жұмыс Жаңа сабақ. «Үйсіндер тарихы, орналасқан жері.»
Оқушылар бүгінгі жаңа тақырып бойынша берілген мәтінмен танысып ,оқулықпен жұмыс жасайды
-Осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін түйінді 10 сөз жазуға тапсырма беру,соңында салыстыру,бағалау
Әр оқушыға тапсырма беріледі. Оқушылар берілген парақшаларға осы мәтіннің негізгі ойын білдіретін түйінді 10 сөз жазады Оқушылар жеке отырып талдайды Қорғайды
10 м
Тапсырма парақшалары қағаз
5.
Синтез (шығармашылық
әрекеттерді қолдану).
хабарлама (баяндама,
сөз), жұмыс жоспары, схемалар
1.Үйсідердің көрші мемлекеттермен байланысы
2.Үйсіндердің шаруашылығы
Оқушылар Үйсіндердің негізгі шаруашылығы мен тұрмысы жайлы, маңызын түсінеді, шығармашылық әрекеттер жасайды
5м
Суреттер мен парақтар беріледі
Жинақтау.
Кластер «Үйсіндер»
Оқушылар тақырып бойынша берілген тапсырмадан атаулардың атын табады
5 м
Парақшалар,қалам
6
Бағалау.
Әр жұп бірін-бірі, жұптық және жиынтық бағалау мен бағалайды.