kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

"Елім мені?" т?рбие са?аты

Нажмите, чтобы узнать подробности

учитель истории.хочу обменяться с опытом других учителей,и общение,обучатся навыками. моя главная задача-научить ребенка свободно ориентироваться в этом мире.использование практике обучение учащихся. вызовать у учащихся интерес к предмету.желаю всем коллегам творческих успехов и много одоренных учеников.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«"Елім мені?" т?рбие са?аты»


Сабақтың тақырыбы: «Елімнің еркіндігі»

Мақсаты: 1.Оқушылардың білім деңгейін көтеру, ұжымдық түрде білім алуға баулу.

2.Алған білімдерін толықтыру, олардың ақыл, жігерінің толысып дамуына әсер ету, сөйлеу тілін дамыту.

3.Отанға деген сүйіспеншілік рухында тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Қазақ жері-ата-бабам бесігі,

Орман, дала, аса байлық несібең

Жыр –маржанның, сөз асылын арнаймын

Туған жердің Тәуелсіздік күніне!


2- жүргізуші: Күн шаңырақты күміс отау далам бар,

Сүйсініңдер, суретіне қараңдар!

Азат өлкем күндей күлген Шығыстан,

Айналайын Қазақстан-Гүлстан!

1-жүргізуші: Қазақстан-біздің Отанымыз, еліміз, туған жеріміз!

2- жүргізуші: 1991 жылы 16-желтоқсан күні Қазақстан Тәуелсіз Республика болып жарияланды.

1-жүргізуші: Бүгін, мерекемізге келіп отырған қонақтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, бақыт, еліміздің гүлдене беруіне, оқуда жақсы ат салысуларыңызға шын жүректен тілектеспіз!

«Елімнің еркігдігі» атты сайыстық бағдарламаны ұсынамыз.Бұл туған еліміз туралы білім сайысы.

2- Жүргізуші:

Қазылар орнықтырар әділдікті

Кімдердің жауаптары кәміл шықты.

Білім мен тапқырлықтың жарысында

Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты.

Демекші, әділ қазыларды сайлап алайық.

1. ------------------------------------------------------------------------------------

2. --------------------------------------------------------------------------------------

3. ---------------------------------------------------------------------------------------

2- Жүргізуші:

Ал, қанекей, келіндер,

Бір-біріңе еріңдер.

Біліміңді тексеріп,

Ойынға қатысып көріңдер - дей келе, ойынға қатысушыларға сәт сапар тілеймін.

Ойынның өтілу тәртібі:

1.Ойынға екі топ қатысады, әр топ жетекшісі сайланады.

2. Топ атауы, ұраны болады.

3. Әр топқа ойын барысында тапсырмалар беріледі.

4. Соңғы сайыс топ басшыларына арналады.


Сайыс кезеңдері

  1. “Әудем жер”

  2. “Жеті жұрттың тілін біл”

  3. “Тұлғаны тани біл ”

  4. “Математикалық лото”

  5. “Бәйге”


1- Жүргізуші

Ойыншылар сәт сапар!


І бөлім «Әудем жер»

Бұл бөлімде мақалдар оқылады, сайыскерлер оның жалғасын тауып айту керек.Әр топқа 6 мақалдан оқылады. Ол топ таба алмаған жағдайда келесі топтар қол көтеріп айтуға болады.

1 топ-

1.Жаны жақсы ағаның,

Етегін баспа жолын қу.

Болайын деген.............,

бетін қақпа белін бу.


2.Оқу білім бұлағы,

Білім -......... шырағы.

3.Отан ..... да ыстық.

4.Еңбек ....... де жеңбек.

5.Ата тұрып ...... сөйлегеннен без,

Ана тұрып ...... сөйлегеннен без.

6.Тура биде ...... жоқ .


2- Жүргізуші:

2 топ-

1.Отан үшін ...... түс – күймейсің.

2.Туған жерге ....... тік.

3.Ақыл азбайды ....... тозбайды .

4.Батыр ... оқтық.

5.Атадан ...... туса игі

Ата ....... қуса игі.


6.Еңбек ....... ерінбей ,

тояды ..... тіленбей.

2-Жүргізуші:

ІІ бөлім «Жеті жұрттың тілін біл»

І-топ

  1. Күн мен түн теңелетін жыл мезгіл

2. Мұрты бар, иегінде сақалы көп,

Тоны бар, киеріне шапаны жоқ.

Пайдасы үй ішінде табылған соң,

Далаға кіріп-шығар сапары жоқ.

3. Жүз теңгең болғанша, жүз ............... болсын.

4. Футбол алаңындағы ойын заты

ІІ-топ

Қабат-қабат қаптама,

Ақылың болса аттама.

2. Жеті қазынаның бірі, үй қорып жүреді.

3. Ұшқан ....................., жүгірген аң.

4. Әр адамның шағын отаны.


ІІІ-бөлім

1- Жүргізуші- Алдағы білім шыңына ең білімді топ шығады деп “Тұлғаны тани біл”сайысын бастаймыз.

Бұл сайыста көрсетілген тұлғалар туралы өз білгендерің айтасыңдар. Әр топқа 4 тұлғадан беріледі. Әр дұрыс жауапқа таңдаған ұяшықтағы ұпай беріледі. Егер қате жауап берілсе, қарсыластар жауап береді.

Ұяшықтардағы сұрақтар:

10 ұяшық- Нұрсұлтан Әбішұлы

20 ұяшық- Жәнібек пен Керей хандары

30 ұяшық- Абылай хан

40 ұяшық- Кенесары Қасымұлы

10 ұяшық- Әйтеке би

20 ұяшық- Қазыбек би

30 ұяшық- Әбілқайыр

40 ұяшық- Төле би

2- жүргізуші:

4-кезең.

“Математикалық лото”

Әр топ өздерінің дайындалған тарихи бас қатыруларын , тапсырманы орындайды.

1-топ

728х2+10=

3800/2+91=

жауабы

1466 жыл Қазақ хандығының құрылған жылы

1991 жылы- Қазақстанның тәуелсіздік алған жыл

2-топ

3400/2+23=

19х100+86=

жауабы

1723 жыл “Ақтабан шұбырынды оқиғасы”

1986 жыл Желтоқсан оқиғасы

5-кезең «Бәйге»

І-топ

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін қашан жариялады?

1991жылы 16 желтоқсанда

2. Тұңғыш рет ғарышқа кім және қай жылы ұшты?

1991ж 2-қазанда, Тоқтар Әубәкіров

3. 1992 жылы 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары үшін атаулы күн болды

1992ж 30-қыркүйекте дүниежүзі қазақтары құрылтайы болды.

Аты аңызға айналған қаһарман Кеңес одағының батыры кім?

Бауыржан Момышұлы

5. ҚР Ұлттық валютасы қашан енгізілді?

1993жылы 12-қарашада

  1. Қазақстан халқы өзінің тұңғыш президентін қашан сайлады?

1991 жылы 1-желтоқсанда

ІІ-топ

1.Қазақтың соңғы ханы

Кенесары Қасымұлы

2. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қашан қабылданды ?

1995жылы 30-тамыз

3.Қазақстан Республикасының Туы қашан бекітілді?

1992жыл

Қазақстан Республикасының елтаңбасы қашан бекітілді?

1992жыл

5. Ақмола қай жылы Астана қаласы атанды?

1998жыл

6.Қазақтың тұңғыш академигі кім?

Қаныш Сәтбаев

1- Жүргізуші-

Әділ қазылар сайысқа қатысқан топтардың қорытындысын шығарғанша кітап көрмесіне кезек берейік.

2- Жүргізуші

Осымен бүгінгі еліміздің тәуелсіздігіне арналған «Елімнің еркіндігі» атты сайыс сабағымыз аяқталды. Назар салғандарыңызға рахмет!







Топ аты

«Әудем жер»

«Жеті жұрттың тілін біл»

«Тұлғаны тани біл»

«Математикалық лото»

«Бәйге»

«Ақиқат»






«Аңыз»






























Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
"Елім мені?" т?рбие са?аты

Автор: Кусайнова Жанар Халибековна

Дата: 31.01.2016

Номер свидетельства: 285912


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства