Екінші д?ниеж?зілік со?ыс 1939 жылы 1 ?ырк?йекте басталды. Немісті? 57 дивизиясы Полякты? 33 дивизиясына ?арсы т?рды. КСРО 1939 ж 17 ?ырк?йекте Польша?а басып кіріп, Батыс Белоруссия,Батыс Украинаны алды. 1939 ж 30 ?араша КСРО Финлияндия?а басып кірді. ?лттар Лигасы КСРО-ны бас?ыншы деп айыптап м?шесінен шы?арды.
1941 ж 22 маусым к?ні Германия со?ыс жарияламастан КСРО-?а басып кірді. КСРО-?а ?арсы Румыния, Венгрия, Финлияндия, Италия, Словакия, Хорватия со?ыс жариялады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Екінші д?ниеж?зілік со?ысты? басталуы»
0000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000000Тақырыбы: Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Студенттерге екінші дүниежүзілік соғыстың алғы шарты,Ұлы отан соғысы, және ондағы басты шайқастар, соғыста екінші майданның ашылуы және соғыстың қорытындысы туралы білімдерін бекіту, тиянақтау, қорытындылау.
Дамытушылық: Студенттердің жалпы қабілеттілігін, қызығушылығын, белсенділігін, жаңашылдықты пайдалана білу қабілетін дамыту, болған тарихи оқиғаларды саралай білуге үйрету.
Тәрбиелік: Студенттерді патриоттық сезімге, саяси және құқықтық тәрбиеге, ұлтжандылыққа, қайсарлыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайд, бейне баян, үлестірме қағаз
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі(2 мин)
Студенттерді 4 топқа бөлу. Топқа бөлудің әдісі: студенттердің өзіндік бұйымдарына сәйкес
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау (13 мин)
Студенттер өздері алдын-ала дайындап келген слайдтарды өзге топтарға қорғау керек
III. Жаңа сабақтың барысы:
Жаңа сабақты түсіндіру (10)
Соғыстың басталуы. Екінші дүниежүзілік соғыс 1939ж. 1 қыркүйекте германияның Польшаға Шабуылынан басталды. Польшаның Франциямен және Англиямен өзара көмектесу туралы келісім жасағанын білетін Германия Польшаны жылдам талқандауға тырысты. «Қауырт соғыс» жүргізу мақсатында ол Польшаға қарсы барлдық әскерінің үштен екі бөлігін топтастырды. 1939ж. 3 қыркүйекте Англия мен Франция Польшамен одақтастық міндеттерін орындау мақсатында Герменияға соғыс жариялады. 1939ж. 19 қыркүйекте Скандинавия елдері басталған соғыста саясат ұстайтындарын мәлімдеді. Польшаға қарсы «қауырт соғыс жоспарын» іске асыру үшін неміс әскерлерінің барлық түрлері бір мезгілде екпінді шабуылға шықты. Сонымен қатар неміс ұшақтары поляк қалаларын үздіксіз бомбалаумен болды. Немістер алғашқы күндерде-ақ поляк әскерлерінің қорғаныс шебін бұзып, Варшаваға бағыт алды. 16 қыркүйекте олар Варшаваны қоршап алды. Ал 17 қыркүйекте шығыстан Польша жеріне Кеңес Одағының әскерлері енгізілді.Қоршаудағы Варшава 28 қыркүйекке дейін шайқасты, алайда күш тең емес еді. 1939ж. 28 қыркүйекте «Достық және шекаралар» туралы кеңес-герман келісіміне қол қойылды. Бұл келісім екі мемлекеттің Польшаны ықпал аймағына бөлісуін бекітті және КСРО мен Германияның арасындағы жаңа шекараны белгіледі. 2 қазанда қорғаныс шайқастарын жүргізіп жатқан соңғы поляк бөлімдері берілді. Осылайша Польша мемлекеті төртінші рет бөлініске түсті.
Бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстың
маңызды көрсеткіштері
№
Негізгі көрсеткіштер
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914-1918
Екінші дүниежүзілік соғыс 1939-1945
1
Соғыстың ұзақтығы
4 жыл 3 ай
6 жыл
2
Соғысқа қатысқан елдер
38
61
3
Соғысқан елдер халқы
1 млрд астам
1,7 млрд астам
4
Соғыс болған жер көлемі
4 млн км2
22 млн км2
5
Мобилизацияланғандар
70 млн астам
110 млн астам
6
Соғыстан өлгендер саны
13,6 млн астам
50 млн астам
7
Жаралы болғандар
20 млн астам
90 млн астам
8
Матриалдық шығындар
Тікелей соғыс шығыны
360 млрд $
208 млрд $
4000 млрд $
1117 млрд $
2. Жаңа білімді бекіту (10)
Шығармашылық жұмыс. Әртопқа үлестірме қағаз беріледі. Сол тақырыпқа постер жасап, қорғау керек.
II дүниежүзілік соғыс қай елден бастап, қай мемлекеттерді қамтыды?
1941 ж 22 маусымда Германия қай мемлекетке соғыс жариялады?
II дүниежүзілік соғыс кезеңіндегі Жапония
II дүниежүзілік соғыс салдары
IV.Бағалау (5 мин)
V. Үйге тапсырма (5 мин)
І топқа А.Гитлер
ІІ топқа А.Македонский
ІІІ топқа Шыңғыс хан
IV топқа Кир
Берілген тұлғаларға сипаттама беру (ортақ мақсаттары қандай, мақсатқа жету жолындағы іс-әрекеттері, нәтижесі) тапсырмасы беріледі.