kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Екінші д?ние ж?зілік со?ыс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Екінші д?ниеж?зілік со?ыс

Жоспар

І. Кіріспе

1.1  Екінші д?ниеж?зілік со?ыстан кейінгі ?лемдегі жа?дай….3

1.2  Екінші д?ниеж?зілік со?ысты? н?тижесі….4

ІІ. Негізгі б?лім

2.1  Екінші д?ниеж?зілік со?ыстан кейінгі Шы?ыс Еуропа мемлекеттері…6

2.2 «?ыр?и-?аба?» со?ысыны? басталуы……9

2.3 «?ыр?и-?аба?» со?ысыны? «ысты?» оша?тары Кореяда?ы со?ыс….15

2.4  Б??-ны? халы?аралы? ?мірдегі р?лі….20

2.5 «?ыр?и-?аба?» со?ысыны? б?се?деуі ж?не ая?талуы….21.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Екінші д?ние ж?зілік со?ыс»

Екінші дүниежүзілік соғыс

Жоспар

І. Кіріспе

1.1  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай….3

1.2  Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі…..4

ІІ. Негізгі бөлім

2.1  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Шығыс Еуропа мемлекеттері…6

2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының басталуы……9

2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары Кореядағы соғыс….15

2.4  БҰҰ-ның халықаралық өмірдегі рөлі…..20

2.5 «Қырғи-қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы….21

ІІІ. Қорытынды

3.1 Қош бол, екі полюсті Әлем……23

Кіріспе

1.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдегі жағдай.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол антигитлерлік коалиция елдерінің фашистік гитлерлік мемлекеттерді жеңу болды. Бірақ соғыс аяқталысымен әлемдік сахнада екі ұлы державалардың қарсыласуы орын алды. Америка Құрама Штаттары соғыстан кейін өзінің ірі әскери-саяси және экономикалық потенциалына сүйене отырып әлемде капиталистік жүйенің тұрақталуына және өз үстемдігін орнатуға ұмтылды. Бірақ Кеңес Одағы да соғыстан кейінгі әскери-саяси жағдайы тұрақталған әрі күшейтілген ол өзінің әлемдік жоспарын жүзеге асыруға ынталанды.Оның басқаруымен социализм құрылысына бет алған мемлекеттер жүйесі қалыптасты.Бірнеше онжылдықтарда халықаралық қатынас жүйесінде «екі полюсті әлем» жағдайы билік етті.

80-90ж.ж. халықаралық қатынас жүйесінде жаңа түбегейлі төңкеріс болып өтті.Орталық және Оңтүстік Шығыс Еуропа елдерінде социализмнің күйреуі соның ішінде Кеңес Одағында да, кейін КСРО-ның ыдырауы, КСРО-ның құқылы ізбасары Ресейдің халықаралық аренадағы орнын әлсіретті.Екі полюсті әлем өмір сүруін тоқтатты. АҚШ енді әлемде жалғыз ұлы держава ретінде өзінің үстемдігін жүргізуге бет алды.Бірақ АҚШ-тың халықаралық қатынаста «бір полюсті жүйенің» құрылуының қауіпты бағыты, Ресей және де басқа мемлекеттер тарапынан қарсылыққа ұшырап отырды.Олар тең құқылы халықаралық достастық жүйесін құруда қызығушылық білдірді.

1.2 Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесі. 

Екінші дүниежүзілік соғыс адамзат тарихындағы ең ауыр әрі қанды соғыс болды. Бұл соғыста 60 млн. адам құрбан болды, оның ішінде Кеңес Одағының 27 млн. азаматтары және 6 млн. Польша азаматтары. Екінші дүниежүзілік соғыста адамзат шығыны бірінші дүниежүзілік соғыстан 6 есе көп болды, ал материалдық шығыны 12 есе көп болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың басты нәтижесі-ол фашизмнің күйреуі. Фашистік және милитаристік агрессорлы мемлекеттері Германия,Италия,Япония және олардың одақтастары толық күйреді. Олардың экономикасы, саясаты, идеологиясы күйреді, қарулы күштері тізе бүкті, территориялары антифашистік коалиция әскерімен оккупацияланды. Оккупациондық өкімет жергілікті антифашистердің көмегімен фашистік режимдерді, фашистік партияларды жойды және де фашистік басшыларды соттады. Тек қана Испания мен Португалияда фашистік режимнің диктаторлық түрі сақталды.Соғыс кезінде оккупацияланған мемлекеттерде оккупанттарға қарсы «Қарсыласу» қозғалысы пайда болды.Соғыстан кейін Қарсыласу қозғалысының қатысушылары қоғамдық-саяси өмірде маңызды рөл атқарды.Көптеген мемлекеттерде олар билік басына келіп,мемлекеттердің саясатын анықтап отырды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижелерінің бірі болып көптеген мемлекеттердің капиталистік емес даму жолына түсуі. Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа мемлекеттерінде оккупанттардан азат етілгеннен кейін, олар Халықтық демократия мемлекеттері атағына иеленді, коммунистердің басқаруымен немесе қатысуымен үкіметтер құрылды, олар антифашистік, демократиялық, содан соң социалистік өзгертулерді жүзеге асыруға кірісті. Кеңес әскерімен оккупацияланған Шығыс Германия мен Солтүстік Кореяда осындай өзгертулер болды. Жапония күйреген соң және 1945-1949ж.ж. азаматтық соғыстың жеңісінен кейін Қытайда өкімет басына коммунистер келді.

1949ж. 1 қазанында Қытай Халық Республикасы құрылды. Оның басшылары мемлекеттің социализм жолына түсетіндігін жариялады.Халықтық-демократиялық және социалистік мемлекеттердің тұтас қоғамдастығы пайда болды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың тағы бір маңызды нәтижесі-отарлық жүйенің ыдырауының басталуы. Азат ету мақсатымен және соғыстың антифашистік мінездемесі, Жапониямен соғыстағы отарлық елдердің жеңілісі содан соң фашистік агрессорлардың күйреуі ұлт-азаттық қозғалыстың көтерілуіне ықпал етті. Жапониямен оккупацияланған Азия және Тынық мұхиты елдері (Индокитай, Индонезия, Малайя, Бирма, Филиппины) метрополистік мемлекеттердің бақылауынан шықты. Халықтың елеулі бөлігі Жапон оккупанттарына қарсы партизандық күреске қатысты; ұлттық, саяси және әскери ұйымдарын құрып жатты. Жапонияның тізе бүгуінен кейін ол оккупациялаған мемлекеттер өзінің тәуелсіздігін жариялап, бұрынғы  билігін танудан бас тартты. Басқа отар мемлекеттерде әсіресе Үндістанда, Сирияда, Ливанда, Трансиорданияда, Палестинада соғыс бұқара халықтың саяси белсенділігін оятты, олар өзінің тәуелсіздігін талап етті. Отарлардың билігі әлсіреді. Енді отарлық жүейнің күйреуі басталды.

2.Негізгі бөлім.

2.1 Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі

 Шығыс Еуропа мемлекеттері.

       Екінші дүниежүзілік соғыс Шығыс Еуропа мемлекеттеріне алып экономикалық және демографиялық шығын алып келді. Өндірістік және көлік инфрақұрылымының бүлінуі,инфляцияның өсуі,дәстүрлі сауда байланыстарының бұзылуы және тұтынушылық тауардың жетіспеушілігі аймақ мемлекеттерінің басты мәселесі болды. Соғыстан кейін көптеген шығындарға тап болған елдерге тән соғыс алдында бұл елдер әлеуметтік-экономикалық даму жағынан биік сатыда болған-Польша, нацистік оккупация жылдарында толық күйзеліске ұшырады, Венгрия Германия одақтастары арасындағы соғыстың аяқталу қарсаңында және кеңес оккупациясының алғашқы жылдарында ең көп зардап шекті, Чехословакия бірнеше территориялық бөліністі басынан кешірді. Шығыс Еуропаның әлемдік өнеркәсіп пен өндірістегі үлесі екі есе төмендеді. Сонымен соғыс Шығыс Еуропа елдерінің тек қана экономикалық жетілдіру жағынан артта қалдырған жоқ сонымен қатар оның даму сатысы да артта қалды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың нәтижесінде Шығыс Еуропада болған территориялық бөліністер 1918-1920ж.ж. сияқты ірі масштабты болған жоқ, бірақ аймақтың саяси картасы өзгерді. Оларға құқықтық негізді бірнеше келісімдер құраған еді. Олар Потсдам және Крым(Ялта) конференцияларындағы келісімдер, герман блогына қатысқан мемлекеттермен бейбітшілік келісімдері, сонымен қатар КСРО мен Шығыс Еуропа мемлекеттері арасындағы 1944-1946ж.ж. шарт жасасқан бірнеше екі жақты келісімдер. Венгрия,Румыния және Болгариямен бейбітшілік келісімдерді сыртқы істер кеңесінің министлері (Совет Министров Иностранных дел СМИД) әзірледі. Ол 1945ж. Соғыстан кейінгі мәселелерді    реттеу үшін құрылды. Бұл шаралар 1946ж. желтоқсанында аяқталды, ал шешуші әрі нақты бейбітшілік келісімдердің мәтініне 1947ж.10 ақпанында Парижде қол қойылды. Болгария территориясы 1941ж. 1 қаңтарындағы шекарасымен қалды.Венгрия шекарасы 1938ж. 1 қаңтары кезіндегі территория қалпына оралды. 1938 және 1940ж.ж. Вена төрелік сот шеңберінде алынған территориялардан Венгрия айрылды (Словакияның оңтүстік аймақтары Чехословак мемлекетінің құрамына қайтарылды, Закарпаттық Украина КСРО құрамына өтті, солтүстік-батыс Трансильвания Румыния құрамына қайтарылды). Румыния территориясы 1941ж.1 қаңтар жағдайында қайта құрылды, яғни Бесарабия және солтүстік Буковина  КСРО пайдасына төлемнің мөлшері мен ретін орнатты.

Шыңыс Еуропа мемлекеттері гитлерлік блокқа қарсы күреске қатысушылар-Польша, Чехословакия, Югославия ұтымды жағдайда болды.Польшаның жаңа шекарасы Қырым конференциясы және совет-польша арасындағы 1945ж. келісіммен орнатылған. Польша Одер және Батыс Нейсенің шығысындағы немістің бұрынғы территорияларын иеленді, сонымен қатар «Данцинг коридорын» қайтарып алды. Батыс Украина және Батыс Белорусия КСРО құрамында қалды. Өз кезегінде кеңес өкіметі Польша пайдасына Польша территориясында орналасқан барлық германия иеліктерінен және герман төлемінен бас тартты. 1945ж. Кеңес-Чехословак маңызды келісімі Чехословакияның Закарпаттық Украинадан бас тартқанын нақтылады. Чехословакияның қалған территориясы 1938ж. басындағы шекарасы жағдайында қайта құрылды. Кеңес және Югославия дипломаттарының Истрия жарты аралындағы даулы территорияға Югославия құқығын орнату әрекеті сәтсіз аяқталды.1947ж. Париж конференциясының келісімі бойынша бұл жерде «Триест еркін территориясы» құрылды, 1954ж.бұл территорияны Италия мен Югославия бөліп алады.

Қысқа мерзім ішінде соғыстан кейінгі ауыр мәселелердің бірі-халық қозғалысы шешілді. Потсдам конференциясының шешімімен Чехословакияның Судет облысы территориясынан, Польшаның жаңа жерлерінен, сонымен қатар Венгриядан және де КСРО құрамына кірген бұрынғы Шығыс Пруссиядан Германияға неміс халқын депортациялады. Екі мемлекет арасындағы «халықтың айырбасын» реттеген 1945ж. кеңес-польша келісімі болатын. Нацизмге қарсы күреске қатысушылардың отбасылары және де мүшелері КСРО территориясында тұрып жатқан поляк және еврей ұлт өкілдері оптацияға құқық алды, яғни олар кеңес немесе польша азаматтығын таңдау құқығына ие болды. Оптация тәртібінде КСРО мен Чехословакияның шекаралық аймағынан халықтың айырбасы жүзеге асырылды.

Екінші дүниежүзілік соғыстың аяғына қарай Шығыс Еуропа мемлекеттеріндегі қалыптасқан ішкі саяси жағдай күрделі еді. Авторитарлық фашистік режимдердің күйреуі, халықтың кең түрде қарсыласу қозғалысына қатысуы, мемлекеттік саяси жүйенің терең өзгеруінің салдарын тудырып жатты. Бірақ та шын мәнінде демократиялық қайта құруларға дайындық үстіртін сипатта болды. Авторитарлық саяси психология соғыс жылдарында сақталып қана қоймай сонымен қатар нығайып та үлгерген. Көпшіліктің сана сезімінде бұрынғыдай мемлекеттен әлеуметтік тұрақтылықты және өсуді көру тән еді.

Шығыс Еуропа мемлекеттерінде билік басына келген жаңа мемлекеттік элитаның басым бөлігі авторитарлық саяси мәдениетінде қалыптасқан болатын. Көптеген осы адамдар өз өмірін бұрынғы режимдермен күресуге арнады. Бастарынан түрмені, каторганы,эмиграцияны кешірді. Соғыстан кейін Шығыс Еуропаның саяси өмірінде күрес рухы заңы орнады. Бұған ықпал еткен қоғамдық үлгілердің идеологиялық жүйенің қарама қайшылығына толы соғыс мұрасы, национал-социализмнің жеңілісі басқа қарсыластарды коммунизм мен либералды демократияны бетпе-бет қалдырды. Соғыста жеңіп шыққан осы идеялардың жақтастары Шығыс Еуропа мемлекеттерінің саяси элитасында кең қолданды. Бірақ бұл болашақта идеологиялық қарама-қайшылықтың жаңа орамын уәде етті. Ұлттық идеяның ықпалының өсуімен де жағдай қиындатылып отырды.

2.2 «Қырғи-қабақ» соғысының басталуы

         Халықтық-демократиялық және ұлт-азаттық революциялар, соғыстан кейінгі сілкініс жағдайында батыс мелекеттері АҚШ-тың басшылығымен және халықтық-демократиялық мемлекеттері Кеңес Одағы маңында шоғырланды. Осы екі алып мемлекеттер арасында қарама-қайшылық тез өсе бастады. Біртіндеп бір-бірімен егеске түскен екі идеологиялық және әскери-саяси блок қалыптасы. Халықаралық қатынастардың күрт нашарлану кезеңі басталды, бұл кезең тарихқа «Қырғи-қабақ  соғысы» деген атпен енді.

«Қырғи-қабақ»  соғысының алғашқы  насихатшысы болып Ұлыбританияның премьер-министрі У.Черчильдің АҚШ-тың Фултон қаласындағы 1646 жылы 5 наурызында сөйлеген сөзі болды. АҚШ-тың Президенті Трумэнмен алдын-ала келісілген сөзінде Черчиль Еуропаны КСРО «темір шымылдырықпен» бөліп, өз билік аймағында тоталитарлық басқаруды орнатты және өзінің «доктриналарын және билігін шексіз жүргізгісі келеді» деді.

Черчиль КСРО-ның «өктемдік саясатын» шектеуге «ағылшын тілінде сөйлейтін барлық мемлекеттерді» көмекке шақырды. Батыстың капиталистік елдерінде сонымен қатар Шығыстың Кеңес блогындағы мемлекеттерді Черчиль сөйлеген сөзінен кейін белсенді насихаттаушы науқан басталды.  Америка өкіметі өзінің «комунизмді шектеу» ресми доктринасын жариялады және де «атом дипломатиясын», яғни атом қаруын қолдануға дейін бару саясатын жүргізді. Атом қаруын иеленген АҚШ Еуропа және Тынық мұхитындағы әскери базаларынан АҚШ-тың бомбардировщиктері КСРО-ның территориясына жете алатындығына кәміл сенді. 1945 жылдың соңында Президент Трумэн директиваларымен құпиялы жоспар бекітілді. КСРО-ға қарсы әскери іс-қимыл жағдайында кеңестердің 20 қаласын атом бомбаларымен атқылау көзделді.

Өз кезегінде И.В.Сталин басқаруымен Кеңес басшылығы ағылшын-американ «соғыс жандандырушыларына» қарсы саяси және насихаттау науқанын жүргізді.

Атомдық шабуылдан сескенген КСРО ядролық қарудың құрылу жұмыстарын тездетті. Оны академик М.В. Курчатов басқарды. 1949 жылдың 29 тамызында Кеңес атом бомбасының сынағы өтті.

1952 жылдың қараша айында АҚШ Тынық мұхитындағы Бикини аралында ядролық қарудың қуатты түрі – термоядролық құрылғысының жердегі жарылысы сынақтан өтті. КСРО өзінің термоядролық қаруын 1953 жылы 12 тамызында сынақтан өткізді.

1953 жылы АҚШ-та континентаралық стратегиялық бомбардировщиктер, ал 1955 жылы континентаралық баллистикалық ракеталар құрастырды. Олар жер шарының әрбір жеріне ядролық қаруды жеткізе алатын болған. Кеңес Одағы бұл артықшылықты жойды. 1957 жылы жазында академик С.П. Королевтың басқаруымен бірінші Кеңес континентаралық баллистикалық ракетаның сынағы өтті. КСРО территориясынан бастау алып, ол АҚШ-тың маңызды қалаларына 20-30 минутта жете алатын еді.

Кеңес ракета-ядролық қаруының құрылуы АҚШ-тың атом монополиясын құртты, бірақ та қарулану жарысын тоқтатқан жоқ. Шығыс пен Батыстың тайталасы күшейіп жалғасып жатты.

Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынастың шиеленуіне ықпал еткен халықтық демократиялық мемлекеттерде комунистік партиялардың дара билігінің орнығуы КСРО-ның көрші мемлекеттердің территориясына талабы және Грециядағы азаматтық соғыс.

Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін КСРО Ирандық Азербайджандық партизандарға қолдау көрсетті. Олар Иранның орталық өкіметіне қарсы соғысып жатқан еді. КСРО өкіметі достық және бейтараптық келісім шартты жоққа шығарды, ал кеңестік мөр Түркияның Батыс Армения мен Қара теңіз бұғаздарына қатысты деген мәселені көтере бастайды, бұл жерлерге ежелден Ресей өз талабын білдірген еді.

Грецияда партизандық отрядтар Коммунистердің басқаруымен қарусызданудан және Король өкіметіне бағынудан бас тартты. КСРО, АҚШ, Ұлыбритания арасындағы Ялта келісімі бойынша Греция Ұлыбритания ықпалында қалған еді. Сталин Грецияның компартиясына қарулы күреске шықпауына кеңес берді, бірақ компартия оның кеңесін қабылдамады.  1946 жылы Грецияда партизандық соғыс басталды, ол 1949 жылға дейін созылды. Бұл соғыс партизандардың жеңілуімен аяқталды.

«Қырғи-қабақ»  соғысы кезінде біртіндеп бір-біріне қарсы екі әскери –саяси коалициялар пайда болды. Бұл коалициялар сәйкесінше КСРО және АҚШ-пен басқарылды.

Еуропаның Халықтық-демократиялық елдері КСРО-мен және бір-бірімен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісімдермен байланысқан болатын. Сонымен қатар Кеңес Одағы Финляндиямен достастық, ынтымақтастық, өзара көмек келісіміне қол қойды, бірақ Финляндия кеңес блогы құрамына кірмеген бейтарап капиталистік ел болды.

Кеңес Одағы Корей  Халық-демократиялық Республикасымен экономикалық және мәдени ынтымақтастық  туралы келісімге кол қойды. 1950 жылы 14 ақпан айында екі ірі социалистік мемлекеттер Кеңес Одағы және  Қытай Халық Республикасы арасында достастық, одақ және өзара көмек туралы келісімге қол қойды.

Қарама-қарсы АҚШ-тың эгидасымен батыс мемлекеттерінің блогы құрылып жатты. 1947 жылы Америка континентінің мемлекеттері Канададан басқасы америкааралық «өзара көмек келісім» шартын  жасады. 1948 жылы тұрақты Америка мемлекеттерінің ұйымы құрылды. Мұнда АҚШ жетекші рөлге ие болды.

Еуропада әскери-саяси блоктарды құрудағы басты инициаторлары  болып Англия мен Францияның билеуші топтары болды. 1947 жылы 4 наурызда Франция мен Англия Дюнкеркте өзара көмек туралы келісімге қол қойды.  Іс-жүзінде ол Германия тарапынан жаңа агрессия мүмкіншілігіне қарсы бағытталған болатын, ал шын мәнінде бұл келісім Батыс Еуропа державаларының өз қызығушылықтарын қорғауға бағытталған. 1948 жылы Англия мен Францияға Бельгия, Голландия және Люксенбург  өкіметтері қосылды. Олар Батыс Одағын құрды. Европада агрессия болған жағдайда бір-біріне көмектесуге міндетті болды.

Америка Құрама Штаттарымен тығыз байланысқан Батыс Еуропалық мемлекеттердің әскери-саяси тобы пайда болды. 1949 жылы сәуір айында Солтүстікатланта ұйымы келісімі – НАТО құрылды. Оның құрамына АҚШ, Канада және Батыс Европа мемлекеттері кірді. 1955 жылы мамыр айында Варшава келісіміне қол қойылды. Оның құрамына (қол қою мезетінде) Албания(кейін 1968 жылы ол келісімді жоққа шығарды), Болгария, Венгрия, ГДР, Польша, Румыния, КСРО, ЧССР кірді.

Екі тайталасып жатқан блоктардың бұрынғы жаугершілік мемлекеттерге қарым-қатынасын түбегейлі өзгертті. «Біздің мақсатымыз бұл бұрынғы жауласқан мемлекеттерді мәжбүр етусіз мықты одақтарға айналдыру еді» деп АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д.Ачесон жазды. Бұл мақсатқа жету үшін АҚШ пен Ұлыбритания билеушілері Францияның қолдауымен Потсдтам келісімдерін қайта қарастыру және Батыс Германияның экономикасын, әскери әлеуетін қалпына келтіруге бағыт алды.

1946 жылы АҚШ пен Англия өздерінің оккупацияланған аймақтарын Бизонияға (екі аймақ) біріктірді. 1948 жылы оларға Францияның аймағы қосылды-үштік аймақ-Тризония құрылды.

Батыс аймақтарда оккупациялық өкімет буржуазиялық партия өкілдерімен басқарылатын неміс администрациясының қолына басқару функцияларын біртіндеп бере бастады.  1948 жылы Лондонда өткен кеңесте АҚШ, Англия, Франция, Бельгия, Голландия және Люксембург өкіметтері Тризония территорисында жеке мемлекет құру шешіміне келді.  Бұл жолдағы маңызды қадам болып АҚШ,  Англия және Францияның Тризонияда оңаша ақша реформасын өткізуі саналды.

1949 жылы тамыз айында Батыс Германия парламентіне сайлау өтті. 1949 жылы 7 қыркүйекте парламенттің бірінші сессиясы жаңа герман мемлекетінің – Германия Федеративті Республикасының құрылуын жариялады. АҚШ, Ұлыбритания және Франция оккупациялық әскерлері Германия Федеративті Республикасының территорисында қалды. ГФР мен олардың қарым-қатынасы «Оккупациялық заңмен» реттелді.

Бұдан кейін кеңес оккупация аймағында Шығыс Герман мемлекетінің құрылуы басталды. 1949 жылдың 7 қазанында Германия Федеративті Республикасының негізі қаланды. ГФР-дың экономикасының дамуын жеңілдету үшін Кеңес Одағы оған қарасты төлемдерді үш есе төмендетті, кейін одан да бас тартты.

Неміс жерінде саяси және қоғамдық құрылысы әртүрлі екі герман мемлекеттері пайда болды.

«Қырғи-қабақ»  соғысы жағдайында қарусыздануға және халықаралық қатынастың жұмсару үшін күрес жүргізуші бейбітшілік күштері белсенді жұмыс атқарды.  Кейін қарулану жарысы екі жақпен мәжбүр етусіз тоқтатылды.

50-ші жылдардың екінші жартысында КСРО мен АҚШ-тың арасындағы қарулану жарысы шарықтау шегіне жетті. Оны шектеудегі бірінші әрекет, 1955 жылғы Женева конференциясы  сәтсіз аяқталды. КСРО 1957 жылдың күзінде ядролық қаруды сынауға мораторий енгізуді ұсынды, ал 1958 жылдың көктемінде  сынақтың біржақты тақталуын жариялады. Өздерінің  жария еткен жарлығында кеңестер, «егер АҚШ  пен  Англия  өз  сынауларын  тоқтатпаса, онда Кеңес Одағы атом және сутегі қаруының сынаудағы еркін іс-әрекет жасайтын болады» деді. Американдықтар қадамды насихаттаушы деп санады, ал КСРО сынақтардың үлкен сериясын аяқтаған болатын, АҚШ бұл серияларды бастауға дайындалып жатқан еді. Оған  қарамастан екі ұлы держава ядролық сынақты тоқтату жолында келіссөздер жүргізе бастайды. 1959 жылы қыркүйекте  Никита Сергеевич Хрущев АҚШ-қа іс-сапармен келеді. Бұл кеңес өкіметінің басшысы және де КОКП-ы көсемінің Батыстың ірі мемлекетіне бірінші ресми іс-сапары болатын. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының сессиясында сөз сөйлеген кеңес көсемі жалпы және толық қарусызданудың үш жылға арналған жоспарын ұсынды. Ол барлық қарулы  күштердің  таратылуын және барлық қару түрлерінің жойылуын қарастырды. Бірінші кезеңде КСРО, АҚШ және ҚХР-ның қарулы күштері 1,7 млн. адамға дейін қысқарту, ал Англия мен Франция 650 мың адамды қысқарту керек еді. Бұл ұсыныс шет державаларымен шын мәнінде қарастырылған жоқ. Кеңес Одағы 1960 жылдардың басында біржақты тәртіпте 1,2 млн. адамды әскер қатарынан қысқартты, яғни 1/3 бөлігі, соның өзінде кеңес қарулы күштері жеке құрамы бойынша американдықтардан басым еді.

Қаруды жинауды шектеуге арналған бірқатар келісімдерге қол қойылды. Мысалға атмосферада, космос кеңістігінде және жер асты ядролық қаруды сынауға тыйым салған келісім (5 тамыз 1963ж) ядролық қарудың жайылмауы, ядросыз аймақ құру келісімі (1968ж), ОСВ-1 бойынша келісім (ограничение и сокращение стратигических вооружений)(1972ж), Бактериологиялық және токсиндік қарудың қорын жинауға, өндіруге, әзірлеуге, тыйым салған конвенция (1972ж) және т.б.

Стратегиялық тепе-теңдікке жеткен мезеттен бастап, (60-шы жылдардың басы) қарулану жарысы екінші орынға қойылады да, енді үшінші әлем елдеріне ықпал етуге күрес жанданады.

«Қырғи-қабақ»  соғысы  тек қана саясатта емес, сонымен қатар мәдениет, спорт облыстарында да жүргізілді.  Мысалға 1980 жылы Москвадағы Олимпиадалық ойындарға АҚШ және Батыс Еуропаның көптеген елдері байкот жасады. Оған жауап ретінде келесі 1984 жылы Лос-Анджелесте өткен Олимпиадаға Шығыс Еуропа байкот жасады. «Қырғи-қабақ» соғысы кинематографияда да көрініс тапты. Екі жақ та насихаттаушы фильмдерді түсірді. АҚШ та ол: «Крассный рассвет», «Америка», «Рембо первая кровь, часть 2», «Железный орел», «Вторжение в США». КСРО да : «Ночь без милосердия», «Нейтральные воды», «Случай в квадрате 3680», «Одиночное плавание» және т.б.

«Қырғи-қабақ соғысына»  «Ыстық» ошақтардың үнемі пайда болуы тән болды. Әр бір оңаша жанжалды «Қырғи-қабақ» соғысының қарсыластары  оны қолдап  отырып, әлемдік аренаға шығарып отырды. Бұл жанжалдарды бәрін және жеке, дара қарастырса, кітап жазуға болар еді. Осы жұмыстың авторлары «Ыстық ошақтарға» қысқаша тоқталып өтті. 

2.3 «Қырғи-қабақ» соғысының «ыстық» ошақтары

Кореядағы соғыс

1945 жылы Кеңес үкіметі және Америка әскерлері Кореяны Жапон армиясынан азат етті. 38-ші параллельдің оңтүстігінде АҚШ әскерлері орналасты, солтүстікте – Қызыл армия орналасты. Сонымен Корея жартыаралы екі бөлікке бөлінді. Солтүстікте билік басына коммунистер келді, оңтүстікте АҚШ-тың көмегіне сүйенген әскери адамдар келді. Жартыаралда солтүстігінде Корея Халықтық-Демократиялық Республикасы және оңтүстікте Корея Республикасы деп аталатын екі мемлекет құрылды. Мемлекетті қару күшімен болса да біріктіруге Солтүстік Корея басшылары армандады.

1950 жылы Солтүстік Корея жетекшісі Ким Ир Сен Мәскеуде болып, Кеңес Одағының қолдауымен қайтты. Оңтүстік Кореяның «Әскери азат ету» жоспарын Қытай жетекшісі Мао Дзэ Дунмен мақұлданды. 1950 жылы 25 маусымда Солтүстік Корея армиясы оңтүстікке жылжыды. 3 күннен кейін олар оңтүстіктің астанасы- Сеулды алды. Қыркүйектің ортасына қарай бүкіл Жартыарал солтүстіктің қолына өтті. Бірақ 7-ші шілдеде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Оңтүстік Кореяға көмекке Халықаралық әскерді жіберуге дауыс берді.

Қыркүйек айында БҰҰ-ның әскерлері (негізінен Америка әскерлері) Оңтүстіктерге көмекке келді. Енді оқиғалар кері жаққа қарай тез дамыды. Американдықтар Сеулды алды, 38-ші параллельден өтіп, КХДР-ға басып кірді. Солтүстік Корея апатты жағдайда болды, кенеттен бұл іске Қытай араласты. Қытай Жетекшілері АҚШ-қа соғыс жарияламай, Солтүстік Кореяға әскерін көмекке жіберді. Қытайда олрды ресми «халық еріктілері» деп атады. Қазан айында Қытайдың миллионға жуық әскери Ялуцзян өзені шекарасын өтіп, американдықтармен шайқасқа түсті. Майдан 38-параллельде теңестірілді.

Соғыс тағы үш жылға созылды. 1950 жылғы американдық шабуылы кезінде Солтүстік Кореяға көмекке КСРО бірнеше авиациялық дивизияларды жіберген болатын. Американдықтар қытайлықтардан техникасы бойынша басым еді, 1953 жылы 27 шілдеде соғыс уақытша бітіммен аяқталды.

Берлин қабырғасының орнатылуы

1955 жылы Еуропаның Шығыс пен Батыс арасында бөлінуі рәсімделді. Бірақ қарсыласушылардың Еуропаны бөлудегі нақты шекарасы  аяғына дейін болған жоқ. Мұнда ашық «терезе» болып – Берлин болды. Қала екі бөлікке бөлінді. Оның Шығыс бөлігі ГДР-дің астанасы болып саналды, ал Батысы ГФР-дың құрамында еді.

1961 жылы тамызда кеңес және Шығысгерман өкіметтері Берлиннің екі бөлігінің арасында шекара орнатуға шешім қабылдайды. Батыс мемлекеттері қаланың бөлінуіне наразылықтарын білдірді. Қазан айында қарсыласу өзінің шарықтау шегіне жетті. Бранденбург Қабырғасымен және Фридрихштрасста маңызды өткізу пунктінде американдық танкілер орналасты. Оларға қарсы кеңес қарулы машиналары шықты. Бір тәуліктен аса КСРО мен АҚШ танкілері бір-біріне қарсы тұрды. Кеңес одан кейін американдық танкілердің басқа көшелерге кеткен соң, шиеленіс біршама басылды. Бірақ Батыс елдері қаланың бөлінуін 10 жылдан кейін ғана мақұлдады. Оның бөлінуін 4 мемлекет (КСРО, АҚШ, Англия, Франция) 1971 жылы рәсімдеп, келісімге қол қойды. Әлемде Берлин қабырғасының орнатылуын соғыстан кейін Еуропаның бөлінуінің аяқталу символы ретінде қабылдады.

Кариб дағдарысы

1959 жылы 1 қаңтарда Кубада революция жеңіске жетті. Оның басында 32 жасар партизандық көсем Фидель Кастро тұрды. Жаңа өкімет американдық ықпалға қарсы күрес бастады. Кеңес Одағы Куба революциясын қолдады. Бірақ Гавана өкіметі АҚШ-тың қарулы басып кіруінен қорықты. 1962 жылы Никита Хрущев аралда кеңес ядролық ракеталарын орнатуға ұсыныс жасайды. Куба келісімін беріп, 1962 жылы жазда аралға 42 ядролық ракеталар жіберіледі. Ракеталардың жеткізілуі құпиялы түрде болса да, кыркүйек айында АҚШ ол туралы біліп қояды. 4 кыркүйекте президент Джон Кеннеди АҚШ-тан 150 шақырым жерде кеңес ядролық ракеталарын көргісі келмейтіндігін мәлімдейді. Жауап ретінде Хрущев Кубада ешқандай ядролық қару жоқ деп сендіреді. 14 қазанда американдық ұшқыш-барлаушысы әуеден ракеталардың аумағын түсіріп алады. 22 қазанда президент Кеннеди өз халқына радио және теледидар арқылы үндеу салады. Ол Кубада кеңес ракеталарының аңғарылғанын айтып, КСРО-дан оның әкетун талап етті. 24 қазанда КСРО-ның өтінішімен БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жиналады. Кеңес Одағы Кубадағы ракеталардың бар екенін мойындамайды. 23 қазаннан Москва және Вашингтон арасында ресми хат алмасу басталады. 26 қазанда Хрущев Кеннедиге достастық келісімін жібереді. Ол Кубада Кеңес қаруының бар екенін мойындайды. Хрущев Кеннедиге Кубаға шабуыл жасамауға мәжбүр етеді. Сонда ғана Кеңес Одағы аралдан қаруын әкетеміз деді. АҚШ келісімін береді. Сонымен бейбітшілікке алғашқы қадам жасалынады.

Бірақ  27 қазанда Куба дағдарысының «Қара сенбісі» басталды, мұнда  әлем соғысының  басталуы тым ықтимал болды. Осы күндері Куба үстінен күніне екі рет АҚШ ұшақтарының эскадрильясы өтетін.  27   қазанда Кеңес әскерлері Кубада  осындай АҚШ-тың  ұшқыш-барлаулаушысын ракетамен соғып жібереді. Ұшақтың пилоты Андерсон қаза тапты. АҚШ президенті Кеңес ракета базасын атқылауға және аралда әскери атака бастауға шешім қабылдайды.

Бірақ 28 қазанда, жексенбі күні Кеңес басшылары  Америка шарттарын қабылдайды.  Кубадан ракеталарды әкету Куба  басшыларынсыз шешіледі. Халықаралық  шиеленіс 28 қазаннан кейін түсе бастайды. Кеңес Одағы Кубадан өз ракеталарын және бомбардировщиктерін әкетеді. 20 қарашада аралдан теңіз блокадасын шешеді. Кубалық немесе Кариб дағдарысы бейбіт шешіледі.

Вьетнамдағы соғыс (1965-1973)

Вьетнамда соғыс Тонкин шығанағында болған оқыс оқиғадан басталды. Сол уақытта ДРВ-ның  жаға күзеті Оңтүстік Вьетнам өкіметіне  партизандармен күресінде көмектесіп жатқан американдық эспиндерді атқылады. Осыдан соғыс ашық  соғысқа  ұласты. АҚШ-қа бұл соғыс нағыз   масқараға айналды. Соғысқа қарсы демонстрациялар елді дүр сілкіндірді. Жастар мағынасыз соғысқа қарсы шықты. 1975 жылы АҚШ өз миссиясын орындағанын жариялап, контингенттен әскерін эвакуациялады. Соғыс америка қоғамын дүр сілкіндірді және ірі реформаларға алып келді. Соғыстан кейінгі дағдарыс 10 жылға созылды. Бұның бәрі немен аяқталары қиынға соғар еді, егер ауған дағдарыс болмаса.

Ауғандағы соғыс

      1978 жылы сәуірде Ауғанстанда, кейін сәуір революциясы деп аталған төнкеріс болды. Билік басына ауған коммунистері – Ауғанстанның халық-демократиялық партиясы келді. Өкіметті жазушы Нұр Мұхамед Тараки басқарды. Бірақ бірнеше айлардан кейін партия билеушілері арасында күрес басталады. 1979 жылы тамызда партияның екі көсемдері Тараки және Амин арасында күрес басталады. 16 қыркүйекте Таракиді орнынан түсіріп, партиядан шығарып, түрмеге жабады. Көп кешікпей ол қайтыс болады. Бұл жағдайлар Мәскеудің наразылығын тудырды. Партия ортасында жаппай тазалау мен жазалау да наразылықты тудырды. Амин Ауғанстанға кеңес әскерлерін революциялық өкіметті нығайту үшін сұрады. 1979 жылы 12 желтоқсанда кеңес басшылары оның сұрауын қанағаттандырады. Бірақ Амин өкімет басынан кету керек болды . Кеңес әскерлері Ауғаныстанға енгізілді. Амин президент сарайының штурмы кезінде граната жарылысынан қаза табады.

Батыста Ауғанстанға кеңес әскерлерінің кіруі наразылық тудыртты. «Қырғи-қабақ соғысы» жаңа күшпен жанданды. 1980 жылы 14 қантарда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Ауғанстаннан «шет әскерлерінің» шығарылуын талап етті. Бұл  келісімге 104 мемлекет дауыс берді.

Сол кезде Ауғанстанда қарулы қарсыласу күшейе бастады. Оларға қарсы Аминнің жақтастары, революциялық өкіметтің қарсыластары күресті. Кеңес Одағында Ауғанстанда ешқандай соғыс жоқ деді. Алайда олар елде бандиттер жүргенсіздік жасап жүр деді. Оларды «душмандар» деп атады, яғни жаулар. Құпия түрде Пәкістан арқылы құрама штаттар оларды қарумен және ақшамен көмекпен қамтамасыз етті. Повстансалар Ауғанстанның көптеген бөлігінде бақылау орнатты. Оларды джихад қасиетті ислам соғысы ұраны біріктірді. Олар өздерін «маджахеттер» яғни сенімдерінің күресшілері деп атады.

Ауғанстандағы соғыс 10 жылға созылды. Соғыс барысында миллионға жуық ауғандар қайтыс болды. Кеңес әскері ресми деректер бойынша 14 453 адамынан айырылды. 1987 жылы маусымда бейбітшілікті орнатуда алғашқы қадамдар жасалынды. Жаңа Кабул өкіметі повстансаларға «ұлттық уақытша бітім» жасауды ұсынды. 1989 жылы сәуірде Кеңес Одағы Женева қаласында Ауғанстаннан әскерін әкету келісіміне қол қойды. 15 мамырдан әскер елден шығарыла бастайды. 9 айдан кейін, 1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстаннан кеңестің ақырғы солдаты кетті. Осы күн Кеңес Одағы үшін Ауған соғысының аяқталуын білдірді.

2.4. БҰҰ-ның халықаралық өмірдегі рөлі

         70-80-ші жылдарда халықаралық істерде Біріккен Ұлттар Ұйымының рөлі өсе түсті. Бас Ассамблеяның күн тәртібінде қарусыздандыру, халықаралық қатынастарды демократизациялау, бейбітшілікті сақтау, демократизацияға және апартеидкеке қарсы күрес мәселесі бірінші орынға қойылады.

80-ші жылдардың бірінші жартысында халықаралық қатынастардың шиеленіскен жағдайларында да Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгершілік рөлді атқарады. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы бірқатар тайталастықты кінәлайтын шешімдер қабылдады. 1981 жылы желтоқсанда ол ядролық апатты алдын алу үшін декларация қабылдайды. Екі жылдан кейін ядролық соғысты кінәлайтын декларация және ядролық қаруды, оны сынауды тоқтату ұранымен қарар қабылдады. 1984 жылы желтоқсанда БҰҰ космосқа қарулану  жарысының ауысуына қарсы шықты. Оның көптеген шешімдері экологиялық апаттың алдын алуға бағытталды.

БҰҰ-ның бас хатшысы Перес де Куэльяр және оның өкілдері аймақтық жанжалдардың реттелуіне көп үлес қосты.Оған халықаралық қатынаста жаңа атмосфера ықпал етті. БҰҰ-ның жәрдемімен Иран-Ирак соғысы тоқтатылды. Никосиядағы грек және түрік қауымдастықтарының жетекшілері арасындағы келіссөздер қалпына келтірілді. Намибияның тәуелсіздікке өтуі басталды.

Халықаралық жағдайдың тұрақталуындағы  үлкен мән Ауған мәселесінің реттелуі болды. 1988 жылы сәуірде Женевада Ауғанстан және Пәкістан арасында халықтық уақытша бітімнің реттелуіне қол қойылды. 1990 жылы 1 мамырда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының арнайы 18 сессиясының отырысында жаңа ғаламдық пәтуаны жариялаған декларация мақұлданады. Онда барлық мемлекеттердің қызығушылығындағы халықаралық экономикалық ынтымақастықтың даму жолдарын анықтады. 

2.5 «Қырғи-қабақ» соғысының бәсеңдеуі және аяқталуы

Қарсыласудың біраз бәсеңдеуі 70- жылдардарда байқалды. Оның бастамасы болып Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық кеңесі саналады. Қатысушы мемлекеттер екі жыл келісім жүргізді. 1975 жылы Хельсинкіде бұл мемлекетер Кеңестің қорытынды актісіне қол қойды. КСРО жағынан бұл актіні Леонид Брежнев бекітті. Бұл құжат соғыстан кейінгі Еуропаның бөлінгенін заңдандырды. Бұны КСРО талап еткен болатын. Батыстың бұл келісіміне айырбас ретінде Кеңес Одағы адам құқығын қадірлеуге мәжбүрленді. Бұған дейін 1975 жылы шілдеде атақты Кеңес-американдық ғарыш кемелерінің «Союз» және «Аполлонның» бірге ұшуы болды. «Қырғи-қабақ» соғысы кезеңі өткен шақта қалған сияқты еді. Бірақ 1979 жылы желтоқсанда Ауғанстанға КСРО әскерінің енгізілуі «қырғи-қабақ» соғысын жандандырды. Шығыс пен Батыстың арасындағы қатынастың шиеленісуі, ол Кеңес басшыларының шешімдерімен Кеңес әуе кеңістігінде Оңтүстік Корея бейбіт жолаушылары бар ұшқышты соғуы болды. Осы оқиғадан кейін АҚШ президенті КСРО-ны «зұлымдық империясы және зұлымдық орталығы» деп атады. Тек қана 1987 жылдан бастап Шығыс пен Батыстың арасындағы қарым-қатынас біртіндеп жақсара бастады.

1988-89 ж.ж. «қайта құрудың» басталуымен Кеңес саясатында шұғыл өзгерістер байқалды. 1989 жылы қарашада Берлин қабырғасы өз өмір сүруін тоқтатты. 1991 жылы 1 шілдеде Варшава келісімі таратылды. Социалистік лагерь жойылды. Оның бұрынғы мүшелерінің бірқатар елдерінде демократиялық революциялар болып өтті. Бұл революцияларды КСРО қолдады. Кеңес одағы сонымен қатар үшінші әлем елдерінде өз ықпалын жүргізуден бас тартты. Мұндай кеңес сыртқы саясатындағы өзгерістерді Батыста КСРО президенті Михаил Горбачевтың атымен байланыстырады.

3. ҚОРЫТЫНДЫ

3.1 Қош бол, екі полюсті Әлем

«Қырғи-қабақ» соғысының ақырғы белесін Берлин қабырғасының бөлшектеуін санайды. Яғни оның нәтижесі туралы айтуға болады. Бірақ бұл ең қиыны. Мүмкін «қырғи-қабақ» соғысының нәтижесін тарих тиянақтайды. Оның ақиқатты нәтижесі онжылдықтар өткен соң көрінетін болар. Қазір біз объективті емеспіз. Бір жағынан «қырғи-қабақ» соғысы аяқталған жоқ, ол келесі фазаға өтті деп есептейтін адамдар да аз емес, екінші жағынан көпшілігі оның нәтижелерін жаңа қарсыласудың басталуы деп қарастырады. «Қырғи-қабақ» соғысының кемшілігі неде? Бастысы мүмкін оның соғыс шегінде балансы болар. Қарсыласушылар соғысқан жоқ, бірақ оған негізделіп дайындалғаны соншалық, соғыстың әр уақытта басталу мүмкіндігі жоғары еді. Әлемдегі әрбір оқиға жағдайлары жаман, жақсы ретінде қарастырылды. Егер бір жаққа ол пайдалы болса – жақсы, қалғандары жағымсыз. Тұтас адам ұрпақтары деформацияланған психикамен өсті. Ол қоршаған ортаны қабылдаудағы барабарлықсызда көрініс тапты.

Бірақ бұл соғыстың көптеген жағымды жақтары да болды. Біріншіден бұл оның нағыз соғысқа ұласпауы, яғни, ұзақ уақытта қарсыласу жақтары қарым-қатынастарын қарусыз шешіп отырды, екіншіден ол алғашқы рет қарсыласып жатқан жақтарды келісімсөздер жүргізуге және қарсыласу ойынына анықталған ережелер енгізуге мәжбүр етті (қарулану жарысын шектеудегі тұтас келісім жүйелері бұған дәлел). Қарулану жарысы құбылыс ретінде сөзсіз минус таңбасы болды. Ол материалдық ресурстарды көп талап етті. Бірақ әрбір құбылыс ретінде оның да жағымды жақтары болды. Бұл жерде жаратылыстану ғылымдарының «алтын ғасырын» айтуға болады. Оның дамуынсыз қарулану жарысының болуы екіталай еді.

Ақырында негізгі құраушы, бір жақтың жеңісін  анықтаған – ол жалпыадамзаттық құндылықтар. Оны техниканың фантастикалық дамуы, идеологиялық айлақорлық ықпал да жеңе алмады.



























Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі



Реферат

Тақырыбы: «Екінші дүниежүзілік соғыс»

Пәні: Дүниежүзі тарихы

Орындаған: Мұсабекова.Т.М.

Тобы: 1-Ин.яз-1

Тексерген: Бактыбаев.Е.К.















Өскемен қаласы

2015жыл


Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Екінші д?ние ж?зілік со?ыс

Автор: Бактыбаев Ерлан Кабылканович

Дата: 05.06.2016

Номер свидетельства: 332636


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства