Білім стандарты, п?н ба?дарламасы, «Ежелгі ?аза?стан тарихыр» о?улы?ы -6 сынып
Жалпы ма?саты
Міндеттері
??ндарды? шаруашылы?ы мен ?о?амды? ??рылысы, м?дениеті ж?не т?рмыс- салты туралы о?ушыларды? білімдерін ке?ейту ,та?ырыпты ?збетінше ме?геру ,сыни ойлай отырып , ?з ойын еркін жеткізе білу, талдау,сараптау ,?арым-?атынас жасай алу да?дыларын ?алыптастыру
К?тілетін н?тиже
Та?ырыпты ?з бетінше ме?гере алады ,топта ж?мыс жасау ?абілеттері ?алыптасады. Та?ырыпты ?з бетінше ме?гере алады;?з ойын еркін жеткізе алады; топта ж?мыс жасау ?абілеттері ?алыптасады;с?йлеу, ойлау, диалог ??ра білу ?абілеттері дамиды; ?з пікірін жеткізе алады;
Негізгі идеялар
О?ушылар Ежелгі ?аза?станны? т?рмысы мен шаруашылы?ын, ?о?амды?-?леуметтік ??рылыс ерекшеліктері туралы біледі., зерделейді, баяндайды.
Просмотр содержимого документа
«??ндарды? шаруашылы?ы мен т?рмысы »
Мұғалімнің
аты-жөні
Әлжанова Гүлнар
№150 қазақ орта мектебі, Шиелі ауданы
Сабақ атауы
§ 27 Ғұндардың шаруашылығы мен тұрмысы
Сілтеме
Білім стандарты, пән бағдарламасы, «Ежелгі Қазақстан тарихыр» оқулығы -6 сынып
Жалпы мақсаты
Міндеттері
Ғұндардың шаруашылығы мен қоғамдық құрылысы, мәдениеті және тұрмыс- салты туралы оқушылардың білімдерін кеңейту ,тақырыпты өзбетінше меңгеру ,сыни ойлай отырып , өз ойын еркін жеткізе білу, талдау,сараптау ,қарым-қатынас жасай алу дағдыларын қалыптастыру
Күтілетін нәтиже
Тақырыпты өз бетінше меңгере алады ,топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады. Тақырыпты өз бетінше меңгере алады;өз ойын еркін жеткізе алады; топта жұмыс жасау қабілеттері қалыптасады;сөйлеу, ойлау, диалог құра білу қабілеттері дамиды; өз пікірін жеткізе алады;
Негізгі идеялар
Оқушылар Ежелгі Қазақстанның тұрмысы мен шаруашылығын, қоғамдық-әлеуметтік құрылыс ерекшеліктері туралы біледі., зерделейді, баяндайды.
Сабақтың тақырыбы: Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі Білімділік мақсаты: Оқушыларға сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресте ерліктерін баяндап, танымдарын арттыру Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың тарихи оқиғаларға өз бетінше тұжырымдай білуіне бағыт беру, логикалық ойлау қабілетін арттырып, ойын еркін айтып жеткізе білуге дағдыландыру Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды өз тарихын құрметтеуге, ұлттық намысын оятып, ерлікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты игеру Сабақтың әдісі: Баяндау, рөлдік ойын, тарихи сынақхат, түсіндірмелі тірек-сызба, танымдық ойындар, тест сұрақтары, Пәнаралық байланыс: Ежелгі дүние тарихы, әдебиет, археология Көрнекі құралдар: АКТ Сабақтың барысы: Ұйымдастыру Түсіндірмелі тірек-сызба
Рөлдік көрініс Танымдық ойындар Бекіту тест сұрақтары Бағалау Үйге тапсырма
І.Ұйымдастыру кезеңі - Саламатсыздар ма, оқушылар! Сабақтағы оқушыларды түгендеп алайық. Бүгінгі біздің ашық сабағымыз «Сақтардың тәуелсіздік үшін күресі» тақырыбына арналып отыр. Олай болса, сыныптастарын даярлап келген рөлдік көрініске назар аударайық.(жай музыка қосылып тұрады) Көз алдыңызға сақтардың заманын елестетейік, сақ патшасы Томирис, парсы патшасы Кир және сол заманның куәсі болған автор бүгінгі сабаққа келіп отыр. Рөлдік көрініс Автор: Парсы билеушісі Кир б.з.б. 530 жылы сақ жеріне келіп, сол кездегі сақтардың билеушісі Томириске өз елшілерін жібереді. Кир: -Мына хабарды тура Томириске жеткізіңдер! Мен патшалардың патшасы парсы Кирмін сақтардың соғыссыз берілуін талап етемін. Келісіп одақ құрайық, болмаса қандарыңды судай ағызып, жерлеріңді жаулап аламын! Автор: Хабарды алған Томирис: Томирис: - Ешкімнен қыңарым жоқ! Парсымен одақ құру ниетім жоқ, Елімнің тыныштығы қымбат маған Қымбатыма қол салса, шыдарым жоқ Кир патша сен маған тең емессін Жөніне кетсін, болса кемел есі. Парсы еліне бас ұрып, бағынбайды, Келсін де жаулап алып көрсін! Автор: Бұл хабар Кир патшаның құлағына жетеді Кир: Айтқанға көнбесе біз оларды жаулап аламыз, өз обалы өзіне... Бүкіл ел бізге бағынатын Күллі Азия аңыз қылып табынатын Құдіретті Кирдің күшін білмей Қалайша құтырады бұл ханым?! Автор: Көп әскерімен Кир Сырдариядан өтіп біршама жүргеннен кейін қосындарын тікті. Ал, Томирис жалғыз ұлы Спаргаписті жауға қарсы аттандыруда. Томирис: Жалғызым Спаргапис ел шетіне жау келді. Жерді, елді қорғау қасиетті борышың. Аттан жауға, еліңді қорғауға! Автор: Салтанатты түрде Спаргапис қалың қолымен жауға қарсы аттанады. Бұны көрген Кир: Кир: Ит күшігін жіберіпті менің алдымнан. Бұл не мазағы? Біз қулықпен тәжірибесізді құртайық. Автор: Әдейі қулықпен қорыққан болып Кир лагерін тастап, қашқан сыңай танытады. Спаргапис жаудың соңынан қуып торуылға түсіп, соғыста қайтыс болады. Бұл хабарды естіген Томирис әскерді бастап, Кирге қарсы аттанады. Екі жақтың әскерлері садақпен, жекпе-жекке шығып, қылыштасып, найзаласады. Ақыры сақтар жеңіске жетіп, Кир соғыста қаза табады. Томирис: Кирдің денесін тауып әкеліңдер! Автор: Томирис Кирдің басын кесіп қан толтырылған меске салып былай дейді Томирис: Қанды аңсап келіп едің, Тойғаныңша қанып іш Ішсең мынау – құмарың қанар! Автор: Ер жүрек халық сақтар Томиристің бастауымен елін, жерін қорғап қалды. Әрбір сақтың таң қалдым епті ісіне, Тәубе еткен тақта отырған тектісіне. Томиристей патшасы бар қайсар халық Төзе алмас ешкімнің тепкісіне ...
- Оқушылардың театрландырылған - рөлдік көріністеріне өз ризашылығымызды білдіріп қояйық.(ду қол шапалақ) Оқушыларға көп-көп рахмет.
Түсіндірмелі тірек-сызба Енді ежелгі дүние тарихын есімізге түсіріп көрейік. Парсы патшалары Кир, Дарий сақ еліне басқыншылық жорық жасағандарын білдік. Оқушылардың оқулықпен жұмыс жасау арқылы тақырыпты түсіндірмелі тірек – сызбамен игеруге мүмкіндік алады. Александр Македонскийдің суреті Жеңілмейтін әскер Б.з.б. ІҮ ғасыр Грек-македон басқыншылары 3 жыл СПИТАМЕН
Танымдық ойындар3 топтың оқушыларына әр түрлі тапсырмалар беріледі. Топ басшысы өз тобын бағалайды. 1 топтың тапсырмасы: Допты бір-біріне лақтыру арқылы тақырып бойынша сұрақтар қойылып, ішінара жауап береді. 2 топтың тапсырмасы: Оқушыларға хронологиялық диктант түрінде беріліп, әр жылдарда болған оқиғаларды баяндайды. Б.з.б. 530 жыл Б.з.б. 570-520 жылы Б.з.б. 519 жылы Б.з.б. ІҮ ғасыр 3 топтың тапсырмасы: Басқатырғыш сөздердің дұрыс жазылу ретін тауып, сол сөздерді түсіндіреді СОРТИМИ ТОМИРИС ЙАДРИ ДАРИЙ ҚАШРЫ ШЫРАҚ ТЕПНАМСИ СПИТАМЕН ИРК КИР
Бекіту. Тест сұрақтары Сабақ барысында игерілген тақырыпты бекіту мақсатында жеке оқушыларға тест сұрақтары беріледі Тест сұрақтары 1. Б.з.б. 530 жылы қай парсы патшасы сақ еліне жорық жасады? А) Дарий Ә) Кир Б) А. Македонский 2. Сақтардың А.Македонскийге қарсы күресін кім басқарды? А) Спаргапис Ә) Томирис Б) Спитамен 3. Б.з.б. 570-520 жылдары өмір сүрген сақ патшайымы? А) Томирис Ә) Клеопатра Б) Семирамида 4. «Жеңілмейтін әскер» деп кімдерді атаған? А) Грек-македон Ә) Парсы Б) Сақ 5. Дарийдің әскерін шөл даламен адастырған ер жүрек сақ жауынгерін ата? А) Томирис Ә) Спитамен Б) Шырақ 6. Грек-македон басқыншылары сақ еліне неше жыл бойы соғыс жүргізді? А) 13 Ә) 3 Б) 10 7. Томирис пен Кир арасындағы шайқасы немен аяқталды? А) Кир қаза болды Ә) Томирис қаза болды Б) Екеуі де қаза болды 8. «Досқа адал, дұшпанға қатал» деп кімдер жөнінде айтылған? А) Грек Ә) Парсы Б) Сақ Кілті: 1 Ә, 2 Б, 3 А,4 А, 5 Б, 6 Ә, 7 А, 8 Б. Бағалау.Жаңа тақырыпты игеру барысында жинаған бағалары бойынша бағаланады. Үйге тапсырма:«Томирис – ерліктің символы» тақырыбына эссе жазу.
Күні:
10.05.2012 жыл
Сабақтың тақырыбы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
Сілтеме
Жоспар
Жалпы мақсаты
Оқушыларды аса маңызды мемлекеттік белгілер-рәміздер туралы білімдері мен түсініктерін анықтау.
Оқушылардың бастауыш сыныптарда алған білімдеріне сүйене отырып, оларды осы мәселе жөніндегі білімдерін естеріне қайта түсіру, одан әрі дамыту.
Оқушыларға мемлекеттік рәміздердің аса маңызды екендігін, оны ерекше құрметтеп, мақтан тұту керектігін, оларды жасаған авторлардың халық үшін көп еңбек сіңіргенін ашып көрсету, Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тегін, тарихын білуге тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже
1 Мемлекеттік рәміздердің маңызын түсінеді, құрметтеп мақтан тұтатын болады.
2 Оларды жасаған авторлардың еңбегін бағалап, құрметтейтін болады.
3 Топтасып жұмыс жасауға, бір-бірінң пікірімен санасып қорытынды жасауға, жұптық жұмыс жасауға, ойларын толық жеткізуге дағдыланады.
4Оқушылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, қадірлейтін болады.
Негізгі идеялар
Оқушылар бүгінгі Қазақстанның әлем алдындағы ролі және қандай жетістіктерңн және мемлекеттік рәміздердің маңызын, қадір-қасиетін зерттейді, зерделейді, баяндайды.
Тапсырмалар
Топтық жұмыс. Бес жолды өлең. Кесте толтыру. Ситуациялық сұрақтар.
Тапсырмалар
Жеке жұмыс «Деңгейлік тапсырманы орындау»
Тарихи диктант. Сәйкестендіру тесті. Тест сұрақтары.
Сабақ бойынша мұғалім мен оқушылардың іс-әрекеті:
Ұйымдастыру кезеңі:
Әнұран орындалады,оқушылардың назарын сабаққа аудару,сабақтың мақсаты мен ерекшелігімен таныстыру, топқа бөлу.
Беске дейін санап, сәйкестігін тауып топ болып жиналыңыздар.Топ болып жұмыс жасауларыңызға тілектеспін. Іске сәт!
Үй тапсырмасын тексеру
«Дана бол мейлі бала бол, бәріңе заң ортақ» тақырыбына эссе жазып келу тапсырылған.
Талқылау сұрақтары беріледі.
1 –Отан деген не?
2 –Біздің Отанымыз қай ел?
3 –Қазақстан қандай ел?
4 –Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі қашан жарияланды?
5 –Қазақстан Республикасын кім басқарады?
6-Қазақстан Республикасының территориясын картадан көрсет. Астанасы қай қала?
7-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін ата?
Бүгінгі тақырып «Қазақстан Республикасының рәміздері»
Балалар, бүгінгі тақырып бойынша жалпы не білеміз? Дәптерімізге жазайық, ортаға тастап талқылайық. Осы тақырып көлеміндегі кілт сөздерге мән берейік. Елтаңба. Ту. Әнұран.
Ал, балалар бұл тақырып сіздерге бастауыш сыныптағы тәрбие сағаттарынан таныс. Соған байланысты мәтінді оқи отырып, түртіп алу сртратегиясына сәйкес кестені толтырыңыздар.
Білемін
Білгім келеді
Үйрендім
1.Еліміздің рәміздері Ту, Елтаңба, Әнұран
2. 1992жылы 6маусымда қабылданды
3.Әнұранды жатқа білемін
4. қысқаша сипаттамасын білемін
5. Авторларын білемін
1. Мемлекеттік Рәміздердің дайындалу, жариялану тарихымен танысқым келеді.
2. Рәміздерде бейнеленген бейнелерге жете талдау жасағымыз келеді.
3. Авторларының өмірімен танысқымыз келеді.
1. Мемлекеттік Рәміздердің дайындалу, жариялану тарихымен таныстық.
2. Рәміздерде бейнеленген бейнелерге жете талдау жасадық.
3. Авторларының өмірімен таныстық.
4. Қазақ елінің рәміз белгілерінің тарихымен таныстым.
Бес жолды өлең стратегиясы
Елтаңба
Елтаңба зат есім
Еңселі, мазмұнды сын есім
Құрметтейді, қадірлейді етістік
Елтаңба еліміздің егемендігінің белгімі 4сөзді сөйлем
Герб синоим
Ту
Ту зат есім
Тұғырлы, көгілдір сын есім
Желбірейді, көтеріледі етістік
Туына қарап елін танимыз 4 сөзді сөйлем
Байрақ синоим
Әнұран
Әнұран зат есім
Айбатты, жігерлі сын есім
Шырқалады, тыңдалады етістік
Әнұран ел рухын көтереді 4 сөзді сөйлем
Гимн синоним
Топтық жұмыс
Кестені толтыру
Қазақстан Республикасының рәміздері
Қашан қабылданды?
Авторлары кім?
ҚР. Рәміздерінде нелер бейнеленген?
Проблемалық сұрақтар
Таңба , рәміз не үшін керек?
Мемлекетіміздің әнұранының ауыстырылуы неде деп ойлайсыңдар?
Әнұран қандай жағдайда шырқалады.
Ту қай кезде көтеріледі.
VI.Оқушылармен жеке жұмыс.
Өзара жұптық бағалау.
1.Көк жүзінде әлемге нұрын шашқан..............күн..... сәулесі астында қияға қанат қаққан ............бүркіт....... тыныштық, баянды өмірдің белгісі, ал .....қошқар мүйіз ою...... тудың қай елдікі екендігін аңғартады.
2.Мемлекеттік елтаңба Ш. Ниязбеков
Ж. Нажмеддинов
3.Мемлекеттік ту Н. Назарбаев
Ш. Қалдыаяқов
4.Мемлекеттік әнұран Ж. Мәлібеков
Ш. Уалиханов
5.Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің жариялануы
А) 1990ж. Ә) 1991ж.
Б) 1992ж.
6.Қазақстан Республикасының рәміздерінің қабылдануы
А) 1991ж. Ә)1992ж.
Б) 1997ж.
7. Қазақстан Республикасының жаңа Әнұранының бекітілуі
А) 1998ж. Ә) 2004ж.
Б) 2006ж.
Интелектуалды шеңбер
Бүгінгі тақырыптағы айтылған , талқыланған міселелер бойынша бір сөйлем айтады, келесі шеңбердегі жұбы соны қайталайды.
Кейінгі тапсырмалар
Дүние жүзі халықтарының еркіндік пен тәуелсіздік, отансүйгіштік және елге адалдық туралы мақалдары мен мәтелдерінен бірнеше мысалдар келтіру.
ТМД мемлекеттерінің мемлекеттік рәміздерімен танысу.
Кейінгі оқу
Параграф №57оқу. «Қазақстан-менің Отаным» атты ойтолғаныс.