kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ф.И.Голощекин ж?не «Кіші ?азан»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ф.И. Голощекин ж?не "Кіші ?азан" атты та?ырыпта?ы ашы? саба? ?лгісі.

Саба?ты? та?ырыбы: Ф.И.Голощекин ж?не «Кіші ?азан»

Саба?ты? ма?саты:

білімділік: ауыл шаруашылы?ын ?жымдастыру ?арса?ында?ы ?лкедегі тоталитарлы? ж?йені? к?шею  барысымен таныстыру; Ф.И.Голощекинні? «Кіші ?азан» т??керісіні? м?нін ашып т?сіндіру;

дамытушылы?: тарихи деректерді пайдалана отырып, топты? ж?мыс ар?ылы ?з беттерінше осы кезе?ге ба?а беруге да?дыландыру;

т?рбиелік: ?лт зиялыларыны? ?ызметіне ??рмет сезімдерін т?рбиелеу.

Саба?ты? т?рі: жа?а та?ырыпты ме?герту

Саба?ты? ?дісі: іздену, зерттеу, ойын ?дістері

?ажетті к?рнекіліктер: карта «1926-1940 жылдарда?ы ?аза?станда?ы индустрияландыру», ?лестірмелі тест, билет с?ра?тары, хронологиялы? м?тін ?олданыл?ан ?дебиет: «?аза?стан тарихы» энциклопедиясы.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ф.И.Голощекин ж?не «Кіші ?азан» »

Күні: 26.01.15

11 сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Ф.И.Голощекин және «Кіші Қазан»

Сабақтың мақсаты:

білімділік: ауыл шаруашылығын ұжымдастыру қарсаңындағы өлкедегі тоталитарлық жүйенің күшею  барысымен таныстыру; Ф.И.Голощекиннің «Кіші Қазан» төңкерісінің мәнін ашып түсіндіру;

дамытушылық: тарихи деректерді пайдалана отырып, топтық жұмыс арқылы өз беттерінше осы кезеңге баға беруге дағдыландыру;

тәрбиелік: ұлт зиялыларының қызметіне құрмет сезімдерін тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты меңгерту

Сабақтың әдісі: іздену, зерттеу, ойын әдістері

Қажетті көрнекіліктер: карта «1926-1940 жылдардағы Қазақстандағы индустрияландыру», үлестірмелі тест, билет сұрақтары, хронологиялық мәтін қолданылған әдебиет: «Қазақстан тарихы» энциклопедиясы.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру бөлімі

  • Оқу құралын тексеріп түгелдеу

  • Оқушылар зейінін сабаққа аудару

ІІ. «Қарлы кесек» әдісі. 3 топтың оқушылары өз беттерінше тапсырма бойынша дайындалады.

«Әділет» тобының тапсырмасы: «Қазақстанда «Кіші Қазан» бағытының басталуы».

«Азат» тобының тапсырмасы: «Қазақ байларын тәркілеу».

«Тағзым» тобының тапсырмасы: «Қазақ зиялыларының «Кіші Қазан» бағытына қарсылығы.

ІІІ. «Қоржын салу». Топ мүшелері конверттегі сұрақтарға өз тақырыптарын пысықтап жауап береді.

1 топ сұрақтары

1. Ф.Голощекиннің мамандығы кім болған?

2. Ф.Голощекин «Кіші Қазан» төңкерісінің міндетін қалай белгіледі?

3. «Кіші Қазан» идеясы қазақтар үшін тиімді болды ма?

 

2 топ сұрақтары

1. Қазақ ОАК-і «Қазақстанның барлық еңбекшілеріне» үндеуінде нені атап көрсетті?

2. 1928 жылы Декрет бойынша орташаларға кімдер жатқызылды?

3. Тәркілеу дегенді қалай түсінесің?

 

3 топ сұрақтары.

1. Қазақ зиялылары «Кіші Қазан» бағытын қалай бағалады?

2. Т.Рысқұлов Сталинге хатында не туралы жазды?

3. Ф.Голощекин саясатта қандай әдіске сүйендІ?




IV. Хронологиялық жұмыс

  1. . . . . С.Сәдуақасов пен С.Қожановқа «ұлтшыл» деген айып тағылды.

  2. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев . . . . алғаш рет тұтқындалды.

  3. . . . . қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім шығарылды.

  4. Қазақ байларын тәркілеу туралы декрет . . . . қабылданды.

  5. . . . . республикадан тыс жерлерге 6800 адам жер аударылды.

  6. . . . . республика қайраткерлерінің бір тобы («Бесеудің хаты»)

Ф.Голощекинге хат жазды.

  1. . . . . Ф.Голощекин қызметінен босатылып, . . . . атылды.

 

V. Тест жұмысы

1 топ

 

1. Қазақстанда индустрияландыру неден басталды?

а) мұнай өндіруден       ә) ауыл шаруашылығын ұжымдастырудан

б) табиғат байлығын зерттеуден

 

2. Индустрияландыру жылдарында тағы қандай процесс жылдам жүрді?

а) урбандалу          ә) депортация       б) ашаршылық

 

3. 1921-1928 жылдары Қазақ ОАК-нің хатшысы болды:

а) С.Қожанов         ә) С.Сәдуақасов    б) Ж.Мыңбаев

 

4. Ф.Голощекин қай жылдары өлкеде басшылық етті?

а) 1921-1928          ә) 1924-1928        б) 1925-1933

 

5. «Кіші Қазан» идеясының авторы:

а) Т.Рысқұлов        ә) Т.Қазыбеков    б) Ф.Голощекин

 

2 топ


1. 1927 жылы қарашада өткен VI Бүкілқазақстандық партия конференциясында қазақ байларын күшпен тәркілеу туралы шешім қанша айдан кейін бекітілді?

а) 5 ай          ә) 6 ай         б) 9ай

 

2. «Байлардың шаруашылығын тәркілеу туралы» қаулы қабылданған жыл:

а) 1927         ә) 1928         б) 1929

 

3. 1928 жылғы Декрет бойынша ірі байларға отырықшы аудандардан қанша малы барлар жатқызылды?

а) 400          ә) 150            б) 300

 

4. Ауылдарға «Кіші Қазан» саясатын жүргізу үшін қанша уәкіл жіберілді?

а) 4812         ә) 1250          б)8240

5. Индустрияландыру кезінде елде не нәрсеге қажеттілік артты?

а) Мақтаға      ә) Астыққа     б) Жерге


3 топ

1. Ұлт зиялылары қазақ шаруалары үшін не тиімді деп ашық айтты?

а) егін шаруашылығы ә) отырықшылыққа көшу

б) дәстүрлі мал шаруашылығы

 

2. Кулак дегеніміз кім?

а) ауқатты шаруа           ә) егінші шаруа          б) кедей шаруа

 

3. Т.Рысқұлов И.Сталинге жазған хатында не ұсынды?

а) О.Исаевты жазалауды  ә) «Кіші Қазан» саясатын тездетуді 

б) қазақтарға малды меншікке таратып беруді.

 

4. Т.Рысқұлов қандай қызмет атқарды?

а) РКФСР ХКК төрағасының орынбасары

ә) өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы

б) «Еңбекші қазақ » газетінің жауапты редакторы

 

5. Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру неден басталды?

а) қазақ шаруаларын отырықшылыққа көшіруден

ә) бай кулактарды тәркілеуден

б) егістік жерлерді шаруаларға қайтарудан

 

            Тест кілті

 

 

І

ІІ

ІІ

1

Б

Б

Б

2

А

Ә

А

3

Ә

Ә

Б

4

Б

А

А

5

Б

Ә

Ә

 

VI. Бағалау. Қорытындылау. Әр топтың  жетекшілері топ мүшелерінің, ал топ мүшелері жетекшіні бағалайды. Соңынан өзім сабақты қорытындылаймын.

VII Үйге тапсырма: §18, ұлт зиялылары туралы қосымша мәлімет жинау, Қазастандағы «Кіші Қазан » бағыты тақырыбына реферат жазып келу.






Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
Ф.И.Голощекин ж?не «Кіші ?азан»

Автор: Алимбаев Канат Сейткасымович

Дата: 10.02.2015

Номер свидетельства: 170625


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства