kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары "Афины мемлекеті" (6-сынып)

Нажмите, чтобы узнать подробности

Дүниежүзі тарихы пәнінен 6-сыныпқа арналған сабақ жоспары. Афины мемлекетінің дамуы туралы оқушыларға жан-жақты білім беріледі.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары "Афины мемлекеті" (6-сынып)»

Пән: Дүниежүзі тарихы

Пән мұғалімі: Еликбаева Н.М.

Сынып: 6 «А»

Күні: 11.03.2017 ж.

Сабақ: №25

Сабақтың тақырыбы: §21. Афины мемлекеті

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Афины мемлекетінің дамуы, демократиялық құрылыстың пайда болуы, Солон, Клисфен және Перикл сияқты қоғам қайраткерлерінің қарапайым халық үшін жасаған еңбектері туралы баяндау.

Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи танымдық ойлау, талдау, салыстырып, қорытынды жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды отансүйгіштікке, қайсарлы, жігерлі болуға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: Аралас

Әдісі: Интерактивті

Көрнекілігі: Оқулық, интербелсенді тақта, слайд, карта, суреттер, қима-қағаздар, стикерлер.

Жаңа сөздер: Полис, акрополь, агора, демос, аристократия.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.
• Оқушыларды түгелдеу;

• Оқу құралын тексеру;
• Оқушылар зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Тест тапсырмалары («Иә», «Жоқ»)

Грекия Балқан түбегінде орналасқан (Иә)

Табиғат жағдайына байланысты Грекия екі бөлікке бөлінеді (Жоқ, 3-ке бөлінеді)

Балқан түбегін айнала теңіздер қоршап жатыр (Иә)

Гомердің “Илиада”және “Одиссея” поэмалары спорттық ойындарға арналған (Жоқ, Троя жорығына)
Грекиядағы Крит - Ахей өркениеті б.з.б 2000 жыл шамасында қалыптасты (Иә)

Гректер Трояға соғыс жасады (Иә)

Микеныдағы қазба жұмыстарын жүргізген археолог Тит Ливий (Жоқ, Генрих Шлиман)

Б.з.б. ХІ-ІХ ғасырларда гректердің негізгі кәсіптері мал және егін шаруашылығы болды (Иә)
Грекия б.з.б ХІ ғасырдан бастап темір өңдей бастаған (Иә)

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.

Сабақтың жоспары:

  1. Афины мемлекеті

  2. Аттикадағы басқару ісі

  3. Афиныдағы саяси-әлеуметтік қатынастардың дамуы

  4. Грек-парсы соғысы

  5. Грекияда Македония билігінің орнауы

Афины мемлекеті Аттикада орналасқан. Аттиканың батыс бөлігінде кең-байтақ жазық дала бар, жазықта құз жартасты төбелер кездеседі. Осы жазықта б.з.б. ІІ мыңжылдықта Афины қаласы пайда болған.

Афины қаласының орналасқан жері мен сәулетіне баса назар аударамын. Акропольге сырттай саяхат жасауға болады. Ол үшін оқулықтағы сурет пен мәтін мазмұнын таныстырғаннан кейін, мына сұрақтар бойынша оқушылармен әңгімелесемін.

  1. Акрополь дегеніміз не?

  2. Акрополь қай ғасырда толық салынып болған?

  3. Акропольде қандай ғимараттар орналасқан?

  4. Акропольдегі басты храм қалай аталады?

  5. Неліктен акрополь афинылықтардың сүйікті орнына айналды?

Афины – ежелгі Грекия қаласы. Афины сол кезеңдегі әдемі қалалардың бірі болды. Қаланың ортасындағы акропольде храмдар, театрлар және де мәрмәр мен қоладан жасалған мүсіндер орналасқан. Қалада көптеген қолөнер шеберханалары мен сауда- саттық жүргізілетін базар алаңдары болған. Оларды «агора» деп атаған. Агораға халық өте көп жиналатын. Бұл жер Афины тұрғындары мен өзге қалалардан келген саудагерлерге, қаланы аралаушыларға толып кететін.

Жаңа сабақ барысында аристократия, ақсүйек, демократия және демостар деген ұғымдарды талдап, түсіндіремін. Ол үшін бұл сөздердің қай елдің сөзі екендігіне және қандай мағына беретініне тоқталамын. Сөздердің анықтамасы оқулықта бар. Демостар ақсүйектерге қарсы көтеріліске шығып отырды. Олар ақсүйектерге мемлекетті басқару ісіне демостарды араластыру, құлдық қарызын жою және жерді қайтадан бөліске түсіру сияқты талаптар қойды. Соның нәтижесінде ақсүйектер тобы халық жиналысын шақырып, оған барлық афинылықтар қатысты. Халық жиналысы Солонды өздеріне басқарушы етіп сайлады. Солон халық жиналысында көпшілік дауысқа ие болды. Солонның өмірі мен қызметі және барлық адамгершілік, ізгілік қасиеттері, Афины демосының мүддесін көздейтін реформалары туралы оқулықта берілген материалдар көлемінде әңгімелеп беремін.

Афинының демократиялық мемлекетке айналуы туралы баяндағанда, Афины мемлекетіндегі саяси-әлеуметтік қатынастар туралы оқулық материалын негізге аламын. Әсіресе Афины демостарының көсемі Периклдың әлеуметтік-демократиялық бағыттағы іс-шараларын мына бағытта жүйелеп, қорытындылатамын:

  1. Тұңғыш рет кедей демостардың мемлекеттік қызметке тағайындалуына қол жеткізді.

  2. Бүкіл грек халқын бір орталыққа біріктіруге күш жұмсады.

  3. Оның тұсында Афины қаласында храмдар, театрлар мен саябақтар салынды.

  4. Мемлекет қазынасынан Афинының кедейленген топтарына театрға бару үшін ақша үлестірілді.

  5. Перикл әйел құдай Афина құрметіне Парфенон храмын салғызды.

  6. Перикл тұсында Афины бүкіл Грекияның мәдени орталығына айналды.

  7. Перикл сауатсыздықты жоюға тырысты.

IV. Сабақты бекіту кезеңі:

Тапсырма. Сөзжұмбақты шеш.

2 4



3 5


1
















Көлденеңінен: 1. Медицина ғылымының негізін қалаған грек ғалымы.

Тігінен: 2. Афиныдағы базар алаңы.

  1. Афинының билеушісі, реформатор.

  2. Афины қаласының орталық бөлігіндегі қамал.

  3. Аттиканың орталығы.

V. Қорытындылау, бағалау.

VI. Рефлексия.

«Табыс баспалдағы» арқылы оқушылар сабақ жайлы ой қорытып, қаншалықты түсінгендерін айтады.

VII. Үйге тапсырма: §21. Мазмұндау, сұрақтар мен тапсырмалар.

2) «Афины акрополі» суретін салу.





















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Дүниежүзі тарихы пәнінен сабақ жоспары "Афины мемлекеті" (6-сынып)

Автор: Еликбаева Нургул Молдабаевна

Дата: 30.03.2017

Номер свидетельства: 404867


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства