kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Д?ст?рлі ?аза? м?дениеті. Халы? ауыз ?дебиеті мен шешендік ?нері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а хал?ымызды? игі д?ст?рлерін, ізгі - ?асиеттерін, инабаттылы?, іскерлік да?дыларын, салт – д?ст?рлерді бойларына сі?іру;
1. Білімділік: ?аза? хал?ыны? ?дет - ??рпы мен салт - д?ст?рлері туралы ке? к?лемді ма?л?мат алу.
2. Т?рбиелік: студентерді жан - жа?ты білімді болу?а, салт - д?ст?рді ??рметтеуге, ?она?жайлылы??а, ?дептілікке т?рбиелеу.
3. Дамытушылы?: ой - ?рісін ке?ейту, д?ниетанымын, этика - эстетикалы? тал?амдарын, ойлау ?абілеттерін арттыру, шы?армашылы? ?абілеттерін дамыту.

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Д?ст?рлі ?аза? м?дениеті. Халы? ауыз ?дебиеті мен шешендік ?нері»

И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық колледжінің

оқытушысы Досмамбетова Алтын Ажарбайқызы



Пәні: Мәдениеттану Сабақтың тақырыбы: Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнері.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға халқымыздың игі дәстүрлерін, ізгі - қасиеттерін, инабаттылық, іскерлік дағдыларын, салт – дәстүрлерді бойларына сіңіру;
1. Білімділік: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат алу.
2. Тәрбиелік: студентерді жан - жақты білімді болуға, салт - дәстүрді құрметтеуге, қонақжайлылыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
3. Дамытушылық: ой - өрісін кеңейту, дүниетанымын, этика - эстетикалық талғамдарын, ойлау қабілеттерін арттыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: жарыс сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, көркем әдебиет, тірек кесте, суреттер.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі және әдебиеті «Қазақ халқының салт -дәстүрлері», Қазақстан тарихы «Қазақ мәдениеті», Құқық негіздері «Санкцияланған салттар», халықтық педагогика
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: Сәлемдесу. Құрметті тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары! Елбасымыз Н.Назарбаев «Бүгінгі қазақ қауымына аса қажет нәрсе –өзіміздің намысшылдық дәстүрімізді дамыту» деген болатын. Талабы зор, еңбексүйгіш, терең ойлы, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру бүгінгі күннің талабы.

Армысыз, айналайын дана халқым

Сақтаған ұлтымыздың берік салтын

Тіл ұшына оралар кездескенде

«Сәлем сөздің анасы» –деген нақыл

Сәлемдесу парызы әрбір жастың

Өнерлерін паш етер өнегелі

Сәт те келіп қалғандай танысатын-дей отырып сайыскерлерімізді таныстырып өтейік.
Топтастыру. «Парасат» тобы

«Атамекен» тобы

Сайскерлер сіздерге сәттілік тілейміз!
бейне түсірілімнің үзіндісі «Ата дәстүр»

Сабақтың мақсатымен таныстыру: Қазақ халқының әдет - ғұрпы мен салт - дәстүрлері туралы кең көлемді мағлұмат беру.
Жоспарымен таныстыру: Этаптарын атап кету

ІІ. Біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Дәстүрлі қазақ мәдениеті. Халық ауыз әдебиеті мен шешендік өнері».
Көптеген ғасырлардың барысында қазақтардың өзіндік бірегей әдет - ғұрыптары мен салт - дәстүрлері қалыптасты.
1. Салт - дәстүр дегенді қалай түсінеміз?
2. Әдет - ғұрып дегенді қалай түсінеміз?
Дәстүр - латынша жапсыру, жалғастыру - тарих барысында қалыптасып, ұрпақтан - ұрпаққа жалғасып отыратын әдет - ғұрыптар, салт - сана, қоғамдық тәртіп, заң, мұрат пен игілік, мінез - құлық қалыптары және өнегелі өнер болып табылады.
Әдет - ғұрып - дәстүрге айналған жалпыға бірдей қалыптасқан, әр этносқа тән ортақ тәртіп салт - сана.
Дәстүрлер - жеке тұлғалық рухани - адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған күрделі қоғамдық - қатынастар жүйесі. Сондай - ақ дәстүрлер құрамына ұлттық және діни мейрамдар да кіреді.
Біздің замандасымыздың, көрнекті жазушы, этнограф, ұлт мәдениетінің шынайы жанашыры Сейіт Кенжеахметұлының саралауы бойынша, қазақтың ұлттық дәстүрлері мен салттарын былай жіктеуге болады:
1. Келін түсіріп, қыз ұзатуға байланысты дәстүрлер
Бейне ролик «Қызды оң босағаға отырғызу»
2. Тәлім - тәрбие дәстүрлері
Сейіт Кенжеахметұлы,
жазушы-этнограф:
– «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» деген ата-бабаларымыз балаларына алдымен отбасындағы тәрбие өнегесін үйреткен. Одан кейін «Е, Құдайым, бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең бір-бірлеп ала бер» деп ұрпағының санасыздығынан түңілген. Дана халқымыз «балаңды бес жасқа дейін хандай сыйла, он екі жасқа дейін құлыңдай жұмса, он үш жастан кейін ақылшыңдай кеңес» деп айтқан. Бұрынғылар жастарға сенім артып, оның есеюіне, отаншыл, көпшіл, халықшыл, ұлтжанды болып тәрбиеленуіне мақал-мәтелдер арқылы ықпал еткен. Сол арқылы тәрбие мен тіл қалыптасқан.
Қазір керісінше. Мұның бәрі ұлттық сана-сезімнің, халықтық тәрбиенің жетіспегендігінен. Елдің намысын, арын қорғай білмейтін жасық, жағымпаздардың тым көбейіп кеткендігінен туып отыр.
3. Тұрмыстық, өмір сүрулік дәстүрлер
4. Еңбек, кәсіптік дәстүрлер
5. Діни салттар
6. Жерлеу салттары

Таза мінсіз асыл тас, Су түбінде жатады. Таза мінсіз, асыл сөз Ой түбінде жатады. Су түбінде жатқан тас, Жел толқытса шығады, Ой түбінде жатқан сөз Шер толқытса шығады,-деп Асан қайғы бабамыздың баталы сөзімен алғашқы кезеңімізді бастаймыз. 1-кезең. «Бәйге» Әр топқа алдын ала тапсырма берілді (баяндаманы қорғау) (5 ұпайдан беріледі)
2- кезең. «Мені түсін» ойыны бұл жерде сіздеге тапсырма беріледі, сіздер тек қана қолымен немесе қимыл және де мимикамен көрсетулеріңізге, ал қарсылас топтар дұрыс жауабын табу керек. (5 ұпайдан беріледі)
(Құда түсу, тойбастар, асар, көрісу, сүйінші, садақа)
3 -кезең. «Білімдеріңізді толықтырмаған әр күн-сіз үшін текке кеткен және қайтіп келмейтін оралмайтын күн деп есептеңіз» -демекші, біліміңізді одан әрі толықтыра түсу үшін «Салт-дәстүрімізді білеміз бе?» атты кезеңімізді бастаймыз. Шарты: Әр топ дайындап келген көріністерін көрсетіп максималды баға 5 ұпай алады. «Бесікке салу», «Құйрық -бауыр асату», «Бата» ( көрініс терін көрсету).
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлы атамыз:
– Мен үш нәрседен қорқамын. Біріншісі, өзінің сәбиіне бесік жырын айта алмаған анадан, екіншісі, немересіне ертегі айтып бере алмаған ата мен әжеден, үшіншісі, екі қазақтың бір-бірімен орысша сөйлесіп тұрғанынан қорқамын – деп кетіпті.Сондықтан, ұлттығымызды, тілімізді, ділімізді жоғалтып алудан қорыққанымыз абзал. Тәрбиені отбасынан, ошақ қасынан, тіпті бала құрсақта жатқан кезден бастаған жөн. Тілдің қорғаны отбасы болуы керек.
4 -кезең. Брейн –ринг әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі
  1. Жеке тұлғаның рухани- адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған күрделі қоғамдық - қатынастар жұйесі деп нені айтамыз? (дәстүр)
2. Тойдың сәні? (тойбастар)
3.Тақ жасқа келген баланы неге отырғызады? (сүндет)
4. Қайтыс болған адамның әйелі сол адамның інісіне немесе ағасына үйленуі қалай аталады? (әмеңгерлік)
5. Мал және бағалы, жағалы киімдерді тарту. (киіт)
6. Ақшалай салық. (пітір)
7. Батыс Қазақстан қазақтарының арасында кең тараған ағайындардың бір - бірімен сәлемдесуі. (көрісу)
8. Бала үшін өте ыңғайлы ұя. (бесік)
9. Ертеде көңілдес, дос адамдар балалары дүниеге келмей тұрып -ақ бір -бірімен келіскен, сол салты ата. (атастыру)
5 -кезең. Ойын «Сиқырлы киіз үй» бұл жерде «Қазақ халқының салт -дәстүрі» көрмесіне барлықтарыңыздың назарларыңызды аударуыңызды сұраймын.
1. Жаңа туған нәрестенің құрметіне жасалатын ойын - сауық, той атауы -.... (шілдехана)
2. Нәресте туған сәтте оның кіндігін әйелдер (кіндік шешесі) дайын тұрады. Кіндік кесу - мәртебелі, абыройлы іс қалай аталады? (Кіндік кесер) .
3. Жаңа туған баланы бесікке салу. Бесік қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептелетін салт қалай аталады? Бесікке салу (салт).
4. Баланың туғанына қырық күн толған соң оны ыдысқа қырық қасық су құйып шомылдырады. ол сәбидің жан - жүйесінің қалыптасып дені сау болып өсуіне деген ақ тілектен шыққан салт қалай аталады? Қырқынан шығару (салт).
5. Сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып Тұсау кесер (салт).
6. Қазақ халқы жаңа туған сәбиге жақсы есімдер мен әйгілі адамдардың атын қойған. Сонымен бірге бала есімін беделді кісілерге қойғызып батасын алған ғұрып қалай аталады? Ат қою (ғұрып)
7. Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп қою қалай аталады? Айдар (ғұрып).
8. Жас балалардың шашын ұстарамен алып тастайды да маңдайына бір шөкім шаш қалдырып, оның жиегін тегістеп қиып қояды. Оны не дейді? Кекіл (ғұрып).
9. Ата ана үмітін ақтамаған, руды ұятқа қалдырған балаларға не берілген болатын? (теріс бата). Ұлттық тағамдар:
1. Қазақтың ұлттық дастарқанының негізгі тамақ түрлері қандай?
2. Наурыз көже дегеніміз не? Қазақ халқы дастарқаннан, дәмнен үлкен нәрсе жоқ деп есептейді.

6 -кезең. «Құлақтан кіріп бойды алар, Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең менше сүй»-деп Абай атамыз жырлағандай келесі сайсымыз «Өнер биігі» деп аталады. Сіздер халық әні «Дастархан», «Қазағымның дәстүрлері-ай» әндерін орындайсыздар Мақалды толықтырыңыз
Еңбектің ... тәтті,
Жалқаудың жаны тәтті. Қоянды қамыс өлтіреді Жігітті ... өлтіреді Ұлттық киімдер:
1.Ұлттық киімдерге нелер жатады?
2. Ұлттық аяқ киім түрлерін атаңыздар.
3. Қалындықтың бас киімі қалай аталады? Ұлттық аспаптар:
1.Ұлттық аспаптарды атаңыздар.
2. Қазақ халқының ең кең тараған ішекті музыкалық аспабын атаңыздар.
3.Жеті ішектен тұратын музыкалық аспапты атаңыз.


7-кезең. «Тапқырлық». «Білекті бірді жығады білімді мыңды жығады» -демекші, бәсекелестер сайсында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар болып озып шығу үшін білімді болудың мағызы зор. Сондықтан бұл бөлімде логикалық тапсырмаларды орындау қажет. Көріністі толықтыру
Әже мен немерелері.
Бала даладан жүгіріп келеді:
-Әже, әже не істеп отырсыз?
Әжесі: Мен жүн иіріп , саған қолғап тоқып берейін деп отырмын.
Бала: Әжетай, сәби дүниеге келгенде қандай ырымдар жасалады?
Әжесі: ...
• Берілген сөздерден шағын өлең құрастыру
Отан
Қала
Туған жер
Кең далаң
Ыстық
Сүйемін
• Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін жасау, яғни мәтіннің мазмұнына байланысты мақал айту.
Жиренше мен хан
Бір күні хан Жиреншені үйіне шақырады.Ол дастархандағы қаздың етін көрсетіп,Жиреншеге:
«Мына қаздың етін өзіме,ханымға,екі балама және өзіне бөл.Біреуге кем немесе артық жібермей тең бөліп берсең»-деп бұйрық береді
Жиренше ойланып тұрып: «Қаздың басы сізге,өйткені сіз біздің басымыз едіңіз» –дейді. «Хан ханымсыз болмас,құс мойынсыз болмас»-деп қаздың мойның ханымға береді. « Екі балаңыз қос қанатыңыз,тірегіңіз»-деп ,екі қанатын балаларына береді. «Мен өзім орта адаммын, мына қаздың орта денесі маған жарайды» –деп қазды өзіне алып,оны дастархан басындағы адамдарға бөліп береді.


• Берілген тақырыптардың біріне қызықты жарнама мәтінін жазу
*Ұлттық киім дүкеніне;
* Жуырда ашылған «Дастархан» мейрамханасына;
* Балалар музыка мектебіне.

8 кезең «Көсемдікке ұмтылу»
* «Наурыз мерекесі» тақырыбына диалог құрастыру.

V. Бағалау: Этаптардын ұпай сандарын есептеп баға қою.
Рефлексия. Сергіту сәті .Қорытындылау.

Мұғалімнің қорытынды сөзі Адамның жарық дүниеге келгеннен бастап, оның есейіп, қартайып, о дүниеге аттанып кеткенге дейінгі өмірі мен іс - әрекеті, басқалармен қарым – қатынастары салт – дәстүрден өзекті орын алады.
Оқушыларға айтар тілек:
Жақсыларға жақын бол,
Отбасыңмен тату бол.
Ата – анаңның көзі бол,
Сөнбейтұғын нұры бол.
Кім болсаң да әйтеуір,
Бірліктің туын көтерер
Адамзаттың бірі бол,
Туған елдің ұлы, қызы бол!
VI. Үйге тапсырма. Т.Ғабитов Мәдениеттану негіздері, Алматы 2004 ж.
94-112 беттер, Қазақ халқының салт – дәстүрлері мен әдет - ғұрыптарын басқа халықтардың әдет - ғұрыптарымен салыстырып келу
















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 9 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Д?ст?рлі ?аза? м?дениеті. Халы? ауыз ?дебиеті мен шешендік ?нері

Автор: Досмамбетова Алтын Ажарбай?ызы

Дата: 07.06.2016

Номер свидетельства: 333134


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства