Просмотр содержимого документа
«Д?ріс "Инвестициялы? компаниялар ж?не ?орлар"»
Дәріс 10
Тақырып 1: Инвестициялық компаниялар және қорлар
Сұрақтар
1. Ұжымдық инвестициялау түсінігі және ерекшелігі.
2. Инвестициялық қорлар мен компаниялар құрылуы, қызметі, инвестициялық компаниялардың типтері.
3. Бағалы қағаз қоржыны, оларды басқару.
1.Ұжымдық инвестициялау түсінігі инвестициялық бизнесті ұйымдастыру мақсатында ұсақ инвесторлармен мақсатты салынған қаражат әрі қарай инвестициялану мақсатында кәсіби басқарушының қолына бірыңғай басқаруға беріледі.
Ұжымдық инвесторларға жататындар:
Инвестициялық қорлар;
Несие одақтары;
Мемлекеттік емес зейнетақы қорлары.
Ұжымдық инвестицяилау белгілері:
Бағалы қағаздарды орналастыру жолымен қаражат тарту;
Негізгі әрекет түрі ретінде тартылған қаражатты бағалы қағаздарға салым жасау;
Дивиденд, сыйақы түрінде негізгі кіріс көздерін алу;
Ұжымдық инвестициялауға қатысушылардың арасында инвестициялаудан алынған кірістерді бөлу.
Операциялық әрекет көзқарасы жағынан ұжымдық инвесторлардың ерекшелік белгілері мыналар:
Қаржылық делдалға ақшалай қаражатын беруші тұлға тәуекелді өзінің мойнына алады.
Басқарушы бірнеше тұлғаның қаражатын біріктіріп, инвестициялайды.
Дәстүрлі инвестициялармен салыстырғанда ұжымдық инвестициялау алдын ала бекітілген төлемдерді жүргізуді бекітпейді.
2.Инвестициялық қорлар бұл жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттары мен активтерін кәсіби инвестициялық басқарушыларға басқару мақсатында беру механизмі.
Бұл мынадай артықшылықтар береді:
Кәсіби басқару;
Диверсификациялау;
Шығынды төмендету;
Сенімділік.
Акционерлермен қарым қатынасына байланысты инвестициялық қорлар былай жіктеледі:
Ашық инвестициялық қорлар;
Инвестициялық компаниялар немесе жабық инвестициялық қорлары.
Инвестициялық компаниялардың мынадай типтері бар:
Консервативтік инвестициялық компаниялар, олар қаражатты тәуекелі төмен бағалы қағаздарға салады, негізгі мақсаты ағымдағы кіріс алып отыру;
Аралық инвестициялық компаниялар, олардың портфелі мемелкеттік бағалы қағаздармен артықшылықты акциялардан тұрады;
Агрессивтік инвестициялық компаниялар олар жас компаниялардың бағалы қағаздарына салым жасайды және мақсаты курстық айырма түріндегі кіріс алу.
3.Бағалы қағаз портфелінің құрылымы бенефициардың инвестицияға қоятын талаптарына тікелей байланысты болады. Ең басты назар аударылатын сәттер: клиент портфельден тұрақты кіріс алғысы келеді ма; тек курстық айырма алғысы келеді ма; қаншалықты мерзімге салым жасағысы келеді; компания типтері, саласы бойынша шектеулер қойылады ма.
Бағалы қағаз портфелінің құрылымы жалпы мынадай активтерден тұрады:
1.Депозитте ақшалай қаражаттың болуы, бұл кез келген уақытта ақшаға қажеттілікті қанағаттандыру үшін қадет;
2.Облигациялар
3Қозғалмайтын мүлік
4.Акциялар
Бұл құрылым тәуекел деңгейінің үлесіне байланысты жасақталады.