Ұйымдастыру кезең: сәлемдесу; - психологиялық дайындық, «Жақсы сөз жарым ырыс» тілек 1мин - оқушыларды ой қозғау арқылы тақырыпқа әкелу - тақырып жайлы бұрынғы білетіндерін анықтау, соған сүйену жолдарын табу І.Миға шабуыл(Логикалық сұрақтар қою арқылы) Үй тапсырмасын тексеру 1804 - 1815ж. Кіші жүзден қанша жылқы алынды? ♦ Бөкей ордасынан қанша жылқы алынды? ♦ Наполеонға қарсы орыс емес ұлттар қандай құрамаларда шайқасты? ♦ Орынбор губерниясында қанша кавалериялық полк құрылды? ♦ Сан жағынан қазақтар қай полктерде көп болды? ♦ Екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқан старшын кім? ♦ Отан соғысына қатысып жоғары марапаттарға ие болған қазақтарды атаңдар? ІІ. Қызығушылықты ояту. «Автор орындығында» алдына ала дайындалып келген екі оқушы «Тұлға» обрызын ашып жаңа сабаққа енемін. Мұғалім сөзі: Олай болса біздің бүгінгі тақырыбымыз «Бөкей және Жәңгір хандар » ІІІ. Мағынаны тану Күні кешеге дейін еліміздің тарихында елеулі орны бар қазақтың біртуар хандар Бөкей хан мен Жәңгір ханның есімдерін құрметтеу былай тұрсын елеуден, ескеруден де қалған еді. Тарихи деректерде пайдалана отырып Бөкей мен Жәңгір қандай саясат ұстады, халқына қайыр - шапағаты тиді ме? - деген сауалға жауап іздедік. 1 топ Жас тарихшылар тобы: Бөкей хан кім? Бөкей – Бөкей ордасының ханы. Әбілқайыр ханның немересі, Нұралының баласы. Бөкейдің туған жылы белгісіз, 1815 жылы дүниеден өткен. Айшуақ хан тұсында хан кеңесінің төрағасы болған. 1801 жылдан сұлтан, 1812 жылдан Бөкей ордасының ханы болып сайланды. Оның Жәңгір, Әділ, Меңдікерей атты ұлдары болған. 1815 жылдан хан тағын мұрагерлік жолмен Жәңгір иеленді. Бөкей ханның бейіті Еділдің оң жағасында Сейіт баба зиратында қазіргі Астрахань болысы Краснояр ауданынна қарасты жерде қалған. Бөкей ордасы қай жерде құрылды? Бөкей ордасы Ресей императорының рұқсатымен құрылып, 1801 - 1845 жылдары Еділ мен Жайық өзендері аралығында орналасқан. Ол Ішкі Орда немесе Бөкей хандығы деп те аталды. Бұл жер бұрынғы қалмақтардың мекені, 1771 жылы қалмақтар тастап кеткеннен кейін ешкім қоныстанбаған. 1815 жылы Бөкей хан қайтыс болып мұрагері Жәңгір ер жеткенге дейін билікті туысы Шығай сұлтан басқарған. 1823 жылы таққа Жәңгір отырды. Жәңгір қайтыс болған соң Орда жері Астрахань губерниясына қараған. 2 топ Жас тарихшылар тобы: Жәңгір кім? Жәңгір - шын есімі Жиһангер Бөкейұлы. 1801 жылы дүниеге келіп 1845 жылы қайтыс болған. 1815 жылы мұрагерлікпен Жәңгір хан болады, алайда ол жас болғандықтан билікті Бөкейдің інісі Шығай жүргізді. 1823 жылға дейін Жәңгір Астрахань губернаторы Андреевскийдің үйінде тәрбиеленді. Еуропалық білім алып, орысша тәрбиеленеді, хандықты әкімшілік жағынан басқару тәсілдерін үйренеді. Ол орыс, татар, неміс тілдерін білген. Жәңгір билік еткен кезде Бөкей ордасында Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі болды. Оған Жәңгірді кінәлі деп санап, наразылық білдірді. 3 топ Зерттеу тобы: 1. тапсырма. Ішкі орданың құрылу себебі. Ел басына түскен ауыр қасіретке он ойланып, жүз толғанып жүрген Бөкейге Астрахань казактарының бастығы полковник П.С.Попов елеулі ықпал жасаған. Ол Ресей қамқорлығына өтуге кеңес берді. Көзі ашық, көкірегі ояу Бөкей П.С.Поповтың бұл кеңесін халқын ауыртпалықтан алып шығудың, Жайықтың Самар жақ бетін иемденудің бірден - бір жолы деп түсінді. Бұл жерде оның жүрегі халқым деп соққанына шүбә келтіруге болмайды. Өйткені бұл кезде Бөкейдің Кіші Орданың кең жазығына сыймайтындай мыңғырған малы да болмаған. Бұл жөнінде Орынбор шегаралық комиссия кеңесшісі А.О. Кузнецовтің Орынбор әскери губернаторы П.К. Эссенге: " Бір отбасындағы Бөкей мен Шығай Нұралиевтердің 1801 жылы Жайықтың бергі бетіне өткенде 5 түйесі, 30 - дай қойы, 17-ге жетер - жетпес жылқысы болған,"-деп жазған. Сөйтіп, Бөкей халқыныњ мүддесі үшін 1801 жылы ақпан айында Грузия және Астрахань губернияларының Бас бастығы генерал - лейтенант К.Ф. Кноринге өтініш жазды. Ал патша үкіметінің мақсаты бодандыққа өткендердің малы да, жаны да Ресей " қамқорлығында " болады деген ұғымды түсіндіру оңай деп санады. Оның үстіне Астрахань, Орал қалмақтары мен казактарына қазақтардың шабуылынан құтыламыз, әрі Кіші Орданы бөлшектеудің, ондағы билеуші сұлтандардың арасына іріткі салудың сәті түседі деп білді.(уақытша Кеңес мұрағаты №8 іс) 4 топ Зерттеу тобы: 2. тапсырма. Бөкей халқына қандай қамқорлық жасады? Бөкей өмірден өткенше халқына қамқорлық жасаудан жаңылған жоқ. Оған дәлел Орал әскери кеңесінен бастап Орынбор генерал - губернаторына, патшаның тікелей өзіне 1803, 1806, 1807, 1808 жылдары Ішкі Орда қазақтарына тұрақты жер бөліп беру жөнінде бірнеше рет мәселе қойған. Нәтижесінде Ресей отрлаушыларымен алысып жүріп Кіші Ордадан " жүдеу, аздаған малмен көшіп барған қазақтарды " ақтылы қойы, мыңғырған түйесі, жылқысы бар ел қатарына жеткізген. Елінің еңсесін көтерген. Халқымен бірге көшпелі өмір сүрді. Ол Астрахань генерал - губернаторының қабылдауына барғанда үстіне киіп баратын киімі де болмағаны оның байлыққа қызықпағанын дәлелдесе керек. Ол ханмын деп халқынан ерекшеленбеді. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. Казактардың өрескел қиянаттарынан қорғады.(уақытша Кеңес мұрағаты №1 іс ) 5 топ Зерттеу тобы3. тапсырма. Жәңгір хан еліне қандай қамқорлық жасады? Тарихи құжаттар Жәңгір ханды отарлаушылар саясатымен халқын қорғаушы, еліне мәдениет пен білім, мұсылман нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Әр нәрсенің әділдігіне тоқталсақ, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан - жақты білімді, ақылды Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да, генерал - губернаторлар да жақсы білді. Сол үшін де Жәңгірді үнемі дүниеден, биліктен, шен - шекпеннен, атақ - абыройдан кенде қылған жоқ. Хан тағына отырғызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып Орал даласын дүр сілкіндірген. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етіп, бірнеше ордендермен марапаттап, қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді. Бұлардың барлығы отарлау саясатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Ішкі Орданың басқару жүйесін отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кеңесшісі етіп Ресей Сыртқы істер министрінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс-тіршілігін күн сайын Орынбор шегаралық комиссиясына хабарлап отырды. Ішкі Орда қазатқары бірте-бірте шағыл құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды.Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахань генерал - губернаторы А.С.Осиповке: " Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы..."- деп хабарлап - казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті. ( Астрахань ОММ. 10 қор. 7 тізімдеме 224 іс ) Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде - бір хан істемеген істерді халқы үшін істеген. Ең алдымен Ішкі Ордада халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постында орыс көпестерінің астық қоймаларын ұйымдастырды. " Жас құста " жәрмеңке ашты 1832 жылы. Халықтың мұң - мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін 50 тұрғын үй салды. Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп ( 1841 ж), дәріхана, аурухана ашты және хандықтың картасы жасалған, хан қаржысымен Ресей оқу орындарына қазақ балаларын жіберіп оқытты. Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару - жарақ мұражайын ұйымдастырды. Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап, Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады. Өз мойнындағы жауапкершіліктің күптігіне қарамастан мектеп оқушыларының, молдалардың білімін тексеруге уақыт бөліп отырды. Емтихандарға қатысып, олардың қабілеттерін анықтады. Жәңгір өзі бас болып мұсылман дінін насихаттады. Хан Жәңгірдің бұл әрекеті отарлаушыларға жақпады. Жәңгір мектебі - қазақ балаларына арналған алғашқы мектеп. Жастайынан зиялы қауымның арасында болып, білім қадірін білген Жәңгір билікке қолы тиген күннің ертеңінде - ақ өз ордасында мектеп ашып, жастарға білім беруді армандайды. 1826 жылы Қазан Университетінің ректоры Фукске Жәңгір өз ордасында мектеп ашып, ғылымға қазақ баласының да қолын жеткізуге бастама жасау ниеті бар екенін білдіреді. Фукс ол туралы " өзінің жас кезінде, хандығының бірде - бір үй тұрғызылмаған кезде, оның білімінің пайдасы жөнінде ойлануы қандай ғанибет "- деген пікір айтады. Мектеп ашу жөнінде Жәңгірдің арманы тек он бес жылдан кейін барып іске асты. 1841 жылы 6 желтоқсанда қазақ даласында қазақ балалары үшін ашылѓан тұңғыш мектеп дүниеге келді. Ќараѓайдан ќиып салынѓан мектеп үйі Ордадағы еңселі үйдің бірі болған. Оқушылардың партасы, мұғалім үстелімен орындығы, класс тақтасы ағаштан ойылып жасалған. Жәңгір хан бұл мектепке жылына 1404 сом ақша беріп отырған. 1905 жылы осы екі сыныптық мектеп төрт сыныптық мектепке айналып, жанынан мұғалімдер даярлайтын (педагогикалық ) курс ашылған. Талай белгілі адамдар білім алып шықты. Олардың қатарында С.Бабажанов, Г.Жәңгіров т.б. ( Құлкенов М.Отарбаев Р."Жәңгір хан".Алматы. 1992ж ) Мәтін таратылады. Әр топ өздерінің тапсырмалары бойынша Жеке оқиды Топтасып оқиды Барлығы түйінін жасап , сыныпта қортады. ІІІ. Ой қорытынды әр топтың жұмысына өз ойларын бөлістіру. Бағалау: қошеметтеу, формативтік Үйге тапсырмасы: ресрустар әкелу жіне қосымша ақпараттар бойынша мәліметтер оқып Исатай мен Махамбеттің обрызын жасауға қосымша екі оқушыға жеке тапсырма Толғаныс (рефлексия) (сабақтың соңындағы оқушылардың білімге деген күйлерін зерттеу) |