- ?ткен саба?тардан алын?ан білімдеріне с?йене отырып, Еуропа ж?не Америка елдеріні? 1914-1939 жылдар аралы?ында?ы тарихи жа?дайларды еске т?сіру. Бірінші д?ниеж?зілік со?ысты? тарихи ма?ызын аны?тау;
Просмотр содержимого документа
««Бірінші д?ниеж?зілік со?ыс зардаптары» »
А.А. Кульмагамбетова,
Ақмола облысы,
Бурабай ауданы
«Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығының
тарих пәні мұғалімі.
Сабақтың тақырыбы:«Бірінші дүниежүзілік соғыс зардаптары».
Пәні:Дүниежүзі тарихы.
Сынып: 9
Сабақтың түрі: қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты: Еуропа мен Америка елдері (1914-1939 жж.) бөлімі бойынша алған білімдерін тексеру.
Сабақтың міндеттері:
- Өткен сабақтардан алынған білімдеріне сүйене отырып, Еуропа және Америка елдерінің 1914-1939 жылдар аралығындағы тарихи жағдайларды еске түсіру. Бірінші дүниежүзілік соғыстың тарихи маңызын анықтау;
- Оқушылардың ойлау, сөйлеу, есте сақтау дағдыларын дамыту. Қайталау сұрақтары, сызбалар арқылы ойлау қабілеттерін дамыту.
- Оқушылар бойында пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ұжымдық еңбекке тәрбиелеу.
1. Сәлемдесу. Психологиялық көңіл-күй орнату. (Видео)
2. Сабақтың міндет және мақсаттарын анықтау.
ІІ. Сабақтың жоспары
Бүгін бізде ерекше сабақ. Сабақ барысында біз сіздермен өтілген тақырыптардан жылдарды, оқиғаларды еске түсіреміз. Сіздерге ойларыңызды жинақтап, топ басшысын таңдау керек. Әр топқа бақылау парағы беріледі, топ басшылары тапсырамларды орындау сапасына қарай топ мүшелерін бағалайды.
1-тапсырма:
Викторина, әр топқа сұрақтар қойылады, ойлану уақыты 5 секунд. Егер топ қойылған сұраққа жауап бере алмаса, қалған екі топтың жауап беру мүмкіндіктері бар (топтардың жылдамдықтарына қарай).
Бірінші болып бірінші топ бастайды (ұяшық таңдау мүмкіндігі).
Сұрақтар:
Бірінші дүниежүзілік соғыс болған жылдар: (1914-1918 жж.)
1916 жылғы Сомма шайқасында ағылшындар мен француздардың тарихта тұңғыш рет қолданылған әскери техникасы: (Танк)
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан мемлекеттердің саны: (38)
1914 жылғы бірінші дүниежүзілік соғысты алғаш бастаған мемлекет: (Австро-Венгрия)
Версаль бітім шарты жасалған қала: (Париж)
Ұлттар Лигасының басты міндеті қандай болды? (Халықтар арасындағы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайтуға көмектесу)
1921-1922 жылдардағы Вашингтон конференциясына шақырылмаған мемлекет: (Кеңестік Ресей)
ХХ ғ. басында Ресей кірген одақ:(Антанта)
Антанта елдерінің соғыс шығындарын өтеу үшін Германия төлеуге тиісті төлем түрі: (Репарациялық төлем)
Соғыстан кейін Германиядағы конституция қай жерде жарияланды? (Веймар)
Сербияның Австро-Венгриямен соғыс жариялауына себеп болды? (Эрцгерцог Ф.Фердинандтың Сараевода өлтірілуі)
1921 жылы 12 қарашада Вашингтон конференциясына қатысқан елдер саны:(9)
Қай ел бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде бірінші рет химииялық қаруды қолданды? (Германия)
Жеңілген мемлекеттің бұрын тәуелділігінде болған территорияға билік ету өкілдігі (Мандат)
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін неміс экономикасын қалпына келтіру бағдарламасы қалай аталды? (Дауэс жоспары)
Германия «Шлиффен жоспары» бойынша қай елге баса-көктеп кірді? (Франция)
«Үштік одақ» қай елдің есебінен «төрттік» одақ болды? (Болгария)
Ресейде екінші буржуазиялық-демократиялық революция қашан жеңіске жетті? (1917 ж., ақпанда)
Вашингтон конференциясында бұл мемлекетке қатысты «ашық есік» саясатын жариялады: (Қытай)
АҚШ І дүниежүзілік соғысқа қай жылы енді? (1917 ж.)
Фашистік Германияның құпия мемлекеттік полициясы: (Гестапо)
2-тапсырма: Схема толтыру
Бірінші дүниежүзілік соғысқа қатысты негізгі мәліметтерді, схемаға түсіру. Тапсырманы аяқтағаннан кейін топ мүшелерінің бір-бірін парақтарын алмастырып, схеманың дұрыс-бұрыстығын тексеру арқылы бір бірін бағалау.
Бірінші дүниежүзілік соғыс 1914 -1918жж.
1907ж. Ұлыбритания, Франция, Ресей Антанта одағын құрды. 1915 ж. Италияның Антантаға қосылуы.
1882 ж. Германия, Австро-Венгрия, Италия Үштік одақ әскери бірлестігін құрды. 1915 ж. Түркия және Болгария қосылып Төрттік одақ құрды
Соғыс себептері: Ұлыбритания мен Франция Германияның Африкадағы отарлары және Таяу Шығыстағы Осман империясының жерін басып алуды көзеді. Жалпы алғанда бірінші дүниежүзілік соғыс отарлар үшін болған соғыс.
Негізгі шайқастар мен оқиғалар: 1914 ж. 28 шілдеде Австро-Венгрия Сербияға соғыс жариялады, 1914 ж. Марна шайқасы, 1915 ж. 22 сәуір Германия Ипр қаласында алғаш рет химялық қару қолданды, Сомма шайқасы (1916 ж.), 1917 ж. 6 сәуірде АҚШ Германияға соғыс жариялайды. Аррас маңында шабуыл
Қорытындысы: 1918 ж. 11 қарашада Компьен орманында Германия мен Антанта мемлекеттері арасында уақытша бітімге қол қойылды. Соғысқа 38 мемлекет қатысты, 74 млн. адам шақырылды.
Версаль-Вашингтон жүйесі
3-тапсырма:
Оқулықпен жұмыс. Оқушыларға оқулық мәтінінен төменде көрсетілген жылдарда қандай оқиғалар болғанын жазу.
1. 1919 жылы 28 маусым – Германия делегациясы Версаль шартына қол қойды.
2. 1918-1921 жж. – «Әскери коммунизм» деп аталатын төтенше шараларды жүзеге асыру дәуірі.
3. 1934 ж. 27 шілде – Француз коммунистік партиясы мен социалистік партия қимыл-бірлігі - Халықтық майдан құру туралы пактіге қол қойды.
4. 1933 ж. 30 қаңтарда – президент Гинденбург А.Гитлерге үкіметті құруды тапсырып, оны рейхсканцлер етіп тағайындады.
5. 1929-1933 жж. –АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс.
Оқулық мәтінінен оқиғаларға қатысты жылдарды жазу
1. 1922 30 желтоқсан - Мәскеуде өткен Кеңестердің Бүкілодақтық съезі Кеңес Социалистік Республикалар Одағы құрылғаның жариялады.
2. 1918 жылғы 8 қаңтар – «14 баптан» тұратын дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарлама қабылданды.
3. 1919 ж. - Ватиканның қолдауымен католиктік топтарды жақтаушы тұңғыш буржуазиялық Халықтық партия құрды .
4. 1919 ж. наурызда – Милан қаласында бірінші жалпыұлттық фашистік жиын өтті.
5. 1924 жылы 23 қаңтарда - лейбористердің жетекшісі Рамсей Макдональд Ұлыбритания тарихында алғаш рет лейбористер үкіметін құрды.
4-тапсырма: «Тұлғалар» сәйкестендіру
Б.Муссолини
Ф.Рузвельт
В.Вильсон
А.Мильеран
АҚШ "Жаңа бағыт"
теориясын жасаушысы
Италиядағы фашистік
топтарды құрушы
1920 ж. Франция президенті
болып сайланды
Халықаралық
бейбітшілік ұйымын
құру идеясын ұсынған
Дұрыс жауап:
В.Вильсон
А.Мильеран
Б.Муссолини
Ф.Рузвельт
Халықаралық
бейбітшілік ұйымын
құру идеясын ұсынған
1920 ж. Франция президенті
болып сайланды
Италиядағы фашистік
топтарды құрушы
АҚШ "Жаңа бағыт"
теориясын жасаушысы
ІІІ. Қорытынды жасау.
Тапсырма: Топ мүшелерімен кеңесе отырып «1914-1939 жж. Еуропа мен Америка елдеріндегі» елеулі өзгерісті жазады.
Соғыс тудырған революциялар дүмпуінен Романовтар, Габсбургтер, Гогенцоллерндер, Осман империясы қирады;
Отарлаушы державалардың тірегі әлсірей бастады, Еуропа мен Америка елдерінде дағдарыс басталды;
Тарихи аренаға Кеңестік Ресей, Финляндия, Польша, Венгрия, Чехословакия, Югославия мемлекеттері шықты;
Италия мен Германияда жаңа ағым - «Фашизм» дүниеге келді.