Білімділік: Оқушылардың «екінші дүниежүзілік соғыс» тарауы бойынша алған
білімдеріне шолу жасау, жинақтап қорытындылау.
Тәрбиелік: Оқушыларды басқыншылыққа қарсы тәрбиелеу, тарихи тұлғалардың ерлігін үлгі ету арқылы отансүйгіштік, елжандылық сезімдерін ояту.
Дамытушылық: Оқушыларды теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана білуге , өз ойларын нақты тарихи фактілермен дәлелдеуге үйрету, өздік ізденістерін, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Сабақтың өту жоспары:
І. Ұйымдастыру (оқушыларды топқа бөлу, ойын шарттарымен таныстыру)
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау - «Қазақстандықтар Ұлы Отан соғысында» /баяндама – аудандық жерлестеріміз /
ІІІ. Сайыс шарттары
«Ой ашар» (сұрақ-жауап)
«Қызығушылығын ояту»
А) «Елді тап» (кескін картамен жұмыс)
Ә) «Сиқырлы ұяшықтар»
Б) «Тарихты жақсы білеміз бе?»
В) «Ойлан, тап!» (суретпен жұмыс)
Г) «Тарихи сынақхат» (топ жетекшілерінің сайысы)
IV. Қорытындылау.
V. Үйге тапсырма беру:
Сайыс тапсырмалары:
«Ой ашар»
«Барыс» тобының сұрақтары:
Екінші дүниежүзілік соғыс қашан, қандай оқиғамен басталды?
Кеңес әскерлерінің қай қала түбіндегі жеңісі «неміс әскерлерінің жеңілмейтіні туралы» аңызды жоққа шығарды?
1939 жылы 30 қарашада кеңес әскері қай елге соғыс әрекетін бастады?
«Берлин – Рим - Токио» блогының негізгі мақсаты қандай?
1941 жылы «Ленд-лиз» (несие беру) туралы заң қай елде қабылданды?
«Болашақ» тобының сұрақтары:
Ұлы Отан соғысы қашан басталды?
КСРО мен бүкіл антифашистік коалицияның пайдасына шешілген түбегейлі бетбұрыстың бастамасы болған шайқас?
Солтүстік Африкада жеңісті соғыс қимылдарын жүргізген, «Шөл дала түлкісі» деген лақап атқа ие болған неміс қолбасшысы кім?
БҰҰ қашан құрылды?
Ауыр танкі кімнің құрметіне ИС деп аталған?
«Қызығушылығын ояту»
А) «Елді тап»
«Барыс» тобының тапсырмалары – Германия, Жапония, Италия, Польша, Испания
«Болашақ» тобының тапсырмалары – КСРО, Англия, Франция, АҚШ, Финляндия
Ә) «Сиқырлы ұяшықтар»
Қанатты сөздер
10
20
30
Тарихи тұлғалар
10
20
30
Соғыс жоспарлары
10
20
30
Тулар
10
20
30
«Қанатты сөздер» :
10 – «Ресей кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда – Мәскеу»
20 – «Біздің жүрегіміз темір емес.Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді
болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...»
30 – «Бір адым да кері шегінбеу»
«Тарихи тұлғалар»:
10 – Аудандық жерлесіміз, Днепрден алғашқылардың бірі болып өткен
жауынгерлердің бірі, Кеңес Одағының Батыры кім?
20 – Ленинград, Мәскеу қалаларын қорғауда, Курск шайқасы мен Берлин
операцияларында басшылық жасаған орыс қолбасшысы кім?