kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бен?азы - Д?ндібай м?дениеті

Нажмите, чтобы узнать подробности

Б?л саба?та Бен?азы - Д?ндібай м?дениеті туралы о?ушылар?а т?сінік бердім.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бен?азы - Д?ндібай м?дениеті»

Сабақтың тақырыбы:

Беғазы-Дәндібай мәдениеті
 Сабақтың мақсат-міндеттері:
Қола дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалдық, рухани мәдениеттің көрсеткіші – өнер туындыларымен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру;
Картаның көмегімен қола дәуіріне қатысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету; 
Беғазы-Дәндібай мәдениетінің рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өміріне алатын маңызды түсіне білуге тәрбиелеу;
Сабақтың типі:
Жаңа сабақ

Сабақтың түрі: Ойын сабағы

Сабақтың әдісі:  

Джексо әдісі (құрастыру)
Сабақтағы пән-аралық байланыс: Тарих, география, бейнелеу.
Сабақ көрнекілігі: оқулық, суреттер, , қола дәуірінің картасы, қосымша мәліметтер

Күтілетін нәтиже: Қола мәдениетінің ескерткіші Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы жан-жақты мағлұмат алады. Оз ойын түсіндіреді, сурет арқылы жеткізе алады.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу;

Кескіндемелер бойынша сыныпты топқа бөлу.

Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау;
Ынта-зейіндерін сабаққа аудару;


Ұйымдастыру  кезінде оқушылардың назарын сабақтын мазмұнына аударып, оның тартымды, қызықты жерлеріне көңіл аудару.

ІІ.Оқушы білімін тексеру.

  • Қола қалай жасалады?

  • Қола дәуірі қай кезеңдерді қамтиды.

  • Андрон мәдениеті деп неге аталған

  • Андрон мәдениеті Қазақстанның қай жерлерінде кездеседі.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Ә.Марғұлан туралы мәлімет беру. (Слайд арқылы.)

І-жұп. Беғазы –Дәндібай мәдениеті.

Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Осымәдениетке жататын үйлердің , жерлеу орындарының құрылыстары өте ірілігімен, тас қашау өнерінің жетілгенімен ерекшеленеді.Үйлердің қабырғалары бір-бірімен балшықпен байланыстырылып, ірі тастардан қаланған.

Беғазы-Дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі-обалар.

Андрондықтардан ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастармен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген.

Бұл мәдениетке жататын қыш құмыралардың ернеуі тік, бүйірі шығыңқы, түбі тегіс болып келеді. Ол көптеген өрнектермен безендірілген. Тарақ жұзді, үзік сызықты, үшбұрышты өрнек кездеседі.



ІІ-жұп. Беғазы –Дәндібай тұрғындарының кәсібі.

Қола дәуірінде қой, жылқы малдарының ,үй маңынан алысырақ көшіп-қону әдісі пайда бола бастады. Жалпы мал шаруашылығының жылқыны мініске, көлікке көп қолданды. Беғазы –Дәндібай қоныстары өзендердің жағасында,кейде көл жағалауларында орналасты. Олар әдетте,5-10, 20 шақты үйден тұрды.Үйлердің алып жатқан көлемі 300-400 шаршы метрге дейін жетті.

ІІІ-жұп.Тұрғын үйлері

Тұрғын үйлерді екі түрге бөлуге болады. Біріншісі жартылай жертөле үйлер, екіншісі жер бетіне салынған үйлер. Жертөле үйлердің қабырғасы таспен қаланып шегенделетін.Төбесін сырғауылдармен төртжаппа етіп жауып, содан соң арасын қурай, шөп араласқан шыбықтармен шегендеп тастаған. Жер үстіне салынған үйлердің қабырғаларын бойлай әр жеріне жуан сырғауылдар орнатылды.

Әр жұп өз салған суреттерін топтарына келіп бір-біріне түсіндіреді.

Топ мүшелері сурет арқылы қорғайды.



Қорытындылау.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті қайда орналасқан?

Негізгі кәсібі туралы не білдік?

Венн диограммасы.

Андрон мәдениетінен Тұрғын үйлерінің айырмашылығы неде?













Беғазы –Дәндібай мәдениетін зерттеуші ғалым туралы не білеміз.



Бағалау

Үйге тапсырма: Қола дәуірін зерттеуші Ә.Марғұлан реферат жазу





















Тақырыбы: Адам өмірінің қауіпсіздігі

Мақсаты: Азаматтық қорғаныс туралы түсініктерін кеңейту,азаматтық қорғаныстың негізгі міндеттері мен мақсаттарын ұғындыру.

Көрнекілік құралдар:Суреттер, АҚ журналдары.
Барысы:
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Қалың қазақ жұрты бүгін қос бірдей мерекені қарсы алып отыр. Бірі - жер-дүниені дүр сілкіндіріп, қуаныш сыйлай келген "жаңа күн", яғни көктемнің алғашқы айының алғашқы күні болса, екіншісі - дүниежүзілік азаматтық қорғау/қорғаныс күні.

Дүниежүзілік азаматтық қорғау/қорғаныс күні 1991 жылы ХАҚҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бекітілді және жыл сайын 1 наурызда аталып өтеді. Бұл дата 39 жыл бұрын, халықаралық азаматтық қорғаныс ұйымы құрылған күні күнтізбеге енгізілген. Оған 50-ге тарта ел кіреді. Қазақстан 1996 жылы ұйымға мүше болды.

Дүниежүзілік азаматтық қорғау күнін мерекелеу екі басты мақсатты көздейді:
- азаматтық қорғау маңызына әлемдік қоғамдастықтың назарын аудару және зілзалалар немесе апаттар болған жағдайда халықтың өзін-өзі қорғауға дайындығын арттыру;
- азаматтық қорғау саласының ұлттық қызметтерінің ерен еңбегін бағалау;

Елімізде бұл күнді алғаш рет 1998 жылы атап өтті, ХАҚҰ-ға кіргеннен кейін, дәстүрлі мерекеге айнала шықты. Бұл күндері еліміздің барлық өңірлерінде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы Азаматтық қорғаныс қызметтерінің рөлі мен міндеттері туралы кең ауқымды түсіндіру жұмысын жүргізуде.Азаматтық қорғаныс – жалпы мемлекеттік қорғану шаралар жүйесінің құрамдас бөлігі. Ол дұшпанның түрлі қаруларының, техногендік және табиғи апаттың негізгі факторларының халыққа әсерін әлсірету үшін құралған.
Бейбіт уақыттағы және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар туралы хабарлау жүйесі

Әрбір төтенше жағдайдың өз ерекшеліктері бар және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атқарылатын шаралардың нақты тізбесі бар. Сонымен қатар төтенше жағдайлар болған ретте адамдарды қорғау үшін қолданылатын іс - қимылдың жалпы жиыны болады, оған күнілгері және төтенше жағдай болғанда тікелей жүргізілетін шаралар қамтылады. Күнілгері жүргізілетіндері: берілген аумақта болуы мүмкін төтенше жағдайды болжамдау, ықтимал төтенше жағдайлардың шығындарын азайтуға бағытталған шаралар, төтенше жағдай болған кезде жүзеге асырылатын іс - қимылды жоспарлау, төтенше жағдайларда қолданылатын күш пен құралды дайындау, халыққа төтенше жағдайлардағы құлық ережелерін үйрету, төтенше жағдайларда болуы мүмкін материалдық қор жасау. Халыққа хабарлау дегеніміз су басу, орман өрті, зілзала, тасқын не басқадай дүлей апат туралы ескерту, болған апат не алапат туралы ақпарат беру. Бұл үшін байланыс, радио және теледидар құралдарының барлығы қолданылады. Уақыт – басты фактор. Төтенше жағдайларда оны зая жіберуге болмайды. Адамдардың тағдыры осыған көп байланысты. Қазақстан Республикасындағы радиотрансляция жүйесі кең тараған. Радиотрансляция торабы жоқ бірде - бір қала, ірі елді мекен жоқ. Кәсіпорындардың, оқу орындарының көпшілігінің өз радиоторабы бар.

Оқу орындарындағы АҚ - тың негізгі құрамалары құтқару командалары болып табылады. Олар зардап шеккендерді іздестіру үшін, оларды үйінділер астынан және зақымдану ошағынан алып шығуға; үйінділерді тазалауға; құлап жатқан қорғаныш құрылыстарын ашуға; зақымданушыларға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету мен оларды емдеу мекемелеріне тасымалдау үшін тағайындалады.

Сыныптарды топқа бөлу.

Су тасқыны, өрт, қар көшкіні, сел, дауыл, жер сілкінісі туралы оқушылар топ болып түсініктерін жеткізеді.

ЧС дегеніміз - Төтенше жағдай

1 топ. -Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік шараларды көрсету

2 топ.-Өрт кезіндегі қауіпсіздік шаралары.Күйік шалғанда қандай көмек көрсетіледі.

3 топ. -Дауыл соққандағы қорғаныс

4 топ.- Су тасқыны кезіндегі алғашқы көмек, үсік шалғандағы алғашқы көмек

Енді ортаға мектеп мед . бикесінің «қан қысымы көтерілгенде көрсетілетін алғашқы көмек» кеңесі тыңдалады.

Мектеп психологының «төтенше жағдай туындағанда өзімізді қалай ұстауымыз керек» кеңесі тыңдалады.


Қорытындылау:

Құрметті оқушылар сендер азаматтық қорғаныстың не екенін өздерің жақсы көрсетіп бердіңдер. Абайсызда осындай жағдайларға кезігіп жатсаңдар осы тәжірбиемізді өмірде қолданайық, әр кез бір бірімізге қорған болайық.Өзге жанды құтқару үшін өз өміріңді тәуекелге тігу әрине оңай емес. Құтқарушының әрбір жұмыс күні ерлікке пара-пар. Дегенмен, бұл жерде көзсіз батылдықтан гөрі кәсіби біліктілік қажет. Ендеше, көктемнің алғашқы күнімен қатар келген мереке құтты болсын! Елім дейтін айбынды азаматтарымыз қашанда аман болсын!















Әлтай Төлепбергенов атындағы орта мектебі.









Азаматтық қорғаныс сабағы.

Қатысқан: 10-11 сыныптар

Дайындаған: Рахатов Л.

2016 ж.




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Бен?азы - Д?ндібай м?дениеті

Автор: Дайырбекова Айдай Ержігіт?ызы

Дата: 19.05.2016

Номер свидетельства: 328611


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства