kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Бе?азы-Д?ндібай м?дениеті.?.Мар??лан.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Представленная разработка расчитана для учащихся шестого класса с казахским языком обучения.При составлении  урока соблюдены все методические требования.В разработку включены занимательные групповые задания.Білімділік:.О?ушыларды? топты?  ж?мыс шы?армашылы?ы ар?ылы  ?ола д?уіріне жататын археологиялы? ескерткіштерді сипаттай отырып, материалды?, рухани м?дениетті? к?рсеткіші – ?нер туындыларымен Бе?азы-Д?ндібай м?дениетіні? даму д?режесіні? белгісі ретінде таныстыру  ар?ылы ойлау, с?йлеу ?абілетін дамыту. ?рпа? санасына ?ла?атты ой ?ялату

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Бе?азы-Д?ндібай м?дениеті.?.Мар??лан. »




Князова Балзира Бакытжанкызы учитель истории средней школы №5,города Шалкар ,Актюбинской области

Сабақтың тақырыбы:Беғазы-Дәндібай мәдениеті.Ә.Марғұлан.

Мақсаты:

Білімділік:.Оқушылардың топтық жұмыс шығармашылығы арқылы Қола дәуіріне жататын археологиялық ескерткіштерді сипаттай отырып, материалдық, рухани мәдениеттің көрсеткіші – өнер туындыларымен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің даму дәрежесінің белгісі ретінде таныстыру арқылы ойлау, сөйлеу қабілетін дамыту. Ұрпақ санасына ұлағатты ой ұялату

Дамытушылық:.: Картаның көмегімен қола дәуіріне қатысты ескерткіштердің таралған аумағымен танысу, мәдени даму дәрежесін бағалап, талдап, ой қорыта білуге, ізденуге үйрету;

Тәрбиелік: Беғазы-Дәндібай мәдениетінің рухани және материалдық мәдениет ескерткіштеріне сүйене отырып, оқушыларды мәдениетті сүйіп, құрметтеуге, мәдениеттің адам өміріне алатын маңызды түсіне білуге тәрбиелеу;

Тәрбиелік: Жауапкершілікке, ізгілікке тәрбиелеу, елжандылық сезімге баулу.

Көрнекілік: Интерактивті тақта, сұрақтар жазылған тапсырмалар , сұлбалар мен кестелер.

Әдісі: Топтық жұмыс

Сабақты жүргізу барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі

II. 1.Оқушылар екі топқа бөлінеді

2. топтағы оқушылардың әрбір дұрыс жауабына смайлик беріп отыру

3. Соңында топтың жұмысын талқылау,көп ұпай жинаған топты бағалау.

I топ «Андрон мәдениеті»

II топ «Беғазы – Дәндібай мәдениеті»

1.Үй тапсырмасын сұрау (Сөз жұмбақ арқылы)

2.Кестені толтыру.

3.Тарихи диктант

4.Сергіту сәті

5.Топ басшыларына сұрақтар

6.Постер қорғау

7.Венн диаграммасы.







Сабақтың барысы:

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

. 1. Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы видео үзінді көрсету.

2. Әлкей Марғұлан туралы хабарлау

Бұл атау Орталық Қазақстандағы Беғазы және Дәндібай мекеніндегі обаларға байланысты қойылған. Беғазы-дәндібай мәдениетіне жататын жерлеу орындарының көпшілігі – обалар. Андроновтықтардың ерекшелігі: Беғазы-Дәндібай қорғандары биіктеу болып келеді және ұсақ қиыршық тастар мен топырақтан тұрғызылып, етегі үлкен қақпақтастармен бекітілген. Қола дәуірін жоспарлы зерттеу 1946 жылы басталды. Сол жылы қазақтың біртуар энциклопедист ғалымы Әлкей Хақанұлы Марғұлан көне дәуір тарихын зерттейтін археологиялық экспедиция құрды. Археологиялық топ Беғазы-Дәндібай мекенін 1947-1949 және 1952 жылдары жан-жақты зерттеді.

Беғазы-Дәндібай мәдениеті үш кезеңге бөлінеді

Өтпелі кезеңі:Атасу заманынан Беғазы-Дәндібай заманына дейінгі өтпелі кезең Атасу өзенінен Ертіске дейінгі байтақ далада таралған көптеген ескерткіштермен сипатталады. Олардың қатарына Ақсу-Аюлы-2, Ортау-2, Байбала-2, Бесоба, Бұғылы-3 кешендері жатады.

Дамыған кезеңі:Беғазы-Дәндібай мәдениетінің дамыған кезеңге жататындар:

Беғазы, Айбас-Дарасы, Аққойтас, Дәнбібай, Ортау-3, Саңғыру-1,-3 зираттары, Ұлытау, Шортанды бұлақ, Қарқаралы -1,-3 қоныстары және басқалары.

Соңғы кезеңі: Соңғы қола дәуіріне бейіттік құрылыстардан басқа Қарқаралы қаласы жанындағы Суықбұлақ, Қарақаралы, Ұлытау ауылының маңындағы, Қызылтаудағы Тағыбайбұлақ және басқа қоныстар жатады.

Әлкей Хақанұлы Марғұлан (1904-1985жж.) XX ғасырдағы аса ірі ғалымның бірі. Дүние жүзі ғылымында ол Қазақстан археологиясының және Қазақ археология мектебінің негізін қалаушы. Сондай-ақ, ол тарихшы, шығыстанушы, этнограф, әдебиетші-фольклорист, және аса ірі өнертанушы. Ә.Х Марғұлан XX ғасырдағы ең ірі – Шоқантанушы


Видео-ролик көрсету.Беғазы-Дәндібай мәдениеті туралы.








І. Сөзжұмбақ


1.Қазақ ғалымы,зерттеуші, тұңғыш академик кім?( Қ.Сәтбаев.)

2.Дене құрылысы жағынан андрондықтар кімдерге ұқсайды?(еуропеоидтыққа.)

3.Олардың басты кәсібінің бірі?( Мал бағу.)

4.Еуразия даласындағы қола дәуірінің жетістіктері қандаймәдениет деп аталады?(Андрон).

5.Қола дәуіріндегі ыдыс жасаудың ең бір дамыған түрі?(көзе құмыра.)

6.Андрондықтар қай өзеннің бойын қоныстанған?(Тобыл,)Ертіс,Есіл,Бұқтырма.)

7.Б.з.б.2800-б.з.б.900 жыл аралығын қамтыған дәуір?(қола дәуірі.)

8.Қоладан қандай бұйымдар жасай алған?(әшекейлер).

9.Андрондықтардың тасқасалынған суреттері қай жерлерден табылған?(Хантау,)Жасыбай,Таңбалы.)

10.Андрон мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қайселодан табылды?(Андрон селосынан.)

11.Сүзбе жасауғаарналған ыдыс?(Сүзгіш.)

12.Андрон мәдениетінің ерекшеліктерінің бірі? (Мал бағу кәсібінің көшпелі түріне қалыптасуы.)

13.Андрондықтардың сырт бейнесін зерттеуші?(В.И.Алексеев.)

14.Саз балшықты ыдыс жасауғане істеді?(пайдаланды.)


II. Дәптермен жұмыс.

3- тапсырма. Сергіту сәті




4-тапсырма.Андрон және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне тиісті ескерткіштері туралы баяндау.




5-тапсырма. Топ басшыларына сұрақтар

Тапсырмалар










6-тапсырма. Постер қорғау( екі топ Андрон және Беғазы Дәндібай мәдениеттерін қорғап шығады)

7-тапсырма..Венн диаграмма( екі топ Андрон және Беғазы Дәндібай мәдениеттерінің ерекшеліктерін салыстырады)

VI.Оқушыларды бағалау парағы бойынша бағалау.

VII.Үй тапсырмасы-тақырыпты оқу және тест құрастырып жазып келу.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 6 класс

Скачать
Бе?азы-Д?ндібай м?дениеті.?.Мар??лан.

Автор: Князова Балзира Бакытжанкызы

Дата: 20.12.2014

Номер свидетельства: 146178


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства