Дамытушылық: ойлау қабілетін, рухани байлығын дамыту.
(“Ата толғауы” күйі жаймен ойналып тұрады)
1-жүргізуші:Қош келдіңіздер, қымбатты қонақтар, оқушылар, ұстаздар! Жаңа заман талабы әрбір көкірегі ояу адамды толғантпай қоймайды.Өскелең ұрпақ сендерге артылар сенім жүгі ауыр екенін ұмытпаңдар. Жаңа ғасыр талаптарына сай болу үшін, ең алдымен салт-дәстүрлерімізді құрметтеп, аталар сөзін санамызға сіңіріп, халқымыздың өткен тарихын, рухани байлығын, әдет-ғұрпын білу қажет. «Бабалар сөзі – тәрбие көзі” демекші, біз шешен де, дархан халықтың, батыр бабаларымыздың ұрпағы емес пе?!
2-жүргізуші:Көп жасаған қария
Ақылы теңіз-дария.
Көп өнеге сөзі бар
Сөзі – соқпақ, өзі нәр.
Ата салты – ардақты,
Әрбір сөзі – салмақты.
Сол сөздерді ұқпасаң
Тістерсің бір күн бармақты.
1-жүргізуші:Бабалар сөзі - кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен-билерден, ақын-жыраулар мен сал-серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы.
Баубек пен Бауыржан батырлығы, Әлия мен Мәншүк ерлігі, Қаныш пен Әлкей білімі, Мұхтар мен Ғабит, Ғабидендердің үні, Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпаққа өнеге. Біздің ата-бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім-тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
2-жүргізуші: Осындай тамаша тақырыпты арқау еткен 6А сыныбының тәрбие сағатына хош келіпсіздер!
1-жүргізуші: Ертеде ауылдар бір-біріне қонысы жақын, іргелес орналасады екен. Ауылдардың арасында жорға жүріп, дорба жүріп, бір-бірінің қуаныштарымен бөліссе керек.Қойы қоралас, аяқ-табағы аралас ауылдардың тұрғындары бір-біріне жиі қонақ болып, қал-жағдайларын білісіп тұрады екен.
Жазғы демелыста сондай ауылдарға тап болған біздің 6А сыныбының оқушылары тамаша тағылым мен тәрбиеге куә болып қайтыпты.
2-жүргізуші: “Даналар ” ауылының балаларды қарсы алуы.
1 бала: Біз Арқалық қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы гимназияда оқимыз.Жазғы демалысты ауылда өткіземіз деп келіскен едік, сөйтіп сыныптасымыз Ерқанаттың атасы мен әжесінің ауылына келуді ұйғардық.
Қария -Әй, бәрекелді. Үнемі қаланың тас жолында табан тоздырғанша, бірауық ауылға бет бұрып тұрғандарың да дұрыс.
2 -бала: Шынымды айтсам ауылдың табиғаты да, күні де, тіпті түні де ерекше екен.
Үйдегі балалардың бірі: Дәм ауыз тиіп отырыңдар, қуыс үйден құр шықпа деген.Ырымға жаман болады./балалар дәм ауыз тиеді/
Қария:ауыл азаматтары қонақтарға, ауылдың алты ауызын айтып берейік, әу деп жіберіңдер.
/үй ішінде отырған балалар АУЫЛЫМ әнін хормен айтып береді/
3-бала: Ата біз асығыс едік құрметтеріңізге көп рахмет, рұқсат берсеңіз.
Қария: балаларым, өздерің жақсы оқитын оқу ордасынан екенсіңдер, мен сендерге 1-2 сауал қояйын, соған сендердің жауаптарыңды тыңдайын сосын рұқсатымды беремін:
Қария:- Арман деген не?
4-бала. Ата арман дегеніміз ақыл-ойдың шындығы. Құс -ұшсам дейді, бала
өссем дейді, қыз – көрікті болсам дейді, жігіт – бақытты болсам дейді,қарт– жүзге жетсем дейді, ұстаз – шәкіртіне үлгі болсам дейді.
Қария: Балам айтқаның дұрыс, сонымен қатар естеріңде болсын арманына адаспаған жетеді, адасқан арманына жете алмайды.Арманына ақылды жетеді, ақымақ бұл өмірден түңіліп өтеді.
Қария: - Дос табу оңай ма?
5-бала:Ата, дос табу ақылдыға оңай, ақымаққа қиын.
Қария: Жоқ балам, өмірде дос табу ақылдыға қиын, ақымаққа оңай. Досың ақылды болса, өзің дана боласың, досың бала болса, өзің шала боласың.
Ал, балаларым, көпшілік.
Балаларымыз сүйкімді болсын,
Өнер-білімге икемді болсын,
Бәйтеректей бойшаңданып,
Өнер, өршіл, өркенді болсын,
Жақсы жолды таңдасын,
Жамандық тәлім алмасын,
Даналардың дәстүрін,
Жаңаласын, жалғасын.
Шұғылалы шуақ күн кешсін,
Басын сұр бұлт шалмасын,
Қос топшысы талмасын,
Қырандай биік самғасын.
Ары адал, жаны жаз,
Құрбысынан қалмасын!
Абай, Жамбыл, Міржақып,
Шоқан, Ахмет, Мағжандай
Тасқа басқан таңбасын,
Мәңгілік артына із қалдырсын!
Әумин!
1-жүргізуші: Сөйтіп “Даналар ”ауылының тұрғындарымен қош айтысқан балалар келесі “Инабат ”ауылына келеді. Ауыл тұрғындары оларды зор қуанышпен қарсы алды.
/Балалар хормен/ Сәлеметсіздер ме?
Үйдегілер: Қош келдіңіздер, төрге шығыңыздар.
Балалар: рахмет.
Қария: қайдан келесіздер, қайда бара жатырсыздар?
1-бала: Біз биылғы жазғы демалысты асыға күткен едік. Себебі ауылдарға барып дем алып, қызықтарды көзімізбен көрсек, қарттармен жүздесіп пікірлессек деп армандадақ.
2-бала: Ауыл іші небір тамаша мен қызықтарға толы екен. Әсіресе үлкен кісілердің айтқан ақылдары мен баталарына тәнті болдық. Қарты бар үй, қазыналы үй деген рас екен.Біз сыныптасымыз Дамирдың атасы мен әжеснің ауылына арнайы келдік Азғантай сыйымызды қабыл алыңыздар.
3-бала. Өлең айтады:
4-бала: Ата сіз көпті көрген кісісіз, сізге сауал қоюыма болады ма?
Қария: әрейне балам қоя ғой. Қал-қадірімше жауап беріп көрейін.
5-бала:Ата үйде кім, елде кім қадірлі? Менің ойымша үйде ана, елде бастық қадірлі.
Қария: Жоқ балам, үйде қонақ, қарт, бала қадірлі. Елде хан, әкім, ұстаз қадірлі. Қонақты қадірлеуді бәрі біледі. Бала үйдің патшасы, балалы үй базар, баласыз үй қу мазар деген сөз бар қарғам.
6-бала: Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім? Ата, менің ойымша жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке емес пе?
Қария: - Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы,бала ақылды болса әкенің жұбанышы.
Үй иесі: дәм алыңдар, асықпай қонақ болыңдар.Дамиртайымның жолдастарынан нені аяйын, кешке ас ішесіңдер.
1-бала: Рахмет ата. Бізге айтқан өнегелі әңгімеңізге көп-көп рахмет. Балаларыңыз бен немерелеріңіздің ортасында қартаймай жүре беріңіздер.
Қария: Айналайын шырақтарым, өркендерің өссін. Мен сендерге бата берейін қол жайыңдар.Шыншыл болып ер жетсін,
Ақсақал болып төрлетсін,
Азамат болып көрікті,
Ғұмыры болсын берікті.
Азамат болсын ардақты,
Мінезі болсын салмақты,
Өнері болсын жан-жақты,
Осы айтқанның бәрі
Қабыл болып,
Алла берсін зор бақты!
Әмин.
2-жүргізуші: қос ауылдың қарияларынан бата алған балалар“Дархан ” ауылына жол тартады. Олар ауыл тұрғындарына арнап ән айтып, би билеп, түрлі ойындар ұйымдастырды.
1-оқушы: Қариялар қазынамыз, әрбір сөзі ақыл мен парасатқа толы, әр қарты ата бір дастан. Менің ойыма мына бір өлең шумақтарының ойыма оралып тұрғаны, көпшілікке оқып берсем қайтеді?
2-жүргізуші: Бабалар сөзі – кешегі өткен қариялардан, ғұлама ойшылдар мен шешен – билерден, ақын — жыраулар мен сал – серілерден мұра, мирас болып қалған ұлы тәрбие құралы. Біздің ата – бабаларымыздан бізге жеткен көптеген ұлағатты, ғибрат аларлықтай тамаша тәлім – тәрбие берерліктей өсиет сөздер бар.
Баланың рухани өсуіне ата мен әженің ықпалы зор. Олар ең алдымен балаға тіл игеруге көмектеседі. Көшеде жүргенде ортадан үйренген қолайсыз сөздерге тыйым салады. Бұның бәрі – тәрбие.
1-жүргізуші: Енді “Ескірмейтін есті сөз” айдары бойынша ойын-жарыс өткізіледі.Бұл бөлімге дайындалу балалардың өздеріне тапсырылған. Күнделікті өмірде ата-әжелерің, әке-аналарыңның айтып отыратын ырым мен тиым сөздер жарысын өткіземіз. Кім көп біледі екен?
1-бала: Отқа су құйма, түкірме. Себебі кезінде ата-аналарымыз отқа табынған. От өмір, тіршілік көзі саналған.
2-бала: Мал сүйегін отқа жақпа, ақты төкпе.Себебі тірі малдың сүйегі сырқырап, желіні іседі, малсыз қалып жоқшылыққа ұшырайды деген ұғым бар.
3-бала: Қазақ түнде мал, адам санамайды, себебі басың кемиді деп есептеген.
4-бала: Пышақтың жүзін жалама, пышақты кезенбе. Себебі пышақ ұзарып кетеді.
5-бала: Үйге қарай, үйді айналып жүгірме.
6-бала: Күлді, тұзды баспа, шашпа, аяғың ауырады.
7-бала: Жағыңды, беліңді таянба, тізеңді құшақтама. Тек қаралы адамдар ғана осылай отырады.
8-бала: Бас киіміңді лақтырма, теппе, басың ауырады.
9-бала: Нанды шашпа, баспа, нан - өмір нәрі.
10-бала: Туысыңа ит, пышақ сыйлама, себебі араз болып қалуың мүмкін.
11-бала: Өсек, өтірік айтып, жағымпаз, мақтаншақ болма.
12-бала: Үш күн айтта кір жууға, тырнақ, шаш алуға болмайды.
13-бала: Адамға ажал шақыратын мына ырымдар: Саусақты тарақтап, қолды көкірекке не желкеге қойып жатпайды. Мойынға бос арқан салмайды.
Қамшының өрімінен ұстап сабын жерге сүйретпейді. Жуылған киімді далаға оң қаратып жаймайды.
14-бала: Тәңертең міндетті түрде өз үйіңнен ораза ашып (тамақ ішіп) шық. Себебі “таңғы тамақ тәңірден” деген сөз бар.
15-бала: Дастарханды баспа, аттама.
16-бала: Сыпырғышты көкке көтеріп, баланы ұруға болмайды.
Міне осындай ырымдар мен тиымдарды еске сақтап,
орындап жүруіміз қажет.
(Музыкалық үзіліс)
2-жүргізуші: Енді біз мақал-мәтел айту түрінде сайысып көрсек. Мақалды біз бастаймыз, қонақтар жалғастырып аяқтайды. Егер қонақтар жалғастыра алмаса, кезекті оқушылар алады. Таңдап алынған мақалдар тіл, шешендік, ата-ана, ұл, қыз туралы айтылады.
(Мақалдардың бірінші бөлігін екі бастаушы кезек айтып, жалғасына жауап күтіп тұрады)
1. Таппасаң сөздің жүйесін ... (отына өзің күйесің)
2. Ақылдының сөзі қысқа, ... (көпке болар нұсқа)
3. Шешен сөз бастар, ... (батыр қол бастар)
4. Қылыш жарасы бітеді, ... (сөз жарасы бітпейді)
5. Көп ішінде сөйлеген, ... (ойға салмай сөйлеген)
10. Әке көрген оқ жонар ... (шеше көрген тон пішер).
11. Өткір тіл – дарын ,... (ұзын тіл жауың)
12. Тоқсан ауыз сөздің ... (тобықтай түйіні бар)
13. Тіл тас жарады,... (тас жармаса бас жарады).
14. Жігіт болсаң 7 жұрттың тілін біл ... ( немесе 7 түрлі ғылым біл)
1-жүргізуші: Міне, балалар, сендер тәлім-тәрбие аларлықтай “Бабадан қалған асыл сөздер” өте көп екен. Сондықтан да үлкендердің әр сөзіне зер салып, әр сөзінің астарына үңіле қарай білу керек. Әсіресе үйдегі ата-әжелеріңнің, ата-аналарыңның әр сөзін ұғып, кәрі адамдардың ақылын, өсиетін есте сақтаңдар.
Атам - кітап, мен - дәптер,
Ақыл толы сөзіне.
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме.
2-жүргізуші:Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас
Өмір – кітап – атамыз.
Беттері ашық ұдайы,
Оқылатын кітап ол.
Сырын ашып ұдайы
Тоқылатын кітап ол.
Назар аударып, тыңдағандарыңызға рахмет!
1-жүргізуші:Қымбатты қонақтар, оқушылар, ұстаздар«Бабалар сөзі – тәрбие көзі” атты тәрби сабағымызды аяқтаймыз.
Екеуі бірге: Дендеріңізге саулық, отбасылық бақыт тілейміз!Хош-сау болыңыздар.
Айымға шығаруға....
Бабалар сөзі-тәрбие көзі /тақырыпты үлкен етіп қызыл бояумен/
1.Атам - кітап, мен - дәптер,
Ақыл толы сөзіне.
Қызығам да әлбетте
Көшіремін өзіме.
2.Еш дүкенде сатылмас,
Тегін кітап атамыз.
Қанша оқысаң сарқылмас
Өмір – кітап – атамыз.
Беттері ашық ұдайы,
Оқылатын кітап ол.
Сырын ашып ұдайы
3. “Даналар ” ауылы /столдың үстіне қойылады, анық етіп шығарарсың/