жерін ?ор?ау?а, бейбітшілікті ны?айту?а т?рбиелеу. ?лы Отан
со?ысында ту?ан жерін ?ор?а?ан ?аза?стан азаматтары туралы
м?лімет беру. О?ушыларды? бойына патриотты? сезімін ояту. Саба?ты? т?рі: Т?рбие са?аты Саба?ты? барысы: І ?йымдастыру кезе?і: I кезе?: Шы?ысты? ?ос шынары: ?лия мен М?нш?кті? ?мірбаяны. II кезе?: Арулар отты жылдарда: Со?ысты? ал?аш?ы ?серлері. III кезе?: Ерлік отын алаулат?ан ?аза? ?ыздары (ерліктері туралы к?рініс). IV кезе?: Батырды? ?зі ?лсе аты ?лмейді (берілген ата?ы, батырлар жайлы шы??ан кітаптар, фильмдер). Сазгер Д.Тухмановты? ке?інен тарал?ан Саба?ты? к?рнекілігі: Слайд ?лия мен М?нш?к Кіріспе. М??алім с?зі:
Б?гінгі т?рбие са?аты ?лы Же?істі? 69 жылды?ына байланысты. Сан мы?да?ан ер азаматтарды? ?мірін ?и?ан ?лы Отан со?ысыны? ?лемдік тарихта?ы орны зор. Бес жыл бойы д?ниені д?рліктірген со?ыста небір жан?иярлы? ерліктер жасалды. Небір сын с?ттерде Отан ?шін от?а кеудесін тос?ан а?а ?рпа?ты? ?атарында ?аза? хал?ыны? батыр ?ыздары мен ?лдары да болды. Соны? ішінде Ке?ес Ода?ыны? Батыр ?ыздары Шы?ысты? ?ос шынары ?лия Молда??лова мен М?нш?к М?метова ту?ан жерді ?асиет т?тып, ата-мекенді арда?тау Отанын ?ор?ауда ?лкен ерлік к?рсетті. ?ан?а боял?ан даласы, а?ыра?ан анасы, жетім ?ал?ан балалар ?шін шай?асты.
Мен оны? т?нін с?йем, к?нін с?йем,
А?ынды ?зен, ас?ар тау, г?лін с?йемін.
Мен оны? ??діретті ?нін с?йем.
Бар ж?ндігін с?йемін ?ыбырла?ан,
Б?рі ма?ан Отан деп сыбырла?ан.
Бозтор?айы бол оны? шырылда?ан
Отан, Отан
Б?рінен биік екен,
Мен оны м??гілікке с?йіп ?тем,- деп а?ын М??а?али жырла?андай, ?рбір ?аза?ты? ж?регінде Отан туралы сезім жо?ары т?рады.
1-ж?ргізуші: Армысыздар ??рметті ?стаздар ж?не о?ушылар. Бізді? ?р?айсымызды? жадымызда ?зіні? ?шпес ізін ?алдыр?ан ?лы Же?іс к?ніне байланысты ж?ректен шы??ан е? шынайы ??тты?тауды ?абыл алы?ыздар. 2-ж?ргізуші:Жер бетіндегі барша ізгі ниетті адамзат екінші д?ниеж?зілік со?ысты? же?іспен ая?тал?анына 69 жыл толуына зор тарихи о?и?а ретінде атап ?ткелі отыр.
1-ж?ргізуші: ?здері?ізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым к?ні та??ы т?ртте бейбіт жат?ан елімізге Германия ойлама?ан жерден со?ыс ашты. Фашистік Германия ?ара?шылы?пен Совет Ода?ыны? шекарасын б?зып, басып кірді.
2-ж?ргізуші:Суы? хабар сол к?ні-а? байта? жерімізге жер-жерден, ауыл-айма?та?ы радиодан ?йгілі диктор Левитанны? ?уатты ?німен т?гел тарады (?нтаспадан Левитанны? ?нін естиді). Ер азаматтар
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы: «Бәріде Жеңіс үшін!!!Шығыстың қос шынары»
7 «Ә» сынып
Сынып жетекшісі: Таймаганбетова Г.У
Жаңаөзен 2014 ж
Тақырыбы: «Бәріде Жеңіс үшін!!!Шығыстың қос шынары»
Мақсаты: Жас жеткіншек ұрпақтарды Отан сүйгіштікке, ерлікке,
адалдыққа баулу. Ұлттық патриоттық сезімін қалыптастыру; елін,
жерін қорғауға, бейбітшілікті нығайтуға тәрбиелеу. Ұлы Отан
соғысында туған жерін қорғаған Қазақстан азаматтары туралы
мәлімет беру. Оқушылардың бойына патриоттық сезімін ояту. Сабақтың түрі: Тәрбие сағаты Сабақтың барысы: І Ұйымдастыру кезеңі: I кезең: Шығыстың қос шынары: Әлия мен Мәншүктің өмірбаяны. II кезең: Арулар отты жылдарда: Соғыстың алғашқы әсерлері. III кезең: Ерлік отын алаулатқан қазақ қыздары (ерліктері туралы көрініс). IV кезең: Батырдың өзі өлсе аты өлмейді (берілген атағы, батырлар жайлы шыққан кітаптар, фильмдер). Сазгер Д.Тухмановтың кеңінен таралған Сабақтың көрнекілігі: Слайд Әлия мен Мәншүк Кіріспе. Мұғалім сөзі: Бүгінгі тәрбие сағаты Ұлы Жеңістің 69 жылдығына байланысты. Сан мыңдаған ер азаматтардың өмірін қиған Ұлы Отан соғысының әлемдік тарихтағы орны зор. Бес жыл бойы дүниені дүрліктірген соғыста небір жанқиярлық ерліктер жасалды. Небір сын сәттерде Отан үшін отқа кеудесін тосқан аға ұрпақтың қатарында қазақ халқының батыр қыздары мен ұлдары да болды. Соның ішінде Кеңес Одағының Батыр қыздары Шығыстың қос шынары Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова туған жерді қасиет тұтып, ата-мекенді ардақтау Отанын қорғауда үлкен ерлік көрсетті. Қанға боялған даласы, аңыраған анасы, жетім қалған балалар үшін шайқасты. Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем, Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйемін. Мен оның құдіретті үнін сүйем. Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған Отан деп сыбырлаған. Бозторғайы бол оның шырылдаған Отан, Отан Бәрінен биік екен, Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,- деп ақын Мұқағали жырлағандай, әрбір қазақтың жүрегінде Отан туралы сезім жоғары тұрады.
1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар және оқушылар. Біздің әрқайсымыздың жадымызда өзінің өшпес ізін қалдырған Ұлы Жеңіс күніне байланысты жүректен шыққан ең шынайы құттықтауды қабыл алыңыздар. 2-жүргізуші:Жер бетіндегі барша ізгі ниетті адамзат екінші дүниежүзілік соғыстың жеңіспен аяқталғанына 69 жыл толуына зор тарихи оқиға ретінде атап өткелі отыр.
1-жүргізуші: Өздеріңізге белгілі, 1941 жылы 22 маусым күні таңғы төртте бейбіт жатқан елімізге Германия ойламаған жерден соғыс ашты. Фашистік Германия қарақшылықпен Совет Одағының шекарасын бұзып, басып кірді.
2-жүргізуші:Суық хабар сол күні-ақ байтақ жерімізге жер-жерден, ауыл-аймақтағы радиодан әйгілі диктор Левитанның қуатты үнімен түгел тарады (Үнтаспадан Левитанның үнін естиді). Ер азаматтар өздері сұранып майданға аттанады.
1-жүргізуші: Қазақтың қанында бар қайсарлықты сын сағатта қазақ қыздары да көрсетті. Қаршадай қазақ қыздары темір мәшинені жау шоғырына бағыттаған танкисттер Күлкен Тоқбергенова, Гүлжәмилә Талқанбаева, сержант Жамал Байтасовалар да болды.
Ән: «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» Айбергенова Айнұр 2-жүргізуші: Даламыздың даңқысың Балауса гүл балғын қыз. Жанын қиып, халқы үшін, Жанып түскен ақ жұлдыз.
1-ші оқушы: Гулназ. Әлия Молдағұлова. Қаһарман қыз Әлия Молдағұлова Қобданың жағасындағы Бұлақ ауылында 1923 жылы шамамен 15 маусымда Нұрмаханбет Сарқұлов пен Маржан Молдағұлованың отбасында өмірге келген. 1933 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін әжесі Тәжікеннің тәрбиесінде, апасының сіңлісі Сапурамен бірге тең дәрежеде жүрді. Нағашы ағасы Әубәкір қызмет бабымен Әулие-Атаға көшіп келеді. Сол жерде №11 темір жол мектебіне Әлия 1-ші сыныпқа 1934 жылы қабылданады. Молдағұловтар отбасы Мәскеуге көшіп келеді де Әлия мен Сапураны 1935 жылы №35 Мәскеу орта мектебіне береді. Сол жерде 1938 жылдың наурызына дейін оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Молдағұловтар Әлияны Ленинградтағы №46 балар үйіне береді. Ол №140 орта мектепте оқиды. Әлия бір беткей, әділетті шындықты көзге айтатын, қорықпайтын, сыныпта староста болған. Мектепте пионер вожатый қабырға газеті редакция алқасының мүшесі болған. Тәртібі мен білімі үшін «Артек» лагеріне жіберілді. Соғыс басталғанда Әлия комсомол қатарына қабылданды.
2-ші оқушы: Қайрат. Мәншүк Мәметова Жансығали қызы 1922 жылы 23 қазанда Орал обылысы, Жасқұтта Нарын ауданында туған. Отбасында 5-еу болған. Әке-шешесі қайтыс болғаннан кейін Алматыда апасының қолында болады. Мектепте оқиды, одан кейін Мединститутта оқиды. 1942 жылы Алматыдағы медицина институтын бітіріп, 1942 жылы тамызда соғысқа өзі сұранып аттанады.
3-ші оқушы: Шынар. Вятскіде 7-ші сыныпты бітірген Әлия - Рыбинск авиа техникумына түсіп, ұшқыш болып, жауға қырғындай тиюді көкседі. Бірақ бұл мамандықты игеру үшін көп оқу керек болды,ол майданға аттануға асықты. Үш ай оқығаннан кейін Қызыл әскер қатарына өтуге арыз берді. 1942 жылғы желтоқсанында үздік мерген атқыштар даярлайтын орталық әйелдер курсы ашылды. 17 жастағы Әлия сол курстың алғашқы тобына 1942 жылы өзі сұранып, әрең қабылданады. 1943 жылы 23 ақпанда оқуын аяқтап, алғы шепке кету арманына жетті. Әлия Солтүстік майданға келді. 4-ші оқушы:Жансұлу. Айнала орман алаң бір Тоқтаған атыс белеңде. Жалт ете қалды командир, Мергендер келді дегенде. Сәби ғой мынау бауырым, Ернінен уыз кетпеген, Балалық шақтың әлі бір, Балауса табы кетпеген. Жасаған екен батылдық, Жіберген адам мұны да, Жауынгер қане атың кім? Әлия Молдағұлова.
5-ші оқушы: Құралай. Отан қорғау жолыңда қаһармандығымен көзге түскен батыр апамыз Мәншүк Мәметова соғысқа өзі сұранып аттанды. Пулеметші болып «Максиммен» жауды топырлата қырды. Өзім өлсем де, Отаным аман болса екен,- деп армандады. Қазір Алматы қаласында Мәншүк Мәметова атындағы мектеп бар. Оның алдында батырдың бюсті түр. Мектептің ішіне кіріп, дәлізбен жүрсең, бір класстың маңдайшасында былай деп жазылған : «Бұл класста Мәншүк оқыған». Бір парта ақпен сырланған. Бұл партада Мәншүк отырған. Батырдың туған қаласы Оралда Мәншүкке орнатылған ескерткіші бар. Невель қаласында да ескерткіші бар. 5-ші оқушы:Қанат. Мәншүк. Сілкінтіп зеңбіректер жердің жүзін, Оқ борап, снарядтар қаққанда ызың. Қаптаған қалың жаудан тайсалмаған, Мен көрдім пилоткалы қазақ қызын. Қолында пулеметі «Максим» оның, Бойында күш-жігері тасқын оның. Ерлермен тізе қосып шабуылда, Оғымен қырғын майдан атты жолын. Көзінен ұшқын оттай лапылдаған, Жауына қанар тігіп, қатуланған. Отан үшін шайқаста ауыр күнде, Төнсе де өлім қаупі жасымаған.
2-жүргізуші: Сапура жаным! Халың қалай? Ауыл-ел тегіс аман ба? Қауырттау кезең боп әрқалай Қол тимей кетті-ау хат жазуға. (Әлияның Сапура әпкесіне соғыста жазған хаты). (Әлияның киімін киіп, қолында винтовкасы бар). «Сәлем саған Отаным Сәлеметсің бе, қымбатты сіңілім Сапура. Жиі-жиі хат жазамын деймін саған, бірақ жағдай мүмкіндік бермейді. Сенің жазған хатыңды алған соң бірнеше рет хат жаздым, оны алған, алмағаныңды білмеймін. Жақында менен ұзақ уақыт хат болмаса, таңданба, бұрынғы адреске жаза бер, себебін кейін хабарлармын. Көкеме, жеңешеме және басқа да туыстарға менен көп-көп сәлем айтып хат жазарсың. Егер көре қалсаң, мен үшін балалардың бетінен сүй. Өз денсаулығың, өмірің жайлы жиі хат жаз, көп жаз. Бетіңнен сүйдім Әлия». 1-жүргізуші: Елеңдеумен, келер деумен күндіз-түні, Қайран шеше, білсе уақыт озғанын. Жылдар бойы жүрді-ау үзбей үмітін, Бозаң белден күтіп қыршын боздағын. (Мәншүктің анасына жазған хаты. Мәншүк болып киініп, пулеметтің жанында тұрып, Мәншүктің хатын оқиды).
«Қымбатты мама». Көптен күткен хат пен посылканы тура алғы шепке жүргелі тұрған сәтте алдым. Бұл 1943 жылдың 10-шы қыркүйегі еді. Өзіме бір-ақ алма тисе де, мен қатты қуандым. Кішкене сыйлықты мен сияқты күткен жауынгерлер мен командирлер талап кетті. Үлкен рахмет. Жолымыз сәтті болды. Ал қазір, алғы шепте пулеметіммен фашистерді мықтап аңдудамын. Түнде мүлдем дерлік ұйықтамаймыз, ал күндіз тынығамыз. Міне, қалт еткен сәтті пайдаланып, сізге жауап жазып отырмын. Қымбатты әпкетай! Бүгін күндіз сәл тынығайын деп жатыр едім, бірден ұйықтап кетіппін. Сізді түсімде көрдім. Жалпы қазіргі өміріміз көңілді: фашистермен қару тілімен келіссөз жүргізіп жатырмыз.Жеңіспен оралған соң, айтатын нәрсе көп-ақ. Қолыңды қатты қысып, құшып сүйемін. Қызыңыз Мәншүк. Менің майдангер жолдастарым сәлем айтып жатыр.
1-жүргізуші: Көрініс: «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі». 1. Әлия Молдағұлова 2. Командир Попов 3. Жауынгерлер Майдан даласы, пулеметпен атысып жатқан дыбыстар естіліп тұрады. Немістер пулеметпен оқ жаудырып, бас көтертпей тұрады. Әлия Молдағұлова 54 атқыштар бригадасының мергені болып жүріп, талай ұрысты басынан кешіреді. Әлиялардың батальоны жауды Казачиха деревнясынан қуып, Новосоколник-Дно теміржолын кесіп тастау туралы бұйрық берді. Жауынгерлер қарсыласқан жау тобына лап қойды. Жаудың пулемет, зеңбірек, минометтері зарлап қоя берді. Рота командирі Попов еді. 1. К.П.- Отан үшін алға! (автоматы көтеріп алға ұмтылады, сол сәтте оқ тиіп құлап түседі). 2. Ә.М.- (Жүгіріп келіп командирдің басын сүйеді) Жолдас командир, жолдас командир көзіңізді ашыңызшы (командир жауап қатпайды). 3. Ә.М.- Автоматты қыз жолындағы жауды баудай түсіреді. Отан үшін алға! 4. Жауынгерлер -(қазақтың жаужүрек қызының артынан уралап ілеседі). Ура! Ура! Отан үшін алға! 5. Н.О.- (Әлияның оғынан жараланған.Әлияны артынан пистолетпен атады). 6. Ә.М.- (құлап бара жатып неміс офицерін атады). Бұл оның өлтірген соңғы немісі еді 7. Жауынгерлер - Бәрі де тыныш тұра қалады. Құлап жатқан Әлияның алдында ант береді; Қайталанбас қаһармандық көрсеткен қазақ халқының батыр қызының кегін жаудан алуға ант береміз. Отан үшін алға! 2-жүргізуші: Окоптың ішін шаң жапты, Екеуі де енді тұншықты. Әлия да атты, жау да атты, Екі оқтың даусы бір шықты. Бейнетаспадан майдан даласынан үзінді көріңіздер. Ән: «Әлия» Жайылхан Жауқазын 2-жүргізуші: «Бәріде Жеңіс үшін!!!Шығыстың қос шынары». Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта да есінде сақтайды. Олар Отан үшін, ел үшін құрбан болды.
1-жүргізуші:Бүгін осы күнге жете алмай, алапат майданда арманда кеткен азаматтарымызды басымызды иіп еске аламыз. 1минут үнсіздік.
2-жүргізуші:1945 жылдың 30-шы сәуірінде Рейхстаг үстінде Жеңіс жалауы желбіреді. Жеңіс! 8-мамыр Берлин де фашистік Германияның толық жеңілгені туралы құжатқа қол қойылды. 9 мамыр күні Жеңіс Мәскеуде тойланды.
1-жүргізуші:Қамықпаған қиындықтың түсінен, Қамықпаған қиындықтың түгінен. Өздеріңе жинап қырдың гүлінен, Бүгінгі ұрпақ - бақытты ұрпақ атынан, Құттықтаймыз Ұлы Жеңіс күнімен! Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар» Мүсілімов Нұрбол, Мұрат Жұмабек
Слайд. Жеңіс туралы! Қорытынды. Оқ пен оттан аман оралып, ортамызда жүрген аға ұрпақтың жауынгерлік және еңбектегі ерліктерін әрдайым мақтан тұтамыз. Елімізді ғана емес, Еуропаны фашизмнің қара түнегінен азат еткен ардагер ағаларымыз бен апаларымызды кейінгі ұрпақ - біз ешқашан ұмытпаймыз. Біз олардың алдында мәңгілік қарыздармыз. Сондықтан да біз Ұлы Отан соғысының ардагерлерін әрқашан қастер тұтамыз. Олардың ерлігі ешқашан естен шықпақ емес. «Батырдың өзі өлсе де, аты өлмейді». «Ақсақалдың ақ батасын құптаған, Марқасқалар айтқан сөзін жұптаған. Есенейге ел билетіп Ұлпандар, Қобыланды кеңес ал Құртқадан, Даласы кең осыншама салты бай, Өле сүйген сүйе алмаған жартылай. Қажет – жерде батыр қыздар туатын, Қайран менің қазақ атты халқым-ай», - деп Ақұштап Бақтыгереева жырлағандай Отанымыздың – өр сезім батыр қыздары. «Шығыстың қос шынары» - атты тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ұлы Жеңістің 69-ші көктемі құтты болсын!