Просмотр содержимого документа
«Ауыл шаруашылы?ын ?жымдастыру »
Үшқоңыр ауылындағы орта мектептің тарих пәнінің мұғалімі Рүстемова Сәуле
Сабақтың тақырыбы: Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру
Сабақтың мақсаты:
Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1927-1932 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін талдап, баға беру;
ұлт қайраткерлері мен үкіметтің солақай саясатына қарсы шыққан кісілердің іс-әрекеті негізіндерін талдау арқылы, оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру, шығармашылыққа баулу.
Оқушыларды ізденімпаздықпен, шығармашылықпен жұмыс істеуге ынталандыру, ұжыммен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Қайталау
Сабақтың типі:дәстүрлі емес
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Сын тұрғысынан ойлау (Эдуард де Бононың «6 қалпақ» әдісі) проблемалық,ұжымдық
Ұстаз: Құрметті қонақтар, оқушылар! Сабақтың тақырыбы Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Сабақтың мақсаты:
Республиканың ауыл шаруашылығын қайта құру негізінде 1927-1932 жылдардағы жүргізілген ұжымдастыру саясатының зардаптары мен нәтижелерін талдап, баға беру
Сабақты бастамас бұрын мен сіздерге бір аңыз айтқым келіп тұр.
«Ертеде бір қария өмір сүріпті. Оның еңбек етіп жатқан өз шеберханасы, отбасы, алты баласы болыпты. Күндердің күнінде қария дүниеден өтеді. Ал, балалары оның дүние мүлкін өзара бөлісіп алады. Тек шеберхана ішіндегі 6 түсті қалпаққа «иесі келіп, алар», - деп тиіспейді.
Күндер өтіп жатады, бірақ 6 қалпақтың иесі келмейді. Енді алтауы алты қалпақты бөліп алады. Арада көп жылдар өтеді. Қарияның әлгі балалары кездесіп, қалай өмір сүргендері және өз жетістіктеріне мақтану үшін жиналады.
«Ақ қалпақты» алған баласы үлкен лауазым иесі болған екен.
«Қара қалпақ» алған баласы өмірде ештеңеге қол жеткізбеген екен. Өйткені ол өмірдің тек қара жағын ғана көреді екен.
«Қызыл қалпаққа» ие болған баласы ерекше сезімге берілген өнер адамы болған екен.
«Сары қалпақ» иесі өмірде көп жетістікке қол жеткізіп, жақсы өмір сүріп жатыр екен. Өйткені қандай жағдай болмасын өмірдің тек жақсы, жағымды жағын көреді екен.
«Жасыл қалпақ» алған баласы шығармашылықпен жұмыс істейтін, ізденімпаз тұлға болып қалыптасқан екен.
«Көк қалпақты» кигені өз өмірінен сабақ алып, оны басқаға үйретіп, кез-келген үрдісті басқарып кете алатын «көшбасшыға» айналыпты.
Осы аңызды негізге ала отырып, сыныпты алты топқа бөліп, алты түсті қалпақты ұсынып отырмын.
«Жасыл қалпақ» иелері - Аралбаева Жібек, Саяхат Сұңқар. Оқиғаны шығармашылықпен, ерекше түрде баяндайды.
«Көк қалпақ» иелері – Мухтарова Арайлым, Боранбаева Асемай. Қорытынды жасап, алған білімдерін өмірде қолдану жолдарын ұсынады.
Ұстаз: Сөз «Ақ қалпақ» иелеріне беріледі.
Оқушылар өздері дайындаған слайдтар бойынша нақты деректерді баяндап береді. Мысалы: 1927 КОКП ХV съезінде ауыл шаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.
1928 жылы ОАК мен ХКК «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды. Ұжымдастыру мен отырықшыландыруды жүргізу үшін, жергілікті белсенділерге қосымша 8 мың жұмысшы – ұжымдастырушылар тартылды.
Келесі сөз «қара қалпақтыларға» беріледі. Бұл топта өздері дайындаған материалмен таныстырып өтеді.
Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру идеясы әуел бастан-ақ мейлінше қатаң жүргізіліп, жаппай қуғындау мен лаңкестікке ұласты.
Ақмола округінде сотталғандарды үй ішімен қоса 24 сағат ішінде жер аудару фактісі орын алды.
1930-1932 жылдары аштық етек алды.
Келесі сөз «қызыл қалпақ» иелерінде. Өз ақпараттарын қазақ әдебиеті пәнімен байланыстыра отырып, өле-жырлармен келтіреді. «Бесеудің хаты», Т.Рысқұловтың «Сталинге хатын» жан-жақты зерттеп, оқушыларды елжандылыққа шақырады.
Сөз кезегі «сары қалпақ» кигендерге беріледі.
Ұжымдастыру халыққа азап, қиындық әкелді. Бірақ біз осы жағдайдың өзінен жағымды жағын көруге тырыстық. Ұжымдастыру жылдары елді отырықшыландырды. Елдің бәрі бір деңгейде болды. Бұл да өз кезегінде тәртіп еді. Екіншіден ұжымдастыру жылдары МТС-тер құрылды. МТС-ға жұмысшы күші тартылды.
«Жасыл қалпақ» кигендерге сөз беріледі. Бұл топ өз тапсырмаларын ерекше кескіндермен, слайдтармен, видеоматериалдармен көрсетеді.
Келесі сөз «Көк қалпақ» иелеріне беріледі.
Ұжымдастыру барысында 2,1 млн адам аштықтан және түрлі аурулардан қаза тапты. Мал саны күрт азайды. Ұжымдастыруға қарсы қазақ жерінде 372 көтеріліс болды.
Қорытынды: Әр топқа 1 сұрақтан беріледі. (топ қысқаша , тез жауап қайтаруы тиіс)
Ұстаз сөзі: Құрметті қонақтар, оқушылар! Сабақ соңында біздің сіздерге тілегіміз «қызыл, сары, жасыл, көк қалпақ» иелері сияқты табыстан табысқа жете беріңіздер демекпіз.