Та?ырыбы: Астана- т?уелсіз ?аза?станны? бас ?аласы
Ма?саты: Астана ?аласыны? даму тарихы туралы білім алушыларды? білімін бекіту.
Міндеттері:
• Білімдік: ?Р астанасыны? ?алыптасуы туралы баяндай отырып, білім-білігін бекіту;
• Т?рбиелік: Егеменді елімізді? жетістіктері туралы айтып, білім алушыларды саяси саналылы??а, патриотты??а т?рбиелеу. Елін, жерін, тілін ??рметтейтін, ?з Отанын с?йетін азаматты ?алыптастыру.
• Дамытушылы?: Студенттерді? танымды? ?абілетін ?л?айту, ж?йелі ойлау ж?не саба?та ?здігінен ж?мыс істеу да?дыларын дамыту; тарихи о?и?аларды ба?алай білуге, ?тілген материалды ж?йелей білуге да?дыландыру.
Т?рі: бекіту саба?ы.
О?ыту ?дісі: ауызша баяндау, с?ра?-жауап, тал?ылау, зерттеу, салыстыру, жина?тау.
К?рнекіліктер: «Астана» мультимедиялы? дискі, Power Point ба?дарламасында жасал?ан презентациялар, с?зж?мба?тар, My-test ба?дарламалы? жабды?тау.
П?н аралы? байланыс: География, д?ниеж?зі таризы, саясаттану ж?не ?леуметтану негіздері, ?аза? ?дебиеті
САБА?ТЫ? БАРЫСЫ/ ХОД УРОКА
І. ?йымдастыру кезе?і. Білім алушыларды? к??ілін та?ырып?а аудару.
а) білім алушыларды психологиялы? дайындау
Жары? д?ниеде ?з ту?ан елі?нен арты? ел де, арты? жер де жо?.
?.М?стафин
Та?тада?ы ма?ал- м?телді о?ып, б?гінгі саба?ымызды? та?ырыбын т?сінген шы?армыз.
Сіздердікі д?рыс, біз б?гін сіздермен бізді? Отанымыз- ?аза?стан туралы, оны? басты ?аласы- Астана жайлы с?йлесеміз.
?ткен заман ?лде?айда алыста
?з уа?ытыны? аясында емес,
Осында, мені? ішімде.
?ткен заман-мен ?зім,
Ол-мені? ?мірім.
Х.Ортега-и-Гассет
ЖОСПАР
ІІ. ?ткен та?ырыпты ?айталау:
?й ж?мысын тексеру
а) Білім алушыларды ауызша тексеру.
?Р астанасы Астана Есіл ?зеніні? бойында орналас?ан. Елімізді? т?кпір- т?кпірінен м?нда адамдар келеді. Біреулер мемлекеттік ма?ызды с?ра?тарды шешуге келсе, ал жастар Астана?а о?у?а, біреулер-жай ?ана кезекті демалысын ?ткізуге келеді. Со??ы жылдарда ?ала танысмастай ?згерді. Ж?здеген жа?ашыл з?улім ??рылыстар, онда?ан мектептер мен институттар бой т?зеді. Астана жылдан жыл?а жа?саруда. Оны? тарихы ?андай екен?
1. ?аланы? негізі ?ашан ?аланды, ?айсысы бізді? астанамыз? (1862 жылы 7 мамыр. А?мола)
2. Ол ертеде ?алай аталды? (А?мола бекеті)
3. А?моланы? ата ж?рты болып ?ай орта?асырлы? ?ала саналады? (Бозо?)
4. ?ала 1961 жылдан 1992 жыл?а дейін ?алай аталды? (Целиноград)
5. ?андай уа?ыт аралы?ында ?ала А?мола атауын ?станды? (1992-1998 жж)
6. А?мола ?аласы Астана атауын ?ашан алды? (1998 жылы 6 мамыр)
?) Білімді к?н талабына сай ету.
«Бас?атыр?ы ала?ы»
4. Білімді бекіту.
а) «Ойды жал?астыр»
1) 1920-1924 жылдары ?аз АКСР-ні? астанасы бол?ан-. (Орынбор)
2) ?ызылорда ?аласы астана ролін ат?ар?ан жылдар- (1924-1928 ж.ж.)
3) 1998 жылы алтыншы мамырда ?аза?стан Республикасы Президентіні? жарлы?ына с?йкес аталатын болды-. (А?мола-Астана)
4) 1998 жылы 10 маусымда.- (жа?а астананы? халы?аралы? т?саукесері ?тті).
?) «?атені тап» ойыны
1) Бозо?, А?мола бекінісі, А?мола, Целиноград, Астана- ?азіргі астананы? тарихи даму сатылары (Бозо?, А?мола бекінісі, Целиноград, А?мола, Астана)
2) 1998 жылы 10 желто?санда А?мола ресми т?рде ?аза?станны? астанасы деп жарияланды. (1997 жылы)
3) 1996 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан А?мола?а к?шіру туралы шешім ?абылдады. (1997 жылы)
4) 1974 жылы ты? жерлерді игеру басталды. (1954 ж.)
б) My-test ба?дарламасы ар?ылы білім алушыларды тестілеу
1. «?аза? КСР-ні? мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» ?ашан ?абылданды?
А) 1990 ж. 25 ?азан
В) 1991 ж. 25 ?азан
С) 1992 ж. 25 ?азан
D) 1993 ж. 25 ?азан
Е) 1995 ж. 25 ?азан
2. Астананы А?мола ?аласына к?шіру туралы шешім ?абылдан?ан жыл.
А) 1997 ж 4 ?азан
В) 1996 ж 1 желто?сан
С) 1998 ж 12 маусым
D) 1994 ж 6 шілде
Е) 1995 ж 15 ?ырк?йек
3. ?аза? КСР-і ?аза?стан Республикасы болып ?ашан ?згертілді?
А) 1990 ж. 27 с?уір
В) 1990ж. 25 ?азан
С) 1991ж. 1 желто?сан
D) 1991 ж. 10 желто?сан
Е) 1991 ж. 21 желто?сан
4. 1961 жылдан бастап А?мола ?аласы жа?а атау алды. Оны ?алай деп атай бастады?
А) Астана
В) Бозо?
С) Целиноград
D) А?мола
Е) А?мола бекінісі
5. ?ай уа?ыт аралы?ында ?аза?стан Республикасыны? астанасы Алматы ?аласы болды?
А) 1928-1997 жж.
В) 1924-1928 жж
С) 1920-1924 жж
D) 1925-1991 жж
Е) 1929-1933 жж
6. «Халы? ?а?арманы» ж?не «?асыр адамы» жо?ары ата?ын иеленген ?айраткер:
А) ?.?айсенов
В) Т.Бигельдинов
С) Т.?уб?кіров
D) С.Н?рма?амбетов
Е) Р.Ба?ланова
7. 1924-1928 жылдар аралы?ында астана бол?ан ?ала ?айсысы
А) Алматы
В) ?ызылорда
С) Орынбор
D) А?мола
Е) Верный
8. ?аза?стан-2030 жылы ?анадй ел болады?
А) Дамы?ан капиталистік елдерді басып озады
В) Д?ние ж?зіндегі е? бай ел болады
С) ?арышты игеруде интенсивті жол?а т?седі
D) ?иыншылы?ты же?іп, дамуды? келесі сатысына ?теді
Е) ?иыншылы?ты же?еді
9. «?аза?стан-2030» жолдауы ?ашан жарияланды?
А) 1997 ж 14 ?араша
В) 1999 ж 4 наурыз
С) 1998 ж 31 мамыр
D) 1997 ж 10 ?азан
Е) 1996 ж 29 желто?сан
10. «?аза?стан Республикасы мемлекеттік р?міздері туралы» жарлы?ына толы?тырулар мен ?згертулер ?ашан енгізілді?
А) 2006 ж. 7 ?а?тар
В) 2003 ж. 7 ?а?тар
С) 2000 ж. 7 ?а?тар
D) 1995 ж. 7 ?а?тар
Е) 1993 ж. 7 ?а?тар
11. Д?ние ж?зі ?аза?тарыны? т???ыш ??рылтайына ?лемні? ?анша елінен отандастарымыз келді?
А) 13 елінен
В) 19 елінен
С) 27 елінен
D) 9 елінен
Е) 10 елінен
12. ?аза?стан халы?тарыны? т???ыш форумы ?ашан ?ткізілді?
А) 2006 ж. 7 ?а?тар
В) 2003 ж. 7 ?а?тар
С) 2000 ж. 7 ?а?тар
D) 1995 ж. 7 ?а?тар
Е) 1993 ж. 7 ?а?тар
?) Ба?алау
5. ?орытынды.
Белгілі а?ылшын философы ж?не тарихшысы А.Тойнби «Тарих та?ылымы» деген кітабында ?лтты? мемлекетті? негізін ?алаушылар астаналарын к?біне-к?п орталы?тан та?дайды, ?йткені б?л ?кімшілік ?ызмет ?шін ?те тиімді деп орынды жаз?ан. («К?ркемсуретті ?аза?стан тарихы» 4т. 159 бет).
?лы адамдар ?з ескерткішіні? т??ырын
?зі орнатады, ал м?сінін болаша? со?ады.
В.Гюго
Елбасыны? ?аза?стан хал?ына Жолдауында былай делінген: «.Біз Сарыар?аны? сайын даласына с?улеті мен д?улеті келіскен Астана салды?. Есілді? жа?асына серпінді дамуымызды? символы бол?ан е?селі Елорда ?ондырды?. Хал?ы тату-т?тті, саясаты сарабдал елді? ?ана ?азынасы ?ыруар, болаша?ы баянды болады. ?аза?станны? халы?аралы? резерві б?гінде 60 миллиард доллар?а жуы? ?аржыны ??райды. Ырыс – ынтыма??а жолы?ады, д?улет – бірлікпен толы?ады.».
6. ?й тапсырмасы
Астана ?аласыны? ма?ызды ескерткіштері туралы а?парат (К?пес Казанцевті? ?йі, жасыл мешіт, Александро-Невская шіркеуі, ?алалы? бас?арма ?имараты, к?пестік ?йлер) даярлау.
Білім алушылар! Біз елімізді? тарихына саяхат жасады?. Біз тарихты? ?лкен кітабы беттеріні? бір бетін ?ана ашты?. ?рбір адам ?шін тарихты білу, ?сіресе ?з Отаныны? тарихын білу ма?ызды. Саба?ымызды ая?тай келе астанамыз туралы ?нді ты?даса?.
а) «Астана» ?ні ты?далады
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Астана- т?уелсіз ?аза?станны? бас ?аласы»
Дайындаған оқытушы
________Ахметова А.Т.
Тақырыбы: Астана- тәуелсіз Қазақстанның бас қаласы
Мақсаты: Астана қаласының даму тарихы туралы білім алушылардың білімін бекіту.
Міндеттері:
Білімдік: ҚР астанасының қалыптасуы туралы баяндай отырып, білім-білігін бекіту;
Тәрбиелік: Егеменді еліміздің жетістіктері туралы айтып, білім алушыларды саяси саналылыққа, патриоттыққа тәрбиелеу. Елін, жерін, тілін құрметтейтін, өз Отанын сүйетін азаматты қалыптастыру.
Дамытушылық: Білім алушылардың танымдық қабілетін ұлғайту, жүйелі ойлау және сабақта өздігінен жұмыс істеу дағдыларын дамыту; тарихи оқиғаларды бағалай білуге, өтілген материалды жүйелей білуге дағдыландыру.
Түрі: бекіту сабағы.
Оқыту әдісі: ауызша баяндау, сұрақ-жауап, талқылау, зерттеу, салыстыру, жинақтау.
Көрнекіліктер: «Астана» мультимедиялық дискі, Power Point бағдарламасында жасалған презентациялар, сөзжұмбақтар, My-test бағдарламалық жабдықтау.
Пән аралық байланыс: География, дүниежүзі таризы, саясаттану және әлеуметтану негіздері, қазақ әдебиеті
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ/ ХОД УРОКА
І. Ұйымдастыру кезеңі. Білім алушылардың көңілін тақырыпқа аудару.
а) білім алушыларды психологиялық дайындау
Жарық дүниеде өз туған еліңнен артық ел де, артық жер де жоқ.
Ғ.Мұстафин
Тақтадағы мақал- мәтелді оқып, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын түсінген шығармыз.
Сіздердікі дұрыс, біз бүгін сіздермен біздің Отанымыз- Қазақстан туралы, оның басты қаласы- Астана жайлы сөйлесеміз.
Өткен заман әлдеқайда алыста
Өз уақытының аясында емес,
Осында, менің ішімде.
Өткен заман-мен өзім,
Ол-менің өмірім.
Х.Ортега-и-Гассет
ЖОСПАР
ІІ. Өткен тақырыпты қайталау:
Үй жұмысын тексеру
а) Білім алушыларды ауызша тексеру.
ҚР астанасы Астана Есіл өзенінің бойында орналасқан. Еліміздің түкпір- түкпірінен мұнда адамдар келеді. Біреулер мемлекеттік маңызды сұрақтарды шешуге келсе, ал жастар Астанаға оқуға, біреулер-жай ғана кезекті демалысын өткізуге келеді. Соңғы жылдарда қала танысмастай өзгерді. Жүздеген жаңашыл зәулім құрылыстар, ондаған мектептер мен институттар бой түзеді. Астана жылдан жылға жақсаруда. Оның тарихы қандай екен?
Қаланың негізі қашан қаланды, қайсысы біздің астанамыз? (1862 жылы 7 мамыр. Ақмола)
Ол ертеде қалай аталды? (Ақмола бекеті)
Ақмоланың ата жұрты болып қай ортағасырлық қала саналады? (Бозоқ)
Қала 1961 жылдан 1992 жылға дейін қалай аталды? (Целиноград)
Қандай уақыт аралығында қала Ақмола атауын ұстанды? (1992-1998 жж)
Ақмола қаласы Астана атауын қашан алды? (1998 жылы 6 мамыр)
ә) Білімді күн талабына сай ету.
«Басқатырғы алаңы»
Ал қазір сіздер дайындап келген сөзжұмбақ сұрақтарын тауып, жауап беруді сұраймын. Білім алушылар үйде сөзжұмбақтар, тарихи домино, хронологиялық лото дайындауға тиіс еді. Бүгінгі күнге тапсырыс топтық жұмыспен берілген. Мұнда білім алушылар оқулық, карта, қосымша материаолдарды пайдалана алады. Кілттік сөз -
«Астана» сөзжұмбағы (Бозоқ тобы)
1995 ж. 3 шілде күні «Тәуелсіздік ескерткішін» орнату туралы шешім қай қалада қабылданды? (Алматы)
1994 ж. шілдеде ғарышқа ұшқан «Союз ТМ-19» ғарыш кемесінің борт инженері кім? (Мұсабаев)
1755 ж. патша өкіметінің қудалауы және Қазақ жерінен қорғаныс тауып, кейін елге оралған 50 мың халық қай халық? (башқұрт)
1998 ж. қарашадан «Ақ жол» қоғамдық қозғалысының жетекшісі кім? (Оразалин)
1997 ж. 17-21 қыркүйек арасында Өзбекстан және НАТО әскери бөлімдерінің қатысуымен әскери жаттығулар қай облыс территориясында өткізілді? (Шымкент)
Бейбітшілік қаласы атағын алған қала (Астана)
«Астана» сөзжұмбағы (Ақмола бекінісі тобы)
1972 ж. салынған электр станциясы. (Қапшағай)
Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея Республикасының корпорациясы (Самсунг)
1990 ж. тамызда құрылған «Единство» қозғалысы қандай ұйым болған? (ұлтаралық)
1990 ж. құрылған азаматтық қозғалыс (Азат)
1964-1986 ж. Қазақстанды басқарған мемлекет басшысы- (Қонаев)
Конституция бойынша мемлекеттік құрылым жағынан Қазақстан қандай мемлекет? (унитарлы)
«Ақмола» сөзжұмбағы (Целиноград тобы)
Жоңғар шапқыншылы кезінде қол бастап ерлік көрсеткен батыр, әрі дипломат Бөгенбай батыр қай рудан шыққан? (Қанжығалы)
«Тамыз бүлігі» қай партияның тарауына әкелді? (Коммунистік)
Хорезм билеушілері қыпшақтарды әуелі олардың ақсүйектерін қай дінге кіргізу арқылы олардың тәуелсіздігін жоюға ұмтылды? (ислам)
Кезінде «Кіші Қазан» идеясын ұсынған-(Голощекин)
Конституция бойынша мемлекеттік құрылымы жағынан Қазақстан қандай мемлекет? (унитарлы)
Қазақтың тұңғыш инженері- (Тынышпаев)
«Астана» сөзжұмбағы (Ақмола тобы)
1997 ж. астана Ақмолаға қай қаладан көшірілді? (Алматы)
Қазақстанға отарлау саясаты жүргізген империя? (Ресей)
Мемлекетпен, халықтың, әлемнің хронологиялық дамуын зерттеуші ғылым? (Тарих)
ҚР алғашқы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың туған жері? (Қаскелең)
Астанасы Орхон қаласы болған ортағасырлық дамыған мемлекет? (Найман)
Моңғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған алғашқы мемлекет? (Ақорда)
ІІІ. Жаңа тақырыпты зерделеу
а) «Бозоқ», «Ақмола бекінісі», «Целиноград», «Ақмола» шығармашылық топтарын құру.
Бозоқ қалашығы
ҮІ-ҮІІ ғасырларда Ақмола облысының территориясында күшті бірлестіктер пайда болды.
Түрік және Батыс түрік қағанаты. Х-ХІ ғасырларда өз астанасы, қалалар мен бекіністері бар ірі Қыпшақ хандығы құрылды.
1820 жылы Ресейдің императорлық “Сибирский вестник” журналында инженер Иван Шангиннің күнделігі жарияланды. Онда Есіл мен Нұра өзендерінің арналарын зерттеген кезінде Шангиннің ежелгі қаланың қалдықтарын тауып алғаны туралы айтылады. Содан шамамен 180 жыл өткенде, 1999 жылы К.Ақышев басқарған археологиялық экспедиция Астанадан 15 км жерде орналасқан және жұмыс жүргізу мақсатында “Ақжол” деп аталған осы қаланы қазбалауды бастады. Оның шын аты “Бозоқ” болып шықты. Қаланың барынша өркендеген тұсы біздің заманымыздың Х-ХІ ғасырларына тұс келгені анықталды. Археологтардың пікірінше, қала қыпшақ хандарының бас ордасы немесе қонысы ретінде қызмет еткен.
Бозоқ үш бөліктен тұрады-орталық бөлігі және шет жақта, орлар мен жарлардың қоршауында орналасқан екі бөлігі. Дөңес жерде тұрған орталық бөлігінде кесенелер мен мұнара орналасқан. Бұл құрылыстар орталықазиялық сәулет өнерінің үлгілері болған. Мұнарада қашалған безендірім суреттерінің үш белдеуі болып, олар аспанды, жерді және жер асты дүниесін рәміздеп бейнелеген. Қаланың басқа бөліктерінде тұрғын үйлер, қолөнер шеберханалары және басқа да құрылыстар жайғасқан.
Ортағасырлық Бозоқ қаласын Ақмоланың тікелей бабасы деп санауға болады, ал оның соңғы ұрпағы қазіргі Қазақстанның бас қаласы- Астана болып табылады.
(Фильм )
Ақмола бекінісін құру туралы шешім
1822 жылы Александр Бірінші Сіз бір қырғыздары туралы жарғы қабылдайды.
Құрылыс аяқталғанннан кейін, 1832 жылғы 22 тамызда Ақмола приказы мен сыртқы округ ресми түрде ашылды. Ашылу салтанатында сәйге, күрес, ақындар айтысы өткізілді. Барлық зеңбіріектерден 31 дүркін артиллерия салюті атылды.
Уақыт өте берді, бекіністің маңайында адамдар келіп қоныс теуіп, болашақ Ақмоланың аудандары түзіле бастады. Қала екі мектептен-казак мектебі мен мешіт жанындағы медреседен, бір май қорытатын кәсіпорыннан, екі ұстаханадан, екі нан өнімдерін сататын дүкеннен, бір шарап жертөлесі мен он бір ішімдік мекемесінен басталған еді. Бірте-бірте өсе келе, бекініс 1845 жылы Ақмола бекетіне айналды.
Уақыт өте келе шағын әскери бекініс шағын қалаға айналды. Саудагерлердің жалпы саны - 1236 адамға жетті. Қала мәртебесі Ақмола станицасына Ресей империясының Ішкі істер министрлігінің 1862 жылғы 7 мамырдағы шешімімен берілді. 1869 жылы Ақмолада 5172 адам тұрды, ал 1910 жылы халық саны түрлі ұлттағы 13 000 санға жетті. Тұрғылықты халықтар мен өзге азия халықтарының өкілдері шамамен 228 мың және шамамен 1 миллион адам Ресей мен Украинадан болды.
Целиноград
Кішкене қаланың тарихында ең елеулі кезеңдерінің бірі КСРО партиясы мен үкіметінің тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қабылдауымен басталды. 1954 жылғы 2 наурызда Алматыдан еріктілер мінген бірінші эшелон, ал 5 наурызда - мәскеулік тың игерушілер эшелоны келді. Деректерге сәйкес 1952-1958 жылдар кезеңінде Ақмола облысына 270 мың адам келеді.
Тың жерлерді игеруге орай Ақмола облысы елдің ең басты астықты аймағына және ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың ірі орталығына айналды. Ал 1961 жылдан бастап қала Целиноград атала бастады.
Тұрғындар саны күрт өсті. 1961 жылы қалалық тұрғын үй қоры 115 мың адамға 600 мың шаршы метрді құрады. Жарты жыл ішінде құрылысшылар 650 пәтерді, 4 бес қабатты мектеп ғимаратын іске пайдалануға беріп, жеті қабатты Кеңестер Үйінің құрылысын салуға дайындықты бастады.
1962 жылдың соңына қарай тағы 8 көп пәтерлі үй мен 2 бес қабатты мектеп тұрғызылды. Бір жылда тұрғын үй қоры 115 000 шаршы метрге артты.
1963 жылғы 1 маусымда жаңа ықшам ауданның («А» ықшам ауданы, қазір Целинный) алғашқы іргетасын қалау салтанатты жағдайда болып өтті. Мәскеулік құрылысшылардың тулар мен транспоранттар ұстаған шеруі бүкіл қаланы жарып өтті.
Сонымен қатар екі көпір салынды. Біріншісі көлікке арналған, екіншісі қаланы саябақ аймағымен, жағажаймен және целиноградтық балалардың басты қызығы-балалар темір жолымен байланыстырды.
Ақмола
Бір уақытта КПСС ОК бас хатшысы Никита Хрущевтың идеясы өмірге енбей қалып еді - астықты өңірлің ресми астанасы ретінде қала болмады. Бірақ ол қазір Тәуелсіз Қазақстанның жаңа астанасы бола білді. Осы жоғары мәртебені қалаға күтуге, тарихи шамамен қарасақ, аз уақыт қана қалып еді. 1992 жылы Целиноград қайта Ақмола атана бастады. Ал 1994 жылғы 6 шілдеде Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы қаулысы қабылданады. Бұл күн ресми түрде Астана Күні деп жарияланды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдайды. Ол қаланың ел ортасында тиімді геосаяси орналасуымен, ірі көлік жолдарының қиылысында орналасуымен, қажетті көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымдардың болуымен, астананы дамыту үшін бос жерлердің болуымен негізделді. Қалада ол кезде 319 мың адам болды. Қала аумағы 1997 жылы 258 шаршы км. болды, ал бүгінде Астана 710,2 шаршы км. құрайды.
1997 жылғы 5 сәуір- Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Ақмоланы дамытудың стратегиялық мақсаттары тікелей инвестицияларды тарту мақсатындағы Қазақстан Республикасы экономикасының басым бағыттарының тізіміне енгізілді.
Астана
1998 жылы алтыншы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес Ақмола Астана болып аталатын болды. 1998 жылы ЮНЕСКО шешімі бойынша Қазақстан астанасына медаль беріліп «Әлем қаласы» жоғары атағы берілді. Бүгінгі күні Астана - қазіргі заманның саяси, экономикалық және әлеуметтік - мәдени проблемалар бойынша түрлі кездесулер өткізілетін, көптеген шетелдік инвестициялар тартылатын, сәулет өнерінің біртуар туындылары көтерілетін және ең батыл идеялар өмірге енетін еуразиялық кеңістік орталығы.
Қазақстанның жаңа астанасының келбетінде терең саяси, рухани және философиялық мән жатыр. Бұл жай ғана қазіргі заманғы мегаполис қана емес, біздің мемлекетіміздің қайта тууының, жаңару мен Қазақстан халқының терең де дәл руханилықты иелену белгісі. Астана қазақстандықтардың барлық буынының арманы, үміті мен келешегі байланысқан қала болды.
4. Білімді бекіту.
а) «Ойды жалғастыр»
1) 1920-1924 жылдары Қаз АКСР-нің астанасы болған- ... (Орынбор)
2) Қызылорда қаласы астана ролін атқарған жылдар- (1924-1928 ж.ж.)
3) 1998 жылы алтыншы мамырда Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығына сәйкес аталатын болды-... (Ақмола-Астана)
4) 1998 жылы 10 маусымда ...- (жаңа астананың халықаралық тұсаукесері өтті).
ә) «Қатені тап» ойыны
1) Бозоқ, Ақмола бекінісі, Ақмола, Целиноград, Астана- қазіргі астананың тарихи даму сатылары (Бозоқ, Ақмола бекінісі, Целиноград, Ақмола, Астана)
2) 1998 жылы 10 желтоқсанда Ақмола ресми түрде Қазақстанның астанасы деп жарияланды. (1997 жылы)
3) 1996 жылы 6 шілдеде астананы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылдады. (1997 жылы)
4) 1974 жылы тың жерлерді игеру басталды. (1954 ж.)
б) My-test бағдарламасы арқылы білім алушыларды тестілеу
«Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қашан қабылданды?
А) 1990 ж. 25 қазан
В) 1991 ж. 25 қазан
С) 1992 ж. 25 қазан
D) 1993 ж. 25 қазан
Е) 1995 ж. 25 қазан
Астананы Ақмола қаласына көшіру туралы шешім қабылданған жыл.
А) 1997 ж 4 қазан
В) 1996 ж 1 желтоқсан
С) 1998 ж 12 маусым
D) 1994 ж 6 шілде
Е) 1995 ж 15 қыркүйек
Қазақ КСР-і Қазақстан Республикасы болып қашан өзгертілді?
А) 1990 ж. 27 сәуір
В) 1990ж. 25 қазан
С) 1991ж. 1 желтоқсан
D) 1991 ж. 10 желтоқсан
Е) 1991 ж. 21 желтоқсан
1961 жылдан бастап Ақмола қаласы жаңа атау алды. Оны қалай деп атай бастады?
А) Астана
В) Бозоқ
С) Целиноград
D) Ақмола
Е) Ақмола бекінісі
Қай уақыт аралығында Қазақстан Республикасының астанасы Алматы қаласы болды?
А) 1928-1997 жж.
В) 1924-1928 жж
С) 1920-1924 жж
D) 1925-1991 жж
Е) 1929-1933 жж
«Халық қаһарманы» және «Ғасыр адамы» жоғары атағын иеленген қайраткер:
А) Қ.Қайсенов
В) Т.Бигельдинов
С) Т.Әубәкіров
D) С.Нұрмағамбетов
Е) Р.Бағланова
1924-1928 жылдар аралығында астана болған қала қайсысы
А) Алматы
В) Қызылорда
С) Орынбор
D) Ақмола
Е) Верный
Қазақстан-2030 жылы қанадй ел болады?
А) Дамыған капиталистік елдерді басып озады
В) Дүние жүзіндегі ең бай ел болады
С) Ғарышты игеруде интенсивті жолға түседі
D) Қиыншылықты жеңіп, дамудың келесі сатысына өтеді
Е) Қиыншылықты жеңеді
«Қазақстан-2030» жолдауы қашан жарияланды?
А) 1997 ж 14 қараша
В) 1999 ж 4 наурыз
С) 1998 ж 31 мамыр
D) 1997 ж 10 қазан
Е) 1996 ж 29 желтоқсан
«Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздері туралы» жарлығына толықтырулар мен өзгертулер қашан енгізілді?
А) 2006 ж. 7 қаңтар
В) 2003 ж. 7 қаңтар
С) 2000 ж. 7 қаңтар
D) 1995 ж. 7 қаңтар
Е) 1993 ж. 7 қаңтар
Дүние жүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайына әлемнің қанша елінен отандастарымыз келді?
А) 13 елінен
В) 19елінен
С) 27 елінен
D) 9 елінен
Е) 10 елінен
Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы қашан өткізілді?
А) 2006 ж. 7 қаңтар
В) 2003 ж. 7 қаңтар
С) 2000 ж. 7 қаңтар
D) 1995 ж. 7 қаңтар
Е) 1993 ж. 7 қаңтар
ә) Бағалау
5. Қорытынды.
Белгілі ағылшын философы және тарихшысы А.Тойнби «Тарих тағылымы» деген кітабында ұлттық мемлекеттің негізін қалаушылар астаналарын көбіне-көп орталықтан таңдайды, өйткені бұл әкімшілік қызмет үшін өте тиімді деп орынды жазған. («Көркемсуретті Қазақстан тарихы» 4т. 159 бет).
Ұлы адамдар өз ескерткішінің тұғырын
өзі орнатады, ал мүсінін болашақ соғады.
В.Гюго
Елбасының Қазақстан халқына Жолдауында былай делінген: «...Біз Сарыарқаның сайын даласына сәулеті мен дәулеті келіскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі Елорда қондырдық. Халқы тату-тәтті, саясаты сарабдал елдің ғана қазынасы қыруар, болашағы баянды болады. Қазақстанның халықаралық резерві бүгінде 60 миллиард долларға жуық қаржыны құрайды. Ырыс – ынтымаққа жолығады, дәулет – бірлікпен толығады...».
6. Үй тапсырмасы
Астана қаласының маңызды ескерткіштері туралы ақпарат (Көпес Казанцевтің үйі, жасыл мешіт, Александро-Невская шіркеуі, қалалық басқарма ғимараты, көпестік үйлер) даярлау.
Білім алушылар! Біз еліміздің тарихына саяхат жасадық. Біз тарихтың үлкен кітабы беттерінің бір бетін ғана аштық. Әрбір адам үшін тарихты білу, әсіресе өз Отанының тарихын білу маңызды. Сабағымызды аяқтай келе астанамыз туралы әнді тыңдасақ.