Просмотр содержимого документа
«Ассамблея-татулық қазығы»
Қызылорда облысы Шиелі ауданы Бала би ауылы
«№50 Абай атындағы орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің
тарих пәні мұғалімі Сыздыкова Айнур Серикбаевна
Сыныбы 5 Сабақтың тақырыбы:. Ассамблея-татулық қазығы Сабақтың мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен,
бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі
етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама
ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз
өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін
көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу. Білімділік: Жас ұрпақты Отанды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге, бай - қуатты ел
екендігін мақтан етуге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыруға,өзге ұлт өкілдерімен тату болуға,құрметтеуге тәрбиелеу. Дамытушылық: Дамытушылығы: танымдық ойлау қабілеттерін арттыру. Топта жұмыс
жасай отырып, бірінің пікірін бірі тыңдай білуге үйрету. Ой - өрісін
кеңейту, ауызша сөйлеу мәдениетін өрістету. Оқушыларға патриоттық
тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін
арттыру. Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалау және білімдерін
жетілдіру.
Тәрбиелік: Елін, жерін, салт - дәстүрін құрметтейтін жаны таза, рухы мықты азамат
тәрбиелеу. Тарихымызды құрметтеуге баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, әңгімелеу, пікір алысу, ой қорытындысын талдау. Сабақтың көрнекіліктері: Суреттер, баспасөз материалдары, видироликтер Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, география, өлкетану.
Сабақтың барысы: І .Ұйымдастыру кезеңі. ІІ .Үй тапсырмасын сұрау.
Жергілікті жерімізден шыққан қоғам қайраткерлері кімдер?
Қоғам қайраткерлерінің қандай жерлерге есімдері берілді және қандай марапаттарын білесіндер?
Афоризмді қалай түсінесіңдер?
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы
Ассамблеяның мақсаты.
Ассамблеяның сипаты және негізгі стратегиялық құжаттары.
Қазақстан халқы Ассамблеясы — 1995 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен құрылған Мемлекет басшысы жанындағы консультативті-кеңесші орган.[1] Ел Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылына арналған Қазақстан халқының бірінші форумында жариялады. Мұндай институтты құру қажеттілігі саяси тұрғыдан, сондай-ақ жаңадан құрылған, тәуелсіз, полиэтносты, поликонфессиялық мемлекеттің тұрақты дамуы тұрғысынан туындаған еді. Аталған бастама мәдениет аралық диалогты нығайтудың жаңа кезеңінің негізін қалап, этносаралық қатынастарды дамыту мәселелерін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік жасайтын әлемдік тәжірибедегі тың бағыт болып табылды. Жиырма жылдық тарихында Ассамблея қарқынды дамып, елеулі өзгерістерді бастан кешірді. Оның дамуы барысында Н.Назарбаевтың этносаралық толеранттылық және қоғамдық келісімнің қазақстандық үлгісі қалыптасты. Осы жылдар ішінде Қазақстан халқы Ассамблеясының институционалдық құрылымы нығайып, қоғамды ұйыстырушы әлеуеті толысты, ол халық дипломатиясының маңызды күретамырына айналды. Бүгінде Ассамблея ел Президенті Төрағалық ететін конституциялық орган болып табылады. Бұл оның ерекше мәртебесін айқындайды.
Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Онда қазақтар, орыстар, ұйғырлар, өзбектер, корейлер, украиндар, дүнгендер және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Олар өздерінің осындай кең байтақ қазақ жерінде өмір сүріп жатқандарына қанша жыл өтсе де, қазақ халқының осынша кең пейіл, қонақжай екендігіне көз жеткізді. 1995 жылдың наурызында дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномені – Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым. Қасиетті қазақ жерін тең бесік етіп бейбітшілікке бөлеген Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 20 жыл толды. Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті: - ХХІ ғасырдың ең басты заңы – татулық дейді
ІҮ.Қортынды:
2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясы өзінің 20 жылдық мерейтойын атап өтеді. Осы атаулы күнге 2015 жылдың барлық іс-шаралары арналатын болады, 2014 жылы 18 сәуірде өткен Ассамблеяның ХХІ сессиясында Қазақстан Респуликасы Президенті, Ассамблея Төрағасы Н.Ә.Назарбаев 2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жариялады. Мектебімізде, ауданымызда Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойына байланысты көптеген іс-шаралар өткізілді. Оқушылар сіздер де атқарған іс-шараларға үлкен үлестеріңізді қостыңыздар.
Ү.Сабақты бекіту:
1. Қазақстан халқы Ассамблеясына кім төрағалық етеді?
2. Қазақстан жерінде қанша тұрақты ұлт өкілдері тұрады?
3. Өзге ұлт тілдерінде қандай мектептерді білесіңдер?
ҮІ. Үйге тапсырма: Өзіндік ізденіс жұмыстарын жүргізу.