Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба? "?йсіндерді? шаруашылы?ы мен т?рмысы"»
Тақырыбы:Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысы
Сабақтың мақсаты:Үйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысысын зерттеу
Сабақтың міндеті:Оқушыларды ақпаратты терең меңгеруге, сараптауға, жинақтауға,бағалауға, ақпаратпен түсініп өз көзқарасы тұрғысынан рефлексия жасауға өз кластастарымен жұмысты талқылауға, өз білімін, түсінігін кеңейтуге дағдыландыру
Күтілетін нәтиже:Оқушыларүйсіндердің шаруашылығы мен тұрмысын зерттейді, ақпаратты терең меңгереді, сараптайды, жинақтайды, бағалайды, ақпаратты түсініп өз көзқарасы тұрғысынан рефлексия жасай біледі, өз білімін түсінігін кеңейтеді, өз жұмысын кластастарымен талқылайды
Сабақ «Жақындасу» атты тренингтен басталды. Тренингтің мақсаты:Класта ынтымақтастық атмосфераны қалыптастыру. Оқушылар шеңберге тұрады. Музыка ойнаған кезде оқушылар бір-бірімен қолдарын алысып амандасады,музыка тоқтаған кезде оқушылар шеңберге тұра қалады. Музыка қайтадан қойылған кезде, оқушылар бір-бірімен иықтарымен амандасады. Тренинг аяқталған соң үш шапалақ арқылы бір-бірін бағалайды. Оқушылар үш топқа бөлінді: 1топ «Шаруашылық»,2 топ «Кәсіпшілік», 3 топ «Салт-дәстүр». Әр топ өзінің көшбасшысын сайлады. Топтар бағалау критерийлерді анықтады. Үй тапсырмасын даталарды сұраудан басталды. Әр топтың оқушылары жұптарға бөлініп бір-бірінен даталарды сұрады. Топ басшысы бағасын қойды. Әр топтан оқушылар шығып «Хан тағына» отырып қойылған сұрақтарға жауап берді.Жуан және жіңішке сұрақтар қойылды (Блум токсономиясы ) бойынша. Оқушылар бармақпен бағаланды.Анықтама сұрақтар қою арқылы жаңа тақырыптың атауын шығарып алынды. Әр топқа әр түрлі тапсырма берілді. « Шаруашылық» тобына постер жасау, «Кәсіпшілік» тобына интернетпен жұмыс жасау, слайд құрастыру, «Салт-дәстүр»тобына көрініс көрсету. Әр топ белсенді жұмыс жасады. Әр топқа әр-түрлі бағалау критерийлері жасалды.Постер жасаған топқа ( постердың көркемдігіне, мазмұнының ашылуына, сөздік қорына ) мән берілді. Көрініс көрсеткен топқа ( образға кіруі,мазмұнының ашылуына) мән берілді. Слайд жасаған топқа (Мазмұнының ашылуына,жүйелілігіне) мән берілді. Әр топ презентация жасап болған соң, оқушылар екі жұлдыз, бір тілек арқылы бағаланды. Топтар өздерінің тілектерін стикерлерге жазып, тақтаға ілді.
Рефлексия «Кезбе тілші» арқылы жүргізілді. Бір оқушы тілші болып, микрофонды ұстап оқушыларға жаңа тақырып бойынша сұрақтар қойды.
«Ашық микрофон»арқылы сабақ туралы оқушылардың пікірі сұралды.