Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуын". 7 сынып
Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуын". 7 сынып
Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуы
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік ма?саты: Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы, оны? ?о?амды? ??рылысы, Шы??ыс ханны? жаугершілік со?ыстары, оны? себеп салдары туралы ж?йелі білім беру.
Дамыту ма?саты: Сатылай комплексті талдау технологиясын ?олдана отырып, о?ушыларды? ойлау ж?йесін жетілдіру, тарихи білімді шы?армашылы?пен ?олдана білу да?дысын дамыту, о?и?алар мен ??былыстарды талдау ?абілетін ?алыптастыру.
Саба?ты? барысы: ?йымдастыру жасап, саба?ты? ма?сатын т?сіндіру. Я?ни сатылай комплексті талдауды? ?діс-т?сілін о?ушылар?а т?сіндіре келіп, саба?ты? жоспарын таныстыру.
Жоспар:
Орхон, Херулен ?зендері бойын мекендеген к?шпелі тайпалар
Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы
Мон?ол империчсыны? ?о?амды? ??рылысы
Мон?ол шап?ыншылы?ы
?лыстарды? ??рылуы.
Жоспарды? 1-та?ырыпшасы бойынша к?шпелі тайпалар?а сатылай комплексті талдауды
м??алім ?зі жасап к?рсету керек.
Орхон, Херулен ?зендері бойын мекендеген к?шпелі тайпалар?а талдау
Керейт Найман Жалайыр Меркіт ?о?ырат Татар Жалпы мон?ол
Орхон, Херулен ?зендерін мекендеген осы тайпалар?а м??алім ауызша т?сіндірме жасап кеткені абзал. Осы тайпаларды? ішінде жалпы мон?ол тайпасы Шы??ысханны? шы??ан тегін білдіреді деген ?орытынды жасау керек. Осыдан кейін сатылай комплексті талдауды Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы та?ырыпшасы бойынша жасаймыз.
2. Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы, хронологиялы? ба?ытта?ы талдау
1155 жылы (1162 жылы) Темучинні? тууы
1171 жылы Есугейді? ?аза табуы
1189 жылы Темучин мон?ол тайпаларыны? билеушісі болды
1189-1206 жылдары Киіз туырлы?ты тайпаларды ба?ындыру жоры?тары
1206 жылы Мон?ол мемлекетіні? ??рылуы. Темучинні? Шы??ысхан атануы
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Мон?олдарды? ?аза?стан жерін жаулап алуын". 7 сынып»
Монғолдардың Қазақстан жерін жаулап алуы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Монғол мемлекетінің құрылуы, оның қоғамдық құрылысы, Шыңғыс ханның жаугершілік соғыстары, оның себеп салдары туралы жүйелі білім беру.
Дамыту мақсаты: Сатылай комплексті талдау технологиясын қолдана отырып, оқушылардың ойлау жүйесін жетілдіру, тарихи білімді шығармашылықпен қолдана білу дағдысын дамыту, оқиғалар мен құбылыстарды талдау қабілетін қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Соғысты, шапқыншылықты жек көруге тәрбиелеу, оның шаруашылықты мәдениетті дамытуға кері әсері тиетінін ұғындыру.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру жасап, сабақтың мақсатын түсіндіру. Яғни сатылай комплексті талдаудың әдіс-тәсілін оқушыларға түсіндіре келіп, сабақтың жоспарын таныстыру.
Жоспар:
Орхон, Херулен өзендері бойын мекендеген көшпелі тайпалар
Монғол мемлекетінің құрылуы
Монғол империчсының қоғамдық құрылысы
Монғол шапқыншылығы
Ұлыстардың құрылуы.
Жоспардың 1-тақырыпшасы бойынша көшпелі тайпаларға сатылай комплексті талдауды
мұғалім өзі жасап көрсету керек.
Орхон, Херулен өзендері бойын мекендеген көшпелі тайпаларға талдау
Керейт Найман Жалайыр Меркіт Қоңырат Татар Жалпы монғол
Орхон, Херулен өзендерін мекендеген осы тайпаларға мұғалім ауызша түсіндірме жасап кеткені абзал. Осы тайпалардың ішінде жалпы монғол тайпасы Шыңғысханның шыққан тегін білдіреді деген қорытынды жасау керек. Осыдан кейін сатылай комплексті талдауды Монғол мемлекетінің құрылуы тақырыпшасы бойынша жасаймыз.
2. Монғол мемлекетінің құрылуы, хронологиялық бағыттағы талдау
1155 жылы (1162 жылы) Темучиннің тууы
1171 жылы Есугейдің қаза табуы
1189 жылы Темучин монғол тайпаларының билеушісі болды
1189-1206 жылдары Киіз туырлықты тайпаларды бағындыру жорықтары
1206 жылы Монғол мемлекетінің құрылуы. Темучиннің Шыңғысхан атануы
«Монғолдардың құпия шежіресі», И.Калашниковтың «Сұм заман» сияқты тарихи-әдеби көркем шығармаларды пайдалана отырып, Темучиннің өмір тарихынан, оның Монғол мемлекетін құру жолындағы іс-әрекетінен әңгімелеп бердім. Бұдан соң Монғол империясының қоғамдық құрылысын да сатылай комплексті талдауға түсірдік.
3. Монғол империясының қоғамдық құрылысы
Баруунгар оң қанат
Зуунгар сол қанат
Гол орталық
Түмен-10 мың әскер түменбасы
Мыңдық-1 мың әскер мыңбасы
Жүздік-100 әскер жүз басы
Ондық-10 әскер он басы
Құрылтай
Құқықтық негізі
Яса-Жасақ (Ихзасаг-Ұлы билік)
Келесі сатылай комплексті талдау Монғол шапқыншылығы, Қазақстан жерін жаулап алуы тақырыпшасы бойынша жүріледі.
Мұнда ең алдымен Шыңғыс ханның соғыс мақсаты мен соғыс жүогізу тәсілдері бойынша төмендегідей талдау жасалынды.
4. Монғол шапқыншылығы. Қазақстан жерін жаулап алуы
Соғыс мақсаты мен тәсілдері бағытындағы талдау
Билігін күшейту, ішкі тартысты болдырмау, ақсүйектердің талабын орындау,
халқын жаңа жайылымды жерлермен қамтамасыз ету
Жорыққа шықпас бұрын сауда керуендерін жіберіп, ол ел туралы мәліметтер
алуы
Дінге қысым көрсетпеді
Жаулап алған елдердің халқын, әскери күшін шапқыншылығына пайдалануы
Ал Шыңғысханның жорықтарына хронологиялық бағытта талдау жасадық
5. Шыңғыс ханның жорықтары
1207-1208 жылдары Енисей қырғыздарын, Сібір орман тайпаларын
1207-1209 жылдары Таңғыттарды, тұрпан кінәздарын, ұйғырларды
бағындырды
1211-1215 жылдары Қытайға жорықтары
1217 жылы Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
1218 жылы Жетісу жеріне еніп, Баласағұнды алды. Отырарға сауда
керуендерін аттандыруы
1219 жылы 150 мың әскер Ертіс, Сырдарияға аттанды. Отырарды
қоршауы
1220 жылы Отырардың жау қолына көшуі
1219-1220 жылдары Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға
бағынуы
1219-1224 жылдары Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының
құрамына қосылуы
1223 жылы Қалқа өзені бойындағы шайқас
1227 жылы Шыңғысхан мен оның ұлы Жошының қаза табуы
Оның шапқыншылық хронологиялық ретімен дәлме-дәл берілді. Шыңғысханның Отырар қаласын қоршауы туралы айтылғанда М.Шахановтың «Отырар туралы балладасы» оқылды.
Хронологиялық бағыттағы талдау жасай отырып Шыңғысхан шапқыншылығының зардаптары туралы қорытындыны оқушылар өздері жасап, тарихи деректерге терең талдау жасалынды.
-Шыңғысхан шапқыншылығының нәтижесі не болды? Бұл сұраққа ұлыстардың құрылуы тақырыпшасы бойынша талдау жасап көрсеттік.
6. Ұлыстардың құрылуы.
Жошы ұлысы
Шағатай ұлысы
Үгедей ұлысы
Төле ұлысы. Астанасы - Қарақорым
Сабақтың соңында қорытынды жасалынды. Монғол шапқыншылығы Қазақстан және Орта Азия қалаларының дамуын жүздеген жылға кейін шегерді. Шапқыншылықтың зардабы өте ауыр болды. Сатылай комплекті талдау технологиясын қолданған сабағым осылай өтті.
Тарих сабағына сатылай комплексті талдау технологиясын қолданудың нәтижесінде:
Тарихи оқиғаларды, құбылыстарды ғылыми негізде меңгере алады.
Тарихи тұлғалардың іс-әрекетіне талдау жасай алады, оған объективті баға береді.
Тарихи оқиғалардың хронологиясын жүйелі түрде талдай алады.
Оқушылардың оқулықтан басқа да тарихи әдебиеттермен дербес жұмыс істей білуге үйретеді.
Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытады, олардың білімділігін, біліктілігін жетілдіреді.
Тарихи оқиғалардың себеп-салдарын нақты ашып талдай алады, сөйтіп оқушыларға тарихи сана қалыртастырады.