Дамытушылы?: ?осымша материал ар?ылы ал?ан білімдерін дамыту.
Саба? барысы: ?йымдастыру кезе?і:
О?ушыларды т?гелдеу.
О?ушыларды? саба??а дайынды?ын ?ада?алау.
Си?ырлы санды? ішіндегі с?ра?тарды ашу ар?ылы о?ушыларды? ?й тапсырмасына дайынды?ын тексеру. 1. Т?уекел хан ?ай жылдары ел биледі ? 1582-1598
2.Шы?ай хан т?сында?ы ?аза? ханды?ыны? жа?дайы ?алай болды? Шы?ай ханны? негізгі ма?саты- Баба с?лтанны? Ха?назар ханды ?лтіргеніне ызаланып, Б??ар ханы Абдаллах ханмен бірігіп,Баба с?лтанны? к?зін ??рту. О?ан Шы?ай ханны? баласы Т?уекелде ?осылды.?аза? жеріні? біршама жерін ?айтарып ал?анша, ?аза? жеріні? жа?даы біршама ауыр болды.
3.Абдаллах хан Т?уекел хан?а ?ас жауыны? к?зін ??рт?ан со? сыйлы??а о?ан ?айайма?тарды береді? Самар?ан ?лкесіндегі Африкент уалаятын сый?а береді.
4.?аза? елшілігіні? алдына ?ойыл?ан басты м?селесі..
5.?ай жылы ж?не неліктен Т?уекел хан ?збек ханымен жасас?ан « ант беріскен шартты» б?зды?
1583жылы Абдаллах?а шабуыл жасап,Сауран, Т?ркістан,Отырар,Сайрам ?алаларын ?зіне ?айтарып алып, Ташкент,Акши,Искандир, М?нши, Самар?ан ?алаларын басып алады.
6.Т?уекел хан со?ыста елі ?шін жараланып ?айтыс бол?аннан кейін ?аза? ханды?ында ?андай о?и?а пайда болды ж?не оны кім бас?арды?
Екі жа?ы да хансыз ?ал?ан ?збек ханды?ы мен ?аза? ханды?ы бас ?осып, со?ысты то?тату шартына ?ол ?ойды. Сыр бойында?ы ?алалар мен Ташкент ?аза? ханды?ыны? ??рамына кірді. Оны Т?уекел ханны? інісі Есім хан бас?арды.
Жа?а саба?ты т?сіндіру:
1. Есім ханны? ішкі ж?не сырт?ы саясаты.
2. Т?рсын ханны? б?лігі.
3. « Есім ханны? ескі жолы»
4. Есім ханны? тарих сахнасынан алатын орны.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?. Та?ырыбы: "Есім хан" 7 сынып»
Сабақтың тақырыбы:Есім хан тұсындағы қазақ хандығы._________________
Мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың кең ауқымды танымын қалыптастыру, өтілген тарау бойынша алған білімдерін жетілдіру.
Тәрбиелік: Отанын сүюге, қорғауға , қастерлеуге тәрбиелеу арқылы дүниетанымдық қаб ілетін арттыру.
Дамытушылық: Қосымша материал арқылы алған білімдерін дамыту.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды түгелдеу.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
Сиқырлы сандық ішіндегі сұрақтарды ашу арқылы оқушылардың үй тапсырмасына дайындығын тексеру. 1. Тәуекел хан қай жылдары ел биледі ? 1582-1598
2.Шығай хан тұсындағы қазақ хандығының жағдайы қалай болды? Шығай ханның негізгі мақсаты- Баба сұлтанның Хақназар ханды өлтіргеніне ызаланып, Бұқар ханы Абдаллах ханмен бірігіп,Баба сұлтанның көзін құрту. Оған Шығай ханның баласы Тәуекелде қосылды.Қазақ жерінің біршама жерін қайтарып алғанша, қазақ жерінің жағдаы біршама ауыр болды.
3.Абдаллах хан Тәуекел ханға қас жауының көзін құртқан соң сыйлыққа оған қайаймақтарды береді? Самарқан өлкесіндегі Африкент уалаятын сыйға береді.
4.Қазақ елшілігінің алдына қойылған басты мәселесі .....
Абдаллахқа қарсы күресте Мәскеудің қолдауын сұрады,алайда патша өкіметі Тәуекелдің талаптарын толық қанағаттандырмады. Елшілікке Тәуекелдің яғни қазақ хандығын « патша өкіметінің қол астына» алатынын хабарлайды.
5.Қай жылы және неліктен Тәуекел хан өзбек ханымен жасасқан « ант беріскен шартты» бұзды?
1583жылы Абдаллахқа шабуыл жасап,Сауран, Түркістан,Отырар,Сайрам қалаларын өзіне қайтарып алып, Ташкент,Акши,Искандир, Мүнши, Самарқан қалаларын басып алады.
6.Тәуекел хан соғыста елі үшін жараланып қайтыс болғаннан кейін қазақ хандығында қандай оқиға пайда болды және оны кім басқарды?
Екі жағы да хансыз қалған Өзбек хандығы мен Қазақ хандығы бас қосып, соғысты тоқтату шартына қол қойды. Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент Қазақ хандығының құрамына кірді. Оны Тәуекел ханның інісі Есім хан басқарды.
Жаңа сабақты түсіндіру:
1. Есім ханның ішкі және сыртқы саясаты.
2. Тұрсын ханның бүлігі.
3. « Есім ханның ескі жолы»
4. Есім ханның тарих сахнасынан алатын орны.
Жәнібек пен Керей
Бұрындық
Жәнібектің ұлы Қасым хан
Қасым ханның ұлы Хақназар
Жәнібектің немере інісі Шығай хан
Тәуекел хан
Тәуекелдің інісі Есім хан
Жәңгір хан
Тәуке хан
Орта Азияға жасаған жорықтары кезінде Тәуекел хан Бұқара қаласының түбінде жараланып,кейін сол жарадан қайтыс болады.Жазба деректерге қарағанда оның балалары тым жас болғандықтан, ел алдына танылмағандықтан хандық билікті Тәуекелдің інісі Есім сұлтан алады.Есім сол кезден бастап,көп санды әскерді басқарған. Ташкент пен Түркістан аймағын билеген, көрнекті сұлтан еді.Сондықтан қазақ сұлтандары мен әскерлері Есімнің хан болуын қалады.Алайда Есім ханға қарсы тұрған саяси топтар да болды.Оның бірі Тұрсын Мұхаммед деген сұлтан 1613-1614 жылдардың шамасында өзін хан деп жариялады.Сөйтіп Қазақ хандығында екі хан билеп, саяси бытыраңқылық пайда болды.Есім хан Түркістанды астана етсе, Тұрсын хан Ташкент қаласында өзін тәуелсіз деп жариялады.Есім хан өзінін хандық билігін нығайту үшін,Бұқар хандығымен бітім шарт жасасып,Орта Азия қалаларымен бейбіт экономикалық қарым – қатынас жасауға ұмтылды.Алайда Бұқар ханы қазақ елінің бытыраңқы екенін пайдаланып,бітім шартын бұзып, қазақ жеріне жорықтар жасай бастады.Ол Тәуекел хан тартып алған Ташкент, Сайрам, Әндіжан жерлерін қайтарып алуды армандады.
Тұрсын хан бүлігі. Есім хан бастаған топ монғолдардың Шалыш пен Тұрфан қалаларын билеген Әбд- ар- Рахым хан жағымен одақтасты.Есім хан 1627 жылы Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады. Емсім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан барлық әскерлерін жинап, алыс тағы жауды емес Түркістанды шабады. Ханның әскерлері Есім ханның көптеген адамдарын қырғынға ұшыратып, әйелін, балаларын тұтқындап Ташкентке әкетеді.Енді Тұрсын хан Есім ханның көзін құртуға ойластырады.Бұл жағдайды естіген Есім хан Ташкентке бет алады. Әдеби деректерге қарағанда Тұрсын ханды Есім ханның өзі жаралаған.Есім хан әуелі Тұрсын ханға ілесіп, бейбіт елді ойрандауға белсене қатысқан Қатаған руын жазалайды.
« Есім ханның ескі жолы». Қасым ханның « қасқа жолы» арқасында қазақтың күшті мемлекет болғандығы айтылды. Алайда Қазақ хандығы тағы да дағдарысқа ұшыраған еді.Осындай кезде Есім хъан мемлекет билігін қолына алып,ішкі- сыртқы саясатта тәртіп орнатты. Ел аузында «Есім ханның ескі жолы» деген аңыз сақталған.Қасым ханның заң ережелерін Есім хан ұтымды пайдалана білді. Қазақ шежірелерінде Есім ханның қызмеіне жоғары баға беріледі. Әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кездерінде « Сенен бұрын жеті ханды жебедім, кешегі енселі бойлы ер Есімді де білемін...» деген.Бұл сөзден байқалатыны Есім ханға деген үлкен құрмет болғандығы. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуы бойынша, Есімді ұзын бойлы, батыр денелі адам болғандықтан «еңсегей бойлы ер Есім» деп атап кеткен.Ұрыс ханның қыызл туы осы Есімнің қолында болған.
« Есім ханның ескі жолы» дген сөздің мәні де,Есім ханның тұсында жасалған далалық заңдарға байланысты айтылған. Қоныс тұраққа , мал – мүлікке, адамдар арасындағы қарым- қатынасқа қатысты туындайтын,дау- шардың шешімдеріосы кезде сараланады.
Әсіресе жаугершілік заманда елдің қорғаныс қабілетіннығайтуға бағытталған заңдары Есім ханның шын мәнінде мемлекет тұрғысындағы ірі қайраткер екенін көрсетті.
Тұрсын ханның түп атасы негізгі түсініксіздеу. Толық есімі Тұрсын Мұхаммед Сұлтан. Орыс жазбаларында Шығай ханның ұлы , Есім ханның туысы делінген.Есім ханның ел ішінде беделін іштей қызғанып жүретін Тұрсын хан Бұқара ханымен ниетін тез түсініп, Сырдария жағасында екеуі астыртын сөз жүргізіп,Есім ханды жоюдың жоспарын жасайды. Тарихи деректерге қарағанда Тұрсын ханды Ташкент түбіндегі шайқаста,өзінің жақындары өлтірді делінген.Есім хан Тұрсынның басын кесіп,Имамқұли ханға жібереді. Өзінің бақталасы, опасыз Тұрсынның өлгеніне қуанды ма, әлде Есім ханның өзінен қорықты ма- Бұхара ханы оған Ташкентті, Түркістанды, сол маңайдағы қорғаны бар ауыл мекендерді сыйлаған. Көп ұзамай Есім ханда өз ажалынан өледі. Денесі Қожа Ахмет Иассауидің мешіті маңайында жерленген.Кезінде моласының үстіне шағын да болса айрықша кесене орнатылса керек, кезінде ол желмен жексен болғаны керек. Егеменді мемлекетіміздің жағдайы жақсарып, қаражат жиналса, Есім сияқты елім деп еңіреген ердіңч басына орнатылған сол кесенені қалпына келтірген жөн.
Жаңа сабақты бекіту:
І- тапсырма;
Сөйлемдерді оқып тұсына «ия» немесе «жоқ»деп жазыңыз:
1. Тәуекелден кейін хан тағына 1598 жылы Есім хан таққа отырады. Ия,
2. Қасым ханның негізгі мақсаты- Қазақ мемлекетін әлсірету, халқын жаныштау, салт- санасын төмен түсіру. Жоқ.
3. Есім ханның ел ішінде беделінің артуы Тұрсын ханға ұнамады. Ия
4.Есім хан жорықта жүргенде Тұрсын хан барлық әскерін жинап, алыстағы жауды емес,бауыры тұрған Түркістанды шабады. Ия.
5.Әйгілі Бұқар жырау Абылай ханға ренжіген кезде « Сенен бұрын жеті ханды жебедім,кешегі еңсегей бойлы ер Есімді де білемін» деген. Ия.
6. Қазақ халқының көрнекті шежірешісі Құрбанғали Халидтің айтуы бойынша Есім ханның бойы қысқа, арықтау келген « еңсегейлі емес ер Есім» деп дәріптеген. Жоқ.
Тәуекел хан тұсындағы Қазақ хандығы
Ортақ белгілері
Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
ІІ - тапсырма;
Теcт
1.Тәуекел хан қайтыс болған соң,інісі Есім мұрагерлік жолымен қай жылы ресми түрде хан тағына отырды? А. 1598- 1628 ж.ж С.1603-1606 ж.ж
Б.1611- 1613 ж.ж Д.1598 ж
2.1603 жылы Қазақ- Бұқар шайқасы қай жерде болды?
А.Аспара өңірінде С.Түркістан жерінде
Б.Айғыржарда Д.Тұрфан өңірінде
3.1611- жылы Бұқар әскерін кім басқарды?
А.Тұрсын хан С.Ескендір сұлтан
Б.Есім хан Д.Иманқұли
4.Қай жылы қалың қолмен Есім хан Самарқанға басып кірді?
А.1598 ж С.1627 ж
Б.1613ж Д.1620 ж
5. Тұрсын хан кімнің баласы?
А. Жалым хан С. Абақ хан
Б. Иманқұли Д. Бабыр сұлтан
6. 1627ж Есім хан жоңғарларға қарсы жорыққа неге аттанады?
А.Қазақ жеріне жиі- жиі жорық жасап елдің мазасын алып, талазң таражға түсуіне байланысты.
Б.Үй ішін , әйелін, жас балаларын тұтқындады.
С.Сақтаныс жасады
Д. Халқы мазасыз болған соң
7. Тұрсын ханның билігі тарихта қалай аталды?
А.Ант беріскен шарты С. Алаш оқиғасы
Б Қатаған қырғыны Д. Қазақ- Бұқар қатынасы
8.Есім ханның ішкі-сыртқы саясаты тарихта қалай аталды?
А. « Есім ханның ескі жолы» С. Тарихта аталмаған
Б. «Қасым ханның қасқа жолы» Д.Жеті жарғы
9. Тұрсын ханның алға қойған мақсаты-
А.Есім ханның көзін құрту С.Елге тәртіп орнату
Б. Қазақ хандарына қарсы шығу Д. Жауабы жоқ
10.Есім хан елі үшін күрескен ірі -
А. Батыр С. қайраткер
Б. Ақын Д. шежіреші
Қорытындылау:
1.Есім хан Жетісу жеріне қалмақтарға қарсы қай жылы жорыққа аттанады?
2. «Есім ханның ескі жолы» , « Қасым ханның қасқа жолы» деп тарихта аталатын себебі ...
3. « Кешегі Еңселі бойлы ер Есімді де білемін» деп Абылай ханға ренжіген әйгілі жырау?
Бағалау:
Үй тапсырмасы: Есім хан тұсындағы Қазақ хандығы
«Құпия ұяшықтағы» ойыны:
1. Тұрсын ханның бүлігі тарихта қалай аталады?
2.Сыр бойындағы қалалар мен Ташкент Қазақ хандығының құрамына кірді. Оны кім басқарды?
3.1583 жылы Тәуекел хан кімге қарсы шабуыл жасап, «ант беріскен шартты» бұзды?
4. Есім хан қай жылы Жетісу жеріне енген қалмақтарға қарсы жорыққа аттанады?