kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Ашы? саба?ты? жоспары,та?ырыбы: "Х?ІІІ ?. Бірінші ширегіндегі ?аза?стан."

Нажмите, чтобы узнать подробности

?аза?стан Республикасыны? Денсаулы? са?тау Министрлігі

«Семей» медициналы? колледжі

Министерство Здравоохранения Республики Казахстан

Медицинский колледж «Семей»

Ашы? саба?ты? жоспары

План открытого урока

П?н: «?аза?стан тарихы»

Предмет:

Маманды?: 0301000 «Емдеу ісі»

 Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Та?ырып:  Х?ІІІ ?. Бірінші ширегіндегі ?аза?стан.

Тема:

О?ытушы: Жакупжанов?.Т

Преподаватель:

                                                                               ?БК     м?жілісіне    ?аралды

                                                                                    Хаттама №_________________

                                                                             «___» ____________20___ж.

                                                                             ?БК   т?райымы___________

                                                                                   Рассмотренно на заседании ПЦК

                                                                                     Протокол №__________________

                                                                                       «______»_______________20__ж.

                                                                                       Председатель ПЦК_____________

О?у-?дістемелік кешеніні? мазм?ны:

Содержание УМК

  1. ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік жалпы?а міндетті білім беру стандартынан к?шірме.

Выписка из ГОСОРК.

  1. Типкік о?у ба?дарламасынан к?шірме

Выписка из типовой учебной программы

  1. Ж?мыс ба?дарламасынан к?шірме.

Выписка из рабочей программы

  1. Саба?ты? ?дістемелік ?зірлемесі.

Методическая разработка занятия

?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік стандартынан к?шірме

Выписка из государственного стандарта РК

?Р МЖМБС 4.05.145 -2010

                                                                                         ГОСО РК 4.05. 145 – 2010

?аза?стан тарихы

История Казахстана

  • Негізгі тарихи фактілерді о?и?аларды ж?не ?о?ам ?айраткерлеріні? е?бектерін, ?аза?стан Республикасыны? ?азіргі кезе?дегі орнын.

Білуі керек:

  •  
  • ?аза?стан Республикасыны? б?гі?гі ?лемдегі орны мен ролі. Ежелгі кездегі ?аза?станны? ??рылуы негіздерін, ?аза? ханды?ыны? ??рылу тарихын. Ке?ес ?кіметі т?сында?ы ?аза?станны? жа?дайын, ?лы Отан со?ысы кезіндегі ?аза?станды?тарды? ерлігін;
  • Мемлекетті? суверенитеті мен егемендігіні? т?ра?талуын;

Істей білуі керек:

  •  
  • Топты? с?хбатта?ы ?атысуы;
  • Эссе, баяндама, ма?ала жазу кезінде ?ажетті м?ліметті та?дап алуды;
  • Хронологиялы? м?ліметтерді адамесімдерімен жер атауларын есте са?тау?а да?дылану.

    Маманды? бойынша білім беретін о?у ба?дарламасын ме?геру н?тижесінде білім алушы:

       6.1 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша б?тіндей о?у- т?рбие процесі барысында ?алыптасатын маманны? біліктілік де?гейіне с?йкес келетін базалы? ??зыретке ие болуы тиіс.

      Б? -5 ?о?амда адамдар арасында?ы ?атынасты реттеу адамгершілік ережелерін, диалектикалы? дамуды? негізгі за?дары мен за?дылы?тарын білу, т?жірибеде негізгі т?сініктерді ж?не за?дарды ?олдана білу.

Типтік о?у ба?дарламасынан к?шірме

Выписка из типового учедного плана

Маманды?: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Та?ырыпты? жоспар:

Тематический план:

План бойынша барлы? са?ат: 134

Всего часов по предмету

Теория: 134

Т?жірибе:

Практика:

Типтік о?у ба?дарламасы:

Типовая учебная программа:

П?нні? мазм?ны:  

?аза?стан тарихыны? ертедегі д?уірінен бастап, б?гінге дейінгі негізгі кезе?дері туралы оны? этогенезі, ?аза? хал?ы мемлекеттілігіні? орны?уы мен дамуыны? ?здіксіздігі, саба?тасты?ы туралы объективтік тарихи білім беру.

Білім алушыларды? о?у материалын ме?геру ?дістемесі мен оларды? ал?ан білімін ба?алау ж?йесі т?мендегідей парметірлерге негізделуі керек:

  1. Отан тарихыны? даму динамикасына (?оз?аушы к?штері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму за?дылы?тары).
  2. ?аза?стан тарихыны? ??рылымына, оны д?уірлерге ж?не ?леуметтік ке?істікке б?луге (б?лімдер, фазалар, формациялар, ?ркениеттер).
  3. Тарихты? жалпы барысы, я?ни оны? динамикасы ар?ылы т?сіндірілетін тарихты? ??рылымына (б?лімдер, трансформациялар, ?лкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).                    

Содержание дисциплины:

Теориялы? саба?:2

Теоретическое занятие:

Т?жірибелік саба?:

Практическое занятие:

 Ж?мыс ба?дарламасынан к?шірме.

Выписка из рабочей программы

Маманды?: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

П?н: ?аза?стан тарихы

Предмет:

Осы та?ырып?а берілген барлы? са?ат саны: 2

Общее количество часов на данную тему:

Т?жірибе: 2са?ат

Теория/Практика

№ 28 саба?

Та?ырып: Х?ІІІ ?. Бірінші ширегіндегі ?аза?стан.

Тема:

Саба?ты? типі: жа?а та?ырыпты игеру

Тип урока:

Саба?тын ?тетін орны: 410 аудитория

Место проведения урока:

 

Білім алушы білу керек:
 ?аза?станны? жа?а заман?а ?туі: м?селесіні? теориялы? аспектілерін.

  1. Д?уірлеуді.
  2. Тарихнамасы мен деректерін.
  3. XVIII ?. Бірінші ширегіндегі ?аза?станны? ішкі саяси ж?не ?леуметтік-экономикалы? жа?дайын.
  4. «А?табан ш?бырындыны».
  5. ?аза?-жо??ар со?ыстарын.
  6. Б?ланты А?ыра?ай шай?астарын.
  7. Жо??ар шап?ыншылы?ыны? зардаптарын.

Обучающийся должен знать:

О?ушылар?а арнал?ан ?дебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. ?аза?стан тарихы. Алматы.,1998.

2.?аза?стан тарихы к?не заманнан б?гінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. ?аза? тарихы  А.,2008г.

Литеретура для преподавателя:

Білім алушы?а арнал?ан ?дебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. ?аза?стан тарихы. Алматы.,1998.

2.?аза?стан тарихы к?не заманнан б?гінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. ?аза? тарихы  А.,2008г.

Литература для обучающихся:

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?ты? жоспары,та?ырыбы: "Х?ІІІ ?. Бірінші ширегіндегі ?аза?стан." »

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі

«Семей» медициналық колледжі

Министерство Здравоохранения Республики Казахстан

Медицинский колледж «Семей»




Ашық сабақтың жоспары

План открытого урока





Пән: «Қазақстан тарихы»

Предмет:

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Тақырып: ХҮІІІ ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстан.

Тема:

Оқытушы: ЖакупжановҚ.Т

Преподаватель:




ӘБК мәжілісіне қаралды

Хаттама №_________________

«___» ____________20___ж.

ӘБК төрайымы___________

Рассмотренно на заседании ПЦК

Протокол №__________________

«______»_______________20__ж.

Председатель ПЦК_____________


Оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны:

Содержание УМК

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСОРК.

  1. Типкік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы

  1. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

  1. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка занятия


































Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

ҚР МЖМБС 4.05.145 -2010

ГОСО РК 4.05. 145 – 2010



Қазақстан тарихы

История Казахстана

  • Негізгі тарихи фактілерді оқиғаларды және қоғам қайраткерлерінің еңбектерін, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі орнын.











Білуі керек:

Знать:

  • Қазақстан Республикасының бүгіңгі әлемдегі орны мен ролі. Ежелгі кездегі Қазақстанның құрылуы негіздерін, қазақ хандығының құрылу тарихын. Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстанның жағдайын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың ерлігін;

  • Мемлекеттің суверенитеті мен егемендігінің тұрақталуын;







Істей білуі керек:

Уметь:

  • Топтық сұхбаттағы қатысуы;

  • Эссе, баяндама, мақала жазу кезінде қажетті мәліметті таңдап алуды;

  • Хронологиялық мәліметтерді адамесімдерімен жер атауларын есте сақтауға дағдылану.









Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

6.1 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оқу- тәрбие процесі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.

БҚ -5 қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеу адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын білу, тәжірибеде негізгі түсініктерді және заңдарды қолдана білу.


































Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учедного плана

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Тақырыптық жоспар:

Тематический план:


План бойынша барлық сағат: 134

Всего часов по предмету


Теория: 134

Тәжірибе:

Практика:


Типтік оқу бағдарламасы:

Типовая учебная программа:


Пәннің мазмұны:

Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы оның этогенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі төмендегідей парметірлерге негізделуі керек:

  1. Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму заңдылықтары).

  2. Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік кеңістікке бөлуге (бөлімдер, фазалар, формациялар, өркениеттер).

  3. Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (бөлімдер, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).

Содержание дисциплины:


Теориялық сабақ:2

Теоретическое занятие:


Тәжірибелік сабақ:

Практическое занятие:




Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:


Пән: Қазақстан тарихы

Предмет:


Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Общее количество часов на данную тему:


Тәжірибе: 2сағат

Теория/Практика


28 сабақ


Тақырып: ХҮІІІ ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстан.

Тема:


Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру

Тип урока:


Сабақтын өтетін орны: 410 аудитория

Место проведения урока:


Білім алушы білу керек:
Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселесінің теориялық аспектілерін.

  1. Дәуірлеуді.

  2. Тарихнамасы мен деректерін.

  3. XVIII ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстанның ішкі саяси және әлеуметтік-экономикалық жағдайын.

  4. «Ақтабан шұбырындыны».

  5. Қазақ-жоңғар соғыстарын.

  6. Бұланты Аңырақай шайқастарын.

  7. Жоңғар шапқыншылығының зардаптарын.

Обучающийся должен знать:


Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматы.,1998.

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. Қазақ тарихы А.,2008г.

Литеретура для преподавателя:



Білім алушыға арналған әдебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматы.,1998.

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. Қазақ тарихы А.,2008г.

Литература для обучающихся:











































Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка теоретического занятия

Мамандық: 0301000- «Емдеу ісі»

Специальность:


Сабақтың түрі: теория

Тип занятия:


Өткізу әдісі: аралас

Методика преподавания:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтын өтетін орны:410

Место проведения урока:


Сабақтың тақырыбы: ХҮІІІ ғ. Бірінші ширегіндегі Қазақстан.

Тема урока:

Сабақтың мақсаты: ХҮІІ ғ. Батыс Монғолияда ойраттардың Жоңғар хандығының құрылуымен таныстыру, қазақ билеушілерінің басы бірікпеуінің салдары қандай болғанын көрсету. Жоңғарлардың басқыншылық соғыстарына назар аударып, қазақ халқының өз тәуелсіздігін, дербестігін сақтап қалу жолындағы күресінің тарихи маңызын түсіндіру.


Цель урока:

Сабақтың міндеттері

Задачи занятия:

Білімділік: Білім алушыларға ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы жайлы жаңа мағлұматтар беру

Образовательная:


Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетіне дағдыландыру. Жүйелі жұмыс істеу тәртібін қалыптыстыру.  Оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру

Развивающая:


Тәрбиелік: Отанымыздың тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру.  Оқушыларды өркениетімізді қадірлеуге, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Воспитательная:


Пәнаралық байланыс: Саясаттану ,Әлеуметтану

Межпредметная связь:

Сабақтың жабдықтары: оқулық, карта, слайд, видео ролик.

Оснащение урока:


Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия


Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временный режим

1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая устоновка занятия

3 минут

3

Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала

35 минут

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту

Закрепление новой темы

15 минут

6

Баға қою

Выставление оценок

5 минут

7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание

5 минут






















Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия


І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу. (Сәлеметсіздерме оқушылар, бугін кім кезекші? Сабақта түгеліміз бармызба?)

Организационная часть

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі – Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаттары:

- «Ақтабан шұбырынды» оқиғаларын әнгімелеуде әдеби стильді қолдану;

- Қазақтардың жоңғарларды жеңген шайқастарының тарихи маңызын анықтау;

- 18 ғ қазақ хандығы ның ішкі және сыртқы саясаты туралы ақпарат беру;

- талдау, жинақтау, қорыту операцияларын колдана отырып, ақпараттарды менгеру;

Целевая установка занятия

ІІІ. Білімнің негізін актуалдау(негіздеу).

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар үйге берілген тапсырманын тақырыбы Қазақстанның ХҮІ –ХҮІІІ ғ.ғ.бас кезіңдегі мәдениеті болатын , енді осы бойынша мына сұрақтарға жауап берейік.

  1. Қазақтардың дәстүрлі көшпелілер мәдениеті.

  2. Қолөнер және үй кәсіпшілігі.

  3. Еңбек құралдары.

(Слайд бойынша сұрақтар):

  1. Мәдениет дегеніміз не?

  2. Ақсүйектер мен қарасүйектер ұғымдарының айырмашылығы. (Төре тұқымдарымен қарапайым қара халық).

  3. Төре деген ұғымның мағынасы нені білдіреді? (Шыңғыс ұрпақтары, көрнекті атақты адамдар).

  4. «Тарихи – Рашиди» атты шығарма кімнің еңбегі? (Мұхаммед Хайдар Дулати).

  5. ХҮІІ –ХҮІІІғ.ғ.Қазақстандағы ірі қалаларды атаңыз. (Түркістан, Сайрам, Отырар т.б.)

  6. «Би» деген сөздің мағынасы. (Ру тайпалардың басшысы, ақылгөй, шешен адам).

  7. Қала құрылыс ісі мен қолөнердің дамуына нені жатқызамыз? (Мешіттер, медреселер, базарлар, моншалар және кірпіш пен шыны жасау жақсы дамыған).

  8. ХҮІІ –ХҮІІІғ.ғ. Қазақстанның сауда – экономикасының дамуына қандай мемлекеттер ықпал етті? (Ресей мен Орта Азия хандықтары).

  9. ХҮІІ –ХҮІІІ ғ.ғ. Көреген суырып салма ақын жыраулардан кімдерді атай аламыз? (Доспамбет, Жиембет, Марғасқа, Атамберді,Үмбетей т.б. жыраулар).

(үй тапсырмасының дәрісі, мазмұндау)

Хандар кезеңінде қазақ қоғамы бір-біріне қарама-қарсы негізгі әлеуметтік топтан – ақсүйектер мен қарсүйектерден тұрды, олардың экономикалық жағынан ғана емес, саяси және құқтық белгілері жағынан да айырмашылығы болды. Шыңғысханның әке жағынан тарайтын, хан болмаған ұрпақтарын білдіру үшін сұлтан терминімен қатар «төре» немесе «оғлан» термині қолданылған. Алайда «төре» деген сөз сұлтандарды ғана емес, неғұрлым көп адамдарды – жалпы алғанда көрнекті және атақты адамдарды да, қазы, билерді де білдіру үшін қолданған.Ұлыстарды басқару сұлтандарға ұлыс адамдарына әскери-саяси билік етуге де, іс жүзінде жайылымдарды, су көздерін және т.б. билеп-төстеуге де құқық беретін еді. Әрбір ұлыс сұлтаны ұлыс аумағының мұраға алатын құқығы бар жеке иеленуші емес, ең алдымен ұлысты басқару және ұлыс әскеріне қолбасшылық ететін құқығы бар билеушісі болды. «Сұлтанды немесе қожаны өлтірген адам, - делінген «Жеті Жарғы» қаулыларында, - өлтірілген адамның туыстарына жеті адамның құнын төлейді. Сұлтанға немесе қожаға тіл тигізіп ренжіткен 9 мал, ал қол тигізген 27 мал төлеумен жазаланады». Қоғамның басқа мүшелері алдындағы тағы бір артықшылығы – оларға дүре соғуға болмады және билер соттамады. Шыңғысханның ұрпақтарын сұлтан немесе ханның өзі соттайтын болды. Әңгімелескен кезде қарапайым адамдардың оларды атымен атауына болмайтын еді, есімінің орнына тақсыр (мырза) деген қолдануға тиіс болды. Сұлтанмен кездескен кезде кез-келген қарапайым адам атынан түсіп, онымен бір тізесін бүгіп тұрып сәлемдесуге тиіс болған. Сәлеміне жауап ретінде сұлтан оның иығына қолын салған.

Сұлтанның үйі ақ киізбен жабылған. Ақсүйектердің барлық өкілдері тек қана ақ киіздің үстінде отырған. Сұлтандар (әскери міндеткерліктен басқа) ешқандайда міндеткерліктер атқармады. Қазақ ұлысы барлық сұлтандардың «Асқар» деп аталатын бір ғана ерекше ұраны болды, оны қарапайым халық – қарасүйектер қолдануына болмады.Шонжар ақсүйектер тобына қарама-қарсы хандықтың өзге халқы қарасүйек деп аталады. Қарасүйек адамдардың әр-түрлі категорияларын атау үшін бірнеше термин: қараша, қаракісі, құлқұтан, шаруа, бұқара терминдері қолданылды.Әлеуметтік қарасүйектер тобында рулар мен тайпалардың басшылары – билердің ғана ерекше құқықтары болды. Би деген сөз бұрынғы бек сөзінің кейіннен өзгерген түрі болып табылады және деректемелерде ХҮ ғасырдан ерте кездеспейді, ал түріктердің «бек» деген сөзі моңғолдардың «ноян» және арабтардың «әмір» деген сөздеріне сәйкес келеді.Көшпелі қазақтар қоғамында жеке басы еркін адамдардан басқа, бас бостандығы жоқ еркектер (құлдар) мен бас бостандығы жоқ әйелдер (күңдер) болған.ХҮІ-ХҮІІ ғасырлардағы қазақ қоғамы игі жақсыларының тобына батырларды да жатқызуға болады. Түрік-моңғолдың «батыр», «баһадүр» сөзі бастапқыда шайқас алдында жауын жекпе-жекке шақыратын батыл, ержүрек адамды білдірген. Шыңғысхан кезінен бастап батыр – «феодалданған әскери-көшпелі шонжарлардың» өкілдеріне берілетін феодалдық иерархия атақтарының бірі, сондай-ақ шайқаста жеке басының көрсеткен ерлігі немесе соғыс қимылдарына шебер басшылық еткені үшін хан немесе сұлтандар аталатын құрметті атақ. Бұл сөз атақ ретінде адамның атына қосылып айтылған.«Ақсақал» - түрік сөзі. Деректемелердің мәліметтеріне қарағанда, саяси өмірде айтарлықтай рөл атқарған.Мәдениеті. Қазақ хандығының нығаюы, Қазақ хандығының экономикалық және мәдени өмірі Оңтүстік Қазақстанның тарихымен тығыз байланыста болды. Соңғы орта ғасырларда қала мәдениеті мен отырықшы–егіншілік мәдениет қазақтың этникалық аумағының нақ осы, бірден-бір ауданында сақталып қалды.Оңтүстік Қазақстан ХІҮ-ХҮІ ғасырдың жазба деректемелерінде Түркістан деп аталады.Бұл тарихи географиялық термин орта ғасырлар деректемелерінде Мауреннахр (Сырдария және Әмудария өзендерінің аралығы осылай аталған) мен Шығыс Дешті Қыпшақ (Қаратаудан Сырдарияның төменгі ағысы мен Аралдан солтүстікке қарай көсіліп жатқан далалық кеңістік) арасында жатқан Орта Сырдария алабына қатысты айтылады, яғни оңтүстік-шығысында – Сайрам қаласынан оңтүстікке таман (Шымкент маңайында), Шыршық және Бадам аңғарларының су айрығымен және солтүстік-шығысында – Қаратау жотасымен шектелетін Сырдарияның сол жағалауын бойлай жатқан кең өңірдің жері Түркістан деп атаған.ХҮ-ХҮІ ғасырлар шебінде, Қазақ хандығының нығаю дәуірінде ол айтқан «Түркістанның отыз бекінісінің» ең ірілері Сырдарияның оң жақ жағалауы мен оның салалары бойындағы Ясы (Түркістан), Отырар, Сайрам, Сауран, Иқан, оның сол жағалауындағы Аркөк, Үзгент, Аққорған, Қожан, Қаратаудың теріскей беткейіндегі Созақ, Құмкент қалалары болған. Сол кездің деректемелерінде қалалар мен қалашықтардың, бекіністер мен қыстақтардың жиырмадан астам атауы ауызға алынады (археологтар тапқан қала жұртының саны бұдан артық). Мәселен, Ясы қаласының төңірегіндегі Иқан, Қарнақ, Йунка, Қарашоқ, Сура қалалары мен қыстақтарын айтады. Отырар өңірінде Игілік қыстағы, Сайрамға жақын жерде Шымкент қалашығы, төменіректе Арыста-Халадж-Қараспан, Жақанкент (Иаканкент) болған. Қаратау беткейлерінде Қарақұрым қонысы мен Жылан-Қарауыл бекінісі болған.Қалаларда құрылыс ісі және соған байланысты қолөнер (кірпіш, шыны жасау) дамыды. Қала құрылысында тұрғын үйлер, мешіттер, медреселер, мазарлар, моншалар, дүкендер, жабық базарлар, керуен-сарайлар, кесенелер салынды.

ХҮ ғасырдың екінші жартысы – ХҮІІ ғасырдағы халықаралық саудада Қазақстан даласы мен Түркістан қалалары арқылы Орта Азия мен Ресей сауда экономиканың дамуында маңызды факторға айналады. Ресей мен орта Азияның Қазақстан арқылы сауда және дипломатиялық қатынастары ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда жанданды.Халықаралық саудамен қатар Сырдария қалаларының көшпелі дүниемен дәстүрлі саудасы және жергілікті сауда жүргізіледі. Сырдария қалаларынан далаға астық, қала қолөнерінің өнімдері, мата апарылды.Қалалар төңіректегі егінші және көшпелі халықты қажетті товарлармен базар арқылы жабдықтап отырды.Қазақтардың негізгі кәсібі мал шаруашылығы болды. Қазақтар негізінен қой, жылқы және түйе өсірген; қазақтардың шаруашылығында мүйізді ірі қара болмашы орын алған, өйткені ол жыл бойы бағуға, әсіресе қыс кезінде қар астынан тебіндеп жайылуға нашар бейімделген.Деректемлердің кейбір хабарларынан қазақтардың егіншілікпен шұғылданғаны байқалады. Бірақ Қазақ хандығы аумағының түрлі аудандарында егіншіліктің дамуы мейлінше әркелкі болды, аудандардың басым көпшілігінде егін шаруашылығы төменгі дәрежеде болды, немесе болмады. Алайда, кейбір аудандарда егіншілік зор маңызға ие болды, бұл ең алдымен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанға қатысты еді.Қазақтардың шаруашылығында әр түрлі қолөнер мен үй кәсіпшіліктері елеулі орын алды, олардың көпшілігі мал шаруашылығы өнімдерін өңдеумен байланысты еді. Қазақтар ежелден тері өңдеп, киіз басуды, оларды түрлі түске бояуды білген, олар теріге, металға және тағы басқа материалдарға батыру арқылы өрнектеуді, құрап жамау және кестелеп тігу тәсілін шебер меңгерген.Өз мемлекетінің құрылуы қазақ халқы рухани мәдениетінің одан әрі дамуында зор маңызы болды. Оның түрі тақырыбы мен мазмұны алуан түрлі болып, бұрынғы дәуірлердің мәдениетін қисынды жалғастырды. Оның құрамында аңыз хикаялар мен кейінгі фольклорлық туындылар, орта ғасырдағы қолжазба кітаби дүниелер мен қазақтың төл әдебиеті, тарихи шежірелік және құқық қатынастар мен шешендік өнері, музыкалық және халықтық-драмалық шығармашылық пен халықтық көңіл көтеретін ойындары түгел қамтылған.

Дербес мемлекеттілік, оны қорғау мен нығайту қажеттілігі жағдайында бір мезгілде әрі көреген суырып салма ақын, әрі хандықтың бас идеологі, әрі хандардың серігі мен кеңесшісі, әрі тайпаның жауынгер басшысы ретінде көрінген жыраулардың рөлі едәуір арта түсті.ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы жыраулар поэзиясының аса ірі өкілдері – Шалкиіз (Шалгез) Тіленшіұлы (1465-1560), Доспамбет жырау (шамамен 1490-1523), Жиембет Жырау (ХҮІІ ғ.), Марғасқа жырау (ХҮІІ ғ.), Ақтамберді жырау (1675-1768), Тәтіқара ақын (ХҮІІІ ғ.), Үмбетей жырау (1693-1787).Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысының өзіндік ерекшелігі, халық өмірінің ерекше жағдайлары мен өзіндік ерекшелігі бар қазақ қоғамы «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлардағы би-шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің маңыздылығы жағынан, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би Әлібекұлы (1663-1756), Қазыбек Келдібекұлы (1665-1765) және Әйтеке Байбекұлы (1687-1766) ерекше бөлек орын алады, олар Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Ресейде, Жоңғария мен Цин империясында танымал болған. Қазақ халқының рухани мәдениетінде жазбаша әдебиет те дамыды, ол негізінен алғанда сарай маңындағы ортада және көбінесе тарихи шығармалар түрінде қалыптасты.Тарихта сақталған шежірелік және наративтік деректемелер ретінде ғана емес, сонымен қатар соңғы орта ғасырдағы Орта Азия мен Қазақстанның түрік халықтары көркем әдебиетінің ескерткіштері ретінде де маңызы бар шығармалар аз емес. Олардың ішінен Захир ад-дин Бабырдың (1483-1530) «Бабыр наме», Камал ад-дин Бинаидың «Шайбани намесін», Мұхамед Хайдар Дұғлатидің (1499-1551) «Тарихи Рашидиін», Қожамқұл бек Балхидің «Тарих-и Қыпшағын», Қадырғали бектің (1555-1607) «Жами-ат-таварихын», Әбілғазы Баһадүрдің (1603-1664) «Түрік шежіресін» және басқаларын арнайы бөліп көрсетуге болады. Бұл авторлар тек оқиғаларды суреттеумен және билеушілер генеалогиясының тарихын баяндаумен ғана шектелмеген. Олар өз суреттемелеріне қоса көркем бейнелер жасап, ауыспалы мән беріп отырған, кейде шайқастардың немесе басқа оқиғалардың әдеби көріністерін беріп, өздерінің сөз саптауларын алуан түрлі айшықты топтармен әрлендіре түскен, хикаяларына өздерінің сирек кездесетін поэтикалық таланты мен кең көлемді эрудициясы бар екендігін дәлелдейтін өлең жолдарын енгізіп отырған. Қазақ халқының тұрғын-үй – материалдық мәдениеттің тамаша ескерткіші. Қазақтың киіз үйі ағаш сүйегі мен киізден тұрады. Ағаш сүйегі мынадай төрт бөліктен тұрады: 1) құрастырмалы-жиналмалы қабырғасы – қанат, олардан киіз үйдің қабырғалары (кереге) құралады; 2) күмбез сүйегі (уық); 3) дөңгелек төбесі (шаңырақ); 4) есік немесе сықырлауық. Ағаш сүйектің әрбір бөлігіне белгілі бір киіз жамылғы сәйкес келеді, оларды шебер қазақ әйелдері жасайды, олар: 1) керегелерге тұтылатын туырлық, олар бірнешеу; 2) үзік күмбезге жабылады, олар екеу; 3) түндік – шаңыраққа жабылатын шаршы киіз; 4) Киіз есік – киіз үйдің есік ойығын жауып тұратын ұзынша киіз.

Қанаттың тор көзі ортасынан қиғаштап жіңішке қайыстармен (көк) біріктірілген шағын кереге ағаштарынан құралады, уықтар жиынтығы жеңіл де қатты, өңдеуге жақсы талдан жасалды. Дөңгелек шаңырақ қайыңнан иілген екі жарты шеңберден құрастырылады, ал есігі екі жаққа айқара ашылатын қос жақтаулы етіп қарағайдан жасалады.Керегелерінің санына қарай киіз үйлер: 6 қанатты, 7 қанатты, 8 қанатты және т.б. үйлер болып бөлінеді, яғни керегелерден құралатын қанаттары неғұрлым көп болса, киіз үй соғұрлым үлкен болады. Киіз үйдің сүйегі киізбен жабылып, арқанмен бекітілген. Қыста жылы болу үшін киіз үйді екі қабат киізбен қауып, керегеге әсем өрнектелген ши тұтылған. Еденге әдетте киіз, тері, кілемдер төселген. Көшпелінің киіз үйінің ортасында күз бен қыс айларындағы суықта үйді жылытып тұратын ошақ орналасқан.Егіншілік мәдениеті бар аудандарда отырықшы үйлер салынған. Киіз үй тәрізді дөңгелек жартылай жертөбелер немесе киіз үйге ұқсатып, жоспарланған жербетіне дөңгелетіп тұрғызылған құрылыстар, сондай-ақ жер бетіндегі тұрғын үйлер (бір, екі, үш бөлмелі) қолда бар табиғи материалдан: өзен аңғарларында шикі кірпіштен, тауларда тақта тастардан салынған.Қазақтың темір ұсталары негізгі еңбек құралдарын, балта, пышақ, қырықтық, шеге және басқаларын жасады. Темір ұсталары сонымен қатар басқа да шаруашылық-тұрмыс заттарын, қару жарақтар, найзалар менжебелердің темір ұштарын соққан. Қазақтардың негізгі қаруы қылыш пен садақ болатын. Жауынгерлік қарудың басқа түрлерінен айбалта, шоқпар, жалғыз сапты күзді, екі басты шоқпар, бір шоқ жылқы қылымен шашақталып, қарсыласын ерден жұлып алып үшін ілмек жасаған ұзын найза аталады.

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме



IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру – Білім алушыларға ХҮІІІ ғасырдағы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы жайлы жаңа мағұлматтар беру. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

(слайд,видео ролик қолдану)

  1. Қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.

  2. Жоңғар мемлекетінің құрылуы.

3. Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама.

  4. Қазақ халқының жоңғар басқыншылығына қарсы күресі

5. Қазақ билерімен батырларының рөлі.

XVII ғасырдың аяғы мен XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығы ішкі-сыртқы аса ауыр жағдайға душар болды. Алтайдан Атырауға дейінгі байтақ даланы алып жатқан қазақ халқы жерінің географиялық ерекшелігіне қарай үш жүзге бөлініп өмір сүрді. Қазақ хандығында үстемдік еткен әскери-федалдық шонжарлар арасында ішкі тартыс күшейе түсті. Сонымен қатар бұл мезгілде қазақ-жоңғар қатынасы мейлінше шиеленісіп, қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасады. 
1718 жылы Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін (Хақназар, Тәукенің) бір орталыққа бағындырғысы келген мақсаттары жүзеге аспай қалды. Қазақ хандығы ауыр дағдарысқа ұшырады, елдің бірлігі бұзылды, бытыраңқылық етек алып өзара қырқыс шегіне жетті.Тәукенің орнына отырған баласы Болат ханның тек атағы ғана болды. 
Жүздерді билеген кіші хандар өз алдына дербестеніп, қазақ хандығы саяси жақтан бөлшектенді. Орта жүзді Сәмеке хан, Ұлы жүзді Жолбарыс хан, Кіші жүзді Әбілхайыр хан биледі. 
Бұларға қарасты ұлыстарды билеген сұлтандар дербестікке қол жеткізе бастады. Осыны пайдаланған жау жан-жақтан шабуыл жасады. 
Ш. Уалиханов сол кездегі жағдай туралы: “XVIII ғасырдың алғашқы он жылдығы қазақ халқының өмірінде қасіретті кезең болды. Жоңғарлар,Еділ қалмақтары, Жайық казактары мен башқұрттар жан-жақтан қазақ ұлыстарын ойрандады» - дейді. 
Оңтүстіктен Орта Азия хандықтары қыспақ көрсетті. Солардың ішінде ең қауіптісі шығыстағы Жоңғар мемлекеті болды. 
XIV ғ. II-ші жартысында Моңғолия территориясы екі иелікке бөлінеді. 
Ойраттар белсенді рөл атқарған Батыс Моңғолия және бұрынғы Қытай императорының бақылауындағы Шығыс бөлікке. “Жоңғар” деген аттың шығуы – Шыңғысханның шапқыншылығы кезеңінде ойраттар қашанда армиясының “сол қанатын” құраған, моңғолша ол “зюнгор” деген мағынаны білдіреді. Содан “зюнгор” – жоңғар деп аталып кеткен. 
Жоңғарлардың Қазақстан жеріне енуі сонау XV ғ. басталған болатын (Әбілхайырдың көшпенді өзбек хандығына күйрете соққы берген 1456 жылы). 
Кейіннен ойраттардың бірігіп 1635 жылы мемлекет құруынан кейін – қазақ хандығына қан-төгіс шапқыншылықтар күшейе түсті. 
Басшысы Батур Хунтайшы болды (1635-1653) Қазақ жеріне Жоңғар агрессиясының күшеюі Цэван Рабдан (1697-1727) тұсында болды. 
Цэван Рабданның жаулап алу программасының ең шырқау шыңы – 1723 жылы болған шабуылдан көрінді. 
18 ғасырда қазақтар үз жүзге бөлініп өмір сүріп жатты. Әр жүздің өз ханы болды. Кіші жүзді - Әбілхайыр, Орта жүзде - Сәмеке (Шахмұхамед), Ұлы Жүзде – Жолбарыс хандық етті. Түркістан қаласын астана еткен Үлкен Орданың ханы Тәуке еді. Қазақ жерінде орталықтанған мемлекет болмауын көршілері өз пайдасына шешуді ойлады. Оңтүстік-батыстан Жайық казактарының қолдауымен Еділ бойындағы башқұрттар, қалмақтар Кіші жүзге тынымсыз шабуыл жасады. Солтүстіктен Сібір казактары тыным бермеді. Орта Азиядағы Бұқара мен хиуа хандықтары да қазақ жерінен дәмелі болды. Олардың бәрінен асып түскен жоңғарлар еді.  
1718 жылы Тәуке өліп, орнына Болат хан болған кезде, қалмақтардың қазақ жеріне жорығы күшейді. Бұл жорықтардың табысты болуына шведтің артиилерия сержанты Иоганн Густав Ренаттың әсері күшті болды. 1709 жылы Полтава түбінде орыстардың қолына түскен Ренат Тобыл қаласына айдалды, осында Ертістің бойында Бухгольцтің экспедициясы құрамында Кереку қаласының маңында 1715 жылы қалмақтарға тұтқынға түседі. 1733 жылға дейін қалмақтардың қолында болды. Ол қалмақтарға зеңбірек құюды, баспахана жасап, әріп құюды үйретеді. 
Жан-жақты әскери дайындығы бар жоңғарлар 1710-1711 жж. қазақ жеріне басып кіріп соғыс жүргізді. Олар 1717 жылы жазда Аякөз өзені жағасында қазақтардың 30 мың жасағын талқандады. Келесі жылы жоңғарлар қазақтарды Бөген, Шаян, Арыс өзендері бойында тағы да қырады. 
1723 жылы ерте көктемде жоңғарлар қазақ жеріне тағы да соғысуға келді. Шуна Дабо деген қалмақ басқарған бұл шайқас екі бағытта жүруі тиіс еді. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне шығу болса, екінші бағыт қазақтарға соққы беріп, Шыршық өзеніне жету болатын. Бұл жоспарды іске асыру үшін әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бірі Жетісу Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. Қалмақтың ірі қолбасшысы Амурсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екінші бір тобы Іле өзені бойына, Кеген өзенінің солтүстік жағасына, Нарын өзенінің күншығыс жағынадғы Кетпен тауы баурайына орналасты. 
1723 жыл тарихта есте қаларлық жұт жылы болған еді. Осы жылдың көктемгі төл алу кезеңі мен жазғы көш-қону жұмыстарымен айналысып жатқан қазақ еліне тосыннан, күтпеген жерден шабуыл жасады. Осы жолы шапқыншы жоңғарлардың саны осылайша 70 мыңнан асып түсіп, жеті бағытпен қазақ еліне кірді. Осы ауыр жылдарда шыққан қазақтың қаралы да қайғылы, ән ұраны «Елім-ай», сол кездегі ауыр күндердің өшпес ескерткіші болып табылады. 
Бейғам отырған қазақтар аяусыз қырылды. Жоңғарлар Жетісуды, Ұлы жүзді қырып-жойып, Ұлы жүз, Кіші жүз жеріне де жетті. Халық басы ауған жаққа шұбырды. Ұлы Жүз бен Орта Жүздің қазақтары Самарқан пен Ходжентке қарай шұбырды. Кіші жүз қазағы Хиуа мен Бұхараға ағылды. Босқындардың біразы Сырдың сол жағындағы Алакөл маңына топтасты. Халық бұл кезеңді "Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама" деп атады. "Елім-ай" деген ән туды. 
Халық және батырлар ең соңында бірігудің қажеттігін түсінді. Дәл осындай ауыр кездерде халықтың ішінен суырылып алға шығып, халықтың қамын ойлаған атақты Хандарымыз бен билеріміз және халықтан шыққан батырларымыз да болды. 
Бұқар жырау өзінің 29 толғауында қазақ батырларының аттарын атайды. Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Шақшақұлы Жәнібек, Албан Райымбек, Бәсентин Малайсары, Уақ Баян т.б. батырлар. 
Осындай ауыр кезде еңсесі түскен елдің есін жиғызып, зар жылаған халықтың көз жасын тиғызған атақты билеріміз болды. Халықты алқалы жиынға шақырған да сол бабаларымыз болды. 
1726 жылы Ордабасында үш жүздің игі жақсыларының басын қосқан ұлы жиын болды. Осында үш жұздің баласы бір бәтуаға келіп, жауға қарсы бірігіп аттануда, сол қолға басшы етіп Әбілхайырды сайлайды. 
Осы кездегі қазақтың саяси хал-ахуалын архив құжаттары былай суреттейді: «Сол кезде жоңғарлар Орта Азиядағы ірі сахара патшалығы болды. Оған ұйғырлар қарсылықсыз бағынды. Қырғыздар бір мезгіл қарсылық көрсетсе де, сұрапыл тегеурінге шыдамады. Ал, ұзақ жыл бойында жоңғарлармен тірескен тек қазақтар ғана болды. Жоңғарлар қазақ елінің шығыс және оңтүстік жағындағы біраз жерлерді жаулап алғанымен, қазақтардың кең байтақ орталық бөлігіне әл-күші жетпеді» – дейді. 
1728 жылы Әбілхайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, Тайлақ батыр, Саурық батыр бастаған әскерлер Ырғыз уезінің оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында "Қара сиыр" деген жерде қалмақтарға қарсы соққы берді. Бұл Ақтабан шұбырынды жалдарының алғашқы жеңісі еді. Бұл шайқас кейін тарихта «Қалмақ қырылған» соғысы деп аталды. «Қалмақ қырылған» шайқасы қазақ жүздері арасында Әбілқайыр ханның беделін көтерді және жеңіске жігерлердірді. Барлық жүздегі қазақ батырлары енді соғыстың шын, шебер қолбасшысына айналған Әбілқайыр ханның төңірегіне топтаса түсті. 
1730 жылы көктемде Балқаш көлі маңында тағы соғыс басталды. Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай сияқты батырлар бастаған қазақ жасақтары жоңғарларға аяусыз соққы берді. Бұл жер кейін "Аңырақай" деп аталып кетті. «Аңырақай» шайқасы соғыстың тағдырын шешіп бергендей болды, басымдық қазақ жасақатры жағына ауысты. Шуно Дабо бастаған қалмақтар Іле өзені бойымен шығысқа қарай қашуға мәжбүр болды. Қазақ жерін азат ету жолындағы соғысты жеңіспен аяқтау үшін Үш жүздің әскерлері Шымкентке таяу Ордабасы деген жерге жиналды. Қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып Әбілхайыр хан мен Бөгенбай батыр сайланды. 
Осы тұста Тәуке ханның баласы Үлкен Орда иесі Болат хан қайтыс болды. Таққа талас басталды. Болат ханның інісі, Орта Жүздің ханы Сәмеке (Шахмұхамед) тақтан негізгі үміткер болды. Сондай-ақ қалмақты қыруда үлкен ерлік танытқан және аса зор бедел жинаған Кіші жүз ханы Әбілхайыр да тақтан дәмеленді. Алайда аға хан болып Болаттың үшінші ұлы Әбілмәмбет сайланды. Әбілхайыр бұған наразы болып, майдан шебінен әскерін алып кетті. Ал сайлауға қатысқандар Әбілқайыр ханның беделі мен ерлігіне еш күдік келтірмесе де тектілігі бойынша келіп, оны Қазақ даласының Ханы етіп сайлауға өткізбеу үшін тоқалдан туғанын сөз қылған еді. Хандықтың Заңды мұрагері болуға лайық Сәмеке де Шу бойымен Бетпақдалаға қарай өз әскерін алып кетті. Бұл реніштердің салдарынан жоңғарларға қарсы майдан шебі әлсірей бастады. Ұлы Жүздің ханы Жолбарыс амалсыз жоңғарлармен мәмілеге баруға, өзін оған бағынышты санауға мәжбүр болды. 
Осы тұста әрбір жүздің ішінде феодалдың бытыраңқылық күшейді. Кіші жүз сұлтандары Батыр мен Нұралы (Әбілхайырдың баласы) өз алдына ел биледі. Сол сияқты Орта жүзде Күшік пен Барақ сұлтандардың да өз иеліктері болды. Қазақ хандығының Бұхара, Хиуамен қатынасы да нашар болды. Еділ өзені бойында қалмақтар мен башқұрттар Кіші Жүздің жеріне шабуыл жасап, үнемі қауіп туғызды. Нұралы хан оларды үнемі тойтарумен болды. 

Объяснение новой темы

V. Жаңа сабақты қорытындылау және бекіту –

1. Жоңғар мемлекеті қашан құрылды және оның негізін қалаған кім? (1635 ж. Батур Қоңтайшы).

2.1718 жылы Аягөз өзенінің маңында болған шайқастың нәтижесі? (қазақтар 30 мың. әскерінен айырылды).

3. Жоңғарларға қарсы куресте қол бастап, ерекше көзге түскен қазақ батыры? (Баян).

4. “Ақтабан шұбырынды” оқиғасы қашан басталды?( 1723 ж.).

5. 1723ж Жоңғарияның барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алуының себебі? (Иоганн Густав Ренат).

6. 1726ж қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға?

( Қалмақ қырылған).

7. Аңырақай түбінде барлық жасақтарға қолбасшылық жасаған кім? (Әбілқайыр).

  1. Жоңғарлардың Ташкент пен Түркістан қалаларын басып алған жылдары? (1724-1725ж.ж.).

  2. Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты? (Үш жүзді басып алу).

  3. Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған аймақ?


Жылдар

Оқиғалар

Шайқас болған жерлер










Қорытынды:   Балалар, бүгін біз өзіміз қысқаша ғана тарихы бар «Жоңғар хандығымен» таныстық. Әрине бұл хандық өзінің тарихи өмірінде көп кездері жаулап алушылық соғыстармен өтті. Бірақ тарихта өзіндік орны бар, соғыс тактикасы ерекше, жауынгерлік тәсілдері жоғары хандық болды. Бірақ ол ел қазір жоқ. Тарих сахнасынан жойылып кетті. Кез-келген ел тарихын оқи отыра, біз барлық оқиғаларды дұрыс бағалай біліп, ел- жерімізді жаулардың шапқыншылығынан  аман алып қалған  батыр бабаларымызға құрметпен қарауымыз керек.  Әсіресе, жоңғар шапқыншылығында жан-тәнімен күресіп, жерімізді қорғап қалған бабаларымыздың ерлігінің орны тіптен ерекше.


VI. Баға қою – Белсене қатысқан білім алушыларды бағалау.

Выставление оценок


ҮІІ. Үй тапсырмасы: Дәріс оқу «1» -184-194, «2» -165-169 , «3» -93 -97 б.

Домашнее задание

(Осымен бүгінгі сабақ аяқталды. Сауболыңыздар.)




































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
Ашы? саба?ты? жоспары,та?ырыбы: "Х?ІІІ ?. Бірінші ширегіндегі ?аза?стан."

Автор: Жакупжанов Куанышбек Таубекович

Дата: 19.02.2015

Номер свидетельства: 175834


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства