Мен Омарова Жайнагул Тыныштыхановна Жамбыл облысы, ?ордай ауданы №43 орта мектебінде 6 сыныппен "Са?тарды? т?уелсіздік ?шін к?ресі" та?ырыбы бойынша ашы? саба? ?ттім. Саба? ?з де?гейінде ?тілді. Саба?ты? ма?саты: білімділік: Са?тарды? жауынгерлік ерліктері Кирмен, Дариймен со?ысы, Шыра?ты? ?з елін ?ор?ауда?ы ерлігі жайында баяндай отырып,Са?тарды? жеріне бас?а халы?тарды? шабуылы, оларды? ?ажырлы азатты? к?ресіне себеп бол?анды?ын т?сіндіру.
Дамытушылы?: О?ушыларды? са?тар туралы білімін одан ?рі жетілдіріп,ойлай білу ?абілеттерін дамыта отырып,д?лелдеу да?дыларын жетілдіруге ы?пал ету;
Т?рбиелік: Жерін, елін ?ор?а?ан ерж?рек са? тайпаларыны? ерлігіне о?ушыларды? назарын аудара отырып, оларды? бойында патриотты? сезім ?алыптастыру39;
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ашы? саба?: Са?тарды? т?уелсіздік ?шін к?ресі»
Омарова Жайнагул Тыныштыхановна,
№43 Б. Момышұлы атындағы орта мектептің
тарих пәні мұғалімі.
ҚОРДАЙ ауданы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Сақтардың жауынгерлік ерліктері, Кирмен , Дариймен соғысы, Шырақтың өз елін қорғаудағы ерліктері туралы баяндай отырып, Сақтардың жеріне басқа халықтардың шабуылы, олардың қажырлы азаттық күресіне себеп болғандығын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың сақтар туралы білімдерін одан әрі жетілдіріп,ойлай білу қабілеттерін дамыта отырып, дәлелдеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік: Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып,олардың бойында патриоттық сезім қалыптастыру.
Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдісі: Білім, білік, дағдыларын қалыптастыратын интеллектуальды ойын сабағы.
Көрнекілігі: Карта, тірек-сызба, кестелер
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгендеу
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
Сақтар туралы сипаттау.
Гректер «Азиялық скифтер»деп атады.
Қазақстан жерінде б.з.б. VІІ-ІVғ мекендеген
Сақтар 3 топқа бөлінеді
Сақтар
Парсы деректерінде «Құдіретті еркектер» деп атады.
Мал шаруашылығымен айналысты
Иран жазбаларында «жүйрік атты турлар»деп аталады
Оқушыларды сабаққа тарту, әрі қызығушылығын ояту мақсатында «Жұл-дызды сәт» ойынын пайдалану.
«Жұлдызды сәт» ойыны
1.Сақтар қашан, қай жерде мекендеген? 2. 2.Тайпа көсемі қандай мәселелермен айналысады? 3. Сақтарды неге жауынгер тайпа дейді? 4. Сақ қоғамында адамдар неше топқа бөлінеді және оларды ата? 5. Жылқының неше түрі болды? 6. Массагеттер деген кімдер? 7. Сақ қоғамында мүлік теңсіздігі болды ма? 8.Сақтар мекенжай салу үшін қандай жерлерді таңдаған? 9.Сақтардың шаруашылығы қандай жағдайларға бейімделген? 10.Шірік-Рабат қонысы тұрғындары немен айналысқан? 11.Ертедегі темір өндіру туралы айтып бер. 12.Сақтар тағы қосымша немен айналысты? 13.Сақтардың негізгі кәсібіне сипаттама бер?
Көш ойыны.
1.Сақтар мен скифтерді аса жоғары құрметтеп, оларды әлемдегі ең әділ, ең шыншыл халық деп есептеген кімдер? Жауабы: Гректер 2. «Томирис әйел болса да, жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ» деп кім айтқан?
Жауабы: Рим тарихшысы Помпей Трог
3. Сақтардың негізгі шаруашылығы? Жауабы: Көшпелі мал шаруашылығы
Өткен сабақты бекіту
III Жаңа сабақ:
Кир әскерінің басып кіруі
Шырақтың ерлігі
Александр Македонскийдің сақ еліне жорығы
Геродоттың сипаттауынша, «Басында әскерлер садақпен атысады. Садақ оғы біткеннен кейін жекпе-жекке шығып, қылыш және найзамен соғысады. Нәтижесінде массагеттер жеңіп шығады. Парсы жауынгерлерінің көбі қырылып, Кир өлтіріледі».
Томирис патшайым б.з.б. 570-520 жылдар аралығында өмір сүрген.
Грек тарихшысы Аррираннан жеткен деректер
Б.з.б.530 ж сақ жеріне Кир бастаған парсы әскерлері басып кірді.
Рим тарихшысы былай деп жазады: «әйел болса да,жаудың шапқыншылығынан қорыққан жоқ»
Кир қайтыс болғаннан кейін 11 жыл өткен соң б.з.б.519 парсылар қайта шабуыл жасайды.
Оқушыларға сұрақ: Сақтармен соғысқан қандай патшалар еді.
Оқушылар: Кир, Дарий, Александр Македонскийлерді айтады. Ендеше мен сендерге бір жұмбақ айтайын, шешіп көріңдер.
«Александр Македонский сақ елімен соғыста жараланып еліне қайтады. Өзінің қол басына еліне жеткенше екі қолымды екі жағыма бос қойып апарыңдар. Өлген соң табытымның соңынан ғалымдар, дәрігерлер, әскерлер, құлдар жүрсін», депті. Осы жұмбақтың шешуін кім табар екен? Неге екі қолын бос қой деген?
Жауабы: Шарасыз күйде қалу
-Міне, көрдіңдер ме, жарты әлемді жаулап алған А.Македонский де, сақтар сияқты жауынгер халықтан жеңіліп, еліне шарасыз қайтқан екен. Әлі де біз оқулықтан толық біле қоймаған тайпаларымыз бар, соны білсек пе екен?
Заринаның әскері соғыс болмаған уақытта үнемі аң аулауды әдетке айналдырады. Жақын маңда ешқандай жыртқыш аң болмағандықтан қыздар үнемі аңға шығып, алысқа ұзап жүрді. Қыздар өздері тұратын мекеннен ұзап кетіп аң аулағанды жақсы көріп жүрді. Үстірт жерінде құландарды аулап бүкіл ауылды етпен қамтып отырды. Осындай бір аң аулауда Зарина өзінің жауынгер қыздарынан бөлек ұзаққа кеткенін аңғармай қалады. Құланды қуғаны соншалық қыздардың қай тұста қалғаны Заринаға белгісіз болды. Осы жерде жаудың әскеріне тап болып, Заринаны жау әскері артынан қуып ұстамақ болады. Бірақ Заринаның аты да өзі де беріспей ұзаққа шабады, сақ батырынша киінген Заринаның артынан Мидияның жауынгері мен патша ханзадасы да артынан қуа жөнеледі. Зарина аяғынан жараланады. Мидиа елінің ханының ұлы, өз жауынгерлеріне ұстаған батырының басын шабуды бұйырады. Заринаның басындағы бас киімі жерге ұшып түскенде, оның шашы ұзын, өте сұлу қыз екенін көреді. Осынша әйел затының ерлігіне таң қалған Мидия ханзадасы, өз райынан қайтуына мәжбүр болады. Бұл Медияның патшасының баласы жас ханзада Стриангей болатын. Ол да өз әскерімен аң аулауға осы тұсқа жауынгерлерімен бірге шыққан болатын. Осы жерде аң аулап жүрген Заринаға күтпеген жерден кездеседі. Мидия ханзадасы сақ елінің ең әдемі де, көркем сұлуына ғашық болады. Олар екеуі тек осындай аң аулауда кездесеміз деп өздеріне уәде береді. Екі ғашық арасындағы кездесу екі ел, сақ елі мен Мидия елінің ауыз бірлікке келуіне, бейбіт өмір сүруіне себепші болады. Зарина мен Стриангей бір-біріне ант беріп екі елді бейбіт ұстауға уәде береді.
Зарина сақ патшасының қызы болғандықтан мемлекеттік билікке араласуға толық қақысы бар болатын. Ал күйеуі Мөрмөр тек әскербасы болғандықтан оның әмірі тек қол астындағы әскеріне ғана жететін. Оған елдің тыныштығы ұнамады. Сондықтан сақ даласының сыртында Зарина мен тілдесуге келген Стриангейді қапылыста қолға түсіреді. Соғысуға дайын тұрса да, Стриангей Заринаға берген уәдесінде тұрып, екі елді қырғынға ұшыратпау үшін өз әскерін кері қайтаруға бұйрық береді. Тұтқынға түскен Стиангейді көріп, Зарина қатты уайымдайды. Зарина жігіттің ерлігіне риза болып, Мөрмөрге Мидияның адал, ержүрек ханзадасының өмірін мен үшін қи деп өтінеді. Сен онымен соғысып майданда жеңген жоқсың, райыңнан қайт, еліміздің басына қасірет әкелме деп Зарина өтініш айтады
Бірақ Мөрмөр бұл келісімге қарсы болады. Зарина сен ханның бұйрығы бойынша қан сасыған олжаны ойласаң, мен елдің береке бірлігін, ана мен баланың көз жасына ойлап тұрмын, райыңнан қайт - дейді. Бірақ Мөрмөр келіспей қанжарын суырып алып, Стриангейге ұмтылады, Зарина өзін қорғайтын жасақтарына Мөрмөрді ұстауды бұйырады, осы жерде Мөрмөр қаза болады. Зарина: “- Бүкіл бір елді қансыратып, мағынасыз соғыста құрбан болғаннан гөрі, өзін ұстай алмайтын долы әскербасының қазасы әлдеқайда жеңіл. Ол менің күйеуім, бірақ елімнің амандығы мен үшін одан да қымбат! Медианың ханзадасын босатыңдар!” дейді.
Ханзада еліне кетерде “адал махаббатымыздың белгісі болсын, екі патшалықты біріктіріп, бір ел болайық, қосылайық” дейді.Бірақ Зарина: “Сен екеуміз қосыла алмаймыз. Себебі, мен саған тұрмысқа шықсам, сен – хан, мен ханым боламын. Менімен қоса елім де саған бағынышты болады. Сондықтан жеке басымның бақытын елімнің еркіндігімен айырбастай алмаймын. Махаббаттан да күшті нәрсе бар, ол – елімнің тәуелсіздігі” деген екен. Халқы үшін бақытынан бас тартқан сақ қызы Зарина біз үшін арулардың тәңірісі де тәкаппары да, үлгісі де болады, бола да бермек! Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Әлия мен Мәншүк, 1986 жылғы желтоқсан оқиғасындағы Сәбира мен Ләззаттарды Осы Заринаның ұрпағы деп кім айтпайды?
Б.з.б. VII – IV ғғ сақ тайпаларының 1. Ассирия
қарым-қатыныс жасаған елдер. 2. Мидия
3.Ахеменидтік патшасы
А.Македонский жаулап алған жерлер
Б.з.б.I VОрта Азияға басып кірді
Самарқанды жаулап алды
А.Македонскийдің Сырдарияның ар жағындағы сақ тайпаларына жасаған жорығы сәтсіз болды.
Сақтар А.Македонскийдің Шығысқа қарай жүретін жолын бөгеді.
Сақтар өз жерін,тәуелсіздігін қорғап қалды.
Болған оқиға мерзімі
Тарихи оқиғалар
Б.з.б. VIII-VII ғасырлар
Ежелгі Ассирия мен Мидия өркениеттерімен қатынасы
Б.з.б. 530 жыл
Парсы патшасы Кирдің сактарға жасаған жорығы
Б.з.б. VI ғасырдың ортасы
Ахеменид (Иран) өулетімен карым -қатынасы
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары
Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан корғауы
Б.з.б. 540, 530, 519 жылдар
Ахеменид өулеттерінін сак жеріне жорығы
Б.з.б 519-518 жылдар
Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы
Сақтардың тәуелсіздік жолындағы күресі: «Жылдам тап»
Кімдер шапқыншылық жасады?
Қашан?
Сақтардың қолбасшысы
Нәтижесі
I V. Сабақты бекіту:
Кубизм әдісі:
Сақтардың парсы жаулаушыларына күресі туралы қандай деректер бар?
Сақ патшасы Томирис жөнінде не білесің?
Сақтардың сыртқы жауларға қарсы күресі туралы өз пікіріңді айт.
А.Македонскийдің жорығы қалай аяқталды?
Шырақтың ерлігі туралы не айтасың?
Геродот сақтар туралы не айтады?
V. Қорытындылау:
Семантикалық карта
Ахеменид өулеттерінін сак жеріне жорығы
Парсы патшасы Дарийдің сақтарға жойқын жорығы
Б.з.б. IV ғасырдың 30-жылдары
Б.з.б. VI ғасырдың ортасы
Б.з.б. 530 жыл
Сақтардың өз жерлерін грек-македондықтардан корғауы
+
Б.з.б. 540, 530, 519 жылдар
+
Ахеменид (Иран) өулетімен карым -қатынасы
+
Б.з.б 519-518 жылдар
+
Парсы патшасы Кирдің сактарға жасаған жорығы
+
VI. Үйге тапсырма:Томирис пен Кир шайқасы туралы қосымша іздену, «Шырақтың ерлігі» тақырыбына әңгіме құрастыру;