Сабақтың мақсаты: Қазақстанның ежелгі қалалары, тарихи-мәдени ескерткіштері, жалпы көне мәдениеті туралы білімдерін тереңдету, топпен жұмыс жасауға баули отырып, елжандылық, патриоттық сезімдерін дамыту.
Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық жұмыс. Миға шабуыл және АКТ қолдану.
Нәтиже: Оқушылар сәулет өнерінің шығу тарихы мен топпен жұмыс жасауды үйренеді.
Көрнекіліктер: суреттер, бейнефильм, слайдтар және интербелсенді тақта.
Сабақ жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ.Сабақ барысы:
IV.Топтық жұмыс
V. Сергіту сәті
VI.Картамен жұмыс.
VIІ. Оқушылар білімін бекіту
VIІІ. Бағалау.
Үйге тапсырма беру.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Мақсат қоя отырып, оқушыларды топқа бөледі.
Оқушылар әрекеті:
Топ басшысын бекітеді. Әр топқа ұпай көрсететін парақшалар беріледі.
Үй тапсырмасын тексеру:
Жаңа сабақ:
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев айтқандай, «Біз - өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар евразиялық елміз!». Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салып, маңызды екендігі көрініп тұр?
Оқушылардың жауаптары: тарих, болашақ.
- Тарихымыз бен болашағымызды не байланыстырады?
- Әдебиет.
- Тарихи, даңқты тұлғалар.
- Тарихи оқиғалар.
- Киелі жерлеріміз, тарихи-мәдени ескерткіштер.
- Мәдениетіміз, т.б.
Тарихи-мәдени ескерткіштер деп атап кеттіңдер, еліміздегі қандай тарихи-мәдени ескерткіштерді білеміз? (Оқушылардың жауаптары)
Архитектура деген сөзді қалай түсінесіңдер? /ой шақыру/
Топтық жұмыс:
(мәтінді оқу, топта талқылау, бір-біріне сұрақтар қояды. Оқушылар ойына келген жауаптарды немесе идеяларды барынша көп жазады. Одан кейін олар өз идеяларын әріптестерімен біріктіреді және соңында мұғалім бүкіл сыныптың идеяларын талқылауды бастайды).
1-топқа /жәдігерлер/: Орта ғасырлық ескерткіштердің салыну уақыты. Хронологияық кесте толтыру.
2-топқа /ғалымдар/: Орта ғасырларда архитектуралық сәулет өнерінің салыну құрлысы.
3-топқа /жас тарихшылар/: Жергілікті жеріміздің сәулет өнеріне жарнама
4-топқа /сарапшылар/: Орта ғасырлардағы сәулет өнерімен қазіргі сәулет өнерін салыстыру.
Сергіту сәті.
Картамен жұмыс. Оқушылар орта ғасырлардағы сәулет өнеріндегі ескерткіштерді картадан көрсетеді.
Оқушылар білімін бекіту:Кеспе қағаздардағы тапсырмалар арқылы топ мүшелері жаңа сабақты қалай игергендерін көрсетеді. Семантикалық карта бойынша жұмыс.
Рефлексия.Смайликтер ілініп тұрады тақтада
өте жақсы,
Жақсы,
Орташа. Егер де, бүгінгі сабақ ұнаса, жанына апарып стикерлер іледі
Бағалау.
Критерийлер бойынша бағалау және өзін-өзі бағалайды житонды кім көп жинайды.
3 житон «3»,
4 житон «4»,
5 житон «5» деген бағамен бағаланады
Үйге тапсырма беру: мәтінді мазмұндау, тапсырманы дәптерге орындау. Кесенелер жайында қосымша мағұлмат жазып келу