Ма?саты: Же?іс салтанатын к?ре алмай кеткен бозда?тарды?, б?гінде саны азайып ?ал?ан майдангерлерді? рухына бас ие отырып, о?ушыларды Отанды ?ор?ау?а, ерлік істеріне та?зым етуге, батыл да батыр ерж?рек болу?а ?йрету. Елін жерін жаудан ?ор?ай білуге, батырларды? ?мірі ?лгісінде т?рбиелеу.
Просмотр содержимого документа
«“Ардагерлер есімі м??гі есте” »
«Абай орта мектебі» ММ-сі
Тақырыбы:
Дайындаған: Айтымбетов Манарбек
2014-2015 оқу жылы
“Ардагерлер есімі мәңгі есте”
Мақсаты: Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік істеріне тағзым етуге, батыл да батыр ержүрек болуға үйрету. Елін жерін жаудан қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Ұлы Отан соғысы батырларының суреттері, мәңгі алаудың макеті, слайд, шарлар.
Барысы:
жүргізуші: Ұлы Отан соғысына Қазақстаннан 1миллион 700 мыңнан
астам жауынгер қатысты, Олардың басым көпшілігі ұрыс даласында қаза тауып, хабар-ошарсыз кетті.
Қазақстаннан құрылған әскери дивизия ең қауіпті жерлерде соғысты. Генерал Понфилов бастаған 28 дивизия жауынгерлерінің аттары Ұлы Отан соғысының тарихына алтын әріппен жазылған.
жүргізуші: Мұндай жойқын апаттың көріп түрін
Адамзат естімеген бұдан бұрын
Талқандап фашистерді азат болған
Айтамыз жыл сайынғы жеңіс күнін.
жүргізуші: Екі қолмен шоқ кесіп ойлағандар,
Кеудесін оққа төсеп лаулағандар
Бір сәтке сол ерлерді еске алайық
Жеңіс тойын 70-жыл тойлағандар,-деп сонау сұрапыл жылдары Жеңіс күнін жақындатуға атсалысқан жандарды 1 минут үнсіздікпен еске алайық.
Рахмет!
жүргізуші: Оңайлықпен түскен жоқ Жеңіс бізге
Соғыс елді түсірді-ау ауыр күйге.
Жұрт күйзелді төгілді қанша көз жас
Түнерді қайғы бұлт талай үйде
Оқушы: Ата жаумен айқастық
Ата жаумен айқастық
Асқар таудай еліме
Байтақ жатқан жеріме
Шапты фашист дегенде
Ашуменнен аралас
Жыр да келді көмейге
Қаһар қаулап денемде
Көз жібердім мен де елге
Сонде елімнің түрінен
Тастай болып түйілген
Қаһармандық аңғардым
Жау сазайын бергенге.
жүргізуші: Біріктіріп үміті мен тілегін
Біріктіріп барлық күшін жігерін
Ана үшін, бала үшін, жер үшін,
Жасқанбастан тосты жүрегін
Ән: «Анаға хат»
жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталғанда Әлия не бары 17 жаста ғана еді.
1942 жылдың аяқ кезінде ол өзі сұранып, атқыштар мектебінде оқуға түсіп, оны үздік бітіріп шыққан соң майданға аттанады. Әлия 1942 жылы Қобда ауданы Көкбұлақ деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейіннен ағасы, Ленинград қаласына көшіп келеді де сол қалада оқиды. Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.
Ән: «Соғыстан қайтқан солдаттар»
жүргізуші: 1945 жылы 30 сәуірдің кешінде 6 сағат 30 минутта Жеңіс туы
тігілді. Ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев. Төрт жылға жуық созылған қантөгіс аяқталды.
жүргізуші: Қара бұлтқа оранбасын күн көкте
Барлық халық бейбіт өмір сүрмекте
Отанының бақыты үшін мерт болған
Батырларды есіңде ұстап құрметте.
жүргізуші: Сен құрметте оны қарағым
Түсіндің бе қарағым
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізесін кесіп аяғын
Ерікеннен де ұстап жүрген жоқ
Қолтығындағы ұзын таяғын
Оқушы: Жеңістің туы бүгін желбіреп мың
Қарайды тыныш түндер мөлдіреп тым
Сонда да мазалайды-ау майдангерді,
Санада қалған даусы зеңбіректің
Жолдардай қуаныш пен тоғысты мұң
Жан толқытар сәттер бұл жер үстінде
«Сүйінші»! «Сүйінші»,-деп жебеу қағып,
Ән болып айтылып тұр жеңіс бүгін
2- жүргізуші: Ия, бұл Жеңіс оңайлықпен келген жоқ! Әди Шәріпов, Қасым Қайсенов, Жұмағали Сайн, Талғат Бегелдинов, Мұсабек Сеңгірбаев, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев сияқты аты аңызға айналған ағаларымыз бен әкелерімізді, апаларымызды тарих бетінде «Батыр» деп жазып кетті.
жүргізуші: Ия, аспанымызда Жеңіс туы желбірегіне 70 жыл. Соғыс өрті
өшіп, қайғы мұңнан арылып, бейбітшілік орнағанына-70 жыл.
69 жыл бейбіт көктем таң атқалы
69 жыл шуақты күн таратты ән
Есімде содан бері 70 рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары
Талай құс содан бері қайта оралды
Соғыста өлгендер тек оралмаған.
Оқушы: Күндер күткен, күңіреніп жылдар күткен
Ана күткен, жетімек бала күткен
Келді Жеңіс арқалап ақ арманды
Жиырма миллион құрбандықпен
Түтеп соғыс төрт жыл көзді аштырмаған
Өтті Жеңіс, алапат тасқындардан
Келді Жеңіс, қан қатып шинеліне
Кешіп өтіп сұрапыл аш жылдардан.
Ән: «Сарбаздарым»
Оқушы: Келді Жеңіс, қаралы қағаздармен
Келді Жеңіс, жаралы сарбаздармен
Келді Жеңіс, соқаға сиыр жегіп
Тастақтарға тартылған бораздамен
Келді Жеңіс, апатты жарып өтіп
Қап-қарңғы түнекті жарық етіп
Шықты қайта жұлдыздар аспанына
Әрі тайған жүзінен әлі кетіп
жүргізуші: Бұлт басты,
Ашық сәні, қашты аспанның,
Жоғалсын заты бұлай қоштасқанның.
Анаға ең ауыр күн тіршілікте
Боздап кеп,
Боздағымен қоштасқан күн.
Көркем сөз: «Отан Ана»
жүргізуші: Сен неткен Отан Ана ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едің
Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін
Жайнай бер, Ұлы Отаным-қазақ елім
жүргізуші: Қорғаймыз біз жерді ортақ қонысты
Міндеттіміз болдырмауға соғысты
Осынау үнге бейбітшілік шеруі
Адамзаттың арман ойы тоғысты
Ән: «Катюша»
жүргізуші: Сақтаған күресте небір сырды,
Қиынға төзе білді темір сынды
Сол кезде бұл тыныштық,
Соғыстағы солдаттардың жүрегінде өмір сүрді!
Оқушы: Қаракөз қара қызы-Мәншүк батыр
Орнатқан дұшпанына заман ақыр
Сұлатқан сан фашисті баудай турап
Өнегең отаншылдық сайрап жатыр
Қаракөз қазақ қызы қарындасым
Қиғаш қас, оймақ ауыз, қолаң шашың
Елімнің азаттығын ту ғып ұстап
Ер болып еркін өскен замандасым
Абырой атағыңа намысың сай
Жаулардың төбесінен түрдің жай
Кенеттен кешегі өткен ерлігіңді
Ешқашан ұмытпаспыз, жан қалқатай
Оқушы: Ие боп бір төбеге жалғыз қалды
Жақындап жасқанбастан ұрыс салдың
«Максимді» үсті-үстіне дүрсілдетіп
Қаптаған қалың жаудың жанын алдың
Күн батты жас тәніңді қанға малып
Дауыстар ұрандаған жетті талып
Әппақ ет, жанардай бет, шалғындай өрт
Қара шаш жерді жапты толқындатып
Сынған жоқ өлсең-дағы сенің сағың
Өшкен жоқ өрлей түсті жастық бағың
Еске алып мәңгі саған бас иеміз
Жан құрбым торқа болсын топырағың
Бәрі бірге
Әлия, Мәншүк –ер қыздары елімнің
Әлия, Мәншүк –гүл қыздары жерімнің
Әлия, Мәншүк аттары әнге айналған
Әлия, Мәншүк – қос жұлдыз көкте жайнаған.
Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген»
2- жүргізуші: Халқымыздың зердесіне бұл күн: 1945 жыл 9 мамыр мәңгі есте сақталады. Өйткені бұл әлем фашистік құлдықтан құтылған күн.
Жеңіс! Жеңіс!
Зымырап ТАСС хабары
Қария мен күлдірді жас баланы
Алты оты Жеңістің аспанға ойнап
Жасыл жаңбыр жайнатты астананы
Жеңіс! Жеңіс!
Елге таза ашық таң атырды
Ақ жаулықты күлімдеп ата тұрды
Ақбоз атты балалар сүйінші сұрап,
Ақбұлақтай аспанға таң атылды.
жүргізуші: Мың тағзым сіздерге, аяулы да қадірлі ағалар, бауырлар! Бес
жылға созылған майдан суреттері де ешқашан ұмтылмаған. Біз де бұдан былай өз ұрпақтарымызға ұлы ерлікті айта отырып, жеңіс жалауының желбіреп тұрғанын жеткізуге міндеттіміз. Жеңіс мерекесі құтты болсын.