ІҮ. Жаңа сабақты бекіту. Таза тақта ойыны арқылы бекітемін
Мәдениет Грек мәдениеті Рим мәдениеті
Ү. Жаңа сабақты қорытындылау
ҮІ. Үйге тапсырма: 1. Жаңа терминдермен жұмыс
2. Қ.И.Оспанов.Мәдениеттану, А; 2006ж
Антикалық мәдениет
1. Ежелгі Мысыр мәдениеті
2. Ежелгі Месопатамия
а) Шумер – аккад мәдениеті
б) Вавилон мәдениеті
3. Ежелгі Үндістан мәдениеті
4. Ежелгі Қытай мәдениеті
5. Ежелгі Грек мәдениеті
6. Ежелгі Рим мәдениеті
Ежелгі Мысыр – жер бетіндегі әлемдік билікке ұмтылған ең алғашқы мемлекет, ең алғашқы империя.
Ежелгі Мысыр мәдениетінің аса маңызды ерекшелігі – оның өлімге қарсылығы, оны қабылдауы.
Мысырлықтар, әсіресе олардың патшалары өмір бойы өздерінің өлгендегі мәңгі бақи қоныстарын, молаларын дайындаумен болған. Б.д.д. 3-2 мың жылдықтарда фараондарға арналған пирамидалар мен ғибадатханалар тастан салынған.
Мысыр пирамидаларының ішіндегі ең көнесі – фараон Джосердің пирамидасы бұдан 5 мың жыл бұрын тұрғызылған. Пирамидалар ішінде фараондардың мумиялары жерленген. Ең зор, ең көрнекті пирамидаларының бірі – Хеопс пирамидасы. Пирамиданың биіктігі 147м, ауданы – 5 500 шаршы метрдей.
Мысырлықтардың дүниежүзілік мәдениетке қосқан аса зор үлесі ең алғашқы жазу-сызуды ойлап тапқаны. Бізге дейін жеткен ең ежелгі Мысыр мәтіндері – құдайға табыну және шаруашылық жазбалары.
Ежелгі Мысыр көркемөнерінің аса құнды ескерткіштерінің қатарына мүсіндік портреттер жатады. Олардың ішінде фараон Аменемхеттің, фараон ІІІ Сенусерттің мүсіндері – жалпыадамзаттық көркемөнердің алтын қазынасынан орын алған дүниелер.
Мысырда ғылым салалары, олардың ішінде астрономия, математика, медицина өте жақсы дамыды. Медицина ғылымы белсенді дамып, адам ағзасындағы мидың ролі анықталды. Б.д.д. ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында шардың беті есептеп шығарылды. Күн сағаты анықталды.
Б.д.д. ІҮ-ІІІ мың жылдықтарда Қосөзен Тигр мен Ефрат өзендері аңғарында Мысырдағы сияқты өте жоғары мәдениет пайда болып, қалыптасты.
Бұл өлкеде аз уақыт ішінде илон, Ассирия, Иран атты елдер пайда болып, бірін –бірі алмастырып отырды.
Қосөзеннің ең ежелгі мәдениеті –Шумер –аккад мәдениеті. Шумерлер ең алғашқы медициналық еңбектердің, жыл күнтізбесінің авторы. Ең алғашқы шекті аспаптар –лира мен арфа да шумер елінде пайда болды. Жер бетіндегі ең алғашқы жазулардың бірі – сына жазуын да ойлап тапқан шумерлер еді. Шумер әдебиетінің аса көрнекті ескерткішіне Гильгамеш туралы аңыздар жүйесі жатады.
Шумер – аккад өркениетінің мұрагері Вавилония болды. Вавилон мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші -2метрлік тасқа ойылып жазылған Хамурапи патшаның заңдары. Бұл заңдарда Вавилонның шаруашылық өмірі, тұрмысы, әдет –ғұрпы мен дүниетанымы көрініс тапты. Вавилондық абыз Мысырдағыдай о дүние рахатын ешкімге уәде қылмайды, бірақ өзінің айтқандарын мүлтіксіз орындағандарға осы өмірден жақсылықтар көр Вавилон көркемөнерінде о дүниені суреттейтін көріністер мүлде жоқ.
Қосөзенді мекендеген ежелгі халықтардың сенім-нанымдарының арасында суға табыну ерекше орын алған. Вавилондық астрономдар адамзат тарихында тұңғыш рет Күннің, Аййдың айналу заңдылықтарын, олардың тұтылу уақытын дәл анықтай отырып, өмірлік қажеттілігіне пайдалана білген. Вавилондық абыздардың ілімдеріне сай, адамдар құдайларға қызмет жасау үшін жаратылған. Вавилон құдайларының саны өте көп болған. Олардың ішіндегі ең бастылары болып Күн құдайы – Шамаш, Ай құдайы – Син, ауа-райы құдайы – Адад, махаббат құдайы –Иштар, өлім құдайы – Нергал, соғыс құдайы – Ирра, от құдайы – Вильги саналған. Құдайлар адам тағдырын шешкен. Құдайлардың пиғылын тек абыздар ғана білген. Вавилон орасан үлкен, шулы Шығыс қаласы болған. Қалада 24 даңғыл болған, негізгі көркі Этеманна құдайына арналып салынған, биіктігі 90м Вавилон мұнарасы «әлемнің жеті кереметінің» бірі. Вавилон мұнарасының айналасын Семирамида аспалы бақтары көріктендіріп тұр.
Вавилонның мәдениетін, дінін және көркемөнерін жалғастырды. Ассирия патшасы Ашурбанипалдың (б.д.д. ҮІІ) сарайының қирандылары арасынан ғалымдар сына жазумен жазылған ондаған мың мәтіндерден тұратын кітапхананы тапты. Ашурбанипалдың тікелей нұсқауымен Қосөзен аралығында жазылған барлық кітаптар және ескерткіштер бір жерге жиналған.
Б.д.д. ҮІ ғ. Вавилон мен Ассирияның орнына Иран империясы орнады. Ежелгі парсылардың рухани мәдениетінің аса көрнекті ескерткіші Зорастра пайғамбардың қасиетті кітабы «Авестада» Ассирия, Үндістан, Вавилон, Кіші Азия, Мысыр, Сирия патшалықтары мәдениеттерінің элементтері жинақталған. Парсы (Иран) мемлекетіне кірген көптеген халықтардың арасында иудейлер де болған. Бұл халықтың дүниетанымы қасиетті кітап – «Ескі өсиетте» берілген.
Үндістан дүниежүзілік өркениет мәдениетінің өте жоғары дәрежеде дамыған ошақтарының бірі. Оның аумағынан палеолит заманында қолданылған материалдық мәдениеттің көптеген ескерткіштері табылды. Б.д.д. үш мың жылдықтың екінші жартысынан бастап мұнда 400 пиктограф пен буындық белгілерден тұратын жазу пайда болды. Үнділердің ең ежелгі кітабы Веды деп аталды. Ол санскрит тілінде жазылған. Ведалардың мәтініндегі діни қағидалар мен ережелер адамдар арасындағы қарым-қатынасты реттеуге көмектесті. Ведаларда металл өңдеу тәсілдері, медициналық емдеу әдістері, математика, шахмат туралы мәліметтер толық берілді. Үнді мәдениеті әсіресе, Маурилер династиясы билеген тұста (б.д.д. ІҮ-ІІғ.ғ.) айрықша өркендеді. Бұл кезеңде ү нді ғаымдары қазіргі сандарды санаудың ондық жүйесін, арифметикалық және геометриялық прогрессияларды, тригонометрия мен алгебраның негіздерін ойлап тапты. Химия саласындағы білімдер сілтіні, қышқылды, бояуларды, дәрілерді, әтірді, цементті, тұзды дайындауға мүмкіндік берді.
Эпикалық әдебиеттің көрнекті шығармалары «Махабхарата» мен «Рамаянаны» ежелгі үнді елі өнерінің энциклопедиясы деп есептеуге болады. Олардың кейіпкерлері – Кришна (Махабхарата) және Рама (Рамаяна) әулиелендіріліп, қазіргі индуизм дінінің ең басты құдайы Вишнумен теңестірілген. Ежелгі үнді мәдениетінің аса құнды бөлігі халық музыкасы болды. Ежелгі көркемсурет өнері және сәулет өнері қол жетпейтін табыстарға ие болды.
Буддизмнің таралуына байланысты табынатын құрылыстар ступалар салына бастады.
Ежелгі Қытайдың тұрғындары қайталанбайтын материалдық, рухани мәдениетті жасады. Олар өмірді құдайдың сыйлығы деп есептеп, дүние екі қарама-қарсы космостық күштердің жарық пен қараңғылықтың соқтығысуы нәтижесінде үнемі өзгеріске ұшырап отырады деп санады. Сол кезде Қытайлықтар табиғат күштеріне: таулардың, жердің, өзендердің, күннің, айдың, жаңбыр, желдің рухтарына табынған.
Қытай мәдениетінің аса құнды бастауларының бірі – конфуцийлік дін. Б.д.д. ҮІғ. өмір сүрген ғұлама Кун-Фу-Цзы адамгізделген тұтас бір философиялық идеологияның көш бастаушысы болды. Конфуций мәңгі өзгермейтін әлеуметтік тәртіптің моделін құруды мақсат етті. Бұл тәртіптің аса маңызды негізі – үлкендерге бағыну. Конфуций идеялары бүкіл дүниежүзі халықтары арасында қолдау тауып, күні бүгінге дейін өз маңызын жойған жоқ.
Қолданбалы өнер дамыды. Көркемдік керамика жетілдірілді, ал ІҮ ғ. фарфор өндірісі басталды, әр түрлі лак құралдар пайда болды. Қытай ғалымдары дүние жүзінде бірінші болып, б.д.д. ІІІ ғ. магниттік құралды, су диірменін ойлап шығарды. Астрономия ғылымы жедел қарқынмен дамыды.
Б.д.д. ХҮ ғасырда –ақ Қытайда екі мың иероглифтерден тұратын жазу жүйесі болған. Қытайлықтар ұзақ уақыт бойы жібекке табиғи бояулармен жазған, тек б.з. басында қағаз бен тушты ойлап шығарды. Б.д. басында 10 мың иероглиф болса, ІІІ ғ. олардың саны 18мыңға жетті. Қытайдың мәдени өмірінде будда сопыханалары басым рол атқарды.
Грекия аумағындағы ең ежелгі өркениет Крит- Микены мәдениеті деп аталады. Оның орталығы Крит аралы мен Грекиядағы Микены қаласы болған. Крит мәдениетінің пайда болуы – б.д.д. 4-3 жылдықтар аралығы. Бул кезең Критте сарайлар дәуірі деген атқа ие болды. ХХ ғ. бас кезінде ағылшын археологы А.Эванс Крит аралынан ежелгі патша сарайларының бірін тапты. Бұл атақты грек мифіндегі Минос патшаның лабиринті еді.
Грек тарихының келесі кезеңін ұлы ақын Гомердің атымен гомер дәуірі деп атайды. Оның тамаша поэмалары «Иллиада» мен «Одиссея» сол уақыт жөнінде (б.д.д. 1 м.ж.) өте жақсы мағлұмат беретін хабарлар көзі болып табылады. Олар б.д.д. ХІІІ ғ. өткен Троя соғысын және поэманың басты кейіпкерлерінің бірі Одиссейдің еліне қайтқан жорығы кезінде бастан кешкен таңғажайып оқиғаларын баяндайды.
Б.д.д. ҮІІІ –ҮІ ғасырларды гректер өз отандарынан тыс Жерорта, Қара және Мрамор теңіздері жағалауы елдерін отарлауға кірісті. Бұл уақыт тарихқа «ұлы отарлау» атымен енді. Соның нәтижесінде, грек мәдениеті өзге халықтармен араласып, мәдениетін байыта түсті. Гректер мидиялықтардан ақша соғуды, финикиялықтардан әліппелік жазуды үйрене отырып, оны одан әрі жетілдірді. Архаика кезеңінде қала мемлекеттер – полистер Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы қалыптасты. Төрт жыл сайын өткізіліп тұратын (олимп құдайлары құрметіне) олимпиадалық ойындар грек мәдениетінің бір бөлігі.
Ежелгі Греция ғалымдары философия ғылымында айрықша табыстарға жетті. Ұлы философтар Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Парменид, Гераклит, Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит т.б. адам, қоғам, болмыс, сана, материя туралы салиқалы еңбектерін қалдырды. Грек медицинасының даңқын дәрігер Гиппократ (б.д.д. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) шығарды.Оның шығармалары медицина ғылымының одан әрі өркендеуіне негіз болды.
Грекия тарихындағы жаңа кезең Эллинизм дәуірі Македония патшасы А.Македонскийдің жаулап алу жорықтары нәтижесінде (б.д.д. 334-324 ж.ж.) құрылған Дунайдан Инд өзеніне дейінгі аралықты алып жатқан орасан зор державаға байланысты дүниеге келген еді. Грек елін эллада деп атағандықтан, осы держава құрамына енген елдер мәдениетттерінің бір бірімен араласып кірігіп баюы нәтижесінде өзіндік өрнегі бар эллинизм мәдениеті қалыптасты.
Аппенин түбегіндегі ең ежелгі өркениеттің иелері – этруск халықтары болған. Патшалық дәуір б.д.д. ҮІІІ ғасырдан б.д.д. ҮІ ғ. дейін созылды. Аңыз бойынша Римді 7 патша басқарған. Ежелгі Рим мәдениетінің дамуына Оңтүстік Италиядағы грек қалаларын жаулап алудың үлкен ролі болды.
Азаматтық қауымдастық – республикалық құрылыс ұйымдасқаннан кейін шешендік өнер пайда болды. Б.д.д. ІІІ ғ. бастап Рим дінініе грек діні өте мықты ықпал етті. Рим құдайлары грек құдайларымен былайша теңестірілді: Юпитер –Зевспен, Нептун –ПосейдонменАйдпен, Марс-Ареспен, Юнона –Герамен, Минерва-Афинамен, Церера-Деметрамен, Венера-Афродитамен, Вулкан-Гефестпен, Меркурий-Гермеспен, Диана –Артемидамен т.с.с.