kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері

Нажмите, чтобы узнать подробности

Бұл сабақ Андронов және Беғазы Дәндібай мәдениеттері төңірегінде жоспарланған. сабақ барысында оқушыларға қосмша мәліметтер беріледі

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері»

Сабақ жоспары

Мектеп: Некрасов атындағы №9 мектеп-гимназия


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі дамуы


Күні: Мұғалім: Сыздыкова Молдир Жомартовна

Сынып: 5 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері.

Зерттеу сұрағы:

Қазақстандағы қола дәуірі ескерткіштерінің қандай ерекшеліктері бар?

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес)

5.2.2.2 археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау;

Сабақтың мақсаты

Қола дәуірі мәдениеті ескерткіштерімен танысу;

Қола дәуірінің ескерткіштерін жіктеу;

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің адамзат өмірінде алатын орынын айқындау.

Бағалау критерийі

Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің тарихта алатын орнын анықтайды;

Андронов және Беғазы –Дәндібай тұрақтарының аумағын кескін картада дұрыс көрсетеді;

Қола дәуірі ескерткіштерінің ерекшеліктерін талдайды.

Тілдік мақсаттар

Суретті көріп, оның мәніне қатысты талдау жасайды (тыңдалым және айтылым дағдылары)

Қола дәуірі туралы ақпарат алу арқылы негізгі ой түйінді шығарады ( оқылым дағдылары)

Тарихи дерекпен жұмыс жасап, кесте толтырады.

(жазылым дағдылары)

Пәнге қатысты лексика мен терминология

Беғазы-Дәндібай, Андронов, тұрғын үйлер, кесенелер, ыдыстар

Диалогқа/ жазылымға қажетті тіркестер

-Не көрдің? Не білдің? Бүгінгі сабағымыз қандай деп ойлайсыз?

-Дәлелде.

Құндылықтарға баулу

Қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім: Қазақстандағы патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, ашықтық.

Пәнаралық байланыс

«Дүние жүзі тарихы» пәнінен алған білімдерін кесте толтыру кезінде пайдаланады.

«География» пәнінен алған білімдерін картамен жұмыста қолданады.

Алдыңғы білім

Қазақстан аумағында металлургияның пайда болуы.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі

ҰЖ

«Археологтар», «Тарихшылар», «Географтар», «Этнографтар» деп төрт топқа бөлу.

Т

Үй тапсырмасы бойынша-топқа кесте

Металлургияның пайда болуы шаруашылықтың қай түріне әсер етті?

Дәлелде










ҚБ

Мұғалімнің ауызша «Өте жақсы», «Жақсы», «Жарайсың» деп бағалауы.


БЫМ

Қола медаль көрсетіліп, нәтижесінде төмендегідей сұрақтар қойылады:

М

-Не көрдің?

-Неден жасалынған?

-Бүгінгі сабағымыз қандай деп ойлайсыз?


Сурет бойынша қойылған сұрақтарға оқушылар нақты ақпарат берген кезде , «жарайсың», «керемет», «тамаша»деген сөздерді қолдану арқылы қолпаштап отырамын.


М

Қола дәуірінің ерекшеліктерімен танысып болған соң, сабақтың тақырыбы мен оқу мақсаттары, бағалау критерийлері таныстырылады.












«Қазақстан тарихы» оқулық. 5 –сынып

«Мектеп» баспасы

36-41 бет




























Сабақтың ортасы

25 мин.

1-тапсырма

ЖЖ

«Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі

Топтар өздеріне берілген мәтінді оқи отырып ой түю, ой бөліседі. Бір-біріне түсіндіреді.



Қазақстанда қола дәуіріндегі тайпалардан көптеген тұрақтар, кен ескерткіштер қалған. Бұларды Андронов мәдениеті деп атайды. Бұл мәдениет – Евразиядағы ең ірі қола дәуірінің мәдениеті. Андронов мәдениетінің бірінші ескерткіші 1914 жылы Сібір жеріндегі Андроов қонысындағы Ашинск селосы маңынан табылған. Андровнов мәдениеті шығыстағы Минусинск шұнқырынан бастап солтүстік аса үлкен Батыс Сібір жазығынан Қазақстанның оңтүстігіндегі Памир тауларына дейінгі кең-байтақ аумақты қамтыған. Қазақстандағы ескерткіштері Солтүстік Батыс және Орталық Қазақстанда орналасқан осылардың ішіндегі ең ірісі - Орталық Қазақстан.


Беғазы - Дәндібай мәдениеті - қола дәуірінің соңғы кезеңінде (б.з.б. IX - VIII ғасырлар) Орталық Қазақстанды қоныстанған тайпалар мәдениеті. Беғазы және Дәндібай ескерткішкешендерін алғаш зерттеп, Беғазы - Дәндібай мәдениеті атауын ғылыми айналымға енгізген акад. Әлкей Марғұлан. Беғазы - Дәндібай мәдениетін өркендеткен тайпалар батысындаҰлытау, шығысында Абыралы, Шыңғыс таулары, оңтүстігінде Жетіқоңырдан Ертіс бойына дейінгі Нұра, Сарысу, Кеңгір өзендері бойлары мен Қызылтау, Бұғылы, Қызыларай, Қарқаралы, Баянауыл таулары аралығындағы кең жазықтарды қоныс еткен. Бұл кезде одан бұрынғы андрон мәдениетіне тән үлгілер сақталумен қатар, жаңа жерлеу ғимараттары, тұрғын үйлер пайда болып, жерлеу салты, өзіндік шаруашылық түрлері қалыптасады. Жаңа мәдениет қауымның жоғарғы лауазымды билеушілеріне арнап салынған қақпақ тастардан тұрғызылған зәулім кесенелерімен, мәйітті бір қырынан, аяқ-қолын бауырына жинап, сонымен қатар шалқалатып жерлеу, олардың жандарына қару-жарақ, әшекей бұйымдар қою ғұрыптарымен ерекшеленеді. 


Т

Кесте толтыру

«Деректермен жұмыс» әдісі


Әр топ деректерді оқып, өздерінің ғылымына байланысты деректерді атап шығып, қорытынды шығарады.



Мәлімдемесі

Археологтар


Этнографтар


Тарихшылар


Географтар



Дескриптор

-Археологтар тұрақтардағы жерлеу орындарының ерекшелігі, еңбек құралдарын, тұрғын үйлері туралы мәлімет береді;

- Этнограф өмір салтымен,шаруашылығымен таныстырады;

-Географтар тұрақтың аумағын картадан анықтап, көрсетеді;

-Тарихшылар тұрақтардың уақытын анықтайды, Андронов, Беғазы-Дәндібай деп аталу себебін анықтайды, отбасындағы ерекшеліктерімен (аталық ру, жеке меншік, т.б.) таныстырады.



ҚБ

Топтардың бірін-бірі бағалауы

«Медаль-Миссия» әдісі

Әрбір топ бір-бірінің жұмыстарын бағалау критерийлерін миссия мақсатында пайдалана отырып бағалайды.

«Алтын медаль»

«Күміс медаль»

«Қола медаль»







2-тапсырма

ЖЖ


Андронов мәдениеті

Ұқсастығы

Беғазы-Дәндібай мәдениеті

1.

1.

1.

2.

2.

2.


Дескриптор:


-Андронов мәдениетіне тән екі ерекшелікті жазады;

- Беғазы-Дәндібай мәдениетіне тән екі ерекшелікті анықтайды;

-Андронов пен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ұқсастығын анықтайды.

ҚБ

Жұптардың бірін-бірі бағалауы.


Оқушылар дескриптор бойынша өзіне ұнаған 2 мәліметті атап, қате жіберген 1 жерін атайды.










https://studopedia.info/7-16393.html






































































































Сабақтың соңы

10 мин.


Жеке жұмыс

Элективті тест

Мұғалім алдын ала әрбір оқушыға А,В,С,Д арқылы белгіленген түстері сәйкес ақ, сары, көк, қызыл стикерді таратады. Әрбір сұрақтан кейін 20сек. Кідіріп, сыныптан тест жауабына сәйкес әріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі және бірі-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін дүрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог құру арқылы талқылайды.

ҚБ Мұғалім бағалауы


Кері байланыс

Таңдау рефлексиясы

Таңдалатын жауаптар

Менің сабақтағы іс-әрекетім...

Белсенді, енжар

Өз жұмысыма...

Ризамын, көңілім толмайды

Сабақ...

Тез өтті, ұзақ өтті

Сабақта мен...

Шаршадым, шаршамадым.

Менің көңіл-күйім...

Көтерілді, түсті

Сабақ материалдары маған...

Түсінікті, түсініксіз болды; қызықты, қызықсыз болды; пайдалы, пайдасыз болды.



«Қазақстан тарихы»

5-сынып оқулық. «Мектеп» баспасы




Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 5 класс

Скачать
Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттері

Автор: Сыздыкова Молдир Жомартовна

Дата: 20.10.2020

Номер свидетельства: 560675


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства