kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

А?ыз

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Жылан б?з?ан ?ала» немесе  «Мейрамт?бе»  жайында?ы а?ыз

 

Нургул  Калдыбекова  Зулхарнаевна

?йтеке би атында?ы орта мектебіні? тарих п?ні м??алімі.

Жайылма ауылы

Сарысу ауданы

Жамбыл облысы

 

     Мен ?зім  ?ызылорда облысы,Жа?а?ор?ан ауданы, Келін т?бе ке?шарында ?скенмін.  

     Адам кішкентайынан ертегі, ??гімелерге,а?ыздар ты?да?анды жа?сы к?реді. Мен де сондай  ??гіме ты?да?анды жа?сы к?ретіндерді? бірімін. ?кем  бізді ?асына алып отырып бол?ан о?и?алар мен а?ыздарды айтып беруші еді. Біз б?л а?ызды ?анша ты?даса? та ?кемізді? аузынан сан рет ты?да?анды жа?сы к?ретінбіз. ?кем  ?немі б?л а?ызды айтпас б?рын, к?зін ?за??а ?аратып ойлана бастаушы еді.

         - Анау  ауылды? шетіндегі к?ріш егетін егістікті? ар?ы жа?ында ?лкен т?бе бар. Сол т?бе  «Жылан б?з?ан ?ала» деп аталады.

     Б?рын?ы ?ткен заманда жеті ?ор?аннан т?ратын ?ала болыпты. Сол ?аланы? е? шетінде жал?ыз басты кедей кемпір т?рыпты. Сол кемпір к?ндерді? к?нінде жал?ыз ешкісін сауып с?тін тоста??а ??йып боса?аны? жанына ?ойып ?йы?тапты. Азанда т?рса сол тоста?ты? ішінде с?т жо?, орнында алтын тиын жатыпты. Алтынды к?рген кемпір ерте?іне та?ыда с?т ?ойыпты. К?ніге сол жа?дай ?айталанып отырыпты. Б?л не н?рсе деп бір к?ні  а?дып жыланды ?стап алыпты. Сонда жылан: -Сен мені ?лтірме, мен са?ан к?ніге осылай алтын беріп отырамын. Сен ешкімге  айтпа, айтса? мына ауыл т?бімен ?ирайды,- депті. Алтыны к?бейген кемпір бір к?ні базар?а сауда жасап шы?ыпты. Бір к?н сауда жасайды,екі к?н сауда жасайды, ?шінші к?н сауда жасайды. Алтын тиынмен сауда жасап ж?ргенін к?рген ханны? у?зірлері кемпірді хан?а айтып келеді. Дереу хан кемпірді сарайына алдыртып, кемпірден с?райды. -Алтынды  ?айдан алды??-деп. Кемпір айтпайды. Хан ?лім жазасына кеседі.  Кемпір ?оры??аннан: - Айтамын біра?, мына елге зияны тиеді, ел аман ?алмайды,-дейді. Хан к?нбей кемпірге айт?ызады. Кемпір к?ніге с?т ?ойып, оны? орнына алтын тиын алып ж?ргенін айтады. Оны естіген хан дереу у?зірлерін сол жыланды ?стап келуге б?йры? береді. У?зірлері  сол т?ні жыланды а?дып ?стап алады. Жыланды ?стап алып алтын ал?ыздырып ?зін ?лтіріп тастайды. Сол к?ні алапат  д?рбеле? басталып  ?ала ортасына ?йіліп ?лкен т?беге айналыпты. Сол ?аланы? бір ?ана т?р?ыны к?рші ?ала?а кетіп, ол к?ні ?з ?йінде болмапты. Сол баланы іздеп бір жылан жол?а шы?ыпты. Бала ж?рген ауыл?а ?арай келе жат?ан бір отар малды? алдында?ы текені? м?йізіне оралып бала?а келе жатады. Оны к?рген малшы дереу ауыл?а шауып келіп, бол?ан жа?дайды баяндайды.  Оны естіген бала не істерін білмей ?лкендерден а?ыл с?рапты. Сонда сол ауылды? а?са?алдары баланы? басына жеті ?абат нан ж?не кетпенді ?ойып жыланны? ?арсы алдына отыр?ызып ?ояды. Баланы к?рген жылан бір ша?ырым жерден секіріп келіп баланы? басына т?седі.  Жеті нанды тесіп ?тіп, кетпенге келіп тіреліп жылан ?ліп ?алыпты. Сол жыланны?  алапатынан бір ауылдан бала ?ана тірі ?алыпты. Ел аузында жеті нан тарату ж?не кетпенні? ортасы осыдан тесік бол?ан  деседі.?азіргі кезде  осы т?бені? жанына жаяу адам ?те алмайды. Тек ?ана аттылы адам ?ана т?бені? ?стінен ?те алады. ?стінен ?ара?анда  т?бе жеті ?абат ты ?ор?анны? орны аны? к?рінеді,- деп отыратын ?кем. Осы а?ызды естіген біз жеті нанны? ?асиеті мен жыланны? жылы-жылы с?йлесе? жылан інінен шы?ады деген с?зін жадымызда са?тап ?стік. Жыланны? да ?зіндік ?асиеттері де жеткілікті. Сол ?асиетті  ?адірлей білейік. 

 

 

 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«А?ыз »

«Жылан бұзған қала» немесе «Мейрамтөбе» жайындағы аңыз


Нургул Калдыбекова Зулхарнаевна

Әйтеке би атындағы орта мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Жайылма ауылы

Сарысу ауданы

Жамбыл облысы


Адам кішкентайынан ертегі, әңгімелерге,аңыздар тыңдағанды жақсы көреді. Мен де сондай әңгіме тыңдағанды жақсы көретіндердің бірімін. Әкем бізді қасына алып отырып болған оқиғалар мен аңыздарды айтып беруші еді. Біз бұл аңызды қанша тыңдасақ та әкеміздің аузынан сан рет тыңдағанды жақсы көретінбіз. Әкем үнемі бұл аңызды айтпас бұрын, көзін ұзаққа қаратып ойлана бастаушы еді.

- Анау ауылдың шетіндегі күріш егетін егістіктің арғы жағында үлкен төбе бар. Сол төбе «Жылан бұзған қала» деп аталады.

Бұрынғы өткен заманда жеті қорғаннан тұратын қала болыпты. Сол қаланың ең шетінде жалғыз басты кедей кемпір тұрыпты. Сол кемпір күндердің күнінде жалғыз ешкісін сауып сүтін тостаққа құйып босағаның жанына қойып ұйықтапты. Азанда тұрса сол тостақтың ішінде сүт жоқ, орнында алтын тиын жатыпты. Алтынды көрген кемпір ертеңіне тағыда сүт қойыпты. Күніге сол жағдай қайталанып отырыпты. Бұл не нәрсе деп бір күні аңдып жыланды ұстап алыпты. Сонда жылан: -Сен мені өлтірме, мен саған күніге осылай алтын беріп отырамын. Сен ешкімге айтпа, айтсаң мына ауыл түбімен қирайды,- депті. Алтыны көбейген кемпір бір күні базарға сауда жасап шығыпты. Бір күн сауда жасайды,екі күн сауда жасайды, үшінші күн сауда жасайды. Алтын тиынмен сауда жасап жүргенін көрген ханның уәзірлері кемпірді ханға айтып келеді. Дереу хан кемпірді сарайына алдыртып, кемпірден сұрайды. -Алтынды қайдан алдың?-деп. Кемпір айтпайды. Хан өлім жазасына кеседі. Кемпір қорыққаннан: - Айтамын бірақ, мына елге зияны тиеді, ел аман қалмайды,-дейді. Хан көнбей кемпірге айтқызады. Кемпір күніге сүт қойып, оның орнына алтын тиын алып жүргенін айтады. Оны естіген хан дереу уәзірлерін сол жыланды ұстап келуге бұйрық береді. Уәзірлері сол түні жыланды аңдып ұстап алады. Жыланды ұстап алып алтын алғыздырып өзін өлтіріп тастайды. Сол күні алапат дүрбелең басталып қала ортасына үйіліп үлкен төбеге айналыпты. Сол қаланың бір ғана тұрғыны көрші қалаға кетіп, ол күні өз үйінде болмапты. Сол баланы іздеп бір жылан жолға шығыпты. Бала жүрген ауылға қарай келе жатқан бір отар малдың алдындағы текенің мүйізіне оралып балаға келе жатады. Оны көрген малшы дереу ауылға шауып келіп, болған жағдайды баяндайды. Оны естіген бала не істерін білмей үлкендерден ақыл сұрапты. Сонда сол ауылдың ақсақалдары баланың басына жеті қабат нан және кетпенді қойып жыланның қарсы алдына отырғызып қояды. Баланы көрген жылан бір шақырым жерден секіріп келіп баланың басына түседі. Жеті нанды тесіп өтіп, кетпенге келіп тіреліп жылан өліп қалыпты. Сол жыланның алапатынан бір ауылдан бала ғана тірі қалыпты. Ел аузында жеті нан тарату және кетпеннің ортасы осыдан тесік болған деседі.Қазіргі кезде осы төбенің жанына жаяу адам өте алмайды. Тек қана аттылы адам ғана төбенің үстінен өте алады. Үстінен қарағанда төбе жеті қабат ты қорғанның орны анық көрінеді,- деп отыратын әкем. Осы аңызды естіген біз жеті нанның қасиеті мен жыланның жылы-жылы сөйлесең жылан інінен шығады деген сөзін жадымызда сақтап өстік. Жыланның да өзіндік қасиеттері де жеткілікті. Сол қасиетті қадірлей білейік.












Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее

Скачать
А?ыз

Автор: Калдыбекова Нургул Зулхарнаевна

Дата: 20.11.2014

Номер свидетельства: 133263


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства