Просмотр содержимого документа
«Ал?аш?ы адамдарды? т?рмысы мен тіршілігі, к?сібі, ?онысы»
Бекітемін Мерзімі: 13.03.13 ж.
Мектеп директорының Уақыты: 9.45, 3-сабақ
оқу-тәрбие ісі жөніндегі Кабинеті: 211 орынбасары Пәні: Қазақстан тарихы
________ М.Бердекеева Сыныбы: 5 «А»
«___»_______2013 ж. Мұғалім аты-жөні: Жумашова Ж.
ТАҚЫРЫБЫ: Алғашқы адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен кәсібі, қоныстары
МАҚСАТЫ: ежелгі тас дәуірі адамдарының тұрмыс- тіршілігіндегі, кәсібіндегі өзгерістерді, ерекшеліктерді түсіндіру.
МІНДЕТТЕРІ:
Білімділік: алғашқы адамдардың ашқан жаңалықтарының, жетістіктерінің адамзат болашағы үшін маңызын көрсету.
Дамытушылық: ашқан жаңалықтардың осы күнге дейінгі бүкіл адамзат дамуындағы үлесін салыстыра отырып, қорытындылауға үйрету.
Тәрбиелік: оқушыларға еңбек, адамгершілік тәрбиесін беру.
ТИПІ: жаңа материалды түсіндіру
ТҮРІ: дәстүрлі
ӘДІСІ: баяндау, түсіндірмелі,сұрақ-жауап әдісі, ойын әдісі, ой қозғау
КӨРНЕКІЛІГІ: Қазақстан картасы
Техникалық құрал: мультимедиа
САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:
Ұйымдастыру кезеңі
II. «Танысу». Жаңа сабақты түсіндіру
«Өткел». Үй тапсырмасын сұрау
IV. «Шынығу». Ғажайып карта ойыны
V. «Ойлану». Суретпен жұмыс
VI. «Ой шабулы». Сөзжұмбақ шешу
VII. Үйге тапсырма: §20 оқу. Сұрақтарға жауап беру,112 беттегі суретке әңгіме жазу.
VIII. Бағалау
Оқушыларды түгелдеп, құралдарын алдырып орындарына отырғызамыз.
Бүгінгі сабағымыздың ерекшелігін айтамыз. Сабақ мультимедиадан слайд арқылы өткізіледі.
Танысу
« Танысу». Жаңа сабақ тақырыбы: Алғашқы адамдардың тұрмыс- тіршілігі мен кәсібі, қоныстары.
Жоспары: 1.Тас дәуірі адамдары қалай өмір сүрді, нені кәсіп етті?
2.Тас дәуіріндегі адамдар қандай нәтижеге жетті?
Мұғалім сабақты мақсатымен таныстырып, жоспарын оқушылардың дәптеріне жаздырып, жаңа сабақтың үй тапсырмасымен байланысы бар екенін айта кетеді.
Алғашқы адамдардың қалай тіршілік еткендігі туралы, олардың топ болып өмірсүргендігін, алғашқы кезде ешқандай құралдарының болмағандығын айтады. Алғашқы құралдары – сындырып алған ағаш таяқ, сүйектер, қарапайым жұмыртастар болғанын білеміз. Жеміс-жидек, жерге түскен дәнді, құстардың жұмыртқаларын жинайтын әйелдер мен балалар еді. Ер адамдардың міндеті күрделірек болды, ұжымды етпен қамтамасыз етіп отырды.
Оттың адам тіршілігі үшін көп пайдасы тиді.
2.«Өткел» тапсырмалары:
1. Ертедегі адамдар қандай кәсіптермен айналысты? (аңшылық, терімшілік)
2. Жиі -жиі қоныс аудару алғашқы адамдар тіршілігіне қандай өзгерістер әкелді?(жаңа жерлерді игерді. Ой – өрісі жетіле түсті)
3. Ежелгі адамдар қандай жерлерге қоныстанған? (табиғи үңгір, тау шатқалында)
4. Адамдар тіршілігінде қандай қиындықтар кездесті? (аяздан тоңды, тамақ жоқ болды, ауру – сырқау көбейді, жабайы аңдар шабуылы)
5. Ежелгі адамдар қандай жетістіктерге жетті?(құралдарын жасады: шапқы, қырғыш , шоқпар , киім киді, от жақты, аңды қолға үйретті, топ – топ болып өмір сүрді.
6. Алғашқы адамдардың өмір сүрген жасы? (30 -40 жас)
7. Қазақстан жерінен ежелгі адамдардың сүйектері табылды ма? (Сүйегі табылған жоқ)
8. Ежелгі тасғасырын қалай атады?( палеолит)
9. Ежелгі тасғасыры нешеге бөлінеді. (2- ге бөлінеді 1- төменгі кезең. 2- жоғарғы кезең.)
10. Ежелгі тас ғасыры адамдары немен қоректенді? (дәнді дақылдар, жеміс – жидектер, аңдардың еті)
3. «Ғажайып карта» ойыны. Картаға сұрақтар жазылған тұрақтардың суретін сұрақтарға жауап беріп болған соң , тұрақтардың табылған жерлеріне апарып жабыстырады.
4.Семантикалық карта
Оңтүстік
Қазақстан
Солтүстік
Қазақстан
Жамбыл
облысы
Батыс
Қазақстан
Орталық
Қазақстан
Қызылтау
Бөрқазған
Қошқорған
Шоқтас
Мұғалжар
Шақпақата
Шүлбі
Өгізтау
5. «Ойлану». Суретпен жұмыс. Оқушылардың алдына суреттер таратылып беріледі, сол суреттерге әңгіме құрайды.