Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс!
Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс!
XIV-XV ғасырларда Орта Азия мен Қазақстан моңғол шапқыншылығы зардабынан арыла бастады. Әлеуметтік-экономикалық жағдайлар түзеле бастады. Көптеген ұлыстар мен елдер тәуелсіз бола бастады. Осындай тәуелсіздікке ие болған мемлекеттердің бірі - Ақ Орда.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«Ақ Орда — Алтын Орданың шығысындағы протоқазақтық ұлыс!»
Ақ Орда - Қазақ хандығының негізі
Жоспар:
Ақ Орда ұғымы. Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қағанаты ретінде.
Әбілхайыр хандығы
Моғолстан
Қазақ хандығының құрылуы
Жошы ұлысының шығыс бөлігінде Орда Ежен ұрпақтарының ұлысы бөлектене бастағаны айтылды. Осы Орда Ежен ұлысы Ақ Орда деп аталды.
«Ақ Орда» ұғымы, Ұлы Даланың батыс бөлігін жаулап алғана кейін, Бату Еділ жағалауына қоныс аударды. Жайық өзені Орда Ежен мен Бату ұлыстарынның арасындағы шегараға айналды. Батыс Қазақстанда Батудың кіші інісі Шайбан қалып, ол шайбанилердің жеке ұлысының негізін қалады. Бұл ұлыс Көк Орда деп аталды. XIV ғасырдың екінші жартысында шайбанилер Алтын Ордадағы билікті басып алып, оған өз ұлысының атын (Көк Орда) берді. Бқл дереккөздерде біпқатар шатасулар туындатты. 1370 жылдарының қарсаңында олардың бұрынғы ұлысы Орда Ежен ұрпағы Орыс ханның Ақ Ордасына қосылды.
Ақ Орда Жошы ұлысының шығыс қанаты ретінде. Алтынордалық билеушілер алғашында Ақ Орданың істеріне араласқан жоқ. Ол іс жүзінде тәуелсіз болды.
Орыс хан тұсында Ақ орда күшейіп, Жошы әулетінің сол қанаты тиесілі барлық жерді біріктірді. Ол Ақ Ордаға Сырдария бойындағы қалаларды, әсіресе астаналық қала Сығанақты қайтарды.
Кейін ол шайбанилердің бұрынғы Көк Ордасын – Батыс Қазақстанды қосып алды. 1375-1376 жылдары Орыс хан алтынордалық Сарайшық, Қажы-Тархан мен Сарай қалаларын басып алды және ол жерде өз ақшасын шығара бастады.
Орыс ханның өлімінен кейін Тоқтамыс бүкіл Жошы ұлысын өз қол астына біріктірді. Орыс ханның ұрпақтары Ақ ордадағы өз билігін қалпына келтіру үшін күресе бастады. Далалық тайпалардың бір бөлігі оларды, екінші бөлігі Токтамысты, кейін шайбанилерді қолдады. Орыс ханның ұрпағы Бараққа Шығыс Дешті Қыпшақты бес-алты жылға біріктірудің сәті түсті. Бірақ, 1428 жылы оның өлімінен кейін Ақ орда ыдырап кетті. Оның көп бөлігіне шайбанилік Әбілхайыр хан өз билігін жұргізді.
Әбілхайыр хандығы. Әбілхайыр хан сайланған кезде, жасы бар жоғы он жетіде еді. Оны көптеген далалық тайпалардың басшылары қолдады. Алайда даладағы өзара соғыстар ол билік жүргізген барлық қырық жылдың ішінде де тоқтаған жоқ және Шығыс Дешті Қыпшақтың аумағы бытыраіқы болып қала берді. Әбілхайыр ханға биләк үшін басқа шайбанилермен және Жошы ұрпақтарымен күресуге тура келді. Оңтүстік аймақтарды бағындыру одан да көп күш жігер жұмсауды талап етті.
Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керей сұлтандар орналасқан Ақ Орданың оңтүстік бөлігінде Әбілхайыр хан жиырма жыл бойы алға жылжи алмады. Олар осы аймақ билігін Барақтан мұрагерлікке алған еді және Әбілхайырмен кұресте Сырдария бойындағы билеушілердің одақтастары болды. Әбілхайыр ханның оңтүстікке қарай жылжуы Жәнібек пен Керейдің және Қаратау ауданында көшіп қонып жұрген олардың қол астындағы тайпалардың мүдделеріне қайшы келді.
Әбілхайыр хандығының мемлекеттік аумағы. Әбілхайыр қырық жыл билік еткен кезеңде Шығыс Дешті Қыпшақ өзгерістерге ұшырады. Билігінің соңына қарай Батыс сібірдің оңтүстігінен Сырдарияның оң жағалауы мен Қаратаудың етегіне дейінгі жерді Сығанақ, Үзгенд, Ақ Қорған, Созақ қалаларымен бірге ұстап тұрды. Сондай –ақ Жайықтан Ертіске және Балқаштың солтүстік жағалауына дейінгі жерлер, яғни өзбек-қазақтардың этникалық аумағы оған қарсы болды. Әбілхайыр хан мемлекетін кейде Өзбек ұлысы , Әбілхайыр ұлысы немесе Көшпелі өзбектер мемлекеті деп те атайды. Әбілхайыр хандығы атауы неғұрлым дұрыстау саналады, өйткені «өзбек» ұғымы далалық тайпаларға қатысты әлі е болса этникалық ұғым бола қойған жоқ еді.
1456-1457 жылдары ойраттардан жеңіліске ұшыраған Әбілхайыр Дешті Қыпшаққа кетуге мәжбүр болады. 1468 жылы Әбілхайыр хан қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Шығыс Дешті Қыпшақта шайбанилердің билік жүргізуі тоқтады.
Моғолстан. Моғолстан ғасырдың ортасында Шағатай ұлысының шығыс бөлігінде құрылған мемлекет. Моғолстан құрамына Жетісі, Қырғыстан мен Шығыс Түркістан аумағы енді. Мемлекеттің негізін дулат тайпасы иеленген Маңлай- Сүбе аумағы құрады. 1347 жылы дулаттардың әмірі Полатшы Шағатайдың Тоғлұқ Темірді таққа отырғызған соң, ол жаңа әулеттің негізін қалады. Моғолстанда көшпелі тұрмыс сақталды. Ьұл жерге отырықшылыққа көшкісі келмеген көптеген тайпалар келді. Бұл тайпалардың елеулі бөлігі кейінен Ұлы жүз қазақтарының, сондай-ақ қырғыздар мен ұйғырлардың құрамына кірді.
Моғолстанның саяси тарихы соғыстар мен өзара қырқыстарға толы болды. Мысалы 1370-1380 жылдары Моғолстан әмір Темірдің шабуылына ұшырады. Моғолстанның басты сыртқы жауы одан солтүстікке және Әбілхайыр хандығынан шығысқа қарай өз мемлекетін құрған батыс моңғолдық көшпелілер – ойраттар болды. 1452-1457 жылдары, Есен Бұға хан билігі кезінде, ойраттар Моғолстан мен Сырдария бойындағы қалалрға шапқыншылық жасады. Сондай-ақ олар Әбілхайыр ханды Сығанақ түбінде жеңіліске ұшыратты. 1462 жылы Моғолстан Шығыс және Батыс Моғолстанға бөлініп кетті
Қазақ хандығының құрылу себептері. XV ғасырдың ортасында қалыптасып келе жатқан қазақ этносының әртүрлі бөліктері үш мемлекетте – Әбілхайыр хандығы, Ноғай Ордасы және Моғолстанда болды. Қазақ тайпаларын бір мемлекетке біріктіру ісі Орыс ханның ұрпақтары Жәнібек пен Керейдің үлесіне тиді.
1440-1450 жылдары көптеген қазақ ру-тайпалары Қазақстанның оңтүстік бөлігінде – Жәнібек пен Керейдің айналасына топтасты. Бұл жерде осыған дейін Жәнібектің әкесі Барақ ханның күшті билігі болған еді. Әбілхайыр хан билік үшін Жошы ұрпақтарымен күрес жүргізіп жатқан кезде, Жәнібек пен Керей өздерінің қол астындағы тайпаларды мықты тәртіппен басқарды. Олармен өзара қырқыстың тоқтауын және сауданың дамуын қалаған Сырдария бойындағы қалалардың ақсүйектері де байланысты болды. Жәнібек пен Керейдің билігіндегі қазақ тайпаларына өз билеушілерінің Әбілхайырмен жаудасуы оңвй тиген жоқ. Өйткені осыған байланысты жаз мезгілінде Қазақстанның солтүстігіне көше алмады. Өз кезегіне Әбілхайырдың қол астындағы тайпалардың Сырдария бойындағы аудандарсыз қалуы қиыншылықтар тудырды. Қазақ тайпаларының табиғи көші-қон бағыттары бойындағы аумақтарды иеленуге ұмтылуы олардың мемлекет құруға ұмтылысын тудырды. Бұл Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі мен қазақ жерлерін біріктіру үшін күресінің аса маңызды себептерінің бірі болды.
Жәнібек пен Керейдің Жетісуға көшуі. Қазақ Хандығының құрылуы. 1450 жылдардың соңында Жәнібек пен Керей өздерінің қол астындағы халықпен бірге Жетісудың батысына, Моғолстан ханының иелігіне көшті. Көп ұзамай олар өздерінің саяси дербестігін бекітті. 1468 жылы Әбілхайыр ханның өлімінен кейін Жәнібек пен Керей бұрынғы Әбілхайыр хандығындағы билікті қайтарып алып, қазақ тайпаларының этникалық аумағын біріктірді. Сол тұста оларды қазақтардың билеушілері деп атай бастады. Қазақ хандығындағы алғашқы хандық лауазымды иеленген Керей хан болды.
Қорытынды. Жошы ұлысының құрамынан Шығыс Дешті Қыпшақтың бөлінуі салдарынан қазақтардың этникалық жіне Қазақ хандығының мемлекеттік аумағы қалыптасты. Ақ Орда алғашқы қазақ мемлекеті болды. Моңғол мемлекеттерінің ыдырауы дәуіріндегі үш мемлекеттің (Ақ Орда, Әбілхайыр хандығы және Моғолстан) арасындағы оқиғалар сабақтастығы Қазақ хандығының құрылуына әкелді. Өзінің негізінде түркі-моңғол үлгісіндегі көшпелілер мемлекетінің белгілерін сақтай отырып, қазақ мемлекеті қалалық және отырықшы егіншілік мәдениет орталықтарын иеленуге ұмтылды. Бір мемлекеттің құрамына климаты мен ландшафтысы әртүрлі аймақтарды біріктіру далалық тайпалардың көшіп-қону аймақтарының кеңеюіне және көшу бағыттарының өзгеруіне мүмкіндік жасады. Нәтижесінде жүздердің құрылуына әкелді. Қазақ хандығының құрылуы этникалық және саяси үдерістердің заңды нәтижесі болды.
Бақылау сұрақтары:
Ақ Орда мемлекеті қай ғасырда өмір сүрді?
Орталығы қай қала?
Орыс ханның ел басқарудағы тарихи маңызы неде?
Қазақ хандығының құрылуына негіз болған мемлекеттерді атаңдар
Қазақстан тарихы үшін далалық хандардың Сырдария бойындағы қалалар үшін күресінің қандай маңызы болды?
Қазақ хандығының құрылуының негізгі екі себебін атаңдар.
1-тапсырма Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына нақты дәлелдер келтіріп талдаңыз.
Мемлекеттер
территориялық аумағы
саяси басқару жүйесі
этникалық құрамы
шаруашылығы
Ақ Орда
Қазақ хандығы
Қорытынды ой:
Дескрипторлары:
Территориялық құрылымы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді; ;
Саяси басқару жүйесі бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
Этникалық құрамы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
Шаруашылығы бойынша Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығына дәлел келтіреді;
Ақ Орда мемлекеті мен Қазақ хандығының сабақтастығын түсіндіріп, қорытынды ой түйін жасайды
Тапсырма №2 Сәйкестендіру
XIV ғасырдың екінші жартысы
Ақ Орда Алтын Ордадан біржола бөліне бастайды. (Ерзен мен Мүбәрәк хандар тұсында, Ұрұс хан кезінде Алтын Ордадан мүлде оқшауланады)
1368-1369 жж.
Мүбәрәк хан Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырған. Алайда бұл жағдайға Алтын Орда билеушілері қарсы болды.
1374-1375 жж.
Алтын Ордада аласапыран төңкеріс басталады. 60-жылдардың өзінде мемлекет астанасы Сарайда бір жыл ішінде 4 хан ауысады. Талас-тартысты пайдаланған Ұрұс хан Ақ Орда билігін өз қолына алады.
1395 ж.
Ұрұс хан Сығанақ қаласында өз атынан теңге соқтырады.
XIV ғасырдың екінші ширегі
Ұрұс хан Еділ бойына жорық жасап, Алтын Орданың астанасы Сарайды, Қажы-Тарханды алып, Қама бұлғарларын бағындырады.
1428 ж.
Тоқтамыс Темір-Мәлікті жеңіп, Сығанақты біржола өз қолына алады.
1327-1328 жж.
Әмір Темір Ақ Орда тағына Ұрұс ханның баласы Қойыршық оғланды отырғызады.
1379 ж.
Шығыс Дешті Қыпшақтағы билік Жошының Шайбани әулетінің ұрпағы Әбілқайыр ханға тиеді.