Саба?ты? ма?саты: О?ушылар?а Абылай ханны? ХYІІІ ?асырда Орталы? Азияны? ?лемдік де?гейдегі мемлекет басшысы, ?олбасшысы, дипломат бол?анын, оны? т?сында?ы ?аза? ханды?ыны? Жо??арлармен, Ресей, ?ытай империясымен ж?не та?ыда бас?а елдермен ж?ргізген сырт?ы саясатыны? негізгі о?и?аларын т?сіндіру. Абылайды? ?аза? ханды?ыны? т?уелсіздігін са?тау жолында?ы сырт?ы саясат саласында?ы тарихи е?бегін ашып к?рсету
Дамытушылы?: О?ушылар?а Абылай д?уірін, т?л?асын, оны? сырт?ы саясат саласында?ы ?айраткерлігін ?ылыми т?р?ыдан талдау?а, саналылы?пен т?сіне білуге ?лы бабамызды? дипломатиялы? ?ызметі туралы ?здігінен ізденіп, білулеріне ба?ыт-ба?дар беру.
Т?рбиелілік: О?ушылар бойында ?аза?ты? ?лы ханы абылай т?л?асына, оны? кеме?герлігіне, дипломатиялы? шеберлігіне деген ?ызы?ушылы? пен ??рмет сезімін ?алыптастыру.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Просмотр содержимого документа
«АБЫЛАЙ ХАН Т?СЫНДА?Ы ?АЗА? ХАНДЫ?Ы»
АБЫЛАЙ ХАН ТҰСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға Абылай ханның ХYІІІ ғасырда Орталық Азияның әлемдік деңгейдегі мемлекет басшысы, қолбасшысы, дипломат болғанын, оның тұсындағы қазақ хандығының Жоңғарлармен, Ресей, Қытай империясымен және тағыда басқа елдермен жүргізген сыртқы саясатының негізгі оқиғаларын түсіндіру. Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау жолындағы сыртқы саясат саласындағы тарихи еңбегін ашып көрсету
Дамытушылық: Оқушыларға Абылай дәуірін, тұлғасын, оның сыртқы саясат саласындағы қайраткерлігін ғылыми тұрғыдан талдауға, саналылықпен түсіне білуге ұлы бабамыздың дипломатиялық қызметі туралы өздігінен ізденіп, білулеріне бағыт-бағдар беру.
Тәрбиелілік: Оқушылар бойында қазақтың ұлы ханы абылай тұлғасына, оның кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Сабақтың әдісі: СТО технологиясы, сахналық көрініс, тапсырмалар.
Оқушыларды «Шежірешілер» және «Тарихшылыр» деп екі топқа бөлемін.
Сабақтың мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Сәлеметсіздер ме? Оқушылар және ұстаздар! Бүгінгі, «Абылай хан тұсындағы қазақ хандығы» атты ашық сабаққа қош келдіңіздер.
Мұғалім:
Бүгінгі тәуелсіздіктің 20 жылдығымен тұстас келіп отырған мерекенің бірі Абылай ханның туғанына 300 жыл толуы. Біз әуелі Абылай ханға дейінгі Қазақ халқының басынан өткерген тарихи оқиғаларға тоқталайық. Қазақ халқы сонау жоңғар шапқыншылығы кезіндегі «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» , «Аңырақай» оқиғаларын бастан кешірді. Осындай қиын –қыстау күндерде Абылай өзінің даналығымен, ақыл-ой парасаттылығымен халқына көмек берді. Соның арқасында қазақ елі бұрын-соңды қол жетпеген ұлттық бірлікке мемлекеттік тұтас басшылыққа кең, байтақ атамекен жеріне ие болды.Оқушылар Абылайдың өмірі мен ішкі саясатын өз беттерінше айтып шығады.
Мұғалім: Әрі қарай Абылай ханның сыртқы саясаты және тарихта алатын орны туралы түсінік берді.
Абылай хан Ресеймен дипломатиялық және сауда байланыстарын орнатты.
Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағытталды. Қалден Церен -қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын тиімді пайдаланып, олардан қазақ жерін қайтарып алды.
Жоңғар мемлекетін жоюдың басталған кезінде қазақ билеушілері мен Қытай үкімет билігі арасында жер қатынастарына байланысты шиеленісті дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария жерінің бір бөлігін оның байырғы қожайыны болып табылатын қазақтарға қайтарып берілуін талап етті. Бірақ Қытай үзілді –кесілді бас тартты.1761жылы Қытай боғды хан ы Аягөз өзенінің оңтүстүк бөлігіне көшіп-қонуға тыйым салды . Абылай қытайлықтармен келіссөз жүргізуді күшейте түсті . Соның нәтижесінде 1767ж Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып беруге мәжбүр болды. Абылайдың қырғыздармен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап тыныштықтарын алды. Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп қырғыз манаптарының балаларын аманатқа алып, көптеген қырғыздарды айдап алып келді. Олардан екі болыс ел құрап, атығай руының арасына қоныстандырды. Абылай ханның бұл шаралары қазақ-қырғыз шекарасында тыныштық орнауына үлкен себебі болды.Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды орын алады. Абылайдың күш-жәгері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін құруға жұмсалды.
2.535+536+70*10=1771 Түркістан қаласында үш жүздің ханы
болып сайланды.
3.889*2=1778 Патша үкіметі Абылайды орта жүздің ханы деп
жариялады.
4.500*2+391+390=1781 Абылай хан қайтыс болды.
Көрініс. Абылайдың жоңғарларға тұтқынға түсуі.
Абылайдың бейнесі бүгінгі өмірмен байланысы.
Бүгінгі таңда қазақ халқының ақын – жыраулары абылайдың өмірін,ерлігін жырлады. Халқымыз Абылайдың атын ұран етіп шақыратын болды.Сол замандағы Абылайдың арман -мақсаты мен қазіргі таңдағы президент Н.Ә Назарбаевтыңда мақсат-мүддесі бір болатын. Ол еліміздің тәуелсіздігі мен тыныштығы еді. Абылай қарулы қақтығысқа жол бермеуге тырысты. Бейбітшілікті басты ұстаным ету бүгінгі Қазақстанның да негізгі бағыты. Біз бүкіл Азияны, қала берді күллі әлемді өзара сенімге, ынтымаққа шақырып отырған елміз.
РАФТ
Оқушылар Н.Ә Назарбаев пен Абылай ханға алғыс хат жазады.
Бағалау.
Үйге тапсырма . Абылай хан туралы аңыз әңгімелер жинау және тақырыпты оқу.