kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

: «Абылай хан билігі т?сында?ы ?аза? ханды?ы»

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: «Абылай хан билігі

                                                             т?сында?ы ?аза? ханды?ы»

Саба?ты? ма?саты:

1.О?ушыларды Абылайды? ?мірі ж?не  ?ызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет ?айраткері, дипломат, ?олбасшы бол?анды?ын к?рсету. Абылайды осындай д?режеге к?терген деректерді ашу;

2.Та?ырып?а ?атысты м?тінмен ж?мыс ж?ргізу барысында о?ушыларды топты? ж?мыс?а да?дыландыру, тарихи деректерге с?йене отырып, ?з бетімен т?жырым жасай білуге ?йрету;

3.Абылай хан бейнесі ар?ылы о?ушыларды Отан?а деген с?йіспеншілік, адалды?, табандылы? рухында т?рбиелеу

Саба? типі: аралас саба?
Саба? ?дісі: с?ра?-жауап, ой-?оз?ау, топтастыру, сын т?р?ысынан

                     ойлау стратегиялары

О?ыту формасы: топты? ж?мыс
К?рнекілігі:  карта, интерактивті та?та, ?лестірмелі материалдар

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«: «Абылай хан билігі т?сында?ы ?аза? ханды?ы»»

ШҚО Абай ауданы,Архат ауылы

«С.Бекбосынов атындағы орта мектебі»КММ









Тақырыбы: «Абылай хан билігі

тұсындағы Қазақ хандығы»





Сыныбы: 8 сынып






Өткізген: тарих пәнінің мұғалімі

Демеуова .Ә.Т











2015-2016 оқу жылы






Сабақтың тақырыбы: «Абылай хан билігі

тұсындағы Қазақ хандығы»

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларды Абылайдың өмірі және қызметімен таныстыра отырып, аса ірі мемлекет қайраткері, дипломат, қолбасшы болғандығын көрсету. Абылайды осындай дәрежеге көтерген деректерді ашу;

2.Тақырыпқа қатысты мәтінмен жұмыс жүргізу барысында оқушыларды топтық жұмысқа дағдыландыру, тарихи деректерге сүйене отырып, өз бетімен тұжырым жасай білуге үйрету;

3.Абылай хан бейнесі арқылы оқушыларды Отанға деген сүйіспеншілік, адалдық, табандылық рухында тәрбиелеу

Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, ой-қозғау, топтастыру, сын тұрғысынан

ойлау стратегиялары

Оқыту формасы: топтық жұмыс
Көрнекілігі: карта, интерактивті тақта, үлестірмелі материалдар

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі
1) Оқушылармен амандасу, түгендеу

Қуаныш бүгін ерекше

Шуағын шашып тұр әлем.

Білімнің түскен жолына,

Ұрпағым саған мың сәлем.

2) Сыныпты 4 топқа бөлу,

«Алғадай», «Қыран», «Тархан», «Бәйтерек» топтары
3) «Жақсы тілек» тренингі
(Сабаққа жақсы тілек айту)
- Ендеше тілек тілейік,

Баршамыз ізгі ниетпен

4) Сабаққа назарын аудару

Үй тапсырмасын сұрау кезеңі:

«Алтын қақпа» ойыны


Тас қақпа


Күміс қақпа


Алтын қақпа


«Алғадай» тобына


Кіші Жүздің алып жатқан аумағын ата?

Жоңғар хандығына сипаттама бер

Иоган Густав Ренат деген адам туралы не білесің?

«Тархан» тобына

Орта жүздің территориясы?

«Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасы туралы не білесің?


«Қырғыз-қазақ немес қырғыз-қайсақ ордасына сипаттама» еңбегінің авторы кім?


«Қыран» тобына





Ұлы жүз тайпалары ежелден қоныстанған жерлерді ата?

Қазақ-жоңғар шайқастарын ата, сипаттама бер



Тевкелев Алексей Иванович жөнінде баяндап бер

«Бәйтерек» тобына


Үш жүздің төбе билерін атап бер

Жоңғарларға қарсы күрескен қазақ батырларынан кімдерді білесің?


Тәуке билігі кезіндегі заманға қандай баға беріледі?



Жаңа тақырыпты түсіндіру
Абылай хан билігі тұсындағы Қазақ хандығы



Қызығушылығын ояту мақсатында «Көшпенділер» кинофильмінен үзінді көрсетіледі.

Абылай туралы не білеміз?

Жаңа сабақтың мақсаты хабарланып, сәйкесінше оқушылардың міндеттері айқындалады.

Жаңа сабаққа көшу

«Естігенімді – ұмытамын,

көргенімді – есте сақтаймын,

өз істегенімді – меңгеремін» Конфуций

Жоспар:

Абылай – аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері

Абылай ханның ішкі саясатының ерекшеліктері

Абылай ханның сыртқы саясаты

Абылайдың Қазақстан тарихындағы орны

Мәтінмен жұмыс (презентация)

Топ мүшелері берілген тақырыпшаны баяндап, көрнекілік дайындап шығады, сәйкес топтар дәптерге түртіп отырады. Сұрақтар әзірлеп, тыңдармандар ойын таразылайды.


Негізгі мәлімет

1711 ж - Әбілмансұр дүниеге келді

1741-42 ж – Жоңғар тұтқынында болды

1771 ж – Үш жүздің ханы болып сайланды

1778 ж – Ресей империясы Орта жүздің ханы деп тағайындады

1781 ж – Түркістандағы Қ.А.Иассауи кесенесінде жерленді

Мирасқоры – Уәли

Абылай хан өмірі мен қызметіне арналған туындылар: «Аласапыран», «Алмас қылыш», «Көшпенділер» (І.Ессенберлин), «Батыр Баян»(М.Жүмабаев), «Абылай хан» диссертациясы(Ж.Жақсығалиев)


Пысықтау кезеңі

Ой толғау

Бүгінгі сабақта нені білдік, не үйрендік?



қазақтың тәуелсіздігін нығайтты

ағаш үйлер салғызды Мәмілегер

Хан

елін қорғады

Абылай қолбасшы

Не істеді? Кім?

саясаткер


халықты біріктірді күйші қайраткер

егіншілікті дамытты

Бағалау

Қорытындылау

Біз үшін қай заманғы тарихымыз болмасын қымбат, бабаларымыз құрметті. Қазір өзіміз өмір сүріп жатқан Отанымыздың іргетасы. «Өз тарихын білмеген халық, өзін де сыйламайды» деп Елбасымыз айтқандай, тарихты білу баршамыздың парызымыз.






Үйге тапсырма беру

Қазақстан тарихы 8 сынып § 9, 56-63 беттерді оқу, 62-63 беттегі тарихи деректі талдау, тест құрастыру


Қосымша

Әбілмансұр (1711— 23.5.1781 , Оңтүстік Қазақстан, Арыс жағасы) — ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз – Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан: Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алған. Ол шығыстың жеті тілін білді. Домбыраны жақсы тартты. Оның өзі шығарған жиырмадан астам күйлері бар.

Он бес жасқа толған кезінен бастап жоңғар басқыншыларымен соғысқа белсене қатысқан.

Шоқан Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Төле бидің тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріске ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.

Сөзге шебер, әрі тапқыр болды. өз замандастары арасында сөзіне берік, алғыр ойлы, барынша адал әрі әділдігімен көзге түскен.

Абылайдың аты халық арасында 20 жасында-ақ кеңінен танымал болған. Бұқар, Үмбетей жыраулардың т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай қан майданда ерлігімен танылған.

деуі осының дәлелі.

Өз билігін нығайта түсу және шекаралас елдермен бейбіт қарым-қатынас орнату мақсатын алға қойып, қазақ елінің тәуелсіздігі мен біртұтастығын сақтап қалу жолында аянбаған тарихи тұлға.


Абылайдың ақ туы

Абылайдың ақ туы — Абылай ханның жауынгерлік туы. Кезінде бүкіл қазақ халқының атынан айтылатын жауынгерлік ұран ретінде де қолданылған. 20 ғасырдың басындағы қазақ интелегенциясы, Алаш орда жетекшілері халықты бірлікке шақырып, А.а.т. — тарихи зат, жоңғар шапқыншылығына қарсы соғыста көтерілген ту. Қыл шашақты, ақ жібек мата. Ту 1930 жылға дейін Арыс қаласының маңындағы «Хан қорған» дген жердегі төре тұқымдарының қолында сақталып келген. Ел аузындағы әңгімелердің бірін де НКВД адамдары алып кеткеен, екіншісінде жергілікті халық тәбәрік ретінде бөліп - алған.





Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 8 класс

Скачать
: «Абылай хан билігі т?сында?ы ?аза? ханды?ы»

Автор: Демеуова ?сел Тілеш?ызы

Дата: 07.01.2016

Номер свидетельства: 273141


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства