5 сыныпты? тарих п?нінен саба? конспектісі :"?аза? хандарыны? тарихынан"
5 сыныпты? тарих п?нінен саба? конспектісі :"?аза? хандарыны? тарихынан"
Саба?ты? та?ырыбы: ?аза? хандарыны? тарихынан.
Саба?ты? ма?саты:
Білімділік. Хан бас?ар?ан мемлекеттік бас?ару ж?йесіні? ерекшелігі, ханны? ат?аратын ?ызметі ж?не ?аза? ханды?ыны? ко?амдык саяси ??рылысымен таныстыра отырып, аты а?ыз?а айнал?ан Кенесары?а дейінгі ?аза? хандарыны? ?ызметіне ба?а беру.
Дамытушылы?. ?азіргі ?аза?стан Республикасы мен ?аза? ханды?ыны? мемлекеттік бас?ару ж?йесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге ?йрету.
Т?рбиелік. ?аза? хандарыны? ?лт мемлекеттігіні? негізін салуы мен ны?айту жолында?ы ерлікке толы е?бектеріне ба?а бере отырып, оларды? ?аза? ханды?ын жау?а бермей, ?лан-?айыр жерді ?рпа??а м?ра етіп ?алдыруда ат?ар?ан ?ызметін ?лгі етіп, жастарды? бойларына сі?іру.
Просмотр содержимого документа
«5 сыныпты? тарих п?нінен саба? конспектісі :"?аза? хандарыны? тарихынан" »
5-сынып. Қазақстан тарихынан әңгімелер
Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандарының тарихынан.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік. Хан басқарған мемлекеттік басқару жүйесінің ерекшелігі, ханның атқаратын қызметі және Қазақ хандығының коғамдык саяси құрылысымен таныстыра отырып, аты аңызға айналған Кенесарыға дейінгі қазақ хандарының қызметіне баға беру.
Дамытушылық. Қазіргі Қазақстан Республикасы мен Қазақ хандығының мемлекеттік басқару жүйесін салыстырып, ерекшеліктерін таба білуге үйрету.
Тәрбиелік. Қазақ хандарының ұлт мемлекеттігінің негізін салуы мен нығайту жолындағы ерлікке толы еңбектеріне баға бере отырып, олардың Қазақ хандығын жауға бермей, ұлан-ғайыр жерді ұрпаққа мұра етіп қалдыруда атқарған қызметін үлгі етіп, жастардың бойларына сіңіру.
Қазіргі кезде дүние жүзінде 200-ден аса мемлекет бар.Республика - мемлекет басшысы белгілі бір мерзімге сайланатын халықтық басқару түрі .Монархиялық - әкеден балаға мұра ретінде берілетін, мемлекетті бір әулеттің басқару түрі.Бүгінде монархиялық тәртіп сақтаған мемлекеттер әлі де бар. Сол сияқты XIX ғ-ға дейін қазақ елінде монархиялық жүйе сақталып мемлекетті Шыңғысханнан тарайтын төре ұрпақтары басқарды. Хан- орта ғасырлардағы Қазақ мемлекетінің билеушісі,хандықтың басшысы.Бұл билік атадан балаға мұра ретінде қалдырылып отырған Ханның қолында мемлекеттік маңызы бар көптеген өкілеттілік болған.Ол аса маңызды саяси –экономикалық мәселелерді шешумен қатар өз атынан бұйрық шығарып отырды.Ханның мұрагерін сұлтан деп атаған.Аты аңызға айналған қазақ хандарыны тоқталайық. Көптеген аңыз шежірелерде Алаша хан қазақ хандар әулетінің арғы атасы ретінде көрсетілді.б.з.б 4-3 мыңжылдықта билік құрған.Шежіре бойынша қазақ халқының үш жүзге бөліну тарихы осы Алаша хан заманынан бастау алады. Шыңғысханның үлкен ұлы.Анасының аты –Бөрте.Қазақ елін билеген хандар әулетінің арғы атасы.Шыңғысхан өлердің алдыңда өзі жаулап алған жерін төрт ұлысқа бөліп береді.Жошыға Ертістен Еділге дейінгі жерлер тиеді.1227 жылы қайтыс болды.Қабірі Жезқазған қаласында орналасқан.Қазақ хандарының тарихы 1466-1847 жылдар аралығын қамтиды.Қазақ хандығы 1466 жылы құрылды.Хандықтың іргесін қалаған қазақтың алғашқы хандары Керей мен Жәнібек.16-17 ғғ. қазақ хандығы нығайып, оның шекарасы едәуір ұлғая түсті. Өз тұсында «жерді біріктіру» процесін жедел жүзеге асырып, көзге түскен хандардың бірі Жәнібектің ұлы Қасым. Қасым ханның (1511-1523 жж.) тұсында қазақ хандығының саяси және экономикалық жағдайы нығая түсті. Ол билік құрған жылдары қазақ халқының қазіргі мекен тұрағы Қасым ханның тұсында қазақтардың саны 1млн-ға жетті.Алаша ханға кесене тұрғызды.Ол Қасым ханның «Қасқа жолы»атты тұңғыш заң жинағын шығарады.Көптеген хандар билік басына келіп өз саясаттарын жүргізді. 1680 - 1715 жж. Хан тағына Тәуке отырды. Ол талас - тартыс пен бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған Қазақ хандығын құруға күш салды, «Жеті Жарғы» атты заң жинағын құрастырды. Абылай хан 1771 - 1871 жж. Хан тағына отырды. Қоғамдық қайраткер, қолбасшы, дарынды саясаткер ретінде өзін көрсете білді. Барлық мәселені тек дипломатиялық қатынас арқылы шешті.IX ғасырда қазақ жерінде Ресей империясының отарлау саясаты күшейді.Осы тұста қазақ хандығын қалпына келтіріп,1841 жылы хандық билікті Абылай ханның немересі Кенесары қолына алды.Бірақ бұл хандықтың өмірі қысқа болды.Қазақ хандығының Соңғы ханы-Кенесары хан.
IV.Математикалық лото.
728*2+10=1466
Қазақ хандығының құрылған жылы.
500*2+227=1227
Жошы хан қайтыс болды.
200*2+771=1771
Абылай хан таққа отырды.
3800/2+91=1991
Қазақстанның тәуелсіздік алған жылы.
V.Оқулықпен жұмыс
Хан деген кім?
Қандай қызметатқарды?
Аты аңызға айналған қазақ хандарынан кімдерді білесің?
VI.Картамен жұмыс
Керей мен Жәнібек сұлтандары жүрген бағытын айқындап көрсетіңдер
VII.Тарихи диктант
1.....-орта ғасырлардағы қазақ елінің билеушісі,хандықтың басшысы.
2.Ханның мұрагерін...............деп атаған
3.....-Шыңғысханның үлкен ұлы.
4.Қазақ хандығы .............құрылды.
5.Қазақ хандығының соңғы билеушісі............
жауабы :Хан,сұлтан,Жошы хан,1466,Кеңесары.
VIII.Тест жұмысы
Алаш атауы қай дәуірде қалыптасты?
А)ерте тас дәуірінде Ә ) Қола Б) мыс-тас дәуірінде
2.Аңыз бойынша қазақ халқының арғы атасы кім болып саналады? А) Жошы Ә) Алаш Б) Абылай
3.Ханның мұрагерін қалай атаған ?
А )Сұлтан Ә) Жауынгер Б)Төлеңгіт
4.Қазақ хандар әулетінің арғы атасы
А )Жошы Ә ) Қасым Б)Тәуке
5.Қазақ хандығының соңғы ханы
А) Абылайхан Ә )Кенесары Б)Қасым
Жауабы:1.Б 2.Ә 3.А 4.А 5.Ә
IX. Адасқан әріптер ойыны
Сұрақтардың жауабы арқылы ,соған сәйкес келетін әріпті таңдап ,аш..
1.Аты аңызға айналған хан Алаша хан Ж
2.Аңыз бойынша өз есімін өзгерткен хан Уыз хан А
3.Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы хан Р
4.Тұңғыш заң жинағын шығарған хан Қасым хан А
5.Жеті жарғы заңын шығарған хан Тәуке хан Й
6.Қазақ хандығын құрған хандар Керей мен Жәнібек С
7.Үш жүздің басын біріктірген Абылай хан Ы
8.Қазақ хандығының соңғы ханы Кенесары Ң
Жарайсыңдар балалар ! бүгінгі сабақты толықтар меңгердіңдер
XI.Бүгінгі сабақта мен не меңгердім?
Нені білемін?
Нені білдім?
Нені білгім келеді?
XII.Қорытындылау: Қазақ дәстүрінде ірі ұлыстарға билік жүргізген сұлтандарды да хан деп дәріптеді. Дегенмен алтын тақта отырған ұлы хандардың орны жоғары болған. Қазақ халқы хандарын сыйлап ак киізге кетеріп отырған, сонымен бірге Қазақтың хандары караша елін, туған жерін құрметтеген, игі жақсыларын сыйлаған, елге жау келгенде алдымен қарсы тұрған. Хандардың ішінде жауымен жағаласып соғыста қайтыс болғандары да аз емес.
IX.Үйге тапсырма. §29. Қазақ хандарының тарихынан реферат реферат ,тест құрастыру