kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1930-жж. ?о?амды?-саяси ?мір

Нажмите, чтобы узнать подробности

1930-1950жж. Ке?естік ?о?амда орна?ан саяси режим кезінде мемлекетті? адамды билеуіні? орын ал?анын, барлы? елдегі сия?ты ?азакстанда да мемлекеттік билік бір партияны? ?олында бол?анын ашып к?рсету.

1930 жылы ?аза?станны?  ?о?амды? ??рылымына тоталитарлы? т?ртіпті бекіту ?дісі, б?кіл елдегі сия?ты халы??а ?арсы ?у?ын –с?ргін ж?ргізу т?сілі бол?анына назар аударту.

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1930-жж. ?о?амды?-саяси ?мір»

Қазақстан тарихы 11 сынып

Сабақтың тақырыбы: 1930-жж. қоғамдық-саяси өмір

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі 1930-1950жж. Кеңестік қоғамда орнаған саяси режим кезінде мемлекеттің адамды билеуінің орын алғанын, барлық елдегі сияқты Қазакстанда да мемлекеттік билік бір пратияның қолында болғанын ашып көрсету.

1930 жылы Қазақстанның қоғамдық құрылымына тоталитарлық тәртіпті бекіту әдісі, бүкіл елдегі сияқты халыққа қарсы қуғын –сүргін жүргізу тәсілі болғанына назар аударту.

Дамытушылық:Жаңа материал тақырыбымен, мақсат-міндеттерімен, негізгі мәселелерімен таныстыру арқылы алдын ала проблемалық, логикалық тапсырмалар беру арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Қазақ халқының басына түскен нәубет жайлы,қосымша әдебиеттері,тарихи құжаттарды пайдалану арқылы, сол кездегі тоталитарлық жүйенің мәнін аша отырып ‘халқым’ деген ерлердің ісіне құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Оқушылардың өз бетінше ізденуіне негізделген сабақ.

Әдіс- тәсілдер:Түсінік айту, іздендіру, тапсырмалар. Проблемалық сұрақ бойынша жұмыс, топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі:Слайдтағы сызба, кестелер.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет,география.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Тапсырмасын тексеру. Индустрияландыру.

а) Тест сұрақтары арқылы өткен тақырыптағы алған білімдерін тексеру:

1. “Индустрияландыру” сөзінің мағынасы, индустрияландыру бағыты партияның қай съезінде, қашан белгіленді?

2. Қай бес жылдық жоспармен тұспа –тұс келді?

3.Индустрияландыру бағыты неден басталды?

4. Қазақстанды индустрияландыру мәселесі бойынша қандай пікірталастар болды?

5. Ф.И.Голощекин өлкемізді басқарған жылдар және ұстанған бағыты?

6.Голощекин бағытына қарсы шыққан қоғам қайраткері?

7.ҚР “Кеңес Одағының тұтас металлогенді провинциясы болып табылады” деген тұжырым жасаған академик?

8.Орал-Ембі аймағын зерттеп, мұнайға бай өлке екенін айтқан ғалым?

9.Қ.И.Сәтбаев еңбегі туралы не білесің?

10. Индустрияландыру кезеңіндегі Қазақстандағы ең күрделі құрылыс-Түрксіб

теміржолы туралы не білесің?

Индустрияландыру. Жетістігі мен кемшілігі” атты кестені толтыр

Жетістігі

Кемшілігі






Жаңа сабақ (сабақтың тақырыбы, мақсатын түсіндіру)

Ми шабуылы

1.Тоталитарлық жүйенің орнауы

2. Жаппай жазалау,Қазақстан-лагерьлер өлкесі

3.Қуғын-сүргіне ұшыраған зиялы өкілдеріміз

Термин сөздермен жұмыс:

Бюрократия-қоғам мүшелеріне белгілі бір артықшылықтары бар қкімет аппаратының көмегімен іске асырылатын басқару жүйесі, шенеунік билігі.

Репрессия-мемлекеттің өз азаматтарына қолданатын қатаң жазалау шаралары.

Тоталитаризм- әрбір азаматтың ,қоғам өмірінің барлық саласы мемлекет тарапынан толық бақылауға алынған мемлекеттің саяси құрылыс түрі.

30 жылдары КСРО-да социалистік қатынастар орнығып болды.

  • Социализмнің тоталитарлық, казармалық сипатының көрінісі қандай?

  • Мемлекеттік меншік нығайып, өндіріс құрал жабдықтарына қоғамдық меншік орнап, шаруалар жерден шеттетілді.

  • Бюрократиялық орталық нығайып, республикалар іс жүзінде толық егемендік алмады.

  • Республикалардың заң шығару бастамасы болмады.

Нәтижесінде:

  • Мемлекеттік өкімет органы ретіндегі Кеңестер қызметі шектелді.

  • Жазалау органдарының қызметі күшейтілді.

  • Әміршіл - әкімшілік жүйе қалыптасты.

  • Қандай жазалау шаралары іске асырылды?









1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-50 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды

-Олар-ақын философ Ш.Құдайбергенұлы, жазушы ғалым Ж. Аймауытов,жазушы педагог М.Дулатұлы тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол мұра қалдырған А.Байтұрсынұлы, ақын, саясатшы, педагог М.Жұмабаев.

-1997 ж.- Жалпыұлттық татулық және қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы

-31 мамыр- Саяси қуғын-сүргінге құрбандарын еске алу күні

-1998 жылы-Халықтар тұтастығы мен ұлттық тарих жылы

-1999 жылы-Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы деп жарияланды

д) Ой қорытынды (мұғалім сөзі)

Сонымен, оқушылар, бүгін біз 1930-1950жж. Кеңестік қоғамда орнаған саяси режим кезінде мемлекеттің адамды билеуінің орын алғанын, барлық елдегі сияқты Қазақстанда да барлық билік бір партияның қолында болғанына көзімізді жеткіздік.

Тоталитарлық режимнің өзіне тән сатысы- экономикадағы мемлекеттік партиялық билік белең алғанын түсіндік. 1930ж. Қазақстанның қоғамдық құрылымында тоталитарлық тәртіпті бекіту әдісі, бүкіл елдегі сияқты халыққа қарсы қуғын-сүргін жүргізу тәсілі болғандығын білдік. Елімізде қаншама лагерьлер жүйесі, азап шеккен қаншама ұлт зиялылары, қайраткерлеріміз қазақ халқының басына түскен нәубет жылдарда бәріне төзе білген ерлердің ісіне құрметпен қарауымыз керек.

Қазақ халқы өзіне тән бауырмалдық сталиндік құғын-сүргіннің құрбандары болғандарға көмек көрсетіп, қолда барын бөлісіп, отбасынан орын берді. Қазақ халқы ерекше қонақжайлылық және интернационалдық танытты. Осындай көпұлтты елімізде татулық, бірлігімізді сақтап еліміздің нағыз патриоты болыңыздар.

Бекіту сұрақтары.

1.Ақмоладағы Отанына опасыздық жасағандардың әйелдеріне арналған лагерь?

( Алжир)

2.А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов,М.Дулатов,т.б.қандай өкілдер?( зиялылар)

3.Қазақ Кеңес әдебиетінің негізін салушылардың бірі ,1930ж.атуға үкім шығарылған

жазушы ( Ж.Аймауытов)

4.Лагерлер жүйесі көп шоғырланған қала ( Қарағанды)

5.Тіл білімінің негізін салушы,әдебиет,саясат,ғылым,журналистика салаларында мол мұра қалдырған кім ?(А.Байтұрсынов)

6.Лагерлер бас басқармасы?(ГУЛАГ)

7.Қуғын-сүргін жылдарындағы өкімет басшысы?(Сталин)

Қорытынды. Бағалау.

Үй жұмысы. «Қасіретті жылдар» ізденіс жұмысы

































Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: Прочее.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1930-жж. ?о?амды?-саяси ?мір

Автор: Рахимжанова Тургун Кабидолловна

Дата: 02.03.2016

Номер свидетельства: 301230


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Проверка свидетельства