kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліс

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба? та?ырыбы: 1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліс

Саба?ты? ма?саты: о?ушылар 1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?терілісті? басталуын, тарихи ма?ыздылы?ын т?сінеді.

Саба?ты? міндеттері: 

  • 1916 жыл?ы ?лт-азатты? ?оз?алысты? отаршылды??а ?арсы сипатын т?сіндіріп, оны? ?лт-азатты? со?ыс?а ?лас?анын фактілермен к?рсету, ?аза? ?о?амында т?рлі топтарды? ?лтты? идея?а ?лас?анын ашып к?рсету.
  • ?лт зиялыларыны? ?стан?ан ба?ытын т?сіндіріп, алаш зиялыларыны? ?стан?ан ба?ыты халы?ты? аман ?алуы, оны? этникалы? т?тасты?ын са?тау идеясы бол?анын т?сінеді.
  • О?ушыларды азатты? к?реске басшылы? еткен тарихи ?айраткерлерге байланысты ?з пікірлерін, к?з?арастарын айта білу да?дыларын ?алыптастыру
  • Саба?ты? т?рі: т?рлендірілген саба?
  • Саба?ты? ?дісі:интербелсенді
  • Саба?ты? типі: жа?а саба?
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліс»



Сыныбы: 11 «А»

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт – азаттық көтеріліс
Сабақтың мақсаты: оқушылар 1916 жылығы ұлт-азаттық көтерілістің бастауын, тарихи

маңыздылығын түсінеді.

Сабақтың міндеттері:

  • 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың отаршылдыққа қарсы сипатын түсіндіріп, оның ұлт - азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен көрсету, қазақ қоғамының түрлі топтары назарының жалпыұлттық идеяға ұласқанын ашып көрсету, тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы тақырыпты тереңірек қайталап, бекіту.

  • Ұлт зиялыларының ұстанған бағытын түсіндіріп, алаш зиялыларының ұстанған бағыты халықтың аман қалуы, оның этникалық тұтастығын сақтау идеясы болғанын түсінеді арқылы оқушылар бойында елжандылық, отаншылдық қасиеттерін шыңдау.

  • Оқушылардың азаттық күреске басшылық еткен тарихи қайраткерлерге байланысты өз пікірлерін, көзқарастарын айта білу дағдыларын қалыптастыру.
    Көрнекі және дидактикалық құралдар: «Қазақстандағы 1916 ж. ұлт - азаттық қозғалыс» картасы. Көтеріліс басшыларының суреттері мен деректері. Интерактивті тақта.
    А. Байтұрсыновтың сөзі: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
    Тарихи және әдеби кітаптар: С. Асфендияров. «1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыс», М. Әуезов. «Қилы заман», С. Мұқанов. «Ботакөз», Ж. Аймауытов. «Қартқожа»,

С. Сейфуллин. «Тар жол тайғақ кешу», т. б.
Сабақтың түрі: Түрлендірілген сабақ
Сабақтың әдісі: Интерактивті оқыту, тест әдісі.

Сабақтың типі: жаңа сабақ
Сабақтың нәтижесі:
а) оқушы Қазақстандағы 1916 жылғы ұлт - азаттық қозғалыстың тарихи мәнін түсінеді;
ә) дүниежүзілік ұлт - азаттық қозғалыстармен салыстырып талдау жасай алады;
б) сын тұрғысынан талқылайды, қорытынды жасайды;
в) патша өкіметінің отаршылдық саясаты туралы түсінік қалыптасады;
г) қозғалыс басшылары, көтерілістің барысы жөнінде кестелер мен тест әдісінің түрлерін қолдану арқылы мағлұматтарды тереңірек есте сақтау қабілетіне ие болады.

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: сыныпты стикерлер арқылы топқа бөлінеді
II. Үй жұмысын тексеру: «Ыстық орындық»

Жаңа тақырыптың мазмұны: «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс».
III. Жаңа тақырыптың мазмұны: «1916 жылғы ұлт – азаттық қозғалыс».
1. Қозғалыстың себептері және басталуы.
Эпиграф: А. Байтұрсынов: «Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды».
20 ғ. Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодандыққа көшуімен ерекшеленеді. Осы ғасырда ол шикізат өндіретін ірі сауда рыногы болды. Бұл ұлт - азаттық козғалыс қазақ халқының бостандық, тәуелсіздік үшін бірнеше ғасырға созылған отаршылдыққа қарсы жүргізген азаттық күресірің жалғасы. 1914 ж. басталған Біріінші дүниежүзілік соғыс мемл - ң, әсіресе Ресей еңбекші халықтарының жағдайын нашарлатты. 1916 ж. соғыстың қызған кезі еді. Ол соғыс қаруларын айтпағанның өзінде шикізатты, азық - түлікті, материалдық байлықты қажет етті. Ресей шенеуніктерінің қазақ халқының құқығын корлау, басып — жаныштау, түрлі зорлық - зомбылық жасау күшейді.
Көтерілістің негізгі себептері:
Патшаның отарлау саясатының тиімсіздігі, орыстандыру саясаты, алым - салықтың артуы, қазақтардың қөп жерлерінен айрылуы, 1916 ж. 25 маусымдағы Қаз - ң, Орталық Азияның, және ішінара Сібірдің 19 - 43 жас аралығындағы «бұратана» ер азаматтарын тыл жұмысына «реквизициялау туралы» Жарлығы көтеріліс оқиғаларының басталуына себеп, сылтау болды.
Қозғалыстың мақсаты:
Қазақ халқына ұлттық және саяси бостандық әперу. Қозғ - ң қозғаушы күші: қазақ шаруалары, жұмысшылар, кедейлер, қолөнершілер. Қатысты: байлар, болыс басқарушылар, билер. Демократияшыл зиялылардың өкілдері.
Сипаты: ұлт - азаттық.
2. Қозғалыстың басталуы мен басшылары. Қозғалыс туралы қазақ қоғамындағы сол кездегі көзқарастар.
Қазақ зиялыларының екі түрлі көзқарасы болды көтеріліске:
1 топ: Қазақ зиялылырының батыл өкілдері - Тоқаш Бокин, Ж. Ниязбеков, Т. Рысқұлов, Ә Жангелдин, С. Меңдешев, Б, Алманов, т. б. патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қолға қару алып, қарсылық жасауға шақырды.
2 топ: «Қазақ» газетінің төңірегіне біріккен либерал - демократияшыл зиялылардың жетекшілері - А. Байтұрсынұлы, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлы, т. б. халықты Жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды. Қарсы шыққан жағдайда қарусыз мыңдаған халық патша өкіметінің жазалау шаралапының құрбаны болады деп есептеді.
4. Қозғалыстың Жетісу мен Торғайдағы орталығы. Оқиғалардың барысы жөнінде айту.
Жетісуда – көтеріліс басшысы Бекболат Әшекеев, Т. Бокин.
Верный уезінің Үлкенсаз деген жерінде 11 болыстан 5 мыңдай адам қатысты. Шілденің 17 - сі онда әскери жағдай калыптасты. Сыдария обл. Әлие ата уезі, Мерке аймағы ошағы болды. Б. Әшекеевтің өмірімен таныстыру. Қозғалыстың Торғай уезіндегі көтеріліске Әбдіғаппар Жанбосынов, А. Иманов, Ә. Жангелдиндер басшылық етті. Олар көтерілісшілерді әскери тәртіпке үйретті, Азаматтық билік орнады. Әскери кеңес жанында арнайы адамдар көтер - ді азық - түлікпен, қару - жарақпен қамтамасыздандырып тұрды. Ұстаханаларда қылыш, қанжар, семсер, қарулар жасалды. Көтеріліс болған жерлер: Татыр, Ақшығанақ, Доғал - Үрпек, Күйік, Батпаққара ауданында болды.
5. Қозғалыстың жеңілу себептері, жеңілістің зардаптары, тарихи маңызы.
1916 ж. қозғалыс жеңілу себептері:
- ұйымшылдықтың нашарлығында, бас көтерудің бытыраңқылығында;
- шайқасушы жақтардың күшінің мүлде тең еместігінде;
- үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы, опасыздығы;
- патша өкіметінің қоныс аударып келгендердің ауқатты топтарынан Жетісудағы қазақ, қырғыз көтерілісшілерін басу үшін қарулы отрядтар құрғаны да әсерін тигізді.
Зардаптары:
- Тек кедей жастары ғана алынды.
- Қазақ азматтары патшаның арзан жұмыс күшіне айналды.
- Билік басындағыларға, бай балаларына жеңілдік берілуі;
- Қазақ азаматтарының иығына ауыр хүк түсті.
- Ата - аналары балаларынан айрылғысы келмеді, Халық күйзелді.
Тарихи маңызы:
1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған букілқазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұған қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.








Кезең

Сабақ бөлімдерінің мақсаты

Мұғалімнің іс-әрекеті.

Оқушы жұмысы

Білу


«Қазак ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»

«Ой қозғау»

Бұл сөздерден біз бүгін қандай тақырыпты ашамыз?


Жеке жұмыс. Топпен жұмыс.

Оқушылар бүгінгі эпиграф арқылы жаңа сабақ тақырыбын анықтайды

Түсіну

Ұлт-азаттық көтерілістің мәнісін түсіну үшін, бұрынғы өткен ұлт-азаттық көтерілістерді ретімен жазып шығады

«Мағананы тану»

Бүгінгі күнге дейін қандай ұлт-азаттық көтерілістерді өттік ретімен флипчартқа жазып шығыңдар.

Ұлт-азаттық көтеріліс дегеніміз не?

Топтық жұмыс

Флипчартқа көтерілістерді жылдарымен ретімен жазып шығу.

Әр топтан бір оқушы таныстырады.

Қолдану

Кітаптан мәтін топтарға бөлініп беріледі

1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғышарттары

2. Көтерілістің басталуы.

3 Жеңілу себептері, басшылары.

Оқушыларға үш түрлі мәтін таратып беремін

Жеке жұмыс. Топпен жұмыс


Талдау

Талдау барысында оқушылар 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісті түсінеді

Мұғалім бағыттаушы

1-топқа Жабық тест

2-топқа Тарихи тұлғаны таны

3- топқа Ашық тест

Қазақ зиялыларының көзқарастарын сын тұрғыдан талда?

Жұп болып талдайды, топ болып талдайды

Спикерлер талқылайды

Қазақ зиялыларының суреттерін екі топқа бөліп жапсырады

Жинақ-тау (синтез)

Ресурстар бойынша қорытынды жиынтық ой айтылады.

Жұмысты бағамдап, бағыт береді.


Топтар сабақтан алған әсерін постерге түсіреді. Әр топ өз ойларын жинақтап айтады.

Бағалау

Әр топ мүшесіне осы тақырып аясында үй тапсырмасы беріледі

Мәтінді меңгеріп «Тұлғаларды танып білейік» айдары бойынша көтеріліс қолбасшылары туралы мәлімет суреттер, деректер жинап келу.

Жеке жұмыс

IV. Сабақты бекіту: «Қарлы кесек»

1946 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себебі: 19-43 жас аралығындағы адамдарды қара жұмысқа алу (25 маусым).

Түркістан мен Дала өлкесінен алу көзделді – 500 мың адам.

1916 жылы 23-ші тамызда үстем тап өкілдерін жұмыстан босату туралы жарлық шығарған: Курапаткин.

1916 жылғы қозғалыстың ірі орталығы- Жетісу.

1916 жылы тамызда көтерілісшілер басып алған жәрмеңке – Қарақара.

1916 жылы Торғай уезінде хан етіп сайланған - Ә. Жанбосынов.

Ырғыз, Торғай уездерінде хан сайланған адам саны – 9.

Көтеріліс сардарбегі – А. Иманов.

Торғайды 15 мың жауынгермен қоршаған – А. Иманов.

Имановтың серігі, мерген – Кейкі батыр.

Торғай көтерілісінің ерекшелігі – бір орталыққа бағындырылып, басқарылудың тәртіпке келтірілуінде.

Қөтерілістің сипаты – отаршылдыққа қарсы.

1916 жылы жазалау нәтижесінде қазақтар саны кеміді – жарты миллионға.

1916 жылы Жетісудан Қытайға ауып кетуге мәжбүр болған – екі жүз отыз сегіз мың қазақ.

«Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер деп жазғандар – Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.

Жетісуда орыс шаруаларының ішінен Қарақара ошағының ұйымдастырушыларддың бірі – Курев.

Верный уезі Жайымтал болысының ханы болып сайланған – Б. Әшекеев.

Боралдайда дарға асып өлтірілген – Б. Әшекеев.

Қарақарадағы көтеріліс жетекшілерінің бірі – Ж. Мәмбетов.

1916 жылы Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы болып сайланған – Куропаткин.

Жергілікті қазақтардан жазалау отрядтарын ұйымдастырған – Фольбаум.

1916 жылғы оқиғалар қарсаңында енгізілген жаңа салық түрі – соғыс салығы.

1917 жылы 27 ақпандағы революцияның сипаты- буржуазиялық – демократиялық (монархия құлатылды).

Уақытша үкіметтің Ресей жерінде ұлттық келісім орнатуға бағытталған шешімінің бірі – 1917 жылы 20 наурыздағы азаматтардың дін ұутануына, ұлтқа жататындығына байланысты құқықтарын шектеудің күшін жою туралы шешім.

1917 жылы «Қара жұмысшылар одағы» - құрылған қала – Верный.

«Солдаттардың орыс-мұсылман» ұйымы – Сергиопольде.

«Жас арбакештар» одағы Петропавлда.

«Қазақ жастарының революцияшыл одағы» - Әулиеата мен Меркеде.

«Жас қазақ» ұйымы – Ақмолада.

Кадеттер ұйымының Семейде шығарған газеті «Свободная речь».

V. Қорытындылау.

1916 ж. қозғалыс 19 ғ. 30 - 40 ж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт - азаттық көтерілістен кейінгі Қазақстанның барлық аймақтарын қамтыған букіл қазақтық сипаты бар аса зар қөтеріліс болды. Оның сан ғасырға созылған бостандық, тәуелсіздік жолындағы азаттық үшін күресіндегі алар орны ерекше. Бұған қазақтармен қатар қырғыздар, ұйғырлар, өзбектер қатысты. Жаңа батырлар есімдерімен толықтырылды.
VI. Үйге тапсырма: Мәтінді меңгеріп «Тұлғаларды танып білейік» айдары бойынша көтеріліс қолбасшылары туралы мәлімет суреттер, деректер жинап келу.
VII. Бағалау, кері байланыс.

Критерий бойынша бағалау

















Аты -жөні

Мәтінді игеру

Топқа түсін-у

Карта-мен жұмыс

Сын тұрғы

Баяндау тілінің ерекшелігі

Тест

балл























































Бағалау

  1. Мәтінді толық игеруі 1

  2. Өз деңгейінде топқа түсіндіре алуы 2

  3. Картамен жұмыс жасай алуы 2

  4. Сын тұрғысынан көзқарас 1

5. Баяндау тілінің өзіндің ерекшілігі 2

6. Тест 2





Кері байланыс

  • Бүгін мен не үйрендім?

  • Маған не ұнады,не ұнаған жоқ, немесе мен қандай сезімде болым?

Себебін көрсет

  • Бүгінгі сабақ бойынша сұрағың немесе пікіріңді жаз.























Ашық тест
1. Патша жарлығы бойынша Дала өлкесі мен Түркістаннан:
А) 500 мың адам алу көзделді 
В) 300 мың адам алу көзделді
Б) 400 мың адам алу көзделді 
Д) 100 мың адам алу көзделді
2. Қазақ ақсүйектерін қара жұмысқа шақырудан босату туралы құпия бұйрығы:
А) 1916 жылы 23 тамызда
В) 1916жылы 15 желтоқсанда
Б) 1916 жылы 25 маусымда 
Д) 1917 жылы 27 ақпанда
3. XX басында зиялылар арасында ұлт - азаттық идеясын таратушы, Ресейдің либерал - демократиялық қозғалысының қайраткері.
А) А. Байтұрсынов. 
В) Ә. Бөкейханов. 
С) Т. Рысқұлов. 
D) С. Смағүлов.
4. 1916 жылғы ұлт - азаттық көтеріліс кезіндегі Шерубай - Нұра болысының ханы болып сайланған:
А) Оспан Шонов 
В) Сәкен Сейфуллин 
С) Нұрлан Қияшев
Е) Бекболат Әшекеев
5. Өзінің ұрыс жүргізу тактикасымен ерекшеленген ұлт - азаттық көтерілістің қолбасшысы:
А) А. Иманов. 
В) А. Байтұрсынов. 
С) Ә. Бөкейханов. 
D) С. Меңдешев. 
6. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке:
А) Тоқмақ. 
В) Бішкек.
C) Қарқара. 
D) Ұзынағаш.
7. Торғайдағы көтеріліс сардарбегі Амангелді Имановтың серігі, мерген:
А) Кейкі батыр. 
В) Ә. Жанбосынов.
С) Е. Курев. 
D) Ұ. Саурықов.
8. 1916 жылғы қазандағы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар», - деп жазды:
А) Байтұрсынов, Бөкейханов, Сейфуллин.
B) Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов.
C) Байтұрсынов, Бөкейханов, Бокин.
D) Байтұрсынов, Бөкейханов, Жангелдин
9. Торғайдағы көтерілісшілердің сардарбегі:
А) Ұзақ Саурықов
В) Бекболат Әшекеев
С) Жәмеңке Мәмбетов
D) Амангелді Иманов

1А, 2А, 3В,4С, 5А, 6С, 7А, 8В, 9Д.

Жабық тест

1916 жылғы көтерліс.

1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себебі:

Ж: 19-43 жас аралығындағы адамдарды қара жұмысқа алу (25 маусым).

2. Торғай уезінің қазақтары 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде өздерінің ханы етіп, кімді сайлады?

Ж: Әбділғафар Жанбосынов

3. Жазушы Соболев: «Бұл ғажап әскер еді, қарулы ауыл ұсталары соққан найза, семсер, білтелі мылтықтар, садақ пен жебелер…» деп кімнің әскері жайында жазып еді?

с) Амангелдінің әскері

4. Түркістан мен Дала өлкесінен алу көзделді :

Ж: 500 мың адам.

5. 1916 жылы Ұлт- азаттық көтерлістің кезінде Верный уезінің Жайылмас болысының ханы болып, кім сайланды?

Ж: Бекболат Әшекеев

6. 1916 жылы Жетісудағы көтерлістің қай жетекшісі Боралдайда дарға асылып өлтірілген кім?

Ж: Бекболат Әшекеев

7. 1916 жылы Ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында Қазақстанда Жетісудың губернаторы кім болды?

Ж: Фольбаум

8. 1916 жылы 23 тамызда қазақ аристократиясын әскерге алмау туралы құпия бұйрыққа кім қол қойды?

Ж: Генерал- губернатор Куропаткин

9. 1916 жылы Ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Жетісуда Тоқмақты қоршауда қанша көтерлісшілер қатынасты?

Ж: 10 мың

10. 1916 жылы Жетісудағы көтерліске байланысты «Егер әскерге баламызды жіберсек олардан айырламыз, бермесек баламызды құтқарғанмен ақсақалдардан айырламыз. Өлеміз, бірақ әскерге бала бермейміз, берілмейміз» деген кімнің сөзі?

Ж: Жамеңке Мәмбетов

























Жабық тест

1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің себебі:


2. Торғай уезінің қазақтары 1916 жылы ұлт-азаттық қозғалыс кезінде өздерінің ханы етіп, кімді сайлады?



3. Жазушы Соболев: «Бұл ғажап әскер еді, қарулы ауыл ұсталары соққан найза, семсер, білтелі мылтықтар, садақ пен жебелер…» деп кімнің әскері жайында жазып еді?



4. Түркістан мен Дала өлкесінен алу көзделді : 500 мың адам.



5. 1916 жылы Ұлт- азаттық көтерлістің кезінде Верный уезінің Жайылмас болысының ханы болып, кім сайланды?


6. 1916 жылы Жетісудағы көтерлістің қай жетекшісі Боралдайда дарға асылып өлтірілген кім?


7. 1916 жылы Ұлт-азаттық қозғалыс жылдарында Қазақстанда Жетісудың губернаторы кім болды?


8. 1916 жылы 23 тамызда қазақ аристократиясын әскерге алмау туралы құпия бұйрыққа кім қол қойды?


9. 1916 жылы Ұлт- азаттық қозғалыс кезінде Жетісуда Тоқмақты қоршауда қанша көтерлісшілер қатынасты?


10. 1916 жылы Жетісудағы көтерліске байланысты «Егер әскерге баламызды жіберсек олардан айырламыз, бермесек баламызды құтқарғанмен ақсақалдардан айырламыз. Өлеміз, бірақ әскерге бала бермейміз, берілмейміз» деген кімнің сөзі?















Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс

Скачать
1916 жыл?ы ?лт-азатты? к?теріліс

Автор: Амиралиева Гулзагира Орынбековна

Дата: 15.04.2016

Номер свидетельства: 318969


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства