?аза? хал?ыны? 1916 жыл?ы ?лт-азатты? ?оз?алысыны? отршылды??а, империализмге ?арсы сипатын т?сінеді. К?терілісті? басты себебіне айнал?ан ?леуметтік-экономикалы? ж?не саяси сипаты бар о?и?алардв талдай отырып, шы?армашылы? белсенділіктерін дамытады.К?терілісті? себептері, ма?саты мен танысады.
Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Тақырыбы:1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің алғы шарттары,себептері, басталуы, барысы
( 1-ші сабақ)
Сабақтың мақсаты:
-Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының отаршылдыққа, империализмге қарсы сипатын түсінеді.
Оқушылардың өздігімен жұмыс жасай отырып, осы қозғалыстың ұлт-азаттық соғысқа ұласқанын фактілермен ашып көрсете отырып өз позициясын берік ұстануға үйренеді.
-Қозғалыстың басты себебіне айналған әлеуметтік –экономикалық және саяси сипаты бар оқиғаларды талдай отырып, шығармашылық белсенділіктерін дамытады.
Сабақтың көрнекілігі: Плакаттар, маркерлер, мәтін ,қарта,тарихи және әдеби кітаптар :С.Асфендияров «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс», М.Әуезов «Қиялы заман», Сәбит Мұқанов «Ботагөз», Ж.Аймауытов «Қартқожа» , Сәкен Сейфуллин « Тар жол, тайғақ кешу».
Сабақтың түрі: « Оқу және Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту» технологиясы. Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Дөңгелек стол», «Негізгі идеяны суреттеу» , «Он минуттық эссе», «Шығу парағы», «Бағалау парағы» .
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру. Сабаққа психологиялық даярлық. Оқушыларды 4 топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап, бағалау парағын тарату. II.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау. Қазақ халқы әртүрлі қозғалыстарды бастан кешірді,ал 1916 жылы қандай қозғалыс болды?
Оқушылар бірігіп жұмыс істеу мақсатында топтастырылып отырғызылады. «Дөңгелек стол» стратегиясы бойынша оқушылар 1,2,3,4,5 номерленіп отырады. 1916 жылғы қозғалыс туралы білгендерін жазады ,№1 оқушы оқып шығады. Оқушылардың жазған ойларын сараптай отырып төмендегі тақырыпшылар (позиция) шығарылады.
Қозғалыстың себептері.
Қозғалыстың мақсаты және сипаты.
Қозғалыстың қозғаушы күштері.
Қозғалыстың басшылары.
III. Мағынаны ашу. Тақырыпшалар топтарға таратылады.
1-топқа. Қозғалыстың себептері.
2-топқа. Қозғалыстың мақсаты және сипаты.
3-топқа. Қозғалыстың қозғаушы күштері.
4-топқа. Қозғалыстың басшылары. Оқулықты пайдалана отырып 4 топ өздеріне берілген тақырыпшалармен жұмыс істейді. Жұмыс барысы:
Жеке жазады
Жұппен талдайды
Шағын топқа салып, ойларын схема, тезис,сурет тағы басқа «Негізгі идеяны суреттеу» стратегиясы бойынша плакатка жинақтап жазып, әр шағын топ атынан спикер қорғайды.
Спикерге әр топтан бір ұсыныс бір пікір айтылады.
IV.Ой толғаныс. Мұғалім оқушылардың ойларын қолдай отырып, қорытынды жасайды. Қазақ халқының тағдыры мен тарихында 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің жөні де , жолы да ерекше . Бұл әбден қаналып,ашынып,ашу-ызаға булыққан , елдігінен аер,айырылуға аз-ақ қалған халық басар жер, барар тау қалмағандай күн туған соң амалының жоқтығынан басын ажалға байлаған халықтар тарихында жиі кездесе бермейтін , бірегей ерекше көрінісі еді.
Көтеріліс басылып тасталды. Басқаша болу мүмкін емес-ті.
Патша жазалаушылары ғана емес, жергілікті байлар мен молдалар да көтерілісшілерден кегін алды. Бейбіт халық қырғынға ұшырады. Жазалаудан қорыққан мыңдаған халық туып өскен жерлерін тастап, шет елдерге кетуге мәжбүр болады.
Патша тақтан құлап, билік « уақытша үкіметтің» қолына көшкен соң, майдандағы қазақ азаматтары да өздерінің көсемдерінің ақылымен елге қайта бастады.Олардың жол ақысы мен шығындарын көтеру жолында Алаш азаматтары аз еңбек еткен жоқ. Біразына елден келген жылудан ақша бөлінсе , тағы біразы өз қалталарынан төледі.
V.Үйге тапсырма. Сендер қалай ойлайсыңдар, «Көтеріліс қазақ халқының сол кездегі жағдайын шеше алар ма де?» ойланып, өз ойымызды эссе жазып келейік.
VI.Бағалау.Бүгін сабаққа жақсы қатысып, өз пікірлерінді білдірдіндер. Қолайлы орта жасалды. Ендеше сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары бағалау парағын өткізіңдер. VII.Шығу парағын толтыру. Бүгінгі сабақ бойынша шығу парағын толтырайық.
Нені үйрендік?
Сұрақ,пікіріңіз
Ұсыныс.
Тақырыбы:1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің негізгі ошақтары, тарихи маңызы
(2-ші сабақ)
Сабақтың мақсаты:
-1916 жылғы ұлт-азатттық көтерілістің негізгі ошақтарын біле отырып, ұлт зиялыларының ұстаған бағытын және тарихи маңызын түсінеді.
-Оқушылар азаттық күреске басшылық еткен тарихи тұлғаларға байланысты өз пікірлерін ашып айтуға үйренеді.
- Өз тарихы үшін мақтаныш сезімі және отанға деген сүйеспеншілігі қалыптасады.
Сабақтың көрнекілігі : Плакаттар, маркерлер,түрлі-түсті жапсырма қағаздар, мәтін ,қарта,тарихи және әдеби кітаптар :С.Асфендияров «1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс», М.Әуезов «Қиялы заман», Сәбит Мұқанов «Ботагөз», Ж.Аймауытов «Қартқожа» , Сәкен Сейфуллин « Тар жол, тайғақ кешу» кітаптар.
Сабақтың түрі: « Оқу және Жазу арқылы Сын Тұрғысынан Ойлауды дамыту» технологиясы.
Сабақта қолданылатын стратегиялар: «Даралық пен ұқсастық», «Галлереяға саяхат» , «Автор орындығы», «Шығу парағы», «Бағалау парағы» .
Сабақ барысы:
I.Ұйымдастыру. Сабаққа психологиялық даярлық. Оқушыларды 4 топқа бөлу, топтардан топ басшысын сайлап, бағалау парағын тарату.
II.Қызығушылықты ояту. Ой қозғау: Оқушылар бірігіп жұмыс істеу мақсатында топтастырылып отырғызылады. Өткен сабақтағы оқушылардың үйде жазған « Көтеріліс қазақ халқынының сол кездегі жағдайын шеше алар ма еді?» деген тақырыптағы эссені талқылаудан басталады. Барлық эссе тақтаға ілінеді. Оқушылар ұнағандарын оқиды. Эссені оқыта отырып, ой қозғалады. Сендер қалай ойлайсындар көтерірістің ірі ошақтары болды ма?
Әр топта әрбір оқушы бұл сұраққа :
Жеке жазады.
Шағын топта талқылайды.
Спикер қорғайды.
Әр топтан спикер « Автор орындығы» стратегиясы бойынша автор орындығына шығып, өз ойларын жеткізеді.
III.Мағынаны ашу. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың жеңілу себептері, зардаптары және тарихи маңызы туралы не білеміз?
Әр топқа плакаттар, түрлі-түсті жапсырма қағаздар мен маркерлер таратылады. Плакат шетіне « Даралық пен ұқсастық» стратегиясы бойынша әр топтағы оқушылар қозғалыстың жеңілу себептері, зардаптары және тарихи маңызы не сол туралы жазады. Ұқсас ойларды шағын топта талдап, плакат ортасына біріктереді. Плакаттарды тақтаға іліп, әр топ спикерді қорғайды.
IV.Ой толғаныс. Әр топтың плакатына оқушыларға берілген түрлі-түсті жапсырма қағаздар өз ой пікірлерін жазып, « Галереяға саяхат» стратегиясы бойынша плакаттарға жапсырады. Плакаттар топтарға қайтарылып, сұрақтарға жауап беріліп, пікірлер талқыланады. Мұғалім оқушылардың ойларын қолдай отырытп, қорытынды жасайды.
Қазак халқы отаршылдық езгіе мойынсұнып отыра бермейді, үнемі қарсылық әрекет жасаумен болды. Азаматттық қарсыласудың жалпылама сипат алу көрінісі патшаның 1916 жылғы маусым Жарлығына байланысты туындады. Бұл қозғалыстың негізгі себебі-ұлттық және әлеуметтік езгінің халықтың кегін қайнататын деңгейіне жетуі болды. Отаршылдық болмысқа, туған елдің талануына , кіндік қаны тамған жерден айырылуға шыдамаған халық бұқарасы патша үкіметіне жаппай күреске шықты. Қазақстан қара жұмысқа адам алу қозғалыстың негізгі себебі емес, оған желеу болған фактор еді. Қолғалыстың қозғаушы күші тұтастай халық бұқарасы болды.
Қазақ халқының 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысы басылып тастады. Бірақ ол тарихтан ізсіз кеткен жоқ: халық бұқарасының ұлттық санасын оятты , отаршылдыққа қарсы күрес тәжірибесін молайтты, саяси аренаға қазақ зиялыларының демократиялық бағыттағы күрестер тобының өсіп шығуына тікелей ықпал етті
V.Бағалау. Бүгін сабаққа жақсы қатысып, өз пікірлерінді білдірдіндер. Қолайлы орта жасалды. Ендеше сабаққа қатысқан топтарды бағалайық. Топ басшылары бағалау парағын өткізіңдер
VI.Үйге тапсырма. Оқулықтағы 9-10 қосымша деректерді оқу, талдау.
VII.Шығу парағын толтыру. Бүгінгі сабақ бойынша шығу парағын толтырайық.