kopilkaurokov.ru - сайт для учителей

Создайте Ваш сайт учителя Курсы ПК и ППК Видеоуроки Олимпиады Вебинары для учителей

1867-1868 жылдарда?ы реформа.

Нажмите, чтобы узнать подробности

Саба?ты? та?ырыбы: 1867-1868 жылдарда?ы реформа

Саба?ты? ма?саты:      

  1. Ресей империясыны? отарына айнал?ан  реформа бойынша саяси бас?ару ж?йесіндегі ?згерістер, дайындалу жолдары, мазм?ны мен м?ні, ?аза?стан жеріндегі кейінгі зардаптары туралы т?сінік беру.

2.1867-1868 жылдарда?ы реформаны о?ыта отырып, о?ушыларды логикалы? ойлау, еркін с?йлеу, ?ткен мен жа?а та?ырыпты салыстыру  ар?ылы ма?ынаны ажырата білу ?абілеттерін дамыту.

 3. Реформаны? мазм?ны мен м?нін аша отырып, балаларды     ?лтжандылы??а, отанс?йгіштікке т?рбиелеу.

Саба?ты? ?дісі:           СТО ?дістері

Саба?ты? т?рі:            аралас саба?.

Керекті ??ралдар:     ?аза?станны? саяси картасы, сызбалар.

Саба? ??рылымы:               І. ?йымдастыру кезе?і.(2-3 мин.)

                                            ІІ. ?й тапсырмасын с?рау.(10-12 мин.)

                                           ІІІ. ?й тапсырмасын бекіту.(2-3 мин.)

                                           І?. Жа?а саба?ты ме?герту: (20 мин)

   а) ой ша?ыру;

   ?) жа?а саба?ты? та?ырыбы мен ма?сатын  хабарлау;

   б) саба? жоспарымен таныстыру;

   в) реформаны дайындау ж?мыстары ж?нінде ауызша                                    баяндау, сызба ар?ылы т?сінік беру;

   г) о?ушылар?а о?улы?пен ж?мыс тапсыру;

   ?) д?птермен ж?мыс;

                                           ?. Жа?а саба?ты бекіту (3-4 мин.)

                                          ?І. ?орытынды (2 мин)

                                         ?ІІ. ?й тапсырмасы (1 мин.)

Саба?ты? барысы: І. ?йымдастыру кезе?і: (2  мин.)

      ІІ. ?й тапсырмасын с?рау: (10-12 мин.)        

1. Топтар?а ауызша тест с?ра?тарын ?ою:

 1. ХІХ ?асырды? бас кезінде ?аза?стан ш?кірттері ?ай тілде о?ытылды? (араб тілінде)

2. Азиялы? училище ?ай жылы ашылды? (1789 ж.)

3. 1850 жылы Орынбор шекаралы? комииссиясыны? жанынан ?андай мекемелер ашылды?

    (орысша білім беретін мектептер) 

Вы уже знаете о суперспособностях современного учителя?
Тратить минимум сил на подготовку и проведение уроков.
Быстро и объективно проверять знания учащихся.
Сделать изучение нового материала максимально понятным.
Избавить себя от подбора заданий и их проверки после уроков.
Наладить дисциплину на своих уроках.
Получить возможность работать творчески.

Просмотр содержимого документа
«1867-1868 жылдарда?ы реформа.»

Сабақтың тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы реформа

Сабақтың мақсаты:

1. Ресей империясының отарына айналған реформа бойынша саяси басқару жүйесіндегі өзгерістер, дайындалу жолдары, мазмұны мен мәні, Қазақстан жеріндегі кейінгі зардаптары туралы түсінік беру.

2.1867-1868 жылдардағы реформаны оқыта отырып, оқушыларды логикалық ойлау, еркін сөйлеу, өткен мен жаңа тақырыпты салыстыру арқылы мағынаны ажырата білу қабілеттерін дамыту.

3. Реформаның мазмұны мен мәнін аша отырып, балаларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: СТО әдістері

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Керекті құралдар: Қазақстанның саяси картасы, сызбалар.

Сабақ құрылымы: І. Ұйымдастыру кезеңі.(2-3 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.(10-12 мин.)

ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.(2-3 мин.)

ІҮ. Жаңа сабақты меңгерту: (20 мин)

а) ой шақыру;

ә) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау;

б) сабақ жоспарымен таныстыру;

в) реформаны дайындау жұмыстары жөнінде ауызша баяндау, сызба арқылы түсінік беру;

г) оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру;

ғ) дәптермен жұмыс;

Ү. Жаңа сабақты бекіту (3-4 мин.)

ҮІ. Қорытынды (2 мин)

ҮІІ. Үй тапсырмасы (1 мин.)

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: (2 мин.)

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: (10-12 мин.)

1. Топтарға ауызша тест сұрақтарын қою:

1. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан шәкірттері қай тілде оқытылды? (араб тілінде)

2. Азиялық училище қай жылы ашылды? (1789 ж.)

3. 1850 жылы Орынбор шекаралық комииссиясының жанынан қандай мекемелер ашылды?

(орысша білім беретін мектептер)

4. «Қара сиыр» деген жерде қанды шайқас тарихта қандай атпен қалды. (қалмақ қырылған)

5. Сүйінбай Аронұлы ақындық өнерге қанша жасынан машықтанған? (14-15 жастан).

6. Қазақ халқында дамыған қолөнер салалары: (тоқымашылық, киіз басу, ағаш, металл,сүйек, мүйіз өңдеу).

7. ХІХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда ағарту ісі балаларға нені үйретті? («Шариғат-ұл-иман», «Әптиек» сияқты діни мазмұндағы кітаптар ислам қағидаларын үйретті)

8. 1813 жылы Омбыда, 1825 жылы Орынбордағы әскери училищелер немен айналысты? (Ресей билеу әкімшілігі үшін шенеуніктер даярлау ісімен)

9. 1833 жылы А.С. Пушкин Қазақстанның қай қаласында болды? (Орынбор)

10.1848-1849 жылдары Г.С.Карелин Қазақстанның қай өңірін зерттеді? (Каспий теңізі маңын).

11. «Жетісу ақындарының алтын діңгегі атанған ақын» (Сүйінбай)

12. Қазақ ауылдарында шаруашылыққа арналған төбесі күмбез тәрізді шошала қандай мақсатта тұрғызылған? (ет және азық-түлік өнімдерін сақтау үшін)

13. ХІХ ғасырда білімін жалғастыру үшін ауқатты ата-аналар балаларын қай қалаларға оқуға жіберді? (Бұхара мен Ташкент қалаларына)

14.1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның ұйымдастыруымен ашылған мектептерде қай тілдерде сабақ беріле бастады? (татар және орыс тілдерінде)

15. 1836-1838 жылғы шаруалар көтерілісінің басшылары И.Тайманұлы мен М. Өтемісұлына кім қолдау көрсетті? (В.И. Даль).

16.1845 жылы В.И.Дальдің «Бөкей мен Мәулен» повесі қай тілге аударылды? (Парижде, француз тіліне)

17. М.Өтемісұлы қай жылы Калмыков түрмесінде отырды? (1829 жылы).

18. Киіз үйдің ішіндегі ең құрметті орын қалай аталады? (төр).

19.Ірі медреселерде араб тілінен сабақ беретін «мұғалімдікке» не талап етілді? (арнаулы куәлігі болу керек болды)

20.1831 жылы 18 қыркүйекте қай қалада орысша білім беретін училище ашылды? (Семей)

21.1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болған кезінде қай еңбегін жазды? (Пугачев бүлігінің тарихы).

22.М:ӨТемісұлы 20 жасында қандай қызмет атқарды? (Жәңгірдің ұлы Зұлқарнайдың тәрбиешісі болды)

23.Жастайынан екі көзінен айрылған ірі эпик ақын: (Шөже)

24.Қазақ халқы зор құрметпен әнші –күйшілерді қалай деп атаған? (сал-серілер деп атады).

2. «Жылдар сөйлейді»

Жылдар

Болған оқиғалар

1740 жылы

Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресей империясына адал болуға ант береді.

1794 жылы

Ералы хан өледі.

1783 жылы

С. Датұлы басқарған Кіші жүз қазақтарының казак әскерлеріне қарсы көтерілуі басталды.

1781 жылы

Хан тағына Абылайдың баласы Уәли отырды.

1801 жылы

Бөкей Ордасы құрылған.

1814 жылы

И.Тайманұлы Орынбор шекара комиссиясының Старшыны болған.

3. «Тұлғаны таны»

1.1802 жылы дүниеге келген жерлесіміз. Ол бала кезінен батырлығы мен ақылдылығымен, әділдігімен ерекшеленген. Оның көзқарастарының қалыптасуына әкесі елеулі ықпал етті. Ол түрік, араб, өзбек, татар, орыс тілдерін білген. Бұл кім деп ойлайсыздар? (Кенесары Қасымұлы)

2. Кіші жүзді отарлауды тездетіп, әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырды. Оның жобасы бойынша кіші жүзде хандық биліктің жойылуы көзделді. ІІ Екатерина оның жобасын бекітті. Бұл жерде қай адам туралы айтылған. (Барон О., А. Игельстрон)

4. Семантикалық карта.

Дұрыс жауапқа « + » белгісін қояды.



1690-1775

1804-1846

1711-1781

1706-1781

1691-1769

1730-1829

1

Махамбет Өтемісұлы


+





2

Абылай хан



+




3

Бөгенбай батыр

+






4

Наурызбай батыр




+



5

Қабанбай батыр





+


6

Райымбек батыр






+


ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту.


ІҮ.Жаңа сабақ:(20 мин.)

А) Ой шақыру: Жарғы, империя, отар, реформа сөздерінің мәнін ашу.

Ә) жаңа сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

Б) жаңа сабақтың жоспарын дәптерлеріне жаздыру.

1.Реформаны дайындау.

2. Реформаның мазмұны мен мәні.

3. Реформаны дайындау жұмыстары жөнінде ауызша баяндау, сызба арқылы түсінік беру:

Екі генерал-губернаторлыққа бағындырылған қазақ елін билеп-төстеуді өзгерту ісі патша үкіметінің отаршылдық саясатының бір құрамды бөлігі еді. 1822 жылғы Сібір қазақтарының, 1824 жылғы Орынбор қазақтарының жарғылары жаңа капиталистік қарым-қатынастарға, өрістей бастаған өлкенің шаруашылық даму талабына қайшы келді. XІX ғ 60 жылдарында қазақтардың басқару жүйесін өзгерту үшін статс-хатшы И.И. Бутков басқарған комиссия құрылды.


И. Бутков басқарған комиссия бүкіл қазақ даласын екі облысқа бөлді.


Батыс (орталығы Торғай)


Шығыс (орталығы Сергиополь немесе Қарқаралы


Бұл ұсыныс қабылданбады.


1865 жыл – Ішкі Істер Министрлігі Кеңесінің мүшесі Гирс басқарған «Дала комиссиясы» құрылды.

1865 жылы 5 маусым - ІІ Александр бұйрығымен қазақ жерін зерттеу сұрақтары дайындалды: жерді иелену түрлері, сот ісі, ағарту ісі, салық, діни мәселе т.б.


В) Қазақ өлкесін басқару жөніндегі реформа жобасын дайындағандар.

Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару жобасын Ф.К. Гирс, Л. Мейер, Л. Баллюзек, А.П. Проценко


Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы жобасын В.Д. Дандевиль,

Ф.К. Гейнс

В) 1. 1867 жылы 11 шілдеде «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» Уақытша Ереже бекітілді.

2. 1868 жылы ІІ Александр патша «Сырдария мен Жетісу облыстарын басқару туралы» ал, 1868 жылы 21 қазанда «Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы Дала облыстарын басқару туралы уақытша Ережені» бекітті.


1867-1868 жылдардағы реформа бойынша Қазақ жерлерінің біріктірілуі

Түркістан генерал-губернаторлығы

Орынбор генерал-губернаторлығы

Батыс-Сібір генерал-губернаторлығы



Орал

Торғай

Ақмола

Семей



Жетісу

Сырдария




3. Басқару жүйесі:

1822, 1824 жылдардағы Жарғы бойынша 4-сатылы:

1. Облыс - 3-8 округтен

2. Округ -15-20 болыстардан

3. Болыс -10-12 ауылдан

4. Ауыл - 50-70 шаңырақтан құралды.

1. Облысты - губернатор;

2. Округті - аға сұлтан мен 2 ресейлік кеңесші;

3. Болысты - болыс сұлтаны;

4. Ауылды - ауыл старшыны басқарды.

1867-1868 жылғы реформа бойынша 5-сатылы:

1.Генерал-губернаторлық

2. Облыс

3. Уезд

4. Болыс

5. Ауыл

1.Генерал-губернаторлықты- генерал-губернатор;

2. Облысты- әскери-губернатор;

3. Уезді- уезд басшылары;

4. Болысты- болыс сұлтаны;

5. Ауылды- ауылнайлар басқарды.

4. Сот ісі:

1822, 1824 жылдардағы Жарғы бойынша:


Қылмыстық істер

Талап ету Болыстық басқармаға шағым айту






Әскери сот комиссиясы Уездік сот Билер мен қазылар соты


1867-1868 жылғы реформа бойынша

1) Оқушыларға оқулықпен жұмыс тапсыру: 1867-1868 жылғы реформа бойынша бөлінген 6 облыстың құрамына кірген уездерді сызба түрінде дәптерлеріне жаздыру.

2) Дәптермен жұмыс: слайдта көрсетілген басқару жүйесін дәптерлеріне жаздыру.

Ү. Жаңа сабақты бекіту. (2-3 мин)

ҮІ. Қорытынды. Білімдерін бағалау.

ҮІІ. Үй тапсырмасы: 1. § 20 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы

реформалар.



Получите в подарок сайт учителя

Предмет: История

Категория: Уроки

Целевая аудитория: 11 класс.
Урок соответствует ФГОС

Скачать
1867-1868 жылдарда?ы реформа.

Автор: Сулейменов Ерлан Айтбай?лы

Дата: 19.03.2016

Номер свидетельства: 307505


Получите в подарок сайт учителя

Видеоуроки для учителей

Курсы для учителей

ПОЛУЧИТЕ СВИДЕТЕЛЬСТВО МГНОВЕННО

Добавить свою работу

* Свидетельство о публикации выдается БЕСПЛАТНО, СРАЗУ же после добавления Вами Вашей работы на сайт

Удобный поиск материалов для учителей

Ваш личный кабинет
Проверка свидетельства