Просмотр содержимого документа
«1867-1868 жылдарда?ы ?аза?станда?ы реформалар. »
«М.В.Ломоносов атындағы орта мектебі»КММ
Бекітемін___________
АШЫҚ САБАҚ
Тақырыбы: 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар.
Пән мұғалімі: К.Байгараев
Шалқар ауылы – 2015 жыл
8-сынып. Қазақстан тарихы
Мерзімі:09.02.2015ж. № 40 сабақ Бекітемін___________
§ 24. 1867-1868 жылдардағы Қазақстандағы реформалар
Сабақтың мақсаты:
Оқушыларға мемлекеттің XIX ғасырдағы басқару функциялары мен реформалық басқару формаларының мәнін ашып түсіндіру.
Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін, сұрақтарға тез жауап беру дағдысын дамыту, өз пікірін еркін жеткізуге дағдыландыру.
Саяси саналылыққа, мәдени жауапкершілікке, патриотизмге тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Сабақтың әдісі: интерактивті
Көрнекілік: Тірек сызба кестесі және интерактивті тақта
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Оқу құралын тексеріп түгелдеу
Оқушы зейінін сабаққа аудару
Үй тапсырмасын сұрау:
Мына пікірлермен келісесің бе? Атты сұрақ жауап арқылы сұралады.Одан соң оқушылар өздері тексеріп бағалайды.
Үй тапсырмасын сұрап болған соң оқушыларды ортаға шығарып топқа бөлемін. Топтарға бөлу үшін парақша таратамын.Парақшада үш генерел губернаторлық жазылған соған байланысты балалар үшке бөлінеді.Үш топқа үш түрлі тапсырма беріледі.
Жаңа тақырыпты оқытудың жоспары:
Жаңа тақырыпты түсіндірмес бұрын бейнеролик көрсетіліп , ресурстар таратылады, оқушыларға оқып түсіну үшін бес минут уақыт беріледі, болған соң топтар қорғайды.
І. ХІХ ғ. 60- жылдарындағы әкімшілік реформалар.
Қазақстан аумағындағы патша үкіметі жүргізген әкімшілік реформалардың мақсаты, себептері мен реформалаудың басталуы.
Қазақстанның 1867-68 жылдардағы реформалар бойынша әкімшілік-аумақтық бөлінісі.
Басқару құрылымының ерекшеліктері
Денсаулық сақтау, жерді пайдалану салаларындағы реформалар.
Реформалардың отаршылдық сипаты.
ІІ. ХІХ ғ. 80-90 жылдардағы әкімшілік реформалар.
Торғай және Орал облыстарында көтерілістердің басталуы.
Маңғыстаудағы көтеріліс.
Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары
ХІХ ғ. 80-90-жылдардағы әкімшілік реформалар.
Сабақты бекіту:
Хан билігінің сақталуы пата үкіметіне аймақты жаппай отарлауға бөгет болды.
Реформаға дейін Қазақстан екі генерал-губернаторлыққа (Орынбор және Батыс Сібір) бөлінді, ал ХІХ ғ. 60- жылдарының ортасында Ресейге Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймақтары қосылды, бұл өз кезегінде жаңа аймақтарды Ресейдің басқа аймақтарындағы басқару құрылымдарына жақындату міндетін жүктеді.
Ресейдің еуропалық бөлігіндегі дамушы өнеркәсіпке барған сайын арзан шикізат пен жұмысшы күші қажет болды.
Қазақ халқы үшін біртұтас салық жүйесін енгізу қажеттігі туындады.
Ресейдің еуропалық бөлігіндегі жерсіз шаруаларды Қазақстанға оранластыру ұйымдастарылды.
Үйге тапсырма: Тақырып бойынша эссе жазып келу.
Бағалау: Үй тапсырмасын және жаңа сабақты қорыты отырып бағалаймын.
Үй тапсырмасы:
Мына пікірлермен келісесің бе?
Оқушы аты жөні:
№
Тапсырма
Иә
Жоқ
1
Верный Бекінісінің ертедегі атауы Алмалық болды.
2
Қапал бекінісі 1847 жылы салынды.
3
1866 жылы орыс әскерлері Бұқар хандығын басып алды.
4
Түркістан генерал губернаторлығына Қоқан хандығы бағынды.
5
Ресей әскері Меркі бекінісін басып алды.
6
Қазақстанның Ресейге қосылу процесі XIX ғасырдың 60 жылдары аяқталды.
7
Тентектөре бастаған көтерілісшілердің саны 20 мың.
8
Верныйға Сібірден 400 отбасы қоныс аударды.
9
Ақ мешіт бекінісі Ресей қол астына алғанға дейін Қоқан хандығында болды.
10
Верный Бекінісінің негізін қалаған отрядты басқарған Гирс болды.