Просмотр содержимого документа
«1837 – 1847 жылдарда?ы Кенесары ?асым?лы баста?ан ?лт – азатты? ?оз?алыс»
Қызылорда облысы, Арал ауданы
Шөміш ауылы, № 263 орта мектебінің
Тарих пәнінің мұғалімі
Талайлиева Ардак Жанбырбаевна
Күні: 5.ХІІ. 2013 ж
Қазақстан тарихы
Сыныбы: 8
Сабақтың тақырыбы: 1837 – 1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыс
Сабақтың мақсаты: ресей империясының ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы отарлық саясатына қарсы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт – азаттық қозғалыстың мән – мағынасын жете түсіндіру, көтерілістің сәтсіздікке ұшырау себептерін және көтерілістің маңызын ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын кесте арқылы түсіндіру, салыстыра білу, өз пікірін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту, дивергентті ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың Отанын, халқын сүюге, тілін, туған жерін, салт – дәстүрін құрметтеуге баулу.